Белсенсіз тасымалдану, оның түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
* Жасуша тіршілігіндегі мембрананың рөлі.
* Белсенсіз тасымалдану, оның түрлері.
* Белсенді тасымалдану.
* Тасымалдаушы ақуыздардың жұмыс істеу механизмі.
* Конститутивті және реттеуші секрециялардың жолдары.
* Визикулалық тасымалдану
* Трансмембраналық тасымалдау

III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Жасуша цитоплазмасының маңызды қызметтерінің бір - заттар ағынын қамтамасыз ету болып табылады. Заттар ағыны дегеніміз:
Біріншіден - жасуша ішіндекедір-бұдыр эндоплазмалық торда синтезделген ақуыздардың органеллалар арасында әрлі-бері тасымалдануы
Екіншіден - көптеген жасушалар мен ұлпаларда синтезделген пиптидтік гармондардың,асқорыту ферменттерінің,анти денелердің,өсу факторларының және басқа да секреторлық молекулалардың жасуша сыртына шығарылуы
Үшіншіден - сыртқы ортада жасушаға үнемі әртүрлі заттардың өткізілуі
Заттардың жасушаішілік-визикулалық тасымалдануының әмбебап және тиімді құралы болып тасымалдану (мембрана) көпіршіктері (липасомалармен,мицеллийлар) арқылы секреторлық механизм негізінде тасымалдануы болып табылады

Жасуша тіршілігіндегі мембрананың рөлі
Клетка дегеніміз - тірі ағзаның құрылымды және функциональды бірлігі.
Бұл процесті клетка теориясы түрінде 1838-1839 жылдары Шлейден мен Шванн ұсынған болатын. Қазіргі кезде клетка теориясының келесі қағидалары белгілі:
1. Табиғатта клетка біртұтас құрылым. Тіршіліктің қарапайым және күрделі түрлері, құрылымы, қызметі және генетикалық қатынастары клеткамен іске асады. Тіршіліктің алғашқы қайнар көзі - клетка, себебі сыртқы ортадан клетка арқылы ағзалар энергия және өнімдерді қабылдайды. Клеткада биологиялық ақпарат сақталады.
2. Аналық клетканың бөлінуі нәтижесінде жаңа клетка түзіледі.
3. Клеткадан көпклеткалы ағзалар түзіледі, оларға жүйелі құрылым және біртұтастық принциптер жатады. Көпклеткалы ағзалардың өзіндік ерекшелігі бар, яғни бөлек клеткалардың сапасы және қасиеттерін сипаттаушы құрылым біркелкі емес. Клеткалық теорияның үшінші қағидасы бөлек және біртұтастық қарым-қатынас мәселесін анықтайды. 1858 жылы Вирхов клетка патологиясын дәлелдеді, мұнда адам ағзасындағы аурулар, клетканың бұзылуымен байланыстыруға болады.
Клетка өз алдына бөлек ағза түрінде, оларға (бактериялар, балдырлар және т.б. ағзалар жатады), және көпклеткалы жануарлар және өсімдіктер тіндері құрамында тіршілік ете алады. Клетка ағза түріне тәуелді, бір-бірімен көлемі, пішіні, химиялық құрамы және қызметі бойынша ажырайды. Табиғат әлемінде клетка екі топқа бөлінеді: прокариот және эукариот клеткасы. Эукариотты тип 2 тип астына бөлінеді: 1 - тип қарапайымдыларға тән, 2 - тип көпклеткалыларға тән.
Прокариот клеткасының көлемі кішігірім ( диаметрі немесе ұзындығы 0,5 - 3 мкм - ден көп емес. Прокариот клеткасының құрамы: цитоплазмалық мембранадан, цитоплазмадан, рибосомалардан, гликоген және липидтер қосындылардан құралған. Цитоплазмада бос күйінде орналасқан бірғана сақиналы ДНК-а болады. Прокариот клеткасының ішіндегі жүйе толық жетілмеген және гистондардың болмауымен ерекшеленеді. Прокариот клеткасында клетка орталығы болмайды және цитоплазма қозғалысқа бейімді емес. Прокариот клеткасына бактерия және көк жасыл балдырлар жатады.
Қарапайымдылардың клеткалық құрылымының ерекшелігі, олардың құрылымы: бір клеткадан тұрады және функциональды жағынан біртұтас ағза қызметін атқарады. Мысалы: инфузорияда цитостом, цитофарингс және порощица - асқорыту жүйесінің аналогы болса, ал жиырылғыш вакуольдер - зәр шығару жүйесінің аналогы болып саналады.
Эукариот клеткасы - көпклеткалы құрылыммен ерекшеленеді. Өсімдік және жануарлар клеткасын жалпы түрде алып қарастырсақ құрылысы бір-біріне ұқсас, тек қана өсімдіктер клеткасында хлоропластар, үлкен орталық вакуол, клетка қабықшасы болады. Клетканың көлемі ағзалар түріне тәуелді болмайды. Табиғатта клетка диаметрі орташа 10 - 100 мкм, ал көлемі 200 - 15000 мкм- квадратқа тең. Ең үлкен клетка - жұмыртқа клеткасы (яйцеклетка) болып саналады.
Клетканың жалпы құрылысы: мембранадан, ядродан және цитоплазмадан тұрады. Цитоплазмада органоидтар және қосындылар кездеседі. Клетка тіршілігінде - клетка мембранасы үлкен қызмет атқарады. Клетка мембранасы қорғаныш, реттеуші, сигналды, клетка аралық, электронды қозу және т. б. қызметтерді атқарады.
Биологиялық мембрана - клетканы қоршаған ортадан бөліп тұрады және клетканың ішкі аймақтарын (бөліктерге) компартменттерге бөледі. Компартменттерде химиялық реакциялар және метаболизм процестері жүреді. Клеткада, кейбір химиялық процестер тек қана мембраналарда жүреді.
Мембрана құрылысы. Мембрана құрылысының бірнеше модельдері бар. Қазіргі кезде Сингера және Николсонның сұйық - мозайкалы моделі қолданылуда. Бұл ғалымдардың айтуынша мембранадағы липид молекуласы биқабат түзеді. Түзілген липидті биқабатта белок молекуласы жүзіп жүреді.
Белок молекуласының әр түрлі деңгейде енуі нәтижесінде, ерекще мозайка түзіледі, сондықтан модельдің аталуы осыған байланысты.
Биологиялық мембрананың келесі қағидалары белгілі:
1. Клетка мембранасының қалыңдығы 5 - 10 нм.
2. Мембрана - бұл липопротеинді құрылым, липидтердің және белоктардың сыртқы жағына көмірсу компоненттері бекінеді.
3. Липидтер спонтанды биқабат түзеді және олардың полярлы басы мен полярсыз құйрықтары болады.
4. Мембраналық белоктар әртүрлі қызметтерді атқарады.
5. Көмірсу компоненттері, мембрана үстінде комплекс түзеді, олар гликокаликс деп аталады және сезіну механизміне қатысады.
Мембрана липидтері сұйық және борпылдақ халде болады. Сұйық мембрана халі - тасымалдау және байланысуды қамтамасыз етеді. Липидті биқабат өзіндік жиналу, жартылай сіңіру және диэлектронды қасиеттерге жауап береді. Өзіндік жинақталу, зақымдалған клетка мембранасын қалпына келтіреді, ал диэлектронды қасиет зарядтармен қамтамасыз етеді. Сондықтан мембрананың ішкі және сыртқы қабатындағы потенциал әртүрлі болады. Бұл мембрана потенциалы деп аталады.
Мембрана белоктары екі топқа бөлінеді: 1-шіге. Құрылымдық белоктар, 2-шіге - құрылымдықпен қатар әртүрлі қызмет атқаратын белоктар. Әртүрлі қызмет атқаратын белоктарға тасымалдаушы белоктар жатады. Тасымалдаушы белоктар келесі қызметтерді атқарады: заттарды тасымалдау, реттеу, ферментті, тыныс алу және фотосинтез кезінде энергияның түзілуіне қатысады. Белок, көмірсулармен қосылып гликопротеинді түзеді. Гликопротеиннің бос аймақтарында олигосахаридті шынжыр орналасқан, ол сыртқы ортадан сингалді қабылдайды, сондықтан антенді комплекс деп аталады. Гликопротеиндерден басқа, гликолипидтер сезіну қызметін атқарады. Гликокаликстің бұзылуы клеткаға вирустардың және т.б. енуіне ықпал жасайды.

Белсенсіз тасымалдану, оның түрлері.
Биологиялық мембрананың негізгі қызметінің біреуі - бұл тасымалдау болып табылады. Мембрана арқылы тасымалданудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Молекулярлық биология және медициналық генетика
Биологиялық мембраналардың қызметтері.Мембраналардың иондық каналдары туралы
Мембрана биофизикасы
Фармакокинетика және фармакодинамиканың негізгі параметрлері
Туберкулезге қарсы балалар санаториясындағы балалар
Ботаникаға кіріспе. Жасуша теориясы
Иммунды қан сарысулары
Генетикалық код. Генетикалық код туралы түсінік, қасиеті. Ақуыз биосинтезі
Тұқымқуалаушылық, өзгергіштік және тұқымқуалау туралы жалпы түсініктер. Фенотип және генотип туралы түсінік
Прокариот және эукариот гендерінің белсенділігінің реттелуі»
Пәндер