Еуропада білім беру жүйесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
* Болон процесі
* Еуропада білім беру жүйесі
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
2010 жылдың 11-12 наурызында Қазақстан Балон үрдісі білім министрлігінің II форумында (Будапешт қаласында, Венгрия және Вена қаласы, Австрия) 47 ел арасында Болон үрдісіне тұңғыш рет қол қойды. Қазақстан Республикасы Болон декларациясына қосылуға лайық және еуропалық бiлiм беретiн кеңiстiктiң толық құқықты қатысушы болған орталық - Азиядағы бiрiншi мемлекет болып табылады. Болон үрдісіне Қазақстанның қосылуы отандық ЖОО мен студенттер үшiн нақтылы мүмкiндiктердi бередi:

1. отандық бiлiм беретiн бағдарламалардың оқу жоспарын еуропалық стандартқа сәйкес келтiру:
2. отандық бiлiктiлiктер және академиялық дәрежелердi мойындау;
3. студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильділігін қамтамасыз ету;
4. шетел университеттерiндегi қазақстандық ЖОО студенттерiнiң несиелерiн қайта сынақтан өткізу және керiсiнше;
5. бiрлескен бiлiм беретiн бағдарламаларды құру;
6. отандық дипломның еуропа деңгейінде мойындалуы және бітіруші түлектердің әлемнің кез - келген елдерінде жұмыс жасауына жол ашты.
Балон декларациясы приннцптерінің негізгі мақсаты студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Бізге 2020 жылға дейiн алдағы он жылдықта еңбк нарығындағы қажеттілікті қамтамасыз ететін жоғары білімнің сапасын жоғары деңгейге жеткізу, елдiң индустриалды - инновациялық дамуын шешу және білім сапасы әлемдік тәжрібиеге сай келетін тұлғаны дайындау. Егер өз азаматтарының қабiлеттiлiгі мен мүмкiндiгін барынша қолданса, олар өмiр бойы ізденісте болса, Қазақстан бұл жағдайда үлгере алады. Нәтижеге бағытталған үйрену мен мобильділіктің құбылмалы еңбек нарығына бейімделуі қажет болатын компетенцияны дамытуды үйренушіге көмектеседі және оларға жауапкершілігі мол азамат болуға мүмкіндік береді.

Негізгі бөлім
Болон процесі - еуропалық жоғары кәсіби білімде біртұтас жалпы-еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жаһандану үрдісінің көрінісі. Алғашқы еуропалық университеттің отаны - Болонья қаласының (Италия) құрметіне аталған Болондық декларациямен (1999 ж.) бекітілген. 2004 жылға дейін Болондық процеске 40 ел мүше болды. Мүше-мемлекеттердің ағымдағы мәселелерін талқылау мақсатында мерзімдік кездесулерді ұйымдастыруды көздейді. Болон процесі демократиялық жоғары технологиялық ақпараттық нарықтық қоғам талаптарына сай келетін және жеке бағыттылықты, таңдау еркіндігін және өзіндік білім жолын игерумен, білім жинаудың ақпараттық-ізденімпаздық сипатын қалыптастыруды мақсат тұтады. Болон процесінің басты мақсаттарының құрамында еуропалық мәдени құндылықтарды дамытудағы университеттердің негізгі басты орнын мойындау; жоғары білімді қоғам талаптарына сай бейімдеу қажеттігі; білім орталықтарына қол жеткізу мақсатындағы азаматтардың жұмылуы; түлектердің кәсібін айқындауда түсінуге жеңіл, салыстыруға боларлықтай дәрежелер мен мамандықтар қабылдау; әртүрлі мәдениеттерге, тілдерге, ұлттық жүйелерге сый-құрметпен қарау; университеттік автономияны және академиялық еркіндіктерді дамыту; үздіксіз білім беру; Болон процесі мүшелерінің арасында сенім философиясын орнату жатады.
Қазақстан Республикасы жоғары бiлiм беру ісі Болон декларациясы принцптеріне негізделген. Жоғары оқу орындарының барлығында оқытудың кредиттік технологиясы енгізілген. Республиканың Жоғары оқу орындары шетел университеттерiмен бiрлескен бiлiм беретiн бағдарламаларды белсендi жүзеге асыруда. Мамандарды әзiрлеудiң үш деңгейлi толық үлгiсi ұсынылған: бакалавр - магистр - Ph.D доктор.
Бакалавриаттың бiлiм беретiн бағдарламалары үш циклдан тұрады, олардың әрқайсысының міндеттелген компоненті (мемлекеттік) -МК және таңдау бойынша компоненттері (жоғары оқу орынды немесе элективті компонент) -ЭК бар. Мемлекеттік компонент пен Элективті компонент аралығындағы орташа арақатынас 60(50):40(50) құрайды. Бұл жоғары оқу орындарына бiрлескен бiлiм беретiн бағдарламаларды құруға, студенттерге индивидуалды бiлiм беретiн шекараны қалыптастыруға мүмкiндiк бередi. ЭК шеңберінде студенттер пәндерді толық игереді және басқа да қазақстандық және шетел ЖОО-ның кредиттік жүйелерін меңгере алады.
2011-2012 жылы Қазақстан Республикасы білім беру ісін дамытудың мемлекеттік білім беру бағдарламасына сәйкес ЖОО академиялық еркіндік шеңбері кеңейтілетін болады. Осы тенденция нәтижесінде МК пен ЭК аралығындағы орташа арақатынас 30:70 дейін жеткізілетін болады. Бүгінгі таңда бакалавриатта оқитын контингенттiң саны 620442 адамды құрайды, олардың 140533 мемлекеттік тапсырыс негізінде. Магистратура бiлiм беру бағдарламалары екi бағытта жүзеге асуда: ғылыми және педагогикалық, профилдi. Магистратураның бiлiм беретiн бағдарламасының құрылымы оқу және ғылыми жұмыстың әр түрiнен құрылады және, бiлiмнiң мазмұн анықтайтын тәжiрибелерден қалыптасады.
Магистерлiк бағдарламалардың бiлiм компонент пәндері екі циклден тұрады: базалық және профильді, бұлардың әрқайсысы МК мен ЭК құралады. Магистерлiк бағдарламаларының академиялық кеңістігі кең ауқымды қамтыған. Әрі қарай МК ғылыми және педагогикалық бағыттың 32% құрайды, профилдi бағыт бойынша 29-31%. Осыдан бастап магистерлiк бағдарламаның білім беретін блогының 74% ғылыми бағытта, профильдік бағытта 78-80% педагогикалық бағытты құрайды: профилдi дайындауда білім беру компоненттерінің кредиттері 24 кредит санынан кем болмауы тиіс, олардың 19 кредит саны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда CLIL екі тілде оқыту технологиясын қолдану ауқымдылығы
Ян Амос Коменский
ХVІІ-ХVІІІ ғғ. батыс педагогикасының дамуы
Мектепке дейінгі мекемелер
Кредиттік оқыту технологиясы сипаттама
Оқытудың жаңа әдісінің қажеттілігі
Ұлттық мемлекет тарихының бастауы
Психологияның дербес ретінде дамуы
ХҮІІ-ХУШ ғғ. батыс педагогикасының дамуы
Батыс өркениеті жалпы сипаттама
Пәндер