Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнатылуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
* Кеңес одағының құрылуы
* Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнатылуы
* Кеңес Одағының ыдырауы
* Қазақ елі идеясының қалыптасуы мен даму тарихы
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Кеңес үкіметі, немесе Кеңестер билігі - бұрынғы Ресей империясында (1917 жылдың 1 қыркүйегінен Ресей Республикасы) Уақытша үкімет қарулы күшпен құлатылған Қазан төңкерісінен кейін орнатылған билік жүйесінің атауы; кейде "Кеңес үкіметі" ұғымы Кеңес Одағындағы жалпы билік жүйесінің атауы ретінде де қолданылады. "Кеңес" (орыс тілінде Совет) сөзі алғаш рет төңкерісшіл жұмысшы табының сайланбалы жетекші органы - Жұмысшы депутаттары кеңесі түрінде 1905 - 07 жылғы бірінші орыс революциясы барысында пайда болған.
Қазақ елі идеясының өмірге келуі XIV-XV ғасырларға, яғни қазақ ұлтының дербес этникалық құрылым ретінде қалыптасу кезеңіне тұспа-тұс келеді. Оның өмірлік шынайы фактіге айналуы ұлттың территориялық және экономикалық тұтастығының, мәдени және тілдік ерекшеліктерінің қалыптасуына негіз болды. Сонымен бірге, Қазақ елі идеясының одан мезгілдік тұрғыдан көне және географиялық ауқымы тұрғысынан кең Түрік Елі идеясы арнасында өміршеңдік сипат алғанын ұмытуға болмайды.

Кеңес одағының құрылуы
1917 жылғы Ақпан революциясы кезінде солдаттар мен төңкерісшіл жұмысшы табының сайланбалы жетекші органы жер-жерде құрылған Жұмысшы және солдат депутаттарының кеңестеріболды. 1917 ж. 3 - 24 маусымда Санкт-Петербургте Жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің бірінші бүкілресейлік съезі өтті. Съезге бүкіл елдегі 305 Жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары кеңестерінен, олардың 53 аймақтық бірлестіктерінен, 34 әскери бөлімнен - барлығы 1090 делегат қатысты. Съезд революциялық демократия және мемлекеттік билік, 1-дүниежүзілік соғысқа көзқарас, Уақытша үкімет кезінде сайлауы басталған бүкіл елдегі халық сайлаған өкілдер - Құрылтайшылар жиналысына дайындық, Ресейдегі ұлт мәселесі, т.б. өзекті мәселелер туралы баяндамалар тыңдап, талқылады. 320 адамнан құралған Бүкілресей Орталық Атқару Комитетін (ВЦИК) сайлады. 1917 ж. 25 қазандағы (7 қараша) Қазан төңкерісін жүзеге асырған қарулы көтерілісті большевиктер Жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің екінші бүкілресейлік съезінің ашылуына орайластырды. Съезге елдегі 402 кеңестен 649 делегат қатысты. Большевик және солшыл эсер делегаттарының саны (550 адам) басым болған съезд 25 - 27 қазанда (7 - 9 қараша) жұмыс істеді. Съезд Уақытша үкіметтің құлатылуын мақұлдады, мемл. билікті өз қолына алғанын жариялады, жер-жердегі билік "Жұмысшылар, солдаттар және шаруалар кеңестеріне берілсін!" деген үндеу, "Бітім туралы"және "Жер туралы"декреттерқабылдады. Сондай-ақ, съезд БРОАК-тің (ВЦИК) жаңа құрамын 106 адамнан (оның 62-сі большевик) сайлап, елді басқару үшін Кеңес үкіметінің үкіметін - Владимир Ильич Ленин бастаған, құрамына тек большевиктер кірген Халық Комиссарлары Кеңесін (Жұмысшы-шаруа кеңестік үкіметін) құрды. Кеңестер билігі Ресейдің өнеркәсіпті қалаларында шапшаң орнады. Уақытша үкіметке адал күштердің қарсылығы басып-жаншылып, кадеттер партиясы заңнан тыс деп жарияланды, оппозициялық басылымдар жабылды. Алайда 1917 ж. 12 қарашада өткен Құрылтайшылар жиналысына сайлауда большевиктер 25% шамасында ғана дауыс алды. Өз талаптары өтпейтін болғандықтан большевиктерден құралған Халық Комиссарлары Кеңесі Санкт-Петербургте ашылған Құрылтайшылар жиналысын 1918 ж. 5 (18) қаңтарда қуып тарқатып жіберді. Халық Комиссарлары Кеңесі, сондай-ақ, олардың жергілікті органдары болып қалыптаса бастаған Жұмысшы, солдат және шаруа кеңестерінің атқарушы органдары (совдеп) бұрынғы Ресей империясы құрамында бодандықта болған ұлттардың империя тағы құлағаннан кейін құрған ұлттық мемл. бірлестіктеріне дұшпандықпен қарады. Мыс., олар 1917 ж. 12 (25) желтоқсанда Қазақстанда құрылған Алаш автономиясы мен оның үкіметі - "Алашорда" Ұлт кеңесін танудан бас тартты. Кеңестік биліктің Ташкенттегі өкілдері 1917 ж. 29 қарашада (12 желтоқсан) құрылған Түркістан автономиясының Қоқандағы Кеңесі мен Үкіметін 1918 ж. 19 - 22 ақпанда қарулы күшпен талқандады. Бұл оқиғалар елдің одан әрі екі жарылып, Азамат соғысының шиеленісе түсуіне апарып соқты.
1918 ж. наурызға қарай кеңестік билік бұрынғы Ресей империясы аумағының басым бөлігінде орнады. Банктер, кәсіпорындар мемлекет мүлкіне айналдырыла бастады. Германиямен уақытша бітім жасалды. Ресейдің 2-дүниежүзілік соғыстан шығуы, кеңестік биліктің нығаюы бұрынғы Антанта әскери одағы елдерінің наразылығын туғызып, оның соңы шет ел мемлекеттерінің ақ гвардияшыларға әскери және экон. көмек жасауына әкеп соқты. Кеңестік билікті сақтап қалу үшін большевиктер "әскери коммунизм" саясатына көшті, контрреволюцияға және саботажға қарсы күресетін төтенше комиссиялар (1917 - 22 ж.) құрды, бұқаралық Қызыл Армия ұйымдастырды. Кеңес өкіметінің уақытша төтенше органдары ретінде, Қазан төңкерісі кезеңіндегі әскери-рев. к-ттер тәжірибесін пайдалана отырып, революциялық комитеттер (ревкомдар, 1918 - 20 ж.), сот органдары болып табылатын әскери трибуналдар (1917 - 22 ж.) құрды. Осындай шаралар арқылы Кеңес үкіметі Азамат соғысында жеңіске жетті. Елде жеке-дара партиялық диктатура орнату бағдары айқындала бастады. 3-Бүкілресейлік кеңестер съезінің (23 - 31 қаңтар, 1918) Ресейді Федеративті Республика (РКСФР) деп жариялауына байланысты, 1918 ж. 30 сәуірде Ташкентте РКСФР құрамындағы Түркістан автономиялық кеңестік социалистік республикасы (Түркістан АКСР-і, Түркреспублика), 1920 ж. 12 қазанда РКСФР құрамындағы Киргиз (Қазақ) автономиялық кеңестік социалистік республикасы (Қазақ АКСР-і, Кирреспублика) құрылды (1919 жылдан съезге дейін Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет - Қазревком жұмыс істеді). Кеңес үкіметінің Орта Азияда ұлттық-мемлекеттік межелеу жүргізуіне байланысты, 1924 ж. 27 қазанда Түркістан АКСР-і таратылып, қазақ облыстары Қазақ АКСР-іне қосылды. Ол 1936 ж. Қазақ КСР-іне айналды. Алайда орталық Кеңес үкіметі (қ. Кеңес Одағы) одақтас республикаларға дербес билік жүргізу мүмкіндігін берген жоқ. Ресейдегі мемлекттік биліктің сайланбалы органы 1918 - 36 ж. Жұмысшы, шаруа және қызыләскерлер депутаттарының Кеңестері болды. Қазіргі Қазақстан аумағы алғашқыда жекелеген Ресей губернияларының, 1920 - 36 ж. Қазақ АКСР-і ретінде Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасының құрамына қосылатын. Кеңес үкіметінің 1917 - 36 ж. жергілікті және орталық билік органдары - құрамы көп сатылы және ашық дауыс беретін сайлау жолымен қалыптасатын кеңестер съездері болды.

Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнатылуы
Кеңес үкіметі орнауының екі түрлі жолы болды:
Өнеркәсіп орталықтары мен темір жолға жақын, жұмысшылар басым оңтүстік және солтүстік аймақтарда - бейбіт жолмен.
Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда - қарулы күрес жолымен.
Перовск (Қызылорда) жұмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 жылғы 30 қазанда (29 қараша) өз қолына алды. Ол кезде бұл үлкен әскери гарнизон орналасқан ірі темір жол станциясы болатын. Бұл жерде Совет үкіметі бейбіт жолмен орнады.
Сырдария облысында Кеңес үкіметінің орнауы оның саяси - экономикалық және әкімшілік орталағы Ташкент қаласында 1917 жылғы 31 қазанда қарулы күреспен орнады. 1917 жылы қараша айының орта кезінде Кеңес үкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша - желтоқсан айларында Кеңес үкіметі Әулиеата, Түркістанда, Қазалы, Арал поселкесінде және облыстың басқа да ірі елді мекендерінде қан төгіссіз бейбіт жолмен орнады.
Кеңес үкіметін орнату үшін Ақмола даласы мен Ертіс бойында табан тірескен шайқастар жүргізілді. 1917 жылы 12 қарашада Уақытша революциялық комитет құрылды. Төрағасы И. Д. Дубинин болды, құрамына Ғ. Ыдырысов, Я. Побелянский, К. Сүтішов, К. Рыжков және т. б кірді. Дегенмен, Көкшетау, Павлодар, Атбасар, Семей, Өскемен өлкелерінде казак - орыс және офицер - старшина билеуші топтардың ықпалы басым болғандықтан Кеңес үкіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті.
Семейде үкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918 жылы ақпанның 16 - нан 17 - не қараған түнде көшті.
1917 жылғы желтоқсан - 1918 жылғы наурыз аралығында Кеңес үкіметі Торғай облысының орталығы Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Торғай облысында Кеңес үкіметінің орнауына А. Иманов, Қ. Қойдосов, В. Чеклиров, В. Зинченко және т. б күрескерлер елеулі үлес қосты.
1917 жылы қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық төңкеріс жасап, өкімет билігі казактардың Әскери үкіметі қолына көшті. Атаман Дутовтың казактар тобы, Алашорда үкіметі, меньшевиктер Кеңес үкіметіне қарсы бірікті. Дутовшыларға қарсы күрес жүргізіліп шұғыл әскери көмек көрсетілді. Нәтижесінде 1918 жылы 18 қаңтарда Орынборда қарулы күреспен Кеңес үкіметі орнады.
Оралда Кеңес үкіметі қиын жағдайда орнатылып, 1918 жылы 15 қаңтарда жеңіп шықты.
Жетісуда Кеңес үкіметін орнату жолындағы күрес, контрреволюциялық күштерінің басым болуына байланысты 1918 жылдың көктеміне дейін созылды. Мұнда революцияны қолдаушылардың қосқан үлесі елеулі болды.
Олардың арасында Т. Бокин, Т. Өтенов, Ж. Бабаев, А. Розыбакиев сияқты жергілікті халық өкілдері бар еді. Верный жұмысшылары Қызыл гвардия жасақтарын ұйымдастырды, әскери төңкеріс комитетін құрды.
Сөйтіп, наурыздың 2 - не 3 - не қараған түні Верныйда әскери - революциялық (төңкеріс) комитеті басқарған күштер қала еңбекшілерінің қолдауына сүйеніп әскри үкіметтің тірегі болған қамалды, қару - жарақ қоймаларын, почта - телеграфты т. б маңызды мекемелерді басып алды да, Верный қаласында Кеңес үкіметін орнатты.
Кеңес үкіметі наурыз айында Жаркентте, Сергиопольда (Аягөз), Талдықорғанда, көкектің бас кезінде Лепсіде орнады.
Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918 жылдың наурыз айына шейін Кеңес үкіметі Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті, яғни Кеңес үкіметі өлкеде түгел орнап бітті.

Кеңес Одағының ыдырауы
1936 жылғы КСРО Конституциясына сәйкес, кеңестер съезінің орнына халық тікелей сайлайтын Еңбекшілер депутаттары кеңестерінің біртұтас жүйесі белгіленді. Бұл өзгерістердің баршасы коммунистер қолымен жасалды, шын мәнінде мемл. билікті большевиктер партиясы жүргізді. Өкімет билігі кеңестер қолында деп есептелгенмен, олардың қызметін партия органдары басқарды. 1977 жылғы КСРО Конституциясы бойынша, Еңбекшілер депутаттары кеңестерінің жүйесі Халық депутаттары кеңестері болып өзгертілді. Кеңестерге депутаттар сайлау формальді сипат алды. Кеңес үкіметі бір партиялы тоталитарлық жүйенің көз алдайтын демократиялық фасады рөлін ғана атқарды. Бір партияның билігіндегі әкімшіл-әміршіл жүйемен сіңісіп кеткендіктен, Кеңес үкіметі терең дағдарысқа ұшырады. Жүргізілген реформалар (жаңа экон. саясатты аяғына жеткізбей тұжыру, жеделдетіп индустрияландыру мен күштеп ұжымдастыруды өткізу, тың және тыңайған жерлерді игеру науқанын жүргізу, қайта құру, т.б.) елді уақытша табыстарға жеткізгенімен, негізінен, экон. және әлеум. қайшылықтарды тереңдете түсті, ұлт мәселесінің шешімін тосқан түйінді тұстарын елеусіз қалдырды, 1977 ж. КСРО Конституциясы бойынша жетекшілік рөлін заңдастырып алған (6-баб) КОКП мемл. құрылымдарды толығымен билеп, Кеңес үкіметін алмастыруын ашық жүргізді, Кеңес үкіметі нің басқару жүйесі онан әрі тығырыққа тірелді. Кеңес үкіметінің дамыған елдерге қарағанда саяси және экон. жағынан көп артта қалып қоюы - басқару жүйесін жетілдіруді талап етті. Осы мақсатта 1986 ж. жариялылық, жеделдету, қайта құру саясатын жүргізе бастау - партиялық диктатура мен оған тығыз байлаулы кеңестік жүйені тоқырауға ұшыратты. 1991 ж. КСРО-ның ыдырауына байланысты, орталық Кеңес үкіметі құлады. Тәуелсіздік алған одақтас республикалардың бәрі өз елдеріндегі Кеңес үкіметінен бас тартып, өркениет талабына сай жаңа мемл. құрылымдар жасауға көшті.

Қазақ елі идеясының қалыптасуы мен даму тарихы
Түрік Елі идеясы мен Қазақ Елі идеяларының арасында өзара сабақтастық бар екендігін, ал бұл ұстанымдардың Ғұн, уйсін және қаңлы сияқты этникалық қауымдастықтардың қоғамдық өмірінен бастау алатындығын айтқан жөн. Сондай - ақ бұл ретте б.з.д. ІІ ғасырда мемлекеттік құрылымы бар ел ретінде танылған ғұн, үйсін және қаңлылардың түркі этносына тән екендігі, мәселен, көне қытай жылнамаларында түркілер мен үйсіндердің шығу тегіне байланысты аналық қасқыр туралы ортақ аңыз осы тұжырымға толық негіз бола алады. Соңғы мерзімге дейін тарихшы ғалымдар ғұн және үйсіндердің түркілік негізі жөнінде батыл да сенімді айта алмай келді. Оған себеп болған, біріншіден, отандық тарихнамада советтік идеологияның үстемдік құруы болса, екіншіден, көне түркілер дәуірінен біршама нақты мәліметтер беретін қытай жылнамаларының зерттеушілердің қолына түсе бермейтіндігі еді. Қазіргі уақытта, иншалла, дерек көздеріне қатшылық жойылды, сондай - ақ идеологиялық шектеуліктер де жоқ. Тарих ғылымында жүріп өткен міне осындай түбегейлі өзгерістерге сәйкес бүгін біз тарихымыздың түрлі кезеңдері арасындағы табиғи сабақтастықты қалпына келтіріп, оны бір тұтас процесс ретінде қарастыра аламыз. Академик О.С.Смағұловтың қазақтардың бүгінгі метистік типінің қалыптасуына 20 ғасырдай уақыт кеткен және оның бәрі қазақ халқының өз жері мен өз елінде ғана болған энтроантропологиялық үрдіс деген ғылыми тұжырымы бүгінде отан тарихы ғылымында орныққан ұстаным. Қытайдың археолог - ғалымдары (Ма Мәнли, Хуаң, Уынби, Уаң, Биңхуа және басқа) мәселен, материалдық ескерткіштерге, сондай - ақ қытай жылнамаларының көрсетулеріне сүйене отырып ертедегі (б.з.д мыңжылдық) үйсін және қаңлы тайпалық құрылымдары мен кейінгі қазақ халқының құрамына енген үйсін және қаңлылардың бір этникалық қауым екендігіне ешқандай да күмән келтірмейді.
Тайпалық одақ ретінде әрине олардың құрамы түрлі тарихи кезеңдерде өзгерістерге ұшырап отыруы толық табиғи нәрсе, дегенмен, олардың өзекті бөлігі сапалық тұрғыдан сақталып қалғандығы анық. Есік обасынан табылған бұйымдар (б.з.д. мыңжылдық) бұл әрине, өзара кірігіп кеткен сақ - үйсін мәдениетіне тән жәдігерлер. Осы обадан алынған тостағандағы 26 әріптен тұратын мәтіннің көне түркі руникалық таңбалармен көне түркі тілінде жазылғандығын(А.Аманжолов Түркі филологиясы және жазу тарихы. Алматы, 1996, 78б.) әзірге ешкім де жоққа шығарған жоқ. Яғни, Есік обасы - бұл бүгінгі қазақ ұлтының арғы тегі сақ - үйсін мәдениетіне тән ескерткіш, басқаша айтқанда, өзара сабақтас сақ және үйсін мәдениетінің жинақы көрінісі. Б.з.д мыңжылдықтарда қазақ жерінде өмір сүріп мәдениет жаратқан сақ қоғамында отан, ел туралы түсінік қалыптасып, оның жалпықоғамдық ұстанымға айналғандығы анық. Өкінішке орай, олардың қоғамдық өмірі жөнінде дерек көздерінің тапшылығына байланысты бұл ұғымдарға қатысты ой қорыту қиын. Ал сақтардан соң Іле бойы, Жетісу өңірінде елдік құрып, мемлекет орнықтырып, өздері жөнінде үйсін обалары атанған тарихи ескерткіштер және қытай жылнамаларында біраз фактілік материалдар қалдырған үйсіндер қоғамындағы жоғарыда аталған ел ұғымына байланысты ой қорытуға мүмкіндік бар. Осы ретте мынадай бір жағдайға көңіл аудару артық емес. Үйсін обалары деп біз кезінде этникалық және мәдени тұрғыдан біртұтас Түркістан атанған өңірде, яғни қазіргі Қытай мемлекетінің Шыңжан аймағы мен Қазақстан Республикасының Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелген тарихи ескерткіштерді айтып отырмыз. Қытай Халық Республикасында (Шыңжаң өңірі) үйсін обалары Тәңіртау (Тянь - Шань) жотасынан Іле өзеніне дейінгі кең далалық белдемге, яғни Моңғолкүре, Текес, Күнес, Тоғызтарау, Нылқы аудандарына тараған. Тәңіртаудың солтүстік баурайындағы саға - сағалардың сыртқы далалық беттерінде орын теуіп, төбе - төбе болып тізіліп жатқан бұл үйсін пирамидаларының орташа алғанда аумағы 200 - 300 метр, ал биіктігі 7 - 8 метр. Бұл ескерткіштерді көне замандардан бүгінге дейін жергілікті халық үйсін обалары атайды. Соған байланысты бұл ескерткіштерді зерттеген қытай археолог ғалымдары осы атауды қабылдаған. Ал Тәңіртау жотасының Моңғолкүре мен Шапшал аралығындағы тау сілемін күні бүгінге дейін жергілікті халық Үйсін тауы деп атайды.
Бұған қосымша Іле алқабын қазіргі уақытқа дейін атамекені еткен қазақ тұрғындарының арасында өздерін үйсінбіз дейтін рулы ел бар. Барлық белгі - көріністері тұрғысынан осы Үйсін обаларының қазіргі қазақ жеріндегі жалғасы болып табылатын бұл ескерткіштер Іле Алатауының солтүстік етегінде, Іле аңғарында Талғар, Үлкен және Кіші Алматы, Қаскелең және Күрті, Түрген өзенінің оң жақ жағалауларында орын тепкен. Бұдан ары олар шығыс және оңтүстік шығысқа қарай Шелек, Шарын, Кеген, Қарқара өзендерінің жағалауларын, солтүстік шығысқа таман Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз алқаптарын және Шілікті (Зайсан өңірі) және Пазырық қорғандарына дейінгі алып кеңістікті қамтиды. Бір қызығы сол міне осы барлық белгілері бойынша Іленің жоғарғы жағалауындағы ескерткіштермен бір мәдени ортаға тән екендігі айқын, әлеуметтік - экономикалық, тіптен этникалық тегі тұрғысынан да туыстығы анық байқалатын Іленің төменгі ағысындағы, яғни қазіргі қазақ жеріндегі бұл ескерткіштерді Қазақстандық археолог - ғалымдар сақ қорғандары деп атап келеді. Яғни бұл арада ескерткіштердің Қазақстан бөлігіндегілерінің тарихи атауының бұрмалауға ұшырағандығын айтқан жөн. Мәселен, Райымбек ауданының орталығы Кеген ауылының тұрғыны, ұзақ жылдар бойы осы өңірдің білім жүйесін басқарған, енді міне 90 - ды алқымдаған Әділхан Зықаев ақсақалдың бала кезінен осы өңірдің көнекөз қарияларынан естіп білгеніндей бұл обалардың ел арасындағы ілгері заманнан келе жатқан атауы Үйсін обалары болатын. Тек өткен ғасырдың 60 - жылдарынан бастап баспа жүзінде обалардың аты өзгеріске ұшырап Сақ қорғандары атала бастаған. Ал енді осы б.з.д мыңжылдықтың соңғы ғасырларында Іле алқабын мекендеген үйсіндер қоғамында ел, отан туралы қабылданған түсінік жөнінде не айтуға болады? Үйсіндерден тікелей бізге келіп жеткен тарихи жазба дерек көздері жоқ десе де болады. Соған байланысты бұл мәселеге қатысты тұжырымдарды біз тек қытай жылнамаларында үйсіндер жөнінде сақталған фактілік материалдарға ғана сүйеніп жасай аламыз. Үйсіндердің Іле бойына келіп орын тебуі шамамен б.з.д 177 - 176 жж. Ал осы мезгілге дейін бұл өлкеде өмір сүрген сақтар мен нүкістердің біраз бөлігі үйсіндердің құрамына сіңіп кетеді. Ғұндармен көрші, тіптен олармен аралас отырған үйсіндердің батысқа қарай қоныс аударуына себепші болған жағдай ғұндарға тәуелділіктен құтылу әрекеті еді.
Қытай зерттеуші ғалымдары Уаң Биңхуа мен Уаң Миңжы осы орайда үйсіндерді тарихта ұзақ бойы ғұндар биледі және құл етті. Оларды ғұндар билігіндегі құлдар тайпасы деуге болады, - деген пікір білдірген. Үйсіндердің бастапқы мекені Келентау мен Дахата аралығында, ғұн және нүкіс аталған елдермен қанаттас тұрған. Ел билеуші тұлғасын күнби атаған. Жылнамаға түскен алғашқы күнбиінің есімі Нәнду би. Ол нүкістермен (яки ғұндармен) болған бір қақтығыста қаза тауып, ал оның ел - жұрты күйзеліске ұшырап, жерінен айырылып, тоз - тозы шығып, ғұндарға кіріптарлыққа түседі. Ғұндардың Бақтұғ (Мөде) Лапкөк тәңірқұты (билеушісі) Нәнду күнбидің ұлы Лапкөкті қамқорлығына алып, ер - жеткен соң шашыранды елін жинап беріп, әкесінің орнына билікке отырғызады. Бұл сюжетте шындық пен аңыздың өзара кірігіп кеткендігі және сол тарихи кезеңді үйсін жұртының қоғамдық санасының қалыптасу, балаң кезеңде тұрғандығы, сондай - ақ оның бастапқы кіршіксіз тазалығы және шығармашылық күш - қуатының зор мүмкіндігі байқалады. Сонымен бірге бізге жеткен бұл аңызда ең кем дегенде осыдан екі мың екі жүз жыл бұрын үйсін жұртының басынан кешірген үлкен қайғылы оқиғаның табы жатыр, соның салдарынан 20 жылға жуық мезгіл елдік тұтастығынан және тәуелсіздігінен айырылғандығы тегі бір тайпа немесе ұлыс ретінде бұрынғы ішкі қандас туыстық қатынасынан айырыла қоймағандығын және ол байланысты сақтап қалуға ұмтылғандығын көреміз. Қайта бірігуге деген ішкі ықылас - жігері күшті болмаған күнде тоз - тозы шыққан елдің әлсіз шаруашылық жағдайында қайта бас қосуы мүмкін емес еді. Алапат оқиғаны басынан өткізген елінің басын қайта қосқан Лапкөккүнби ендігі уақытта оны қайтадан өніп - өсу жолына салудың қамына кіріседі. Ол үшін не істеу керек? Елдік құрып өніп - өсуге кедергі жасауы мүмкін екі бірдей жайсыз көршілерден (ғұн және хән патшалықтарынан) іргені алыс салу туралы шешімге келу - бұл сауалға берілген жауап болатын. Ал бұл мақсатқа жетудің дұрыс жолы елді орнықты атамекен бола алатын жаңа қонысқа көшіріп апарып орналастыру еді. Үйсін жұртын шаруашылыққа, күнкөріске жайлы Іле бойына алып келген Лапкөккүнби бұл тарихи міндетін абыроймен орындап шығады. Сол үшінде үйсіндер қоғамының арасында орасан зор беделге ие болады.
Кейінгі тарих Лапкөк бидің бұл тарихи шешімінің тура қабылданғандығын көрсетіп берді, хән әулеті ғұндар қағанатын жойды. Осы ретте зерттеуші әрі жазушы Сұлтан Жанболаттың Елжау би* ертерек ес жиып, өз еліне нұрлы болашақ іздеді, - деген тұжырымы толық негізді. Бидің ақтық айқасқа түскен қоғамдық құрылымдар арасындағы шағын елін жоқ болып кетуден сақтап қалу идеясы өзін ақтады. Ол басқарған қағанат Алатаудың батыс сілемі Іле өзенінің жоғарғы ағысынан Балқаш көліне құйғанға дейінгі төменгі ағысы аралығындағы кеңістікке орын тепті. Шығысында ғұндармен, солтүстік - батысында Кең де шұрайлы жаңа өлкеде үйсіндер елі аз уақытқа болса да өніп - өсу жолына түсті. Жарты ғасырға жуық мезгілде олардың өмірінде жағымды өзгерістер байқалды. Олардың жаңа қонысында болып, қоғамдық өміріне көз салған Хән мемлекетінің елшісі Жаң Чян үйсін елінде 120 мың шаңырақ, онда 630 мың жан басы бар екендігін, ал соғысқа жарамды 188 800 әскер шығара алатындығын жеткізген. Яғни халқының саны өсіп, әл - ауқатының да біршама түзелгендігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сібір және Түркістан автономиялары мәселесі
Кеңес үкіметі, кеңестер билігі
1917 жылғы Қазан төңкерісі. Қазақстанда кеңес өкіметінің орнатылуы
Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
19 ғасырдағы реформалар
Алаш партиясы және Алашорда автономиясы
С. Хрущевтің сынақ алаңына айналған - Қазақстан
Қазақстан тарихы тарихнамасының зерделену проблемалары
XX ғасырдың басындағы Ресейдегі революциялар және олардың Қазақстанға әсері
Алаш орданың саяси-құқықтық нормалары
Пәндер