Мәңгілік Ел ұлттық идеясының құндылықтары және мәні
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
* Мәңгілік Ел - ұлттық идея ретінде
* Мәңгілік Ел ұлттық идеясының құндылықтары және мәні
* Мәңгілік ел ұлттық идеясы тәрбиенің әдіснамалық негізі ретінде
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Адам - қашанда еркіндікті, бостандықты аңсайды, тек аңсап қана қоймай, сол үшін әдіс-тәсіл іздейді, күреседі.
Бостандық, еркіндік, тәуелсіздік - асыл арман. Оған жетудің жолы әрқилы. Негізгісі екеу. Бірі - күрес жолы, екіншісі келісім жолы. Ал тәуелсіздікке қол жеткізген соң оны сақтап қалу, одан да қиын. Тәуелсіздікті сақтап қалу үшін ел ішінде алауыздық болмау керек. Ал, ол үшін халыққа біртұтас идея, алға жұмылдыратын бағыт, мақсат - мұрат керек.
Ұлттық идея - халық мұраты. Бұл бiр көптен көтерiлiп жүрген тақырып.
Идея - грек сөзi, образ, ұғым, түсiнiк мағыналарында қолданылады. Атқаратын мiндетiне қарай идея алуан-алуан қырымен көзге түседi. Мәселен, бiрде ол сырт дүниенi бейнелейтiн қоғамдық сананың пiшiнi болса, ендi бiрде адамның басты сенiмi орнына жүредi.
Негізгі бөлім
Тарих - шындыққа айналған тағдыр. Әрқилы тағдырдың тоғысып, адамзаттың тұтас ғұмырын құрайтыны сияқты, түрлі ұлттың шежіресі де әлемнің ортақ тарихына айналады. Сондықтан дүние тегершігі айналған сайын тарлан тарихтың қатпары арта түседі. Бұл тұрғыдан алғанда, адамзат тағдыры мен өркениет тамырын түркілер тарихынсыз елестету мүмкін емес.
Бағзы заманға көз жіберсек, қуатты империялар құрған түркілер ғасырлар бойы ұлан-ғайыр аймаққа билік жүргізіп, арғымақтың тұяғы жеткен жерге-Байкалдан Балканға дейінгі орасан зор аймаққа иелік етті. Алтайдан тарайтын айбынды ел тілі жақын, танымы мен талғамы ұқсас бір әлемді - ортақ өркениетті құрады. Алтын тақта отырып билік жүргізген айбарлы қағандар мен абыздар Мәңгілік Ел орнатуды армандады.
Ешкімге тәуелсіз, еркін өмір сүрген, елін жаудан азат еткен күллі көне түркі елінің арманы да мәңгілік Ел идеясы болған. Елін тәуелсіз еткен Күлтегін батыр халықты байлыққа кенелткен: Жалаңаш халықты тонды, кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп кылдым. Тату елге жақсылық қылдым,- деп мақтаныш сезіммен баяндаған.
Жоңғар шапқыншылығы және Ақтабан шұбырынды алмағайып заманда қазақ ұлттық идеясының бағыт-бағдары айқындалып, отаншылдық, патриоттық сарыны өзекті ойларға арқау болады. Қожаберген жыраудың Елім-ай дастаны ұлттық идеяның негізіне айналды.
Ұлттық идея мәселесі бүгінде барлық мемлекеттер үшін маңызды болып отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Қазақстан халқына Жолдауында: Мен қоғамда: Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болу керек?деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлттық мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы, - деген еді.
Жалпы, Мәңгілік Ел идеясының үш негізден немесе үш тұғырдан тұратыны анық. Біріншісі - Түркі қағанаты билеушілерінің (Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк) саяси акт - манифест ретінде әзірлеп, тарих сахнасына шығаруы; екіншісі - әл-Фарабидің философиялық шығармасында идеяның теориялық-философиялық тұрғыдан негізделуі және үшіншісі - Жүсіп Баласағұнның Құтты білік дидактикалық дастанында құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларының, яғни Ата Заң іргетасының қалануы.
Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі саяси тұжырымдар, Әбу Насыр әл-Фарабидің Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары және тағы басқа әйгілі туындыларының ой-идеялары - Құтты білік дастанындағы философиялық түйіндер, саяси-әлеуметтік болжамдар бір мәдениеттің, бір өркениеттің, заман мен әлеуметтік жағдай ғана емес, біртектес ел-жұрт тіршілігі тұтастырғын бір дүниетанымның жемістері. Тарихи кезең мен мемлекетшілдік сипаттарын білдіретін ұғымдар Күлтегін жырларында да, әл-Фарабидің философиялық шығармаларында да Жүсіп Баласағұнның дастанында да бірдей кездесіп отырады.
Белгілі бір идеяның мемлекеттік сипат алып, қоғам мүшелерінің көңілінен шығуы үшін негізгі екі талапқа жауап беруі тиіс. Біріншіден, ол сол мемлекетте өмір сүріп отырған халықтың мақсат-мүддесімен, болмысымен толық сәйкес келгені жөн. Бұл туралы Монтьеске: Заңдар үкіметтің табиғаты мен принциптеріне, басқару формасына, елдің географиялық факторы мен физикалық қасиеттеріне, жағдайы мен көлеміне, климатына, топырақ сапасына, халықтың тұрмыс-тіршілігіне, санына, байлығы мен қабілетіне, әдет-ғұрпына сәйкес болу керек, - дейді. Екіншіден, идеологияның мемлекеттік сипат алуына қажетті тағы бір қасиет оның мемлекет тарихымен сабақтас болып, ұзақ мерзімдер бойы сол қоғамда үйреншікті, жетекші идеологиялық деңгейде тұру тиістігін айтады. Осы негізгі екі белгі де түркілердің ұлы қағанатын құрғанда бар еді.
Ежелгі түркілердің Мәңгілік Ел идеясын теориялық-философиялық тұрғыдан негізін салып берген әйгілі ойшыл, философ Әбу Насыр әл-Фараби болды. Ол ежелгі грек философиясы мен Шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесіне сәйкес Мәңгілік Ел идеясының саяси-философиясының теориялық негіздемесін жасап берді. Ғалым Мәңгілік Ел теориясының негізгі ережелерін Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы, Азаматтық саясат, Мемлекет билеушінің нақыл сөздері шығармаларында баяндайды. Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы қайырымдылық пен түсінушілік, бір-біріне көмек беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім әл-Фарабидің тұтас әлеуметтік-саяси теориясының ажырамас бір бөлігін құрайды.
Әл-Фараби мемлекеттің мақсатын және оның ішкі-сыртқы міндеттерін толық анықтап береді. Мемлекеттің сыртқы міндетіне қайырымды қала тұрғындарын немесе мемлекетті сыртқы жаулардан қорғау, яғни күшті қорғаныс ұйымдастыру жүктеледі. Ал мемлекеттің ішкі міндеті әділеттілікті орнату, халықты оқыту, оны керекті ғылыммен толықтыру, адамгершілікке тәрбиелеу, қайырымдылықты тарату болып табылады.
Құтты білік дастаны орта ғасырларда өркениетті ел болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылғаны белгілі. Жүсіп Баласағұн Құтты білікті 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашғар қаласында аяқтаған. Дастан елде Ата Заң (Конституция) қызметін атқарған. Шығармада ел басқарудың, экономиканы, әлеуметтік-тұрмыстық ахуалды, әскери істі ұйымдастырудың, шаруашылықты, тағы басқа да мемлекеттің әл-ауқатын жақсартудың ерекшеліктері суреткерлік-философиялық тілмен баяндалады.
Ж.Баласағұн - саяси-әлеуметтік ойда мемлекеттегі басқару істерінің заңмен реттелуі мәселесін кешенді көтерген ғұламалардың бірі. Дастанның басты идеясы - мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Шығармада елдегі, қоғамдағы ішкі тәртіпті халық мүддесіне, заңдылыққа негіздеп құру идеясы айқын көрініс береді. Осы идеялар негізінде бүгінгі Қазақстан өзінің алдына қойған стратегиялық, конституциялық міндеттері, яғни Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деген қағиданы ойдағыдай шеше алады.
Ж.Баласағұн еңбегіндегі елдегі заңдардың бүкіл халыққа қызмет етуі және орта топтың мемлекеттің әлеуметтік тірегіне айналуы туралы идеялары бүгінгі Қазақстан қоғамы үшін өте маңызды. Бұл бағыт - қазіргі таңда Мәңгілік Ел идеясын ұлттық идея ретінде жариялап отырған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың да ұстанып отырған стратегиялық саясаты.
Сонымен, көне тарихтан бастау алған ұлттық идеямыз қазірде тарихи сабақтастықты бастан кешіріп, тәуелсіз мемлекетіміздің рухани тұрғыдан тұрақты даму ресурсына айналып отыр. Оны Елбасының жария еткен 2015 жылға арналған Жолдауында айқын көрсетіп берді: Біздің жалпы ұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Мәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол Қазақстан -2050 Стратегиясының ғана емес, ХХІ ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры.
Мәңгілік Ел идеясында Н.Ә.Назарбаев басты жеті құндылықты атап көрсетті:
Біріншіден, бұл - Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы. Тәуелсіздік дегеніміз - елдің егемендігі, халықтың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz