РНҚ трансляциясы
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
* Ақуыз биосинтезі
* РНҚ трансляциясы
* РНҚ түрлері
* Құрылысы қызметі
* РНҚ және ДНҚ айырмашылығы
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Ақуыз биосинтезі - өте маңызды үдеріс. Мұнда ДНҚ, РНҚ, АТФ және нәруыздардың қызметі бірігеді.
ДНҚ-да жазылған тұқым қуалау акпараты РНҚ-ның ақпараттык (аРНҚ) молекулаларымен цитоплазмаға беріліп, арнайы органоидтар -- рибосомалардың жәрдемімен нәруыз синтезделеді.
Бүған тРНҚ қажетті аминқышқылдарды жеткізіп, аРНҚ-да жазылған тапсырыс жүйесінде сапқа тұрғызады. рРНҚ-дан тұратын рибосома пептидтік байланыс түзе отырып, осы аминқышқылдарды жалғастырып қосады. Қажетті тәртіпте және мөлшерде қосылған осы аминқышқылдар нәруыз деп есептеледі.
Осы үдерістердің барлығына АТФ энергиясы жұмсалады. Реакциялардың барлығына қажетті нәруыз - ферменттер қатысады, онсыз биосинтездің жүруі мүмкін емес.
Нәруыз биосинтезінің үдерісі тұқым қуалау ақпаратын жүзеге асыру үдерісі деп те аталады. Оны мына сызбанұскамен белгілеуге болады: ДНҚ РНҚ нәруыз. Көбінесе былай деп те айтады: РНҚ ДНҚ-ға жазылған ақпаратты нәруызда нақтылы көрсетіп, іске асырады.
Негізгі бөлім
Ақуыз биосинтезі тіршіліктің ең маңызды қасиеттерінің бірі, себебі тіршілік процесінде ақуыз молекулалары әр түрлі биохимиялық реакцияларға түсіп ыдырап жойылып отырады, ал олардың орнын толтыру тек жаңа ақуыз молекулаларының синтезделуі нәтижесінде жүзеге асады.
А-РНҚ молекуласының нуклеотидтер тізбегінде жазылған ақпараттың колинеарлы полипептид молекуласының аминқышқылдары ретіне берілуін, яғни ақуыз синтезін, трансляция деп атаймыз.
Трансляция процесі полипептидтің N ұшынан басталып С ұшына қарай жүреді және ол метионин амин қышқылынан басталады. Яғни, кез келген а-РНҚ молекуласының бас жағында метионин амин қышқылына сәйкес келетін (колинеарлы) код-инициаторлык код болады (АУГ). Полипептид синтезінің инициялануы ерекше т-РНҚ-инициаторлык т-РНҚ-ның қатынасуымен жүзеге асады. Бұл процеске 3 инициациялаушы факторлар -- IҒР IҒ2, IҒ3қатынасады. Ақуыз биосинтезінің жалғасуы, немесе элонгация сатысы, 2 фактордың қатысуымен жүреді -- ЕҒ-1, ЕҒ-2, ал белок синтезінің терминациялануы кодон-терминаторларға және терминациялық факторларға - RҒ-1, RҒ-2-ге байланысты. Кодон терминаторлардың 3 түрі белгілі УАА, УАГ, УГА.
Трансляция процесіне 3 РНҚ -- үшеуі де қатынасады. А-РНҚ-ақуыз синтезі үшін матрица (қалып) қызметін атқарса,рибосомалық РНҚ рибосомалардың құрамына кіреді. Рибосомалар цитоплазманың ең ұсақ субмикроскопиялық органеллалары болып табылады. Ақуыз синтезі жүруі үшін рибосомалар а-РНҚ-мен байланысады. Рибосома 2 бөлшектен тұрады: рибосоманың кіші бөлшегі - 30S, рибосоманың үлкен бөлшегі - 50S. Әдетте, ақуыз синтезі жүрмеген кезде, рибосоманың екі бөлшегі бір-бірінен бөлек кездеседі, олардың бір-бірімен қосылып біртұтас органоид - рибосома түзілуі ақуыз биосинтезі басталған кезде жүзеге асады. А-РНҚ алғаш рибосоманың кіші бөлшегімен қосылады, содан кейін оларға иницияция факторлары ІҒ1 ІҒ2, ІҒ3 және т-РНҚ- аминоацилметион қосылып инициаторлық кешен түзіледі.
Инициаторлық кешен түзілгеннен кейін оған рибосоманың-үлкен бөлшегі келіп қосылады. Рибосоманың үлкен бөлшегінді 2 учаске болады: пептидилдік бөлік - II бөлік, аминоанилдік бөлік -А бөлік. Рибосоманың үлкен бөлшегінің II бөлігіне формилденген метионинмен ингшиаторлық т-РНҚ орналасады, ал А-учаскеге а-РІТҚ-ның екінші кодонына сәйкес келетін антикодон бар т-РНҚ өзінің амин қышқылымен орналасады.
Трансляция процесінде а-РНҚ кодондары амин қышқылдарымен тікелей әрекеттесе алмайды. Олардың арасындағы байланыс тасымалдаушы РНҚ (т-РНҚ) арқылы жүзеге асады. Әрбір амин қышқылының тек өзіне ғана сәйкес т-РНҚ-сы болады сонымен кем дегенде т-РНҚ белгілі - 20-амин қышқылыньң 20 т-РНҚ-асы және инициаторлық Т-РНҚ. Т-РНҚ-лар-т-РНҚфен, т-РНҚАлан, т-РНҚСер, т-РНҚИзол, т-РНҚАсп т.с.с деп аталынады. Барлық прокариоттардың және эукариоттардың т-РНҚ молекулалары 80-ге жуық нуклеотидтерден құралған және олардың соңғы құрылысы бір-біріне ұқсас болып келеді. Олардың молекулаларының соңғы құрылысы беденің 3 құлақты жапырағына ұқсас. Т-РНҚ молекуласының 2 ерекше қасиеті белгілі:
1) т-РНҚ-ның 3'-ұшында ерекше рЦ рЦ рА-ОН-тан тұратын бос нуклеотид тізбегі болады, осы ұшымен т-РНҚ-ға сәйкес келетін амин қышқылы ковалентті байланысады;
2)т-РНҚ-ның қарама-қарсы ұшында 3 нуклеотидтен тұратын антикодон болады.
Т-РНҚ-ның негізгі қызметі -- өзіне сәйкес амин кышқылын "танып" 3'-ОН ұшына қондыру және а-РНҚ-ның антикодонға комплиментарлы кодонын "танып" өзі алып келген амин қышқылын полипептид тізбегіне орналастыру болып саналады Амин-қышқылының өзіне сәйкес т-РНҚ молекуласының 3 -- ОН ұшына ковалентті байланысуы ерекше аминоацил т-РНҚ-синтетаза ферментінің қатысуы арқылы жүреді.
20 амин қышқылына сәйкес 20 аминоацил т-РНҚ синтетаза ферментгері болады. Аминоацил т-РНҚ синтетаза ферменттері өздеріне сәйкес келетін амин қышқылдарымен т-РНҚ-ның бір-бірін "танып", амин қышқылының т-РНҚ молекуласының 3'-ОН ұшына коваленттік байланысуын қамтамасыз етеді. Бұл процесс 2 сатыдан тұрады. Алғашқы сатыда амин қышқылдары активтенеді: Мысалы, Серилацил т-РНҚ-синтетаза+серин+АТФа (серилацил-АМФ) Серил-т-РНҚ-синтетаза+Рpi; Екінші сатыда активтенген амин қышқылы-өзіне сәйкес т-РНҚ-ның З'OН ұшымен байланысады. (Серилацил - АМФ) серил-т-РНҚ-синтетаза +т-РНҚ а серил-т-РНҚ Сер+серил-т-РНҚ-синтетаза+АМФ түзіледі.
Аминоацил-т-РНҚ-синтетаза ферменттері трансляция процесінің қателіксіз жүруін, яғни а-РНҚ кодына колинеарлы (сәйкес) полипептид молекуласының синтезделуін, қамтамасыз етеді. Демек, трансляцияның қателіксіз жүруі аминоацил-т-РНҚ-синтетаза ферменттерінің өздеріне сәйкес амин қышқылдарын "танып" оларды тиісті т-РНҚ-ға қондыруына байланысты болады. Сонымен қатар, аминоацил-т-РНҚ -- синтетаза ферменттері бақылаушылық қызметін де атқарады. Мысалы, изолейцил-т-РНҚ - синтетаза ферменті өзіне сәйкес т-РНҚ орнына басқа - "жат" т-РНҚ, айталық т-РНҚФен таныды делік.Осының нәтижесінде изолейцин- т-РНҚизол орнына изолейцил т-РНҚфен кешені пайда болар еді. Осы қателіктің нәтижесінде синтезделуші ақуыз молекуласында фенилаланин аминқышқылының орнына изолейцин амин қышқылы орналасар еді. Бірақ, фенилаланин-т-РНҚ-синтетаза ферменті өзінің т-РНҚФЕН-сымен жат амин қышқылының қосылғанын сезіп қалып қате кешенді -- изолейцин амин қышқылына және т-РНҚФен-ге ыдыратады.
Аминоацил-т-РНҚ-синтетаза ферменттерінің екінші бақылаушылық қызметі амин қышкылдардың активтену сатысында байқалады. Айталық, изолейцил-т-РНҚ-синтетаза ферменті изолейцин амин қышқылының орнына валин аминқышқылын активтендірді делік.
Изолейцил-т-РНҚ-синтетаза+валин+АТФ -- (валилацил-АМФ) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz