Рефлекторлык реттелу


Жоспар
- Кіріспе;
- Негізгі бөлім;
- Жүректің қызметі
- Рефлекторлык реттелу
- Гуморальдык реттелу
- Тамырдың гуморальдык реттелуі
- Қорытынды;
- Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе
Жүрек - көкірек қуысында орналасқан іші қуыс етті орган. Қалың ет пердесі оны оң жəне сол бөлімге бөледі. Көлденең пердемен жүрек жүрекше мен қарыншаға бөлінеді. Сонымен, жоғары сатыдағы омыртқалы жануарларда жүрек төрт камерадан: екі жүрекшеден жəне екі қарыншадан тұрады. Жүрекшелер мен қарыншалар жармалы қақпақшалары бар арнаулы тесік арқылы жалғасады. Бұл қақпақшалар тек қарынша бағытында ашылады. Қарыншалар жиырылған кезде олар жабылады да, қанның жүрекшелерге кері оралуына мүмкіндік бермейді. Жүректен кіші жəне үлкен шеңберлердің басталар жерінде (өкпе артериясы мен тесіктерінде) тек тамырлар бағытында ғана ашылатын жарты айшық қақпақшалар болады. Жүрек босаңсыған кезде бұл қақпақшалар жазылып, тесікті жабады да, қанның қарыншаға кері оралуына бөгет жасайды. Сонымен, қақпақшалар қанды жүрек арқылы тек бір бағытта - вена тамырларынан жүрекшелерге, олардан қарыншаларға, ал қарыншалардан артерияларға өткізеді.
Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады. Ішкі қабаты - эндокард, ортаңғысы - миокард, ал сыртқысы - эпикард деп аталады.
Эндокард - жүрек қабырғасының ішкі беткейін астарлап жатқан жұқа қабықша. Ол бірыңғай салалы ет ұлпасы мен серпімді талшықтардан түзілген.
Миокард - жүректің ет қабаты. Оның қалыңдығы жүрек камераларының атқаратын қызметіне байланысты. Қарыншалар қабырғасы жүрекшелер қабырғасынан, сол қарынша миокарды оң қарынша миокардынан қалыңдау. Ол жүрек камерасының атқаратын қызметіне байланысты. Жүрекшелер мен қарыншалар миокарды бір-бірімен жалғаспайды. Жүрекшелер қабырғасының ет талшықтары екі бағытта орналасады. Беткей қабаттың ет талшықтары екі жүрекшені қамти ораса, ішкі қабат талшықтары əр жүрекшені жекелеп орайды. Қарыншалар миокарды сыртқы, ортаңғы жəне ішкі қабаттардан түзіледі. Сыртқы (беткей) қабат талшықтары қарыншаны бойлай орналасады. Олар жүрекше мен қарынша аралық сіңірлі сақинадан басталып, төмен жайылып жүрек ұшына жетеді де, иіле келе миокардтың ішкі (терең) қабатына айналады. Ішкі қабат талшықтары жоғары көтеріліп, жүрекше мен қарынша аралық сіңірлі сақинаға бекиді. Аталған қабаттардың арасында қарынша еттерінің ортаңғы қабаты орналасады. Ол көлденең бағытта жайылып, сегіздік бейне жасай əр қарыншаны жеке орайды.
Жүректің қызметі
Жүректің негізгі қызметі организмдегі қанды қан тамырларына қуалап, кері сору. Ол бұл жұмысты еттерінің жиырылуы жəне босаңсуы арқылы атқарады. Жүрек еттерінің жиырылуын систола, ал босаңсуын диастола деп атайды. Жүрек еттері жиырылғанда қан жүрекшелерден қарыншаларға, қарыншалардан қан тамырларына айдалады жəне артерия мен вена жүйелерінде қысым айырмашылығы пайда болады. Бұл қанның тамырлармен жылжуын қамтамасыз етеді.
Жүрек еттерінің бір рет жиырылып, босаңсуын жəне жалпы тынымнан өтуін жүрек айналымы (циклі) дейді. Жүрек айналымы жүрекшелердің жиырылуымен басталады. Айта кетер жайт, оң жүрекше сол жүрекшеден 0, 01 сек, жүрекшелер қарыншалардан 0, 1 сек бұрын жиырылады. Жүрекшелер жиырылған кезде қуыс веналар мен өкпе венасының тесігі қысыла жабылып, қан жармалы қақпақшалар арқылы қарыншаларға өтеді. Бұл кезде қолқа мен өкпе артериясындағы қан қарыншаларға кері қайта алмайды, себебі бұл тамырлардағы қысымның жоғары болуынан жарты айшық қақпақшалар жабылып қалады.
Одан əрі жүрекшелер қабырғасының еттері босаңсып, қарыншалар жиырылады. Жүрекшелер босаңсысымен олардың қуысына веналардан қан құйыла бастайды. Ал қарынша еттерінің жиырылуының əсерінен олардың қуыстарындағы қысым тез көтеріліп, қос жəне үш жармалы қақпақшалар жазылады да, жүрекше мен қарыншаны қосатын тесік жабылады. Бұл кезде айшық қақпақшалар да жабық күйінде тұрады. Одан əрі жүрек еттерінің изометриялық жиырылуының (қысқармай ширығуы) арқасында қарыншалар қуысындағы қысым артериялардағы қысымнан артып кетеді. Осы кезде жарты айшық қақпақшалар ашылып, қарынша қабырғаларының еттері ауксотониялық жиырылуға көшеді (ет талшықтарының ұзындығы қысқарып, ширығады) де, қан артерияларға қуылады. Жүректің бір толық айналымында төрт кезең байқалады. Олардың екеуі систолалық, екеуі - диастолалық кезең.
Рефлекторлык реттелу
Сопақша ми, арқа ми нерв орталықтарымен қатар жүрек жұмысының реттелуіне бас миының басқа бөліктері де қатысады. Аралық мидың гипоталамикалық ядросын тітіркендіргенде жүректің қызметі күшейе бастайды, Сол сияқты үлкен жарты шар ми қыртысы мен мишықты тітіркендіргенде де жүректің қызметі өзгереді. Жүрек қызметінің рефлекторлық өзгеруі организмнің әр түрлі жерлерінде орналасқан рецепторларды тітіркендіргенде де байқалады. Әсіресе жүрек жұмысының реттелуінде ерекше маңызды роль атқаратын тамыр жүйесінің кейбір жерлерінде орналасқан рецепторлар. Ол рецепторлар тамырлар бойындағы қан қысымының өзгеруінен қозу жағдайына келіп отырады. Осы рецепторлардың шоғырланып орналасқан жерін тамырлардың рефлексогенді зонасы деп аталады. Әсіресе маңызды роль атқаратын ұйқы артериясының бұтақтанған жерінде орналасқан рефлексогенді зона. Бұл рефлексогенді зонаны тітіркендіргенде жүрек етінің тартылып жиырылуы рефлекторлы түрде баяулайды. Ол рецептор нерв клеткалар нерв талшықтарының ұшын прессорецепторлар деп аталады. Прессорецепторлардың табиғи тітіркендіргіштері сол рефлексогенді зонада орналасқан тамырлардағы қан қысымының жоғарлауынан қан тамыры қабырғасының керілуі. Қан қысымы жоғарлағанда прессорецепторында қозу импульсы пайда болады да афферентті импульс ретінде парасимпатикалық нервтің орталығындағы оның тонусын жоғарлатады, ол одан әрі жүректің жұмысын баяулатады. Сонымен бірге рефлексогенді зона оң жақ жүрекше аумағындағы орналасқан жоғарғы қуыс вена тамырында да бар. Рецепторлардың жүректің өзінде де (эндокардта, микардте, эпикардта) болатыны анықталған. Осындай рецепторлар рецептор клеткалары ішектің бойында да болады. Мысалы, бақаның ішектерін қозғағанда, оның жүрегі тоқтап қалуға дейін барған. Сол сияқты көз алмасын түбіне, қарай итеріп әсер бергенде, жүректің соуғы 10-20-ға дейін азайған.
Гуморальдык реттелу
Зат алмасу процессінің нәтижесінде түзілген әр түрлі биологиялық және химиялық активті заттар жүректің жұмысына гуморальды әсер береді кейбіреулері күшейтіледі, екінші біреулері баяулатады. Бұл тұрғыдан алғанда әсіресе маңызды роль аткаратын ішкі секреция бездерінің активті заттары - гормондар. Сондай активті заттардың бірі адреналин (бүйрек үсті безінің) симпатикалық нерв жүйесіндей әсер береді. Жүректің соғу ритмін күшейтеді. Қан тамырындағы кальций және калий иондарының белгілі бір концкентрациясы да жүректің қызметіне гуморальды әсер береді. Қан құрамындағы кальцийдың концентрациясы жоғарлағанда жүрек автоматиясы күшейеді, ал калийдің концентрациясы жоғарлағанда керісінше жүректің жұмысы баяулайды.
Қан тамырларының нервтік реттелуі. Қан тамырлар қызметі де парасимпатикалық және симпатикалық нервтер арқылы реттеледі. Симпатикалық нерв системасы қан тамырларының радиусын тарылтады, ол нервтің осындай әсерін тұңғыш рет тәжірибе жүзінде аныктаған А. Л. Вальтер болды. Вальтер 1842 жылы тәжірибені бақаға жүргізеді, ал одан кейін 1852 жылы К. Бернар қоянның құлағына зерттеу жүргізеді.
К. Бернар үй қоянының құлағына келетін симпатикалық нервті тітіркендіргенде сол тітіркендірілген жағындағы құлағының сұрғылттана бастағанын байқаған яғни симпатикалық нервті тітіркендіргеннен артерия және фтериолдың радиусы тарылып құлаққа келетін қанның ағысы баяулайды. Парасимпатикалық нервтердің бірнеше бұтақтарын тітіркендіру арқылы олардың қан тамырларының радиусын кеңейтетініне көз жеткізілген, Мысалы, жақ асты сілекей безіне, тілге келетін парасимпатикалық нервтерді тітіркендіргенде бұл аталған органдарға ағып келетін канның ағысы күшейіп, қан айналуы жақсарған.
Тамырдың гуморальдык реттелуі
Кейбір биологиялық және химиялық активті заттар қан тамырларын тарылтады, не кеңейтеді. Қан тамырының радиусын тарылатын заттарға бүйрек үсті безінің гормоны адреналин мен гипофиздің артқы бөлігінің активті заты вазопрессин жатады. Адреналин негізінен терінің, скелет бұлшық еттерінің, құрсақ бөлігіндегі мүшелердің, екпенің артерия және артериол қан тамырларын тарылтады. Ал вазопрессин көбінесе артериаолдар мен капиллярларға әсер етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz