Иіс сезу анализаторы: құрылымы, рецепторлары, жіктелуі және теориялық негіздері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  • Иіс сезу талдағыштары
  • Иіс сезу типтері
  • Иістердің жіктелуі
  1. Қорытынды
  2. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Иіс сезу механизмін тұсіндіретін теорияға сәйкес адекватты тітіркендіргіштер молекуласы иіс торшаларының хеморецепторлық мембранасымен әрекеттеседі, Иіс торшаларында арнаулы белоктардан құралып, тітркендіргіш, молекуласымен, атомымен немесе иондармен жылдам әрекеттесетін белсенді рецептивтік орталық немесе бөлім болады. Хеморецепторлар беткейі кілегей қабатымен қапталған.

Осы кілегей қабаты торшаның рецептивтік беткейінің тітіркендіргіш молекуласының әсерін қабылдау мүмкіндігін реттеп отырады. Иісті қабылдау теориясына сәйкес процесі екі түрлі әрекеттесудің нәтижесінде жүреді.

Негізгі бөлім

Осы кілегей қабаты торшаның рецептивтік беткейінің тітіркендіргіш молекуласының әсерін қабылдау мүмкіндігін реттеп отырады. Иісті қабылдау теориясына сәйкес процесі екі түрлі әрекеттесудің нәтижесінде жүреді. Бұл теорияға сәйкес рецептивтік бөлікте иісті заттар молекулаларымен бірнеше жерден әрекеттеседі.

Ол рецепторлық, сүйеніш және негіздік болып бөлінетін үш түрлі торшалардан құралады. Сүйеніш торшаларының апикальдық ұшы тармақтанып, айырланып жатады. Ал, негіздік торшалар еш уақытта эпителий қабатының бетіне шықпайды.

Иістік торшалар тікелей сезгіш торшалар қатарына жатады. Сүйеніш торшалары иіс сезу рецепторындағы зат алмасу процесін қамтамасыз етеді. Негіздік торшадан рецепторлық немесе сүйеніш торшалар өсіп отырады. Жоғарғы сатыдағы омыртқалы жануарлардың иіс аймағында түкшелі рецепторлық торшалар иісті қабылдауды қамтамасыз етеді.

Бастапқы хеморецепсия (химиялық заттар әсерін қабылдау) осы түкшелер мембранасында жүретін болу керек, себебі түкшелерді зақымдап бүлдіргенде хеморецепторлық қызмет бұзылған. Сонымен қатар иіске сезімтал торшалардың микротарамды түрі де болады. Олардың ұшында түкшелер болмайды, бірақ торшаның беткейлік өсіндісі қолдың саусақтары сияқты цитоплазмалық тарамдар түзеді.

Осы құрылымды микротарамдар деп атайды. Микротарамдар қысқа болып келеді (3-5мкн) және оларда фибрилярлық аппарат (талшық) болмайды. Аталған иіс рецепторлары, немесе иіс торшалары, қос өрісті торша болып табылады. Құрылықтағы омыртқалылар мен су омыртқалаларының иіс торшаларының ультра құрылымының бір-бірінен онша айырмашылығы жоқ. Құрлықтағы омыртқалыларда қосмекенділерден бастап сүтқоректілерге дейін, жоғарыда аталған рецепторлардың екі түрі де сақталған. Иіс сезу рецепторлары көптеген тгтіркендіргіштерді қабылдай алады, бірақ олардың бір затқа- орташа болады.

Иіс сезудің 30- дай механизмі бар екен. Солардың біреуін осыдан 2000 жыл бұрын римдік философ Гит Лукрецкий Кир ұсынған. Оның пайымдауынша әр иістің өзіндік формасы болады және адам мен жануардың иіс сезу мүшелерінде арнайы сезгіш ойықтар болады, әр иістің өзіне сәйкес ойығы болады деп есептеген.

Қазіргі ғылым да осы теорияға негізделеді, ол «кілттің құлыптың аузына сәйкес келу» принципі деп аталады. Иістер бірнеше топтарға бөлуге болады: камфоралы, эфирлі, гүл иісі, өткір, шіріген, жұпар иіс күйдіргіш, ащы т. б. Иіс молекулаларының белгілі бір пішіні бар деп есептеледі, мысалы: камфора иісі домалақ, мускус - дискі тәрізді, гүл иісі - құйрығы бар батпырауық тәрізді.

Жануарлардың сезетін иістері шектеулі, олар: қарсы жыныстың иісі, тамақ, ұрпағының иісі, үйге қайтар жолдың иісі, қауіп- қатер т. б. Иттер иісті 10 м жерден, альбатрос балық иісін 3 - км ден, ал акула теңіз суындағы бір тамшы қанды 4 км жерден сезеді. Маса жылықандылардың дене температурасы мен бөлген көмірқышқыл газын 3- км ден сезеді. Адамның иіс сезуі қандай да бір затпен немесе оқиға мен, эмоциялық күймен байланысты.

Түрлі ағзалардың иіс сезу аймағы әртүрлі, мысалы адамда - 4, 8 см2, итте - 64, 5 см2, акулада - 130 см2. Бұл жерде әртүрлі ағзалардың иісті сезіп қабылдауына тіршілік ортасы мен өмір сүруге бейімділіктері де әсер етеді. Мысалы, акуланың иісті қабылдауына судың тығыздығы кедергі келтіреді, ал иттерде иіс сезім тек қорек іздеу қызметін ғана атқарады.

Ал адамдар да ол ерекше денсаулықтарын сақтауда маңызды, кейде иіс сезім арқылы адам өмірін де қауіптен сақтап қалады.

Иістердің жіктелуі нақты зерттелмеген. Иісті заттардың химиялық құрылысы негізінде иістердің жктелу теориясы ұсынылған (Хенинг), Эймур -
негізгі жету иісті анықталы және Хейнинкс иістерді физикалық қасиетіне қарай жіктеді. Қазіргі уақытта иістердің екі теориясы бар - физикалық және химиялық.
Химиялық теория иістер негізінде молекулалар құрылысы жатыр деген пікірге келеді. Физикалық - иістердің себебі заттардың молекулаларының төменгі
жиіліктегі дірілдермен туындаған электромагниттік ауытқулардың пайда болуынан болатынын көрсетеді. Бұл теориялар бірін - бірі толықтырады.

Иіс сезу мүшелерінде қозу тудыратын заттың ең аз мөлшерін оның табалдырығы деп атайды.

Иіс қоспалары әртүрлі түйсініледі. Кейде бірнеше иіс қосылып, жаңа бір иіс түйсігін тудырады немесе әрбір иіс жеке қабылданып, тұтас сезім құрайды, не болмаса иіс түйсіктері кезектесіп алмасады.

Иіс түйсінуде кең таралған қағидаларының бірі стереохимиялық теория. Бұл теория бойынша, заттың иісі оның құрамындағы бөлшектердің мөлшері, пішіні және көлемімен айқындалады.

Бірнеше иістердің әсерінен оның қозған, тежелген жерлерінің кеңістіктік өрнегі өзгереді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иіс сезу талдағыштарының құрылымы, қызметі және иістердің жіктелуі
Иіс сезу жүйесінің анатомиясы, физиологиясы және молекулалық негіздері
Иіс сезу жүйесі: құрылымы, функциялары, рецепциясының механизмдері және клиникалық-экологиялық аспектілері
Қосмекенділердің жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің дамуы және иіс-сезу аппаратының құрылымы
Дәм сезу рецепциясының механизмі және иіс, дәм, көру анализаторларының өзара ықпалдастығы
Сезім мүшелерінің анатомиясы мен физиологиясы: сипап сезу, температуралық сезім, ауырсыну, иіс және дәм
Есту анализаторы: құлақтың құрылымы мен қызметі
Дәм мен иіс талдағыштарының физиологиясы: салыстырмалы талдау
Сезім анализаторларының құрылысы мен физиологиясы: көру, есту, иіс, дәм және тері
Дәм рецепциясының механизмдері және оның иіс пен көру талдағыштарымен өзара әрекеттесуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz