Эйкозоноидтардың физиологиялық рөлі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  • Эйкозоноидтардың физиологиялық рөлі
  • Стероидтардың биологиялық рөлі, шығу тарихы, қолдану мүмкіншілігі
  • Организмнен холестерин мен өт қышқылдарының бөлінуі
  1. Қорытынды
  2. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Эйкозаноидтер - май қышқылдарының (эйкозотриен және арахидон қышқылы) полиқанықпаған турлері. Эйкозиноидтер өсімдік майлары, балық майында көп кездеседі, омега-3-май қышқылы препаратында болады. Эйкозаноидтердің негізгі 3 тобын бөледі: простагландин, лейкотриен, тромбоксан.

Стероидтар - химия табиғаты жағынан изопринойдтарға жататын органикалық қосылыстар классының стероид микроағзаларында, өсімдіктерде және жануарларда гормондар, немесе тағыда басқа биологиялық реттеуші заттар түрінде кездеседі. Стероидтардың барлық түрі дерлік кристалл заттар, оптикалық активті және органикалық ертінділерде жақсы ериді. Стероидтарды химиялық құрылысына, физиологиялық әсеріне немесе атқаратын қызметіне қарай бірнеше топқа бөлінеді.

Эйкозоноидтардың физиологиялық рөлі

Эйкозаноидтар - физиологиялық және фармокологиялық тұрғыда байланысқан кең тараған топтар қатары. Оларға простаноидтар (простагландиндер, простациклиндер, тромбоксандар) және лейкотриендер жатады.

Ең активті өкілдерінің бірі - плазмалық мембрана фосфолипидтер құрамына енетін арахидон қышқылы. Соңғысы фосфолипаза А2 әсерінен мембрананың фосфолипидті биқабатынан босатылады. Сонымен қатар эйкозоноидтар түзуде алмастырылмайтын май қышқылдары (липой және α-линолен), бүл процесс тек екі көміртек атомына элонгациясы және десатурациясынан кейін болады.

Прогестерондар әсері өте кішкентай концентрацияның өзінде өз әсерін береді (1-10 иг/мл) . Организмге енгеннен кейін бірыңғай салалы бұлшықеттердің жиырылуын қамтамасыз етеді, белгілі бір органға қан келуін реттейді, қан қысымының өзгерісіне әсер етеді, мембрана арқылы иондардың тасымалдануын реттеп отырады және т. б. ПГ гормон болмай-ақ, жоғарыда айтылған реакцияларды модулдейді. Олар синтезделетін клетканың физиологиялық функциясына әсер етеді. ПГ ұрықтандыруға қарсы, жүктілікті тоқтатуда, қалыпты тууды стимулдайтын және т. б. терапевтикалық процестерге қолданады. Тромбоксандар тромбоциттерде түзіледі және одан шыққаннан кейін қан тамырларының тарылуына және тромбоциттер агрегациясына қатысады. Простациклиндер де қан тамырларының қаьырғасында түзіледі және тромбоциттер агрегациясының күшті ингибиторлары болып табылады. Лейкотриендер қабыну процестерінің медиаторлары ретінде қарастырылады; олар бронх бұлшықеттерінің жиырылуына гистамин концентрациясына қарағанда 100-1000 есе төмен концентрацияда әсер ете алады.

Стероидтардың биологиялық рөлі, шығу тарихы, қолдану мүмкіншілігі

Стероидтар - өте күрделі органикалық қосылыстар (қосымша А) . Олардың көп класының молекуласында спецификалық цикл түріндегі қаңқасының - болуымен сипатталады. Ол төрт сақинадан тұрады, оның үшеуі алты мүшеден (A, B және C) және біреуі бес мүшеден (D) тұрады. Бұл сақинаның әр түрлі қалпын белгілеу үшін келесі нумерация қабылданған. Стериндерге (стеролдарға) өзінің қалпында С-3 гидроксильді топты тасымалдайтын стероидтар жатады:

Стероидты препараттардың негізгі өкілдері:

  • кортикостероидтар (гидрокортизон, преднизолон),
  • прогестогендер (прогестерон, оксипрогестерон),
  • андрогендер (тестостерон, метилтестостерон),
  • эстрогендер (эстрон) .

Эстрогендерден басқа жоғарыда аталғандардың барлығының құрылымында С-3 кетотобы болады. Андрогендер және эстрогендер құрамында С-17 алкилді және гидроксилді топтар болады. Олардың аналогтарында С-17 алкилді немесе этинилді топтары болады.

Стероидтар дәрілік препараттар арасында маңызды орын алады, ол түрлі ауруларды емдеуде және алдын-алуда медицинаның көптеген салаларында қолданылады: эндкринологияда, онкологияда, ревматологияда, офтальмологияда, дерматологияда, гематологияда, реаниматологияда, гинекологияда ж. т. б.

Табиғи стериндер -тарды албағалы дәрілік препаратуда қолданылатын шикізаттар. Ең маңызды және ең жақсы зерттелген стериндерге холестерин (зоостерин класы) жатады. Брутто формуласы С 27 Н 46 О. Ол адамдар мен жануарлардың барлық дерлік мүшелерінде кездеседі. Холестерин тірі жасушада болатын физиологиялық үрдістерге қатысады, оның қатысуынсыз өсіп келе жатқан ағза дами алмайды. Адамның өттегі тастары 99% осы холестериннен тұрады, сонымен қатар бүйрек үсті безі және басқа да мүшелер осы затқа бай. Ол басында спецификалық жануар стерині болып саналған, бірақ кейін ол кейбір өсімдіктерде, теңіз қызыл балдырында табылды. Бұл қосылыстың дәл құрылымдық формуласы 1932 жылы анықталды, алайда ең алғаш рет өттегі тастардан 1782 ж бөліп алынған.

Табиғатта кездесетін басқа стериндер холестериннен өзінің бүйірлік тізбегімен және қанықпа дәрежесімен ерекшеленеді.

Өсімдіктер стерині (фитостериндер) - өте маңызды қосылыстар тобы, көптеген бағалы стероидты препараттарды алудың көзі болып табылады.

Эргостерин құрылымы бойынша холестериннен С 24 -тегі бүйірлік тізбекте қосымша метил тобының болуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар екі тізбек болады: біреуі С-7-де, екіншісі бүйірлік тізбектегі 22- және 23-көміртек атомдарында орналасқан. Эргостерин D дәруменінің провитамині болып табылады. Эргостериннің құрылымы 1934 жылы анықталды:

Бұл стероид көптеген өсімдік әлемінің, саңырауқұлақтарының, микроорганизмдерінің өкілдерінде кездеседі. Әсіресе ашытқы микроорганизмдерінде мөлшері көп болады. Эргостеринді өндірістік өндіруде әдетте наубайханалық ашытқыларды пайдаланады, олардың құрамындағы эргостерин ашытқы түріне байланысты, қоректік орта мен культивирлеуге байланысты 0, 2-де 15%-ға дейін болады.

Стигмастерин С 29 Н 48 О - ең кеңінен таралған фитостериндер түрі, әсіресе соялық майда және қант қамысында көп мөлшерде болады. Құрылымы бойынша холестериннен 22- және 23-көміртек атомдарында қос байланыс болуы мен 24-те этил тобының болуымен ерекшеленеді.

Стериндер тірі ағзаның физиологиялық және биохимиялық функцияларының дұрыс атқарылуына қажет. Сонымен қатар мембраналық жүйелер, жасуша қабықшаларының және басқа да құрылымдық түзілу үрдістеріне қатысады. Кейбір деректерде стериндер көптеген табиғи қосылыстардың токсикалық әрекетіне қарсы қорғаушы фактор деп жазылған.

Атауы
Балқу темп-сы, 0 С
[α] D (CHCl 3 )
Атауы:

Холестерин

β-ситостерин

Стигмастерин

Брассикастерин

Эргостерин

Ланостерин

Балқу темп-сы,0С:

149

140

170

148

165

139

[α]D(CHCl3):

- 39 0

- 37 0

- 51 0

- 64 0

- 135 0

+ 60 0

Организмнен холестерин мен өт қышқылдарының бөлінуі

Өттің негізгі функционалды компоненті болып өт қышқылдары болып келеді, құрамындағы қалған заттары ас қорытуға қатыспайды. Су - өмірдің негізгі ортасы болып табылады. Адам ағзасының 95%судан тұрады. Кезкелген заттың ағзаға сіңуі қажет болса, сулы ерітінді сүйіне өтуі керек. Алайда май ерімейді. Майды сіңіру үшін бауыр өт бөледі, ол кейін өт жолдары бойымен ас қорытылуы мен сіңіруі жүзеге асатын ішек жолдарына түседі.

Өт қышқылдары - табиғи детергенттер болып келеді. Өттің өт қышқылдары желінетін маймен араласып, оны эмульсия жағдайына дейін жуады, ол жағдайда май ұсақ тамшыларға айналып, су ортасында қалқып жүреді. Осыдан кейін май эмульсиясы ферменттермен өнделіп, майды ұсақ құрылымдық элесементтерге айналады. Майдың тек мынандай ұсақ құрылымдар ішекте сіңіріледі.

Өттің түзілу қызметі

Өт қышқылдары билирубиннен гепатоциттерде синтезделеді. Соған қоса, синусты қантамырлық капиллярдың гепатоциттері белсенді түрде тасымалдаушылар арқылы өт капиллярына бөлнеді. Сол жағдайда оспатикалық қысымға сай өтқышқылдарымен су енеді. Гепатоциттер мембранасы арқылы өт капиллярына Na+ белсенді тасымалы жүзеге асады, ал электрлік градиентке сай Na+ кейін электрлік градиент бойынша Сl, HCO3 аниондары тасымалданады. Аниондар мен катиондардың тасымалдау механизмдері осыған сәйкес. Гепатоциттер өт капиллярына фосфолипидтер, холестерин, билирубин бөледі.

Өт қышқылдарының түзілуі: Өт қышқылдары бауырда холестериннен түзіледі. Адамда бұл процесс сапалы емес, холестериннің бір бөлігі өт қышқылдарына айналмай, таза күйінде өтпен шығарылады. Дәл сол холестерин болашақ өт тастарының көзі болуы мүмкін. Холестерин 37º суда мүлде ерімейді және таза күйіндегілерден кристаллдар түзіле бастайды. Холестеринді кристалданудан сақтау үшін, өтте тағы бір компонент болады - лецитин. Ол өзі не холестерин кристалдарының бауырдан ішекке дейінгі тасымалын қамтамасыз етеді. Оларға мицелла мен визикула деп атайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өсімдіктер өміріне марганецтін маңызы
Орталық тежелудің рефлекторлық механизмдері
И.М. Сеченов пен И.П.Павловтың физиология дамуындағы рөлі
Реактивтіліктің түрлері мен дәрежелері: сезімталдылық, резистентті-лік, төзімділік
Цитология және гистология түсінігі
Өсімдіктердің індетті (патогенді) ауруларға иммунитеті
Л.С Выготскийдің, А.Б. Запарожец, С.Л. Рубинштейн, А.Н Леонтьев, П.К Анохин П.В Симонов еңбектерінде эмоцияның теориясы
Босану бөлмелері
Денсаулықтың гигиеналық негіздері
Психикалық құбылыстарды жіктеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz