Ағзаның энергия жоғалтуы


Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Қорытынды
- Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Зат алмасу ағзаның барлық жасушаларында, ұлпаларында, органдарында жүреді. Ол адам өмірін сақтауға және ішкі ортаның тұрақтылығын сақтауға әсерін тигізеді. Зат алмасу процесі кезінде пайда болған заттар жасушалар мен тканьдерді құру үшін қажет. Зат алмасудың мынадай түрлері болады: су, минералды заттардың, витаминдердің, ақуыздардың, майлардың, көмірсулардың алмасуы. Зат алмасу процестері бір - бірімен күрделі биохимиялық реакциялар арқылы тығыз байланысты. Бұл реакциялардың бәрі орталық жүйке жүйесі арқылы, гармондардың көмегімен реттеліп отырады. Зат алмасу процесі кезінде бөлініп шыққан энергия адам ағзасындағы биохимиялық реакциялардың жүруіне және жылу мен механикалық энергия жоғалтуына кетеді. Зат алмасу кезінде ағза жоғалтқан энергиясының орнын толтырады. Энергия адам ағзасына өмір сүру үшін қажет. Зат алмасу бір - біріне қарама қарсы екі түрлі процеспен анықталады. Ассимиляция және диссимиляция, бұл процестер ағза мен қоршаған орта арасындағы қарым- қатынасты үздіксіз тоқтатпай жүргізіп тұрады .
Ағзаның энергия жоғалтуы
Ағзаның энергия жоғалтуы: негізгі зат алмасудың, тамақ тағамдардың арнайы-динамикалық әсері, дене және ой еңбегімен істейтін жұмысқа байланысты жұмсалған энергия қосындысынан тұрады.
Негізгі зат алмасу мен тағамдардың арнайы-динамикалық әсеріне жұмасалатын энергия адамның ырқымен реттелмейді, сондықтан оны реттеуге болмайтын энергия жоғалту деп те атайды.
Жұмыс істегенде, спортпен шұғылданғанда немесе басқа да бір жұмысты орындауға кеткен энергия адам ырқымен реттеледі, сондықтан адам өзінің жұмыс қабілетіне байланысты істейтін жұмысының көлемін көбейтіп немесе азайта алады.
Негізгі зат алмасу - ол ішкі органдардың және жүйелердің жұмысына жұмсалатын энергия. Негізгі зат алмасу көлемі әр адамда әр түрлі болады. Негізгі зат алмасу - бұл адам ағзасынынң жұмысына жұмсалатын энергия. Негізгі зат алмасудың энергия көлемі бұлшықет және жүйке жүйесінің тынығу кезі мен адамды ыңғайлы жағдайда жатқызып, ыңғайлы температурада(20С) және адам аш кезінде анықталады. Ол орташа салмақтағы ересек ер адам үшін 1700ккал, ересек әйел адамдар үшін - 1400ккал.
Негізгі зат алмасу адамның жынысына, жасына байланысты өзгеріп тұрады. Әйелдердің энергия жоғалтуы, еркектерге қарағанда 10-15% аз. Балалардыңкі үлкен адамдарға қарағанда 10 -15% көп.
Тамақ тағамдарының арнайы-динамикалық әсері - тағамдар организмде қоректік заттарға айналған кезде, ағзада тотығу процессінің күшейуіне байланысты энергия жоғалту көбейеді. Тамақ қабылдаған кезде энергия жоғалту негізгі зат алмасудың күшейуімен бірге жүріп отырады. Аралас түрде тамақтанған кезде ағзада негізгі зат алмасудың тәуліктік мөлшері 10-15% - ға артады. Тағамдық заттар негізгі зат алмасуға әр түрлі әсер етеді: мысалы, ақуыздар 30-40%, майлар 4-14%, көмірсулар 4-7% негізгі зат алмасуды көбейтеді.
Ауыр дене және ой еңбегі кезіндегі энергия жұмсалуы. Жұмасалатын энергияның мөлшері адамның істейтін жұмысына және оның ауырлығына байланысты. Қазіргі кезде өндіріс орындарының механизациялануына, автоматизациялануына байланысты адам жұмысқа көп энергия жоғалтпайды.
Ағзаның энергия жоғалтуын зерттеу әдістері
Адамның энергия жоғалтуын анықтау үшін тура және тура емес калориметрлік әдіс және санау әдісі қолданылады. Ол бөлінген жылуды өлшуге негізделген. Осы мақсатта калориметрлік камера қолданылады, адамды сол камерада ұстайды. Камераға кіретін және шығатын трубалардағы су температурасы айырмашылығының көмегімен тексеріп жатқан адамнан бөлінген жылудың мөлшерін анықтайды. Ағзада жүретін қышқылдану процесі оттегін қолданып, көмірқышқыл газын бөліп шығаруға байланысты. Қолданған оттегін және бөлінген көмірқышқыл газының мөлшерін есептеу арқылы ағзаның шығарған энергиясын анықтайды. Ақуыздар, майлар, көмірсулар жылу бөлу қасиетімен ерекшеленеді, яғни қышқылдану процесі кезінде белгілі мөлшерде жылу бөліп шығарады. 1 г ақуыз, 1 г көмірсу толығымен қышқылданған кезде 16, 7 кДж немесе 4 ккал энергия бөліп шығарады, ал 1 г май толығымен қышқылданған кезде - 9 ккал энергия бөлініп шығады. Тағамдық заттар қышқылданған кезде шығарылған жылуды - «калориялық коэффициент» деп атайды. Калориялық коэффициенттің көмегімен және тағамдық заттардың мөлшерінің көмегімен адам тәулігіне қанша энергия мөлшерін қабылдағанын анықтауға болады. Санау әдісінен ең кең тараған әдіс - ол хромометраж әдісі, бұл кезде белгілі бір жұмысқа қанша уақыт кететін білу керек. Алынған хромометриялық көрсеткіштерді әр түрлі жұмыс кезінде энергия жоғалту сызбасының көмегімен, адамның тәуліктік энергия жоғалтуын анықтауға болады. Бұл кезде зат алмасуды санайтын сызба қолданылады. Бұл кестеде адамның жасы, жынысы, бойы, салмағы есепке алынады. Соңғы кезде кең қолданылып жүрген әдіс - ол алиментарлы энергометриялық әдіс, нақты тамақтану деңгейін есепке алу негізінде санайды, адам салмағының динамикасы, метаболизм процесінің белгілі бір уақыт арасындағы жағдайын есепке алады. Бұл әдістің мағынасы мынада, егер адамның салмағы зерттеу кезінде тұрақты болса, онда ағзаның энергия жоғалтуы жеген тамағының калориясына сай. Бұл әдіс орындауға жеңіл және энергия жоғалту басқа тура емес калориметрлік әдістермен анықталған мөлшерге жақын болады. Шатерников - Молчанова әдістері, яғни газ алмасуды зерттеу - бұл әдіс ең көп тараған әдіс. Әдеби, баспа қызметкерлері, мәдени-ағарту саласының жұмысшылары, жоспарлау және есептеу бөлімінің қызметкерлері, іс қағаздарын жүргізушілер.
Физиологиялық қажеттілікке кететін энергия мөлшері мен тағамдық заттардыңмөлшерін ұсыну
Тағамдық заттарға деген қажеттілік және энергия мөлшері адамның жасына, жынысына және жұмысына байланысты ұсынылады. Жұмысқа жарамды топтпр арасында физиологиялық қажеттілікті анықтауды 5 топқа бөле отырып, олардың жұмысының қарқындылығына, тәуліктік энергия жұмсалуына, жұмыс барысының жүйке жүйесіне әсеріне, тағы да басқа ерекшеліктеріне байланысты анықталған. Қазіргі кездегі техниканың жетістіктеріне байланысты жаңа жұмыстар болса, олар қайта қаралып, толықтырылады, тобы қайтадан анықталады. Қазіргі кездегі жұмыс қарқындылығына байланысты әр топтағы мамандықтарға тоқталамыз. 1 - топқа негізінен ой еңбегімен айналысатын адамдар жатады: өндірістердің және кәсіпорындардың басшылары, инженерлік-техникалық жұмысшылар, медицина қызметкерлері, дәрігер-хирургтерден басқалары, мейірбикелер, санитаркалар, мұғалімдер, тәрбиешілер, ғылыми қызметкерлер. 2 - топқа жеңіл дене еңбегімен айналысатын қызметкерлер жатады: жеңіл дене еңбегімен айналысатын инженерлік-техникалық қызметкерлер, автоматтандырылған процестерде жұмыс істейтін қызметкерлер, цехтарда жұмыс істейтіндер, радиоэлектроника саласының қызметкерлері жұмысшылары, тігіншілер, агрономдар, зоотехниктер, ветеринарлар, сатушылар, өндірістік тауарлпр дүкенінің сатушылары, халыққа қызмет көрсету саласының қызметкерлері, мәдени-қызмет саласында жұмыс істейтін адамдар, сағат өндірісі саласының қызметкерлері, байланыс және телеграф қызметкерлері, оқытушылар, дене шынықтыру және спорт инструкторлары, бапкерлер . 3 - топқа орташа ауыр жұмыс жасайтын қызметкерлер жатады. Темірді өндейтіндер және станокта жұмыс істейтіндер, ағаш өңдеумен айналысатын жұмысшылар, слесарьлар, станокта істейтіндер, өндіріс қондырғыларын жөндейтіндер, наладчиктер, настройщиктер, дәрігер-хирургтар, химиктер, жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері, тамақ өнеркәсібінің қызметкерлері, коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету саласының мекемелерінің қызметкерлері, қоғамдық тамақтану орындарының қызметкерлері, азық-түлік тауарлары дүкенінің сатушылары, трактор және ауылшаруашылық бригадирлері, теміржошылар, су жүйесінің қызметкерлері, авто - және электр көлік жүргізушілері, көтеру көлік механизмінің машинистері, полиграфистер, әр түрлі автокөлік жүргізушілері. 4 - топқа ауыр дене еңбегімен айналысатын қызметкерлер: құрылыста жұмыс істейтіндер, ауылшаруашылық қызметкерлері мен механизаторлары, жер үсті тау-кен қызметкерлері, мұнай және газ өнеркәсібінің қызметкерлері, металлургтер, құймашылар, целлюлоза - қағаз және ағаш өңдейтін өнеркәсіп қызметкерлері, ағаш кесушілер, плотниктер, құрылыс материалдарын шығаратын өнеркәсіп қызметкерлері. 5 - топқа өте ауыр дене еңбегімен айналысатын қызметкерлер: жер асты тау-кен қызметкерлері, ағаш ұсталары, ауыр дене еңбегімен жұмыс істейтіндер. Шахтерлер, ағаш құлататындар, ағаш өңдейтіндер, орманда ағаш кесетіндер, тас қалайтындар, бетон дайындаушылар, жер қазатындар, тасты өңдеушілер, жер қазушылар, жүк тиеушілер, еңбектері механизацияланбаған құрылыс жұмысшылары және жүк тасымалдаушылар. Бұл топтарға бөлу барлық мамандықты қамтыған, бірақ кез келген мамандыққа жақын мамандықты осы топтамадан табуға болады. Ер кісілерге қарағанда әйелдер ағзасында зат алмасу процесі жай жүреді және дене салмағының аздығына байланысты энергияға сұраныс 15% -ға төмен болады. Ауыр дене еңбегімен айналынсатын жұмысшыларға және жүйке-психика жүйесіне әсер ететін жерде жұмыс істейтіндерде энергияға деген сұраныс басқаларға қарағанда жоғары және көбірек болады. Энергияға сұранысты анықтаған кезде, еңбекке жарамды ересек адамдарды жасына қарай мынадай үш категорияларға бөледі: 18-29 жас, 30-39 жас, 40-59 жас. Адамдарды осылай жасына байланысты категорияға бөлудің негізі ретінде ағзада болатын зат алмасу процесінің адамның жасына байланысты ерекшеліктері. Мысалы, 18-29 жас арасында зат алмасу процесі адамдардың өсуі мен даму процестерінің аяқталмауына байланысты ерекшеленеді, олар өсіп, физикалық жетіліп жатқан ағзада болғандықтан оларда энергия көп жұмсалады. Энергияға деген қажеттілікті анықтаған кезде адамның 18-60 жас аралығында ең дұрыс орташа салмағы ер адамдар үшін - 70кг, ал әйел адамдар үшін
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz