Жасушаның бөлінуі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Жасуша циклы
2. Жасушаның бөлінуі
3. Митоз
4. Митоздың негізгі жүру жолдары
5. Жасушаның молекулалық құрылымы
6. Дереккөздер

7.
Жасуша циклы
Жасушаның тіршілік циклі немесе Митоздық айналым деп жасушаның пайда болуы, құрылысының күрделенуі, атқаратын қызметіне икемделуі, бөлінуі немесе тіршілігін жою кезеңдері аралығындағы әрқилы құбылыстар жиынтығын айтамыз. Яғни, жасуша циклі дегеніміз жасушаның митоздық екі бөлінуі арасындағы байқалатын құбылыстар жиынтығы.
Ол 4 кезеңге бөлінеді:
1. пресинтетикалық
2. синтетикалық
3. постсинтетикалық
4. митоз
Пресинтетикалық кезеңде жаңадан пайда болған жас жасуша өсіп аналық жасушаның мөлшеріне жетеді. Ол үшін жасушада құрылыс материалының(көмірсу,май және белок) синтезделуі қажет.
Синтетикалық кезеңде ДНҚ молекуласы синтезделінеді де тұқым қуалаушылық материал 2п 4с күйінде кездеседі.
Постсинтетикалық кезеңде жасуша бөлінуге дайындалады. Ол үшін жасушада көмірсу, май және белоктар синтезделіп, олардың қоры көбее түседі, органеллалар саны да көбееді,себебі келесі кезеңде (митоз) олардың бәрі де екіге бөлінуі қажет.
Митоз - жасушаның бұрыс бөлінуі. Митоз дене жасушаларында байқалады. Митоз процессінде ядро күрделі өзгерістерге ұшырайды, жаңадан пайда болған жасушаларға тұқым қуалаушылық материалы тепе-тең бөлініп беріліп отырады. Бұл митоздың биологиялық маңызы болып табылады.

Жасушаның бөлінуі
Бүкіл тірі ағзалардың көбеюге бейімділігі ажыратылмас бейімділік болып саналады. Олардың бұл ортақ қасиеті жасушалық бөлінумен қамтамасыз етіледі.

Жасушаның жарық дүниеге келуінен келесі еншілес жасушалардың түзілуіне дейінгі тіршілігі жасушалық айналым деп аталады. Жасушалық айналым 2 кезеңге: бөлінуге даярлық - интерфаза және бөліну үдерісі - митоз (немесе өзге амалдарға) бөлінеді. Интерфаза немесе өсу фазасы жасушалық айналымның шамамен 80%-ын алады. Бұл цифр әр түрлі ағзаларға тиесі сан алуан жасуша типтерінде барынша өзгерісте болады. Интерфаза кезінде жасушалар өсіп, энергия АТФ және жұғымды заттар түрінде жинақталады, органоидтар саны артады. Пісіп жетілген, бөлінуге даяр жасушаның әдетте ядросы ірі болады.
Көптеген жасуша типтерінде бөлінуге даярлық сигналы ядро көлеміне цитоплазма көлемінің қатысы қызмет етеді. Онсыз келесі бөлінудің мүмкіндігі болмайтын маңызды оқиға - еселену (репликация). Егер еселену болмаса, еншілес жасушаларға хромосома жетпей қалады да, қырғынға ұшырайды. Еселену үдерісі шамамен интерфазаның ортасында өтеді. Интерфазаның соңында және бөліне бастаған кезде жасушада хромосомалар болады, олардың әрқайсысында екі-екіден ДНҚ молекулалары орналасады. Бұл молекулалар бірінің-бірі көшірмесі болып есептеледі. Бұл молекулалар кермелену орнында (центромер) қосылып, оны ортақ нәруыз қабықшасы қаптайды. ДНҚ-ның мұндай еселенген молекулалар типі хроматидтер деп аталады. Жасуша бөліне бастаған кезде хромосоманың әрқайсысы екі жартыдан - екі хроматидтен тұрады.

Митоз
Митоздық цикл -- жасушалардың эмбриондық дамуын, өсуін, түзілуін және жас жасушалар арасында тұқым қуалау ақпараттарының көлемі мен құрамы жағынан тең берілуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар зақымданған мүшелер мен ұлпалардың қайта қалпына келуі сияқты тіршілік үшін маңызды құбылыстарды да қамтамасыз етеді. Мұны митоздық циклде -- аналық жасушадағы тұқым қуалау материалының редупликациясы (екі еселенуі) мен осы материалдың жаңа ұрпақ жасушаларының арасында тең бөлінуінен көруімізге болады. Мұнда терең биологиялық мағына жатыр, өйткені ДНҚ құрылымының бұзылуы генетикалық кодтың өзгеруіне әкеледі және ол ағза үшін пайдалы белгілердің дамуын қамтамасыз ететін генетикалық ақпараттардың сақталуы мен тұқым қуалау белгілерінің берілуіне кедергі келтірген болар еді. Әрбір ағза жасушалардан тұрады. Организмнің тіршілік етуі мен дамуы жасушалардың көбеюін қамтамасыз етеді. Жасушаның бөлінуі деп бір аналық жасушадан екі немесе бірнеше жасушалардың түзілу процесін айтады.
Митоздың негізгі жүру жолдары
Көбеюдің негізі ДНҚ-да жазылған генетикалық ақпаратты сақтау және тасымалдау болғандықтан, митоздың ең басты сипаты -- ДНҚ-ның орналасатын жері хромосомалардың күйіне байланысты.
Митоздық беліну кезінде бір диплоидті жасушадан (2п) генетикалық материалы теңдей бөлінген екі диплоидті жасуша түзіледі. Митоз төрт фазадан тұрады:
1. Профаза.
2. Метафаза.
3. Анафаза.
4. Телофаза.
Профаза (prophasis, гр. pro, protos -- бірінші, phasis -- фаза) -- митоз бен мейоздың бірінші фазасы. Жасушаның митоздық бөлінуі кезінде профазада жасуша ядросындағы хромосомалар ширатылып көрінеді және центросомадан мигоз ұршығы қалыптасады. Мейоз профазасы -- біріншілік сперматоцштер мен овоциттердің бірінші бөлінуінің бастапқы сатысы. Мейоз профазасы кезінде жыныс жасушаларындағы гомологиялық хромосомаларда күрделі өзгерістер болып, олар бір-бірімен жақындасып гендерімен алмасады. Профаза бес сатыдан: лептотен, зиготен, пахитен, диплотен, диакинез сатыларынан өтеді.
Метафаза (грек. meta - аралық, кейін және фаза) - жасуша және оның ядросының бөлінуінің екінші фазасы.
Митоз процесінде көптеген организмдердің жасушалары ядросының бөлінуі кезеңінде хромосомалар және ядро мембранасы жойылады және ұршық жіпшелеріне центромералары арқылы қосылған хромосомалар цитоплазмада қалады. Бұл фазада (стадияда) хромосомалар жасушаның бөліну ұршығының екі полюсы арасында орналасқан жазықтыққа жиналады. Түзілген метафазалық негізгі пластинка метафазаның ерекшелігі болып табылады. Бірінен соң бірі жүретін гаметаның түзілуі кезінде екі мейоздық бөлінудің (мейоз І және мейоз ІІ) әрқайсысының Метафаза стадияларын бөлуге болады.
Анафаза (anaphasis; гр. апа -- кері, тең; гр. phasis - фаза, кезең) -- жасушалардың митозды және мейозды бөлінуі кезінде жұп хромосомалардың жасушаның қарама-қарсы полюстеріне қарай ахроматин үршығы жіпшелерінің көмегімен тең екіге бөлініп ажырау кезеңі; хромосом жұрнақтары жасушаның қарама-қарсы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасушаның көбеюі
Митоздық циклдың анықтамасы және оның фазалары
Жасушаның алуан түрлілігі
Өзгеше митоз және оның себептері
Митоз кезеңдері
Мейоздың фазалары
Жaсушaлық биoлoгияның өзектi мәселерiн биoлoгия сaбaқтaрындa тaлқылaу және кеңiнен меңгерiп, бoлaшaқ ұрпaққa тұрa жoл көрсету
АҒЗАЛАРДЫҢ КӨБЕЮІ ЖӘНЕ ДАМУЫ
Жасушалар теориясы
Жасуша биологиясы
Пәндер