Зат алмасудың тұқым қуалайтын аурулар


Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Зат алмасудың тұқым қуалайтын аурулар
- Иондық арналар аурулары
- Куршман - Штейнер Боттеннің миотрониялық дистрофиясы
- Қайталанатын үш нуклеотидтер экспансия аурулары
- Қорытынды
- Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Тұқым қуалайтын аурулар - ата-аналарынан ұрпақтарына берілетін аурулар. Тұқым қуалайтын аурулар гендік, хромосомалық және геногеномдық мутациялардың әсерінен генетикалық материалдың өзгеруіне байланысты қалыптасады.
Генетикалық жіктеу бойынша тұқым қуалайтын аурулар:
- моногендік;
- хромосомалық;
- мультифакторлық (полигендік) болып бөлінеді.
Моногенді аурулар генетикалық ақпарат жазылған құрылымдық гендердің мутацияға ұшырауынан туындайды. Бұл аурулардың ұрпақтарға берілуі Г. Мендельдің тұқым қуалау заңдылықтарына сәйкес жүретіндіктен мендельденуші тұқым қуалайтын ауру деп аталады. Моногенді түрі аутосом. -доминантты (арахнодактилия, брахидактилия, полидактилия, т. б. дерттер), аутосом. -рецессивті (екі, кейде үш немере ағайынды некелескен адамдар арасында жиі кездеседі; агаммаглобулинемия, алкаптонурия, т. б. дерттер) және жыныстық Х- және У-хромосомалармен тіркескен (генге байланысты еркек ауырады, ал ауруды әйел адам тасымалдайды; гемофилия, т. б. дерттер) тұқым қуалайтын аурулар болып бөлінеді.
Зат алмасудың тұқым қуалайтын аурулар
Зат алмасудың тұқым қуалайтын аурулары-адамдардың ең жиі кездесетін және жақсы зерттелген моногендік аурулар тобы болып табылады. Көптеген аурулардың клиникалык көрінісі субстраттарды (заттарды) ыдыратуға және тасымалдауға қатынасатын не жасуша рецепторлары қызметтерін атқаратын ферменттердің қатализдеуші қызметтерінің жойылуына негізделеді. Бұл топ ауруларының патогенезі аралық заттардың жинақталуына не ақырғы өнімдерінің жетімсіздігіне (дефицит) алып келетін белгілі бір биохимиялық үдерістердің бұзылыстары болуы мүмкін.
Зат алмасудың тұқымқуалайтын ауруларының жіктелуі әлі күнге дейін толық қалыптаспаған дегенмен оларды төмендегідей топтарға топтастырады:
- аминқышқылдарының алмасуының тұқым қуалайтын аурулары аминоациодонатиялар (альбинизм, фенилкетонурия, терозинимия т. б. )
- көмірсулардың алмасуының тұқым қулайтын аурулары глюкозуриялар (галактуземия, глюкогеноздар) .
-липидтер алмасуының тұқым қуалайтын аурулары - липидоздар (жанұялық гиперхолис -теролемия, сфинголипидоздар, лейкотистрофиялар)
-стероидтық гормондардың алмасуның тұқым қуалайтын аурулары(ареногенитальдық синдром) .
-эритрондардың алмасуның тұқым қуалайтын аурулары (гемолитикалық анимиялар- қаназдылық)
-металлдардың алмасуның тұқым қуалайтын аурулары (Вильсон - Коновалов ауруы)
-лизосомалық аурулар (мукополисахаридоздар)
-пероксисомалық аурулар (цельвегер синдромы )
-митохондриялық ауралар .
Аминқышқылдарының алмасуының бұзылуы нәтижесінде дамитын көптеген тұқым қуалайтын аурулар белгілі. Ең жиі кездесетін және жақсы зерттелген аминоацидопатиялар - фениялаланин және тирозин аминқышқылдарының алмасуның бұзылуына байланысты.
Фенилаланин - ағзада синтезделмейтін, тек ас құрамында ағзаға жеткізілетін, алмастыруға болмайтын аминқышқылы. Бауыр жасушаларында экспрессияланатын фенилгидрооксилаза көмегімен ол тирозинге айналады. Тирозиннің әрі қарай алмасулары бірнеше жолдармен жүзеге асады. Біріншісін - тирозингитроксилаза бақылайды.
Гемоглобионопатиялар - глобин ақуыздарының полипептидтік тізбектерін кодтайтын гендердің мутациясы нәтижесінде дамитын тұқым қуалайтын аурулар тобы болып табылады.
әртүрлі нұсқаларында не гемоглобин формасы өзгереді, не глобиг тізбектерінің құрамының арақатынасы өзгереді.
Альфа (а) және бетта (β) глобин тізбектерінің синтезделуінің бұзылуларына қарай аурулары нұсқаларын ажыратады. Бұл аурулар гемоглобинопатиялар тобының басым бөлігін құрайды және глобин тізбектері гендерінде пайда болған нүктелі мутациялар нәтижесінде туындайтын көпшілікті аллеллизм күйінде кездеседі. Қазіргі кезде мұнда мутациялардың 300-ге жуығы сипатталған. Талассимиялардан басқа кең таралған нұсқаларына орақ пішінді қаназдылық ауруын метгемоглобинемия және эритроцитоздарда жатқызуға болады.
Иондық арналар аурулары
Иондық арналар аурулары. Соңғы 10 жылда натрий, калий, кальций және хлор иондарының арналарының ақуыз субъединицалары гендерінің мутациясына байланысты адамдардың бір топ аурулары сипатталған. Бұл ауруларды - иондық арналар аурулары (ИАА) деп атайды. Олардың көпшілігі бұлшықет және нейрон жасушаларының мембраналарының өткізгіштік және қозу тетіктерінің (механизм) бұзылуы салдарынан дамитын нерв жүйесінің аутосомды - доминатты аурулар болып табылады.
Бұлшықет мембранасындағы иондық арналардың қызметінің бұзылуы- әлсін- әлсін тырысу эжәне метони сияқты клиникалық симптомдардың байқалуына, ал нерв жасушаларындағы осы арналар патологиясы- тұқым қуалайтын эпилепсия (қояншық) және атаксиялардың дамуына алып келеді.
Иондық арналардың бәрінің құрылысы ұқсас. Олар экстрациллюлярлық және интрациллюлярлық 6 трансмембраналық сегменттерден құрылған домендерден тұрады. Әрбір доменнің 4-ші сегментң менбрана потенциялының градиентіне сезімтал оң зарядталған біршама аминқышқылдардан құрылған. Доменнің екінші сындарлы аймағы - 5 және 6 сегменттер арасында мембранаға батып орналасқан экстрацеллюлярлық имек болып табылады.
Иондық арналардың қызметінің бұзылуы тұқым қуалайтын аурулардың дамуының себебі болуы мүмкін. Оны алғаш дәлелдеген 1990 жылы Фонтейн болатын. Натрий арнасының қызметінің бұзылуы әлсін-әлсін болатын гиперкалиемиялық салдану(паралич) , Эйленбергтің туа біткен митониясы, ацетазол - тәуелді метония және туа біткен миастения т. б. ауруларға алып келеді.
Ауру патогенезінің кезеңдері мынадай болуы мүмкін: жасуша сыртында калий концентрациясының көбеюі бұлшықет талшығының мембранасының деполяризаниялануы натрий арналарының ашылуы натрийдің жасуша ішіне, калийдің жасуша сыртына шығарылуының ұзақ уақыт сақталуы бұлшықет мембранасының деполяризациялануының ұзақ уақыт сақталуы бұлшықет мембранасының электрлік қозғыш тоғының төмендеуі.
Аурудың алғашқы белгілері 5-20 жаста байқала бастайды және анық байқалатын бұлшықет әлсіздігі мен аденомия ұстамаларының болуымен сипатталады.
Коллагенопатиялар - дәнекер ұлпалардың маңызды құрылым дық бөлімдері - коллагендердің с интезделуін және ыдырауын бұзатын мутацияларға байланысты дамитын тұқым қуалайтын аурулардың үлкен бір тобы. Коллагендер- адам ағзасының ақуыздар массасының үштен бір бөлігін құрайды. Коллагендердің 40 % -ы теріде, 50 %-ы қаңқа құрылымдарында және 10 %-ы ішкі мүшелер стромасында кездеседі.
Коллагендік ақуыздар 1000 аминқышқылдарынан құрылған ширатылған 3 полипетидтік а- тізбектерден тұрады.
Аминқышқылдар құрамынан ерекшеленетін бірнеше а-тізбектер белгілі. Қазіргі кезде коолагендердің 19 типі анықталған. Олардың гендері 14 хромосомада орналасқан, 30-дан астам ақуыздарды қалыптастырады. Коллагендердің а-тізбегінің әрбір үшінші аминқышқылы - глицин.
Коллагендік аурулар - транскрипция, трансляция, процессинг, тасымалдау үдерістерін бақылайтын гендер және әртүрлі типті коллагендердің қалыптасуына қатынасатын гендер мутациясы негізінде дамуы мүмкін.
Куршман-Штейнерт Баттеннің миотониялық дистрофиясы
Бұл ауруды 1901 ж. Г. И. Россолима алғаш сипаттап жазған. Ол адамдардың кең таралған тұқым қуалайтын ауруларына жатады. Әртүрлі популяцияларда оның жиілігі 1-8:4 тең. Тұқым қуалау типі - аутосомды-доминантты.
Аурудың себебі болып геннің 3¹ - трансляцяланбайтын аймағында ЦТГ -қайталанулар экспансиясы саналады. Бұл ген 19 хромосоманың 19 q 13. 2- q13. 3 локусында орналасқан және 15 экзоннан тұрады. Қалыпты жағдайларда ЦТГ қайталанулар санының көбеюі ауру симптомдарының қатал зілді түрде байқалуына алып келеді. Мысалы, егер қайталанулар 50-80 аралығында бұл ауру жеңіл түрде байқалады, 100-500 дей болса ауру кештеу басталады, ал 500-2000 -ға дейінгі қайталануларда ауру туыла сала байқалады.
Геннің кодтайтын ақуызы метионин, протинкиназа, серин, трионин, протеинкиназалар тобына жатады және 624 аминқышқылдарынан тұрады. Бұл ақуыз жасуша жіктелуінде ДНҚ репликациясында маңызды роль атқарады деп есептелінеді.
Аурудың негізгі симптомдары - миопатия, миотония жүрек - қантамыр, эндокринді бұзылыстар және катаракта.
Сыңғыш Х-хромасома синдромы немесе Мартин-Белл синдромы (ОМІМ: 309550; 309548) . Бұл ауру 1943 жылы сипатталған және ер адамдардың ақыл-есінің кем болуымен сипатталатын кең таралған ауру болып саналады.
Ер адамдар арасында оның жиілігі әртүрлі популяцияларда 16-25:1 -ға тең.
Аурудың негізгі себебі - ҒМR1 генінің бірінші экзонының трансляцияланбайтын аймағында ЦГГ кодонының қайталануының көбеюі болып табылады. Сау адамдарда қайталаулар саны 6 дан 200 аралығында болады.
Аурудың клиникалық симптомдары:
1. олигофрения (жарыместік IQ-35-50%-а тең)
2. дисморфия (прогнатизм, құлақ қалқанының үлкен және сұрақсыз болуы)
3. макроорхидизм .
Қайталанатын үш нуклеотидтер экспансиясы аурулары
Қайталанатын үш нуклеотидтер экспансиясы аурулары гендердің реттеуші трансляцияланатын мағыналы бөлімдерінде қайталанатын жұптасқан (тандемді ) үш нуклеотидтер көшірмелерінің көбеюімен сипатталатын динамикалық мутациялар салдарынан дамитын тұқымқуалаушылық ауруларының үлкен бір тобы болып саналады.
Қалыпты жағдайда кейбір гендерде белгілі бір мөлшерде қайталанатын үш нуклеотидтердің болатындығы белгілі. Әрбір қалыпты гендерде осындай қайталанулар саны бірнеше жүзге дейін жетеді. Аурудың клиникалық симптомдары, қайталану саны нақтылы тендер үшін сындарлы межеден артқанда ғана байқалады.
Мұндай мутациялардың пайда болуы-екі сатыдан тұрады. Алғашқы сатыда қайталанулар саны популяциялық деңгейден біршама көбейді, бірақ ол аурудың дамуы үшін әлі жеткіліксіз болады. Геннің мұндай күйін «премутация» деп атайды. Осындай «премутациясы» бар аллель тұрақсыз болып, кейбір жағдайларда ол толық мутацияның түзілуіне алып келеді, яғни қайталанулар саны аурудың дамуы үшін жеткілікті, сындарлы деңгейге дейін көбейеді.
Бұл аурулардың жалпы клиникалық - генетикалық сипаттамалары төмендегідей:
антиципация, яғни бір шежіре деңгейінде әрбір ұрпақ сайын аурудың клиникалық көріністерінің зілділігінің (қаталдығының) ауырлауы (күшеюі) . Антиципация феноменін әрбір жасуша циклында үш нуклеотидтер қайталануының өсуімен түсіндіруге болады.
әртүрлі жанұяларда және бір жанұяның түрліше ауыруларында клиникалық көріністердің зілділігі (қаталдығы) мен үш нуклеотидтер қайталанулары саны арасындағы корреляция;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz