Медициналық білім берудің қазіргі жағдайы және даму болашағы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Медициналық білім берудің қазіргі жағдайы және даму болашағы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Елімізде 60 мың дәрігер және 120 мыңнан астам орта буын медицина қызметкерлері жұмыс істейді екен.[1] Жыл санап мемлекеттік медициналық мекемелердегі дәрігерлер саны бірнеше мыңға өсіп отыр. Сонда да әлі күнге дейін маман тапшылығы байқалады. Медициналық білім беру саласы әрқашан қоғамда ерекше көңіл аударатын, маңызды әрі өте жауапты сала болып қала бермек. Қазақстан медицинасы жайлы сөз қозғағанда медициналық жоғары оқу орындары туралы сөз қозғамау мүмкін емес. Медицинаның дамуы, алға жылжуы - медициналық білімнің ілгері дамуымен тікелей байланысты. Медициналық университеттер тарихы -- еліміздің тарихының, Қазақстанның денсаулық сақтау саласының қалыптасу жолының айнасы болмақ. Ендеше сол айнаға біраз көз жүгіртсек...
Өткен ғасырдың 20-30 жылдары қазақтардың орташа өмір сүру ұзақтығы бар-жоғы 33-35 жас болған.[1] Халық арасында түрлі жұқпалы аурулар өршіп, медициналық көмекке зәру еді. Дәрігер мамандардың аздығынан, тіптен жоқтығынан сол кезде халыққа медициналық көмекті ресейлік дәрігерлер көрсететін. Бүкіл Қазақстанда 20-30 жылдары 737 дәрігер, 600-ден астам медбикелер болды. (Салыстырмалы түрде: қазір 50 мыңнан астам дәрігерлер мен 110 мың медбикелер бар). Дәрігер мамандарды оқыту ең маңызды мәселе еді. Сондықтан 1930 жылы 10 шілдеде Ұлттық Комисарлар Кеңесінің қаулысымен Қазақстанда алғашқы Қазақ мемлекеттік медициналық институтын ашу туралы шешім қабылданды. 1930 жылдың 30 қараша күні Денсалық сақтау халкомының №260 бұйрығымен Санжар Жапарұлы Асфендияров медициналық институттың ректоры болып тағайындалды. Сеть, структура и контингент приема в высшие учебные заведения органов, находящихся в ведении на 19301931 год деген құжатта еліміздегі сол уақыттағы жоғарғы оқу орындары туралы деректер ішінде медициналық институт туралы мынадай жазба кездеседі: ...Алма-Ата. Медицинский институт. Факультет лечебный. Прием: зима 19301931 года - 100 человек. Осы жазбаға сүйенсек 1930 жылдың желтоқсанында жұмысын бастаған Алматы медициналық институт алғашқы 100 студентті қабылдайды.[1]
Санжар Асфендияров өз қызметіне 1930 жылы 2-желтоқсанда кіріскен. Сол себептен қазіргі уақытта 2-желтоқсан күні -- С.Асфендияров атындығы Қазақ Ұлттық Медициналық университеттің туған күні ретінде аталып өтеді.
Санжар Асфендияровтың қазақ ғылымына, оның ішінде медицина біліміне салған үлесі ерекше. Қазақ АКСР-і Денсаулық сақтау халкомы, Алматы медицина институтының ұйымдастырушысы және тұңғыш ректоры (1931 - 33) қызметтерін атқара отырып, Аспандияров осы институтта жалпы химия, биология, физика пәндерімен бірге анатомия, қалыпты физиология, ішкі аурулар, гистология, микробиология, фармакология, биологиялық-химия, гигиена бөлімдерін және хирургия кафедралар ашты. Санжар Аспандияров жұқпалы аурулармен күреске, аурулар мен індеттердің алдын алу шараларына, халыққа ақысыз дәрігерлік көмек көрсету жұмыстарын жолға қоюға көп еңбек сіңірді. Халық арасында жиі кездесетін туберкулез, шешек, оба, сүзек, тері ауруларына қарсы медицина көмек ісін ұйымдастырды.[1]
Орта дәрежелі оқу орындарында, қысқа мерзімді арнаулы курстарда әртүрлі буындағы медицина мамандарын көптеп даярлауға күш салды. Қазақстанда медициналық білім беретін оқу орынын ашылуын ұйымдастырған, осы бағытта талай күш салған Санжар Асфендияров. 1989 жылдан бастап Қазақ Ұлттық университетіне Санжар Асфендияровтың аты беріледі.Қазір бұл білім ордасы қазақ медицина білімінің қарашаңырағы саналады.[2]
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан -- 2030 стратегиялық жолдауында, 1999 жылдың маусымында қабылданған Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңында, 2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған Білім мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей қоғамның экономикалық және әлеуметтік жағынан ілгерілеуінің маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыруға дағды алу, ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарды көздейді. Ол Қазақстан Республикасы жариялаған білім беру басымдығына, жалпыға білім беру моделін әр адамға таңдау бойынша білім беру моделіне көшуге негізделген.[3]

Негізгі бөлім
Қазіргі кезеңде Республикасызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Мемлекеттік білім стандарт деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді
20 ғасыр ортасында атақты ғалым В.М.Глушков: Электр есептеуіш машиналары(ЭЕМ) желілері мен оларға терминал арқылы байланысу жүйелерінің дамуы келесі ғасыр басында техникалық жағынан жетілген елдерде информацияның басым бөлігі, бірінші кезекте, ғылыми-техникалық, экономикалық, саяси-әлеуметтік мәліметтер қағазсыз күйде - "ЭЕМ жадында саақталады. Соның салдарынан 21 ғасыр басында осындай информацияны пайдалана алмайтын адам 20 ғасыр басындағы оқи да жаза да алмайтын жанға ұқсас болады...", -- деген болатын.[4]
Осы тұжырымдаманы әзірлеу Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беруді одан әрі дамытуды пайымдауды (бұдан әрі -- медициналық білім) айқындау, негізгі қағидаттары мен бағыттарын белгілеудің қажеттілігінен туындаған. ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі №317 қаулысымен бекітілгенҚазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасын іске асыру нәтижесінде нақты нәтижелерге қол жеткізілді.
Ерекшелігін есепке ала отырып, медициналық және фармацевтикалық білім берудің нормативтік базасын жетілдіру жөнінде шаралар қабылданды. Медициналық білім беру ұйымдарына азаматтарды іріктеу және қабылдаудың жаңа әдістерін енгізу медициналық білім беру ұйымына оқуға алу үшін ең аз шектік баллды көтеру арқылы ішінара жүзеге асырылды. Медициналық білім беру ұйымдарын қаржыландыру жүйесін жетілдіру және материалдық-техникалық базасын нығайту жөнінде шаралар қабылданды. Бір білім алушыны даярлауға жұмсалатын шығыстарды жоспарлау қағидасы әзірленді және бекітілді. 2005 жылдан бастап 2010 жыл аралығында медициналық мамандықтар бойынша оқудың құны 1,95 есе өсті. Барлық Мемлекеттік медициналық Жоғарғы оқу орындары (ЖОО-лары) жанында қазіргі заманғы оқу-клиникалық және зертханалық жабдықтармен жарақтандырылған оқу-клиникалық орталықтар құрылды. Екі мемлекеттік медициналық ЖОО-ның жеке клиникалары нығайтылды.[4]
Медициналық білімді басқаруды жетілдіру, сапа менеджменті жүйесін енгізу бойынша бірқатар шаралар өткізілді. Барлық мемлекеттік медициналық ЖОО-лар ИСО 9001:2008 Халықаралық стандартына сәйкестігі бойынша сертификат алды. Медициналық ЖОО-ларды ұйымдастыру-құқықтық нысаны өзгерді (6 ұйымның -- 4-уі шаруашылықты жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын, 1 - республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, 1 -- акционерлік қоғам). Медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарында медициналық білім мен ғылыми-зерттеу жұмысына инновациялық технологияларды енгізуді үйлестіру үшін ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту институты Республикалық мемлекеттік Кеңес(РМК) жанынан Медициналық білімі мен ғылым инновациялық технологияларының республикалық орталығы құрылды.[5]
Еліміздің барлық медициналық білім беру ұйымдарында денсаулық сақтау мамандарын даярлаудың халықаралық стандарттарына негізделген орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білім берудің жаңа бағдарламалары енгізілді. Денсаулық сақтау саласының мамандарын даярлау құрылымының өзгерту жоғары білімнің 3 деңгейлі жүйесінің Еуропалық принциптерімен медициналық білім беру жүйесінің үйлесімділігіне бағытталған болатын. Базалық және бейіндеуші пәндердің міндетті компоненттерінен басқа студенттердің қызығушылығына қарай пәндерді таңдау мүмкіндігі және жеке білім беру бағдарламасын қалыптастыру қарастырылды. Студенттердің науқастармен ерте байланыс жасау практикасы енгізілді. Жаңа пәндер енгізілді (коммуникативтік машықтар, дәлелді медицина негіздері және т.б.)[6]
Шетелдің үздік медицина мектептерінде және ел ішінде медициналық білім беру саласының халықаралық озық мамандарды тарта отырып, профессор-оқытушылар құрамын білім берудің жаңа технологияларына қайта оқыту бойынша жұмыстар жүргізілді.
Медициналық білім берудің дүниежүзілік федерациясының (МБДФ) медициналық білім беру сапасын жақсартудың халықаралық стандарттарына негізделген медициналық білім беру ұйымдарын институционалдық аккредиттеу ұлттық стандарттары әзірленді және бекітілді. Инвестициялық жоба шеңберінде (2008 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасы және Халықаралық Қайта құру және Даму банкінің арасында қарыз туралы келісім): Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторында технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу Дүниежүзілік Денсаулық Ұйымы(ДДҰ)Еуробюроның қолдау көрсетуімен медициналық білім беру ұйымдарын аккредиттеу бойынша 16 ұлттық сарапшыны даярлады. Халықаралық сарапшыларды тарта отырып мемлекеттік 4 медициналық ЖОО аккредиттеуден өтті.[6]

Cурет 1.10 000 адамға шаққандағы дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің саны
Сонымен қатар, медициналық білімнің көптеген мәселелер шешімін таппай отыр. Мысалы, 4 медициналық ЖОО-да университеттің жеке клиникасының болмауына байланысты болашақ дәрігерлерді науқастың төсегінің жанында толыққанды даярлау мәселесі әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ. Медициналық білім беру ұйымдардың материалдық-техникалық базасы әлемдік стандартқа сай емес. Оқытылған оқытушылар санының жеткіліксіздігіне байланысты оқу үдерісіне оқытудың интерактив әдістерін енгізу белсенді жүргізілмей жатқан байқалады.[7]. Пациенттің қауіпсіздік қағидатары және қауіп-қатерді басқаруды оқытуда өз көрінісін табуы керек. Медициналық білім беру ұйымдары оқытушыларының әлеуетін одан әрі арттыру өзекті мәселелердің бірі.
Медициналық ЖОО-ның талапкерлеріне арнайы талаптар қоюдың маңызы зор. Елімізде медициналық ЖОО-лар мен колледждердің түлектерінен тәуелсіз емтихан алу тәжірибесі де іске асырылмаған.
Әлемнің озық медициналық мектептерінің қызметін талдау 3 негізгі факторды анықтайды, олардың үйлесімі оның жетістігін қамтамасыз етті: тиісті ресурстардың болуы, талант концентрациясы (оқытушыларда, сонымен қатар студенттерде), тиімді басқару[7]
Білім беру ұйымдарының автономдылығын және басқарудың ашықтығын арттыру мақсатында басқарудың корпоративтік формасының қағидатын енгізумен медициналық басқару мен қаржыландырудың жаңа қағидатын енгізу жөнінде шаралар қабылданатын болады. Жаңа құрылым стратегиялық пайымдауды дамытуға,бюрократтық кедергілерсіз шешім қабылдауға және ресурстарды басқаруға мүмкіндік беретін инновацияларға және икемділі болуға көмек көрсетеді.
Канада мен Америка Құрама Штаттарының барлық медициналық мектептерінде медициналық білім беру орталықтары бар. Бұл орталықтар медициналық мектепте ғылыми зерттеулер жүргізуге, медициналық білімнің барлық саласында дамуға, оқытушылардың кәсіби тұрғыдан дамуына, қарым-қатынас машықтарына, бағалау мен талдауға, медициналық информатика мен медициналық білім беру зерттеулеріне баса көңіл бөлуде қолдау көрсетеді..
Медициналық және фармацевтикалық білімді одан әрі дамыту үшін денсаулық сақтау саласында ғылым, білім және практикалық қызметті күшейту жөнінде шаралар қабылданатын болады. Ғылыми жобаларды, республикалық және салалық ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру үшін медициналық ЖОО-лардың белсенділігін арттыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарына студенттерді тарту үшін жағдай жасау қажет. Медициналық білім беру саласында зерттеулерді одан әрі дамыту және академиялық салада шешімдер қабылдау кезінде ең үздік дәлелдемелердің қағидаттарын енгізу жоспарлануда.
Алдыңғы қатарлы елдердің сапаны басқару және пациенттердің қауіпсіздігі бойынша тәжірибесі ірі клиникаларды, ең жаңа виртуальдық роботтармен - тренажерлермен жабдықталған симуляциялық орталықтарды құрудың қажеттілігін көрсетіп отыр. Осыған байланысты, практикадан өтетін дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің машықтарын пысықтау үшін ірі көп бейінді клиникалардың базасында 16 өңірлік симуляциялық орталық құру және оларды қазіргі заманғы муляждармен, фантомдармен кезең-кезеңімен жарақтандыру қарастырылуда. Медицина қызметкерлері өзінің барлық әрекетін автоматизмге дейін пысықтау мүмкіндігіне ие болады және бұл сапаны басқаруға, дәрігерлік қателіктерді азайтуға мүмкіндік береді.
Практикалық денсаулық сақтау мамандарының кәсіби деңгейін арттыру үшін денсаулық сақтау саласының кадрларын үздіксіз кәсіптік дамытудыбілім (ҮКД) енгізу, білім беру ұйымдарының желісін жетілдіру, ҮКД саласындағы медициналық факультеттер мен ғылыми ұйымдардың бірлескен қызметін үйлестіру жалғасатын болады. ҮКД қызметкерлері үшін жұмыс берушілердің рөлін және жауаптылығын, оның ішінде жұмыс орындарында Ғаламторды еркін пайдалануды қамтамасыз ету есебінен күшейту жоспарланып отыр.
Медициналық ЖОО-лардың, колледждердің түлектерінің білімдері мен машықтарын бағалау институтын енгізу жоспарлануда. Осындай білімді тәуелсіз бағалау тетігін құру түлектердің және оны даярлаған ЖОО-ның білім беру сапасына жауаптылығын арттыруы тиіс.[8]
Қазақстан Республикасындағы медициналық және фармацевтикалық білім жағдайын талдай келе, тұтастай алғанда мынадай мықты тұстары деп атауға болады:
-- медициналық ерешелікті есепке ала отырып, медициналық білім беру нормативтік құқықтық базасын құру
-- медициналық ЖОО-лары жанында оқу-клиникалық орталықтар құру
-- дамыған елдердің тәжірибесін есепке ала отырып, 2006 жылы медициналық және фармацевтикалық білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын іске асыру
-- білім берудің үшсатылы жүйесіне өтуді жүзеге асыру
-- инновациялық білім беру технологияларын енгізу
-- медициналық білім берудің Дүниежүзілік Федерациясының халықаралық стандарттарының негізінде аккредиттеу ұлттық стандарттарының болуы
-- Әрбір медициналық ЖОО-да шетелдің үздік медициналық мектептерінде оқудан өткен белгілі бір оқытушылар әлеуеті бар.
Осал тұстары:
-- медициналық білім беруді жеткіліксіз қаржыландыру;
-- медициналық білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының толық көлемде қазіргі заманғы талаптарына сәйкессіздігі;
-- медициналық білім беру ұйымдарының көпшілігінде университеттік жеке клиникалардың болмауы;
-- білім беру ұйымдары менеджментінің тиімсіздігі;
-- оқытушылар әлеуетінің білім беру және медициналық технология саласында деңгейінің жеткіліксіздігі;
-- медициналық білім беруге арналған мамандандырылған аккредиттеудің ұлттық стандарттарының болмауы;
-- медициналық білім беруге арналған мамандандырылған аккредиттеу ұлттық стандарттарының болмауы;
-- медициналық білім беру ұйымдарына азаматтарды іріктеу және қабылдау критерийлерінің жетілдірілмеуі;
-- барлық медициналық білім беру деңгейінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізудің жеткіліксіздігі, оның ішінде e-learning,
-- медициналық білім, ғылым және практика интеграциясының жеткіліксіздігі,
-- практикалық денсаулық сақтау саласының жоғары білікті мамандарын білім беру үдерісіне тарту белсенділігінің төмендігі,
-- академиялық салада ең үздік дәлелдеу принциптерін енгізудің жеткіліксіздігі.[9]
Медициналық және фармацевтикалық білім беруді дамытудың негізгі қағидаттары:
* Сапа.
* Құзыреттілік тәсіл.
* Ғылыммен және практикамен ықпалдасу.
* Икемділік.
* Бәсекеге қабілеттілік.
* Әлеуметтік жауапкершілік болуы тиіс.[10]
Медициналық білім беру ұйымдарының түлектерін даярлау сапасының критерийі кәсіби құзыреттілік болып табылады. Білім беруде құзыреттілік тәсіл негізгі құзыретіне негізделген студенттер мен оқытушыларға арналған білім беру бағдарламаларының болуын көздейді. Медициналық ЖОО-ларда ғылыми қызметті дамыту арқылы ғылым мен практиканы ықпалдастыру қағидаты, білім беру қызметіне денсаулық сақтау саласының жоғары білікті мамандарын тарту түлектің сапалы дайындығына және еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Таңдау компонентін көбейту арқылы білім беру бағдарламаларын икемді ету көпшіліктің сұранысына бағдар жасауды қамтамасыз етеді, ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің басымдықтары ғылым мен техниканың жетістіктеріне дер кезінде жауап беруге мүмкіндік береді.[9]. Түлектің бәсекеге қабілеттілігі тек кәсіби ғана емес, ортаға бейімделуі тұрғысынан сол түлектің басымдықтарын қамтамасыз ететін жеке мінездемесінің жиынтығы болып табылады. Әлеуметтік жауапкершілік қағидатына бірнеше бағыттар кіреді, оның ішінде қоғамда болашақтағы қажеттілікке жауапкершіліктің артуы және басқа да мүдделілік танытқан тараптармен ынтымақтастықты нығайту, үздіксіз кәсіби дамуға қолдау көрсету, білім беруде, зерттеу қызметіне және медициналық қызмет көрсетуде және т.б., сапаны қамтамасыз ету.[10]

Сурет 2. ҚР аймақтары бойынша орта медициналық қызметкерлер саны 2015 жылғы көрсеткіш бойынша
Қазақстан Республикасындағы медициналық білім беру дамыту үшін алдағы уақытқа бірнеше мақсат пен міндеттер қойылды:
1-мақсат. Медициналық және фармацевтикалық білім беруді басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру
Міндеттер:
1. Қазақстан Республикасында медициналық және фармацевтикалық білім беруді басқару жүйесін жетілдіру.
2. Корпоративтік басқару қағидаттарын енгізуді қоса алғанда, медициналық білім беру ұйымдарында менеджмент жүйесін жетілдіру.
3. Медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарының менеджмент жүйесіне ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану.
4. Білім берудің барлық деңгейлерін қаржыландыру тетігін жетілдіру және медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту.
2-мақсат. Білім беру бағдарламаларын жаңарту және жетілдіру
Міндеттер:
1. Медициналық білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті жаңа стандарттарын әзірлеу.
2. Білім, ғылым және практикалық денсаулық сақтаудың ықпалдасуын қамтамасыз ету.
3. Медициналық білім беруде әдістемелік тәсілдерді жетілдіру.
4. Үздіксіз медициналық білім беру принциптерін одан әрі іске асыру.
5. Медициналық білім саласында зерттеулерді дамыту.
3-мақсат. Медициналық білім беру ұйымдары оқытушыларының әлеуетін арттыру
Міндеттер:
1.Медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарыоқытушыларының әлеуетін арттыру жүйесін енгізу;
2.Медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарыоқытушыларының еңбегін ынталандыруды жетілдіру. [11]
Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасын іске асыру жөніндегііс-шаралар жоспарын төмендегі кестеден көре аламыз.
Кесте 1. Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін
реформалау тұжырымдамасын іске асыру жөніндегііс-шаралар жоспарынан келтірулер

Қазақстан Республикасының медициналық білім беруді дамытудың реформасының негіздері:
Күшті жақтары:
нормативтік құқықтық база қалыптастырылды медициналық білім беру медициналық ерекшелік ескеріле отырып, жақсарды материалдық-техникалық жарақтандыруға медициналық білім беру ұйымдарының оқу-клиникалық орталықтар құрылды, жабдықталған қазіргі заманғы заманауы симуляциялық, зертханалық және медициналық жабдықтармен, іске асырылуда, жаңа МЖБС-әлемдік тәжірибені ескере отырып, инновациялық білім технологиялары енгізілуде, шекараны өту үшсатылы жүйесіне Болон процесінің енгізілуде, кредиттік технология, әзірленген ұлттық стандарттар негізінде аккредиттеу стандарттарын ДМБФ, 4 жоғары оқу орнының институционалдық аккредиттеуден өтті.
Әлсіз жақтары:
-- жеткіліксіз қаржыландыру, білім беру үдерісінің басым бөлігі материалдық активтер медициналық білім беру ұйымдарының моральдық ескірген;
-- тиімсіз менеджмент білім беру ұйымдарының болмауы дайындалған менеджерлер медициналық білім беру;
-- жеткіліксіз басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізу медициналық білім беру ұйымдарында, жеткіліксіз деңгейі бар ПОҚ білімі мен дағдылары, менеджмент саласында білім беру мен ғылыми зерттеулер енжарлық, ПОҚ-тың жәрдемдесуі жылжыту жаңа моделінің медициналық кадрларды даярлау, болмауы аккредиттеу стандарттарын колледж болмауы аккредиттеу стандарттарын (мамандандырылған) медициналық білім беру, жетілдірілмеген жүйесі қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің сараланған ПОҚ, жеткіліксіз білім деңгейі ПОҚ саласындағы қазіргі заманғы тәсілдерді медициналық көмек көрсету -- стандарттау, дәлелді медицина, медициналық технологияларды бағалау, сапасы және қауіпсіздік, медициналық көмек көрсету.
Қауіп-қатерлер:
-- экспоненциалдық өсуі медициналық ақпаратты (жаңарту 1 рет, 3-5 жыл);
-- құрылымын өзгерту аурулардың әкеледі отставанию жоо-да оқыту процесінің шынайы жағдайды практикалық денсаулық сақтауда;
-- қарт адамдардың үлесінің артуы;
-- құнының өсуі, медициналық көмек көрсету;
-- үлкен хабардар өздерінің емделушілер өз аурулары туралы;
-- жағдайында бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін (бұдан әрі -- БҰДЖ) еңбекке ақы төлеу клиникалық кафедраларының профессорлық-ОҚЫТУШЫЛАР тәуелді нақты салым қойылған мақсаттар мен индикаторлар.[11]
Медициналық және фармацевтикалық білім беру негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдерінің дамуы.
Негізгі принциптері даму медициналық және фармацевтикалық білім беру болуы тиіс:
* Қол жетімділігі
* Сапасы
* Бәсекеге қабілеттілік
* Интеграция ғылым және тәжірибе
* Адалдық және жоғары құзыреттілік басшылары
* Ашықтығы және жария есептілік.[12]
Кез келген саланың дамуы немесе құлдырауы кадрға байланысты. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, медициналық білім берудің жаңа моделін жүзеге асырғымыз келеді. Бұл модель студенттерді іріктеуге қатысты. Сондықтан, таңдау жасау керек, мектепте биология мен химия пәндерін тереңдетіп оқыған оқушыларды ма, әлде медициналық колледжерде оқыған дайын мамандарды қабылдаймыз ба?! -- деді бүгін Жетекші шетелдік университеттер мен медициналық ЖОО арасындағы стратегиялық серіктестіктің бірінші кезеңін қорытындылау туралы халықаралық конференция аясында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.[11]
Конференция барысында С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті және Дюк университеті (АҚШ), Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университеті және К. Марцинков атындағы Познан медициналық университеті (Польша), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы және Гдан медициналық университеті (Польша)және Ла Сапиенца университеттерінің (Италия) стратегиялық әріптестіктің 2016 жылға жұмысын қорытындылады.[12]
2017-2018 жылдарға арналған ЖОО-ның стратегиялық серіктестіктерінің мақсаттарымен міндеттері, сонымен қатар Қазақстандағы медициналық білімді реформалаудың негізгі кезеңдері талқыланды.

Сурет 3. Жағдайды модельдеу арқылы тәжірибелік оқыту циклі
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде оқу процесінің бағдары соңғы нәтижесінде бірінші кезекте сапалы-жаңа деңгейдегі медициналық білімді құруға ұмтылыспен медициналық білім үлгісі, кәсіпті бағдарланған құзыреттерді қалыптастыруда. С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде, білім беру процесінің соңғы нәтижеге деген бағдары, медициналық білім берудің сапалық - жаңа деңгейін құруға ұмтылады - кәсіби біліктілікті қалыптастыруға бағытталған, оқуға деген құзіреттілік медициналық білім беру моделі жасалуда. Білікті білім беруге деген алғашқы саты ҚазҰМУ түлектерінің кәсіби біліктілік үлгісін анықтау болып табылады, ол келесі компоненттерді қалыптастырудан тұрады: когнитивті компонент: -білім, операционалды компонент: -кәсіби ілімдер, құқықтық компонент: денсаулық қорғаушысы т.б. денсаулық сақтау саласындағы заңдар мен нормативті құжаттарды білу; үздіксіз білім алу, ӛзін-ӛзі жетілдіру мен ӛзіндік дамуға деген дайындық. ҚазҰМУ медициналық білім берудің үлгісін жетілдірудің келесі қадамы жеке пәндер мен оқу деңгейінің біліктілігін жүйелеу және оқу-әдістемелік бағдарламаларды құрастыру болып табылады.[11] Әрбір жеке пән бойынша дайындалған оқу-әдістемелік құралдарға бес негізгі біліктілік құрамы бӛлінеді, оларды студенттер арнайы пәндерді оқу барысында меңгерулері қажет. Курстан курсқа ауысқанда бес компоненттің арасында қатынастық ӛзгерістер мен қиындықтар басталады. Пәндер бойынша біліктілік пен оқу деңгейін бӛлу, мамандықтың білім беру траекториясын қалыптастыруға комектеседі. Оқу- әдістемелік бағдарламалар білім алушыға курсты және оқу орнын бітіру кезінде жеке пән бойынша соңғы нәтижелерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл студенттің сауатты, кәсіби бағытта білім алудың соңғы нәтижелерін анықтауға қолдау болады. Оқу-әдістемелік бағдарламаларды енгізу, білім алушының кәсіби біліктілігін арттыруға, шығармашылық мүмкіндіктерін, жеке пікірлерін, жаңашылдығын, креативті ойлауын қалыптастыруға, мәдениетті іскерлік қатынастың ілімдерін меңгеруге және біртұтас ҚазҰМУ түлегінің МЖМБС-ның квалификациялық мінездемесіне сай үлгісін қалыптастыру. Оқу - әдістемелік құралдар кӛмегімен негізгі элективті пәндердің жүйесі және жеке мамандықтардың траекторлары қалыптасады[13]. Оқу-әдістемелік құралдардың пайда болуы медициналық білімнің білікті-бағдарлы үлгісіне негізделген және соңғы нәтижеге бағытталған еңбек нарығында бәсекеге қәбілетті оқу орнына келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін жоғары білікті маманды дайындау. Бұл жүйе еңбек нарығына мамандарды дайындауға және мамандықтар бойынша кәсіби бағдарламалардың үлесін арттыруға негізделген, сонымен қатар әлеуметтік серіктестер қатысуымен жасалған: Оқу орнының академиялық еркіндігін кеңейту; Студенттер мен оқушыларға жағдай жасау; Білім беру орындарының сапа механизмдерінің мүлтіксіз қадағалануы; Алдыңғы қатарлы әлемдік рейтінгке кіру (мысалы, Times Higer Education) оқу орны мен бағдарламаның халықаралық аккредитациясы арқылы; Оқу жүйесіндегі білімнің, ғылымның және тәжірибенің интеграциясы; ЮНЕСКО-ның Лиссабон конвенциясына және болон жүйесінің талаптарына сай мамандар даярлау. Отандық және шетел оқу орындарының білім беру бағдарламасына сараптама жасау арқылы, оған қоса ҚазҰМУ түлегінің кәсіби біліктілігі арқасында жасалған үлгі негізінде, оқу-әдістемелік бағдарламаның құрылымы ұсынылды. Ол келесі бӛлімнен тұрады: Түсіндірме қағаз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
2015-2020 жылдарға арналған «Нұрмирас» мектепке дейінгі ұйымының даму бағдарламасы
Білім берудің жаңа технологиялары
Инновациялық экономикадағы білімнің рөлі
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жасауға даярлау процесін талдау
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс
Салыстырмалы педагогиканың методологиялық принциптері
Балаларға әлеуметтік қолдау көрсету
Инклюзивті білім беруді регламеттейтін дамытуға бағытталған құқықтық құжат
Инклюзивті білім беру
Білім беруді ұйымдастыру
Пәндер