Жыныс бездері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе;
  2. Негізгі бөлім;

Жыныс бездері

Аталық жыныс безі

Аналық жыныс безі

  1. Қорытынды;
  2. Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе

Көбею - барлық тірі ағзаға тән қасиет. Көбею - түрдің тіршілігін жалғастырып сақтап қалуды қамтамасыз ететін физиологиялық үдерістердің жиынтығы. Басқа тірі ағзалар сияқты адам да жынысты жолмен көбейеді. Жыныс жасушаларының түзілуі ағзада болатын физиологиялық өзгерістерге байланысты. Жыныстық мүшелер жүйесін аталық және аналық жыныс мүшелері деп 2 топка бөледі. Олардың жыныс бездерінен жыныс жасушалары түзіледі. Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуынан дүниеге жаңа ұрпақ келеді. Жыныс бездері аралас бездерге жатады. Демек, жыныс бездерінің негізгі қызметтерінің бірі - көбею немесе репродуктивтік қызметі. Сонымен қатар, бұдан кем түспейтін эндокринді қызмет атқарады. Зат алмасу, көбею жыныс белгілерін ажыратуынан (диференция) бастап, ұрықтың пайда болып, дамып, тууына дейінгі көптеген үрдістерді реттейтін жыныс гормондарын шығарады.

Жыныс бездері

Жыныс бездері - гонадалар (грекше gone - пайда болу, aden - без) аралас сөлініс бездері болып есептеледі. Олардың сыртқы сөліністік қызметі - жыныс жасушаларын (гаметоцитгерді) жасау және шығару. Еркек организмдегі ұрық жолында сперматозоидтар, ал ұрғашы организмдегі аналық безде жұмыртқа жасушалары пісіп жетіледі.

Аталық жыныс гормондары ұрық жолының интерстициалды 1 тіндерінің ерекше - Лейдиг жасушаларынан жасалады. Бұл гормондар андрогенді деп аталады (трек, andros - еркек) . Нағыз еркек жыныс гормоны - тестостерон. Бұдан басқа да бұған қарағанда белсенділігі сәл төмен гормондар бар - андростерон, эпитестостерон. Андрогенді гормондармен қатар, ұрық жолында аздап аналық жыныс гормоны - эстерогендер де жасалынып, бөлініп шығарылады.
Жыныс жұмыртқаларының негізгі құрылымы - фолликула (латынша folliculus - қапшықша, көпіршік), оның ішінде жұмыртқа жасушасы пісіп жетіледі. Пісіп жетілген фолликула графты көпіршік деп аталады. Ол жарылғанда, одан жұмыртқа жасушасы шығады. Бұл -овуляция деп аталады. Жұмыртқа жасушасы жұмыртқа жолына - жатыр түтігіне, ұрықтанғаннан кейін жатырға түседі. Овуляциядан кейін фолликула жасушалары қабырғасында сары пигмент жиналып сары дене түзіледі. Ұрықтанғанда сары дене ұзақ уақыт болады, оны жүктіліктің сары денесі деп атайды. Егер ұрықтану болмаса, ол 10-12 күн қызмет етеді де, кері дамуға түседі. Жыныс ағзалары жетілген әйелдерде овуляция ай сайын қайталануы мүмкін. Жыныстық оралым (цикл) 27-28 күнге созылады. Оны 4 кезеңге бөледі.

1) овуляцияға дейінгі;

2) овуляция кезіндегі;

3) овуляциядан кейінгі;

4) тыныштық кезеңі.

Бұл кезендердің әрқайсысы жыныс жұмыртқаларын-дағы, жатырдың шырышты қабатындағы, қандағы, гормондар деңгейіндегі белгілі бір өзгерістермен және басқа да организмдегі жалпы өзгерістермен сипатталады. Жыныс циклінің әртүрлі кезендерінде жыныс жұмыртқаларында өзінің физиологиялық ерекшеліктері жағынан әртүрлі гормондар түзіледі (синтезделеді) . Жұмыртқа жасушасы пісіп жетілген кезеңде фолликула - эстроген (грек, oistros - ағу, genes - тудыратын) деп аталатын гормондарды жасап шығарады. Бұл гормондарға эстродиол және белсенділігі сәл төмен эстрон мен эстриол жатады. Сол жерде аздап тестостерон да (еркек жыныс гормоны) жасалады. Жыныс жұмыртқасының сары денесіңде гестогендер (латын. gestatio - жүктіліктің дамуына жақсы әсер ететін гормондар) жасалады. Сары дененің негізгі гормоны - прогестерон.
Жыныс гормондарының әсері.

1. Денеде зат алмасуды, анаболизмдік (ассимиляция) үрдістерің күшейтеді, яғни күрделі органикалық қосылыстардың түзілуін күшейтеді, белок, соның ішінде ферменттердің де жасалуын жоғарылатады. Осыған байланысты дене салмағы артады, себебі бірқатар тіндердің жүрек, сүйек, қаңқа бұлшықеттері, бауыр, бүйрек салмағы артады.
2. Екінші жыныс белгілерінің дамуына, пайда болуына көмектеседі. Олар тиісті жынысты сипаттайды - жыныс мүшелерінің өсіп дамуы, түк пен май қабаттарының пайда болуы, қаңқа дамуы т. б. үрдістерді қамтамасыз етеді.
3. Жүйке жүйесі мен жоғары жүйке қызметіне әсер етеді, ұрпақ жаңғырту жүйесінің барлық бөліктері қызметінің белсенділігін қамтамасыз етеді. Жыныс жұмыртқасының лютеин жасушаларында жүктілік кезеңінде релаксин деген гормон түзіледі, ол жатырдың, ал туар алдында жамбас сүйектерін байланыстыратын аппарат. Бұл гормон әйел организмін бала тууға дайындайды.

Аталық жыныс безі

Аталық жыныс мүшелерін сыртқы және ішкі мүшелер деп 2 топка бөледі. Сыртқы аталық мушелеріне - ұма және жыныстық мүше жатады. Ішкі аталық жыныс мушелеріне аталық бездер, оның қосалқы бөлімдері (ұрықшығарушы өзекшелер, ұрықтық көпіршіктер, сыңар қуықасты безі) жатады. Аталық без (ен) екеу, мөлшері 4-6 см, салмағы 15-30 г.

Аталық бездер - ұманың ішінде орналаскан терілі қалта. Ұманың ішкі қуысы құрсақ қуысының бір бөлігі болып саналады. Ұрықтың дамуы кезінде ұма құрсақ қуысында жатады. Жыныс бездері өзекшелер арқылы ұма қуысына түскен соң, ондағы дәнекер ұлпамен тұтасып кетеді. Бұдан кейін ұма қуысы құрсак қуысынан бөлініп қалады. Егер жыныс бездері ұма қуысына өтпей, құрсақ қуысында қалып қойса, жыныс жасушаларының түзілуіне кедергі жасайды. Әдетте, жыныс бездері шарана жарық дүниеге шығардан бұрын ұма қуысына өтеді.

Аталық бездер ағзада екі түрлі маңызды қызмет аткарады. Біріншіден, олардан аталық жыныс жасушалары - сперматозоидтар түзіледі. Бұл аталық бездердің сыртқы секрециялық қызметі. Екіншіден, аталық бездерден жыныс гормондары (негізінен тестостерон) бөлінеді. Бұл аталық бездердің ішкі секрециялық қызметі. Сондықтан да жыныс бездері аралас бездерге жатады. Аталық бездерден бөлінген гормондар екінші реттік жыныстық белгілердің жетілуінде негізгі рөл аткарады. Олардың әсерінен жасөспірімдердің дене пішіні өзгереді, мұрт шығады, дауысы жуандайды және т. б.

Аталық бездер көптеген ұсақ ұрықтық өзекшелерден тұрады. Аталық бездерде жыныс жасушаларының жетілуі де, екінші реттік жыныстық жетілумен тікелей байланысты. Аталық бездерде жетілген сперматозоидтар ұрықтық өзекшелері арқылы алдымен ұрықтық көпіршіктерге жиналады. Ұрықтық көпіршіктеріндегі және қуықасты бездерінен бөлінген сұйықтық шәует (сперма) деп аталады. Шәуетпен араласкан сперматозоидтар зәршығару өзегі арқылы өтеді. Ер адамдарда зәршығару өзегі арқылы зәр заты да, шәует те сыртқа шығарылады. Шәуеттің құрамында сперматозоидтар өте көп болады. Мысалы, 1 см3 шәуетте қалыпты жағдайда 60 млн сперматозоидтар кездеседі. Сперматозоидтарда кез келген жасушаға тән бөліктер (цитоплазма, ядро және т. б. ) болады. Басқа жасушалармен салыстырғанда сперматозоидтардың пішіні өзгешелеу, өте ұсақ (шамамен 7 мкм) және қозғалғыш. Әрбір сперматозоид бас, мойын және «құйрық» - талшықтан құрылады. Олар талшықтарының көмегімен минутына 2-3 мм жылдамдыкпен қозғалады.

Аналық жыныс безі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқаның жыныс бездері
Қалқанша безі
Малдардың жыныс органдарының анатомиясы
Жайылмалы эндокринді жүйе. Қалқанша безі
Ішкі секреция бездері. Жыныстық жетілу. Оқушыны медициналық-гигиеналық және жыныстық тәрбилеу
Аталық малдың жыныс мүшелері
Эндокринология. Ішкі секреция бездері
Эндокриндік жүйе туралы
Ішкі секреция бездері жайлы
Организмдегі гисто-физиологиялық құбылыстарды реттеудегі секреция бездерінің маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz