XV-XVII ғғ. Қазақ хандығы Тәуке хан және Жеті жарғы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I. Кіріспе;
II. Негізгі бөлім;
XV-XVII ғғ. Қазақ хандығы
Тәуке хан және Жеті жарғы
XV-XVII ғғ. Қазақ хандығының мәдениеті
III. Қорытынды;
IV. Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе
Қазақ халқының XVII ғасырдағы мәдениеті өткен дәуірдің мәдениетімен, оның озық дәстүрлерімен сабақтасқан байланыста болды. Сонымен қатар бұл кезде онда жаңа құбылыстар да бой көрсетті. Халықтық мәдениет пен феодал - байлар мәдениеті арасындағы қайшылық айқынырақ білінді, рас, ол әлеуметтік-экономикалық жағынан неғұрлым дамыған мемлекеттер мәдениетіндегідей онша айқын көрінетін нысандар ала қойған жоқ еді.
XVII ғасырға дейін қазақ ақындарының есімдері, олардың әрқайсысының шығармашылығы, олар өмір сүрген уақыт белгісіз дерлік еді. Сыпыра жырау, Шалкиіз жырау және басқалар шежірелерде, аңыз-әңгімелер мен эпостарда ғана аталады, бірақ олардың өмірі мен шығармашылығы жайлы нақты деректерді біз білмейміз. Тек XVII ғасырдың орта кезіңен, қазақ жерінің едәуір бөлігі Ресейге қосылған кезден бастап орыстың ғалымдары мен казақ зиялыларының жекелеген өкілдері ақындар, импровизатор-әншілер, жыршылар туралы деректер жинап, олар шығарған өлендер мен жырлардың текстерін жинауды қолға алған. Ақындар мен жыршылардың кейбіреулері шығармаларын өздері жазып алып отырған. Соның арқасында олардың өлеңдерінің түпнұсқа текстері сақталып қалған.

XV-XVII ғғ. Қазақ хандығы
Қазақ хандығы (XV-XVII ғасырларда) -- Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. XV-XVII ғ. Қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде "Жерді біріктіру" процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі - Жәнібек ханның ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында (1511-1523) феодал ақсүйектердің қарсылығы әлсіреп, әскери қуаты артты. "Тарихи-Рашиди", "Шайбанинама", т.б. деректерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген.

Тәуке хан және Жеті жарғы
Бұл дәуірде қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы ауыр еді. Феодал шонжарлардың арасында алауыздықтар мен бақталастық өршіді.
Ал Жәңгірдің баласы Тәуке хан (1680-1718) тұсында қазақ хандығының бірлігі күшейе түсті.
Ол қазақ тарихында Әз Тәуке, адамзаттың данасы деп аталды. Ол бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға күш жұмсады.
Феодал шонжарларының өкілдері мен билерден құралған хандық кеңестің және билік кеңесінің рөлін арттырды. Жыл сайын Ташкент қаласының түбіндегі Күлтөбеде үш жүздің басын қосқан құрылтайын ашып отырды. Тәуке хан беделді билерге арқа сүйеп, феодал ақсүйектерді, сұлтандарды әлсіретуге тырысты. Жүздер мен ұлыстар арасындағы үлкен даулар билер кеңесінде, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер алдында шешілетін болды.
Тәукенің тұсында Жеті жарғы деген атаумен әдеттегі құқық өлшемдерінің жинағы құрастырылды. Мұнда феодалдық құқық тәртібі мен мемлекеттік құрылымның негізгі шарттары белгіленді. Сөйтіп, қазақ халқының тарихында ірі құқықтық өзгерістер енгізді. Жет жарғы сол заманға сай құқықтық құжат қана емес, сонымен қатар көшпелі қазақ халқының этникалық, шаруашылықты ұйымдастыру және жағрафиялық ерекшеліктеріне сай келетін аса құнды ескерткіш. Бұл көшпелі қазақтардың ел билеу заңы болып табылады. Онда әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық құқық өлшемдері, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізіліп, ол қазақ қоғамы өмірінің барлық жағын қамтыды. Оның жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ қоғамында заңдылықты, тәртіпті нығайтудағы рөлі де зор.

XV-XVII ғғ. Қазақ хандығының мәдениеті
Үй кәсібі мен қолөнер дамыды. Өрмек тоқу, тері илеу өнері, қойдың жүнінен шидем, түйенің жүнінен шекпен тоқылды. Ұсақ мал терілерінен тон-шалбар, жарғақ киім жасалды. Ірі қара терілерін илеп, кебіс-мәсі, саптамалар тігілді. Торсық, саба істелді. Киіз басу, текемет, сырмақ жасауға қой жүнін пайдаланды. Мүйізден қасық, түйме, шақша жасады.
Едәуір кең тараған қолөнер ұсталық еді, олар темірден тесе, күрек, балта, шот, орақ, пышақ, қырғыш, таға т.б. жасады. Өндіріс саймандарынан басқа соғыс қару-жарақтарын: қанжар, қылыш, семсер, айбалта, найза, жебе, сүңгілер соқты. Алтын-күміс сияқты асыл металлдардан әшекейлі бұйымдар: білезік, жүзік, сырға, кемер белбеу, ер-тұрман саймандарын жасайтын шеберлер - зергер деп аталды.
Орман тоғайлы жерлерді мекен еткен қазақтар ішінде ағашшылық қолөнері өріс алды.
Қазақтар көктемде 22-наурызлы күн мен түннің теңелетін кезеңін наурыз тойы - деп атап өтуді әдетке айналдырған.
XV-XVII ғасырларда қазақтар арасында ислам діні тарады. Алайда, ислам діні еңбекші халық арасында терең тамыр жойған жоқ. Оған себеп дүркін-дүркін жүргізіліп отырған қақтығыстар, соғыстар т.б. Сондықтан халықтың бір бөлігі ислам дінін көпке дейін қабылдамай, тәңірге табынуға негізделген нанымды ұстады. Қазақтар өмірінде отты қасиеттеу үлкен рөл атқарды.
XVI-XVII ғасырларда ауыз әдебиеті кең өріс алды. Ауыз әдебиетінің асыл қазыналарын жасаған, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырған халық арасынан шыққан дарынды-ақындар, сал, серілер, жыраулар еді.
Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары - Шалкиіз (XV ғ.), Доспамбет (XVI ғ.), Жиембет (XVII), т.б. жыраулар. Қазақтың батырлар жыры мысалы: Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып келе жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік - тұрмыстық дастандары да (Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Қыз-Жібек т.б.) феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді.
Халық арасында ана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тарихындағы хандар
Қазақ хандығының қалыптасуы туралы
XVI ғасырдағы өзара тартыстар мен соғыстар
Қазақ хандығының құрылуы 15-18ғғ
Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ халқының жоңғар шабуылына қарсы күресі
Қазақ хандығының этномемлекеттік шекараларының өсуі
Қазақ хандығындағы заңдар жинағын оны қазіргі заманғы билік жүйесіне сай үйлестіру
Түркістан - қазақ хандығының астанасы
XVI-XVII ғ. Қазақ хандығы
XVI-XVIII ғғ. Қазақ хандығы мен орыс мемлекеті арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени, дипломатиялық қарым-қатынас
Пәндер