Патогенді микроорганизмдердің таралуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
Микроэкология
Патогенді микроорганизмдердің таралуы
Патогенді микроорганизмдер құрылысы, эволюциялық даму барысы
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Микробтар бізді қоршаған ортада кеңінен таралған. Олар топыраұта, суда, ауада, өсімдіктерде, таға өнімдерінде, адам жіне жануарлардың оргаизмінде болады. Микроогранизмдердің өсімдіктер мен жануарлардан ерекелігі олар метаболизм процесстеріне метанды, сутегін, азот молекуласын пайдаланып, оларды өсімдіктер мен жануарлар сіңіретін қосылыстарға айналдырады. Мысалы, шіріткіш микробтар өлген өсімдіктер мен жануарлар өлікселерін ыдырата отырып, атмосфераға өсімдіктер жұтқан 90% CO2 қайтарады. Қоршаған ортаның әртүрлі факторларының нәтижесінде микроорганизмдер өліп кетулері мүмкін немесе қасиеттерін өзгертеді.
Микроорганизмдердің көбеюін, өсуін және дамуын қамтамасыз ететін олардың сыртқы ортамен қарым-қатынасын зерттейтін арнайы биологиялық ғылым экология деп аталады. Экология популяциялық және бірлестік болып бөлінеді. Микроорганизмдер экологиясын оқу паразитизмнің, зоонозды және табиғи ошақты аурулардың пайда болуын түсіну, сонымен қатар, әртүрлі инфекциялық аурулармен практикалық күрес шараларын дайындау үшін негіз болып табылады.

Микроэкология
Ауадағы микроорганизмдер мөлшері ауаның шаң бөлшектерімен жіне сұйық тамшыларымен ластануына байланысты өзгеріптотырады. Микроорганизмдерден тұратын бұл кішкене бөлшектер микробты аэрозольдің әртүрлі фазаларын түзеді. Ашық ауа бассейінінің микрофлорасының түрлік құрамы топырақ микрофлорасына сәйкес, ал жабық ғимараттар ауасы осы ғимараттағы адамдар мен жануарлар организмі микрофлорасын көрсетеді.
Ауаның микробты ластануын микробты санмен - 1 м3 ауадағы микроб санын анықтайды.
Жабық ғимарат ауасының санитарлық-биологиялық көрсеткішін есептеу үшін адамның жоғарағы тынысалу жолдарының микрофлорасымен ауаның ластануының көрсеткіші болып табылатын α- және β-гемолитикалық стрептококктардың 1 м3 ауадағы санын анықтайды.
Топырақ - микроорганизмдердің табиғаттағы негізгі резервуары болып табылады. Топырақтың тұрақты мекендеушілері болып азотфикациялаушы, нитрификациялаушы, денитрификациялаушы, шіріткіш бактериялар, актиномициттер, саңырауқұлақтар, ашытқылар, балдырлар және қарапайымдылар болып табылады. Микроорганизмдердің максималды саны топырақтың 5-20 см тереңдігінде болады.
Топырақ патогенді микробтар үшін мекен ортасы болмайды, себебі қоршаған ортаның жағымсыз факторларының және микроб-антогонисттер әсерінен олар тез өледі. E. coli және Cl. perfringens - адам ішегінің тұрақты мекендеушілерінің бар болуына байланысты топырақтың ластануын жіне бұл процесстің ұзақтылығын есептейді.
Суда флюоресцинттеуші, пигментті, серо- және железобактериялар, спора түзуші бактериялар, саңырауқұлақтар, су вибриондары жіне спириллалар болады.
Суда E. Coli болуына байланысты оның ластану дірежесін анықтайды.
Судың санитарлық-биологиялық көрсеткішін анықтау үшін коли-титрді - ішек таяқшасы табылған көлемі бойынша ең кіші су санын есептейді. Тағы бір көрсеткіші болып коли-индекс - 1 л судағы ішек таяқшасының саны болып табылады.
Адам ағзасының микрофлорасы әртүрлі. Оған бактериялар, спирохеталар, микоплазмалар, вирустар, саңырауқұлақтар, ашытқылар және басқа да микроорганизмдер жатады.
Адам терісінің, шырышты және қуыс ағзаларының микрофлорасының сандық және сапалық құрамы ерекше және тұрақты болып табылады. Алайда жасына, еңбек және тұрмыс жағдайына байланысты ауытқушылық болу мүмкін.

Патогенді микроорганизмдердің таралуы
Ауру қоздырушы, яғни патоген микробтар бір адамнан екінші адамға тікелей жұғуы мүмкін. Мәселен, мерез ауруын қоздырушы гонококк микробы, әсіресе әйел мен еркектің жыыыстық қатынасы кезінде, ал әр түрлі іш аурулары кір қол ыемесе заттар аркылы таралады. Мәселен, оба және іш-сүзегімен ауырған адамдардың төсек орны және баска да заттары арқылы сау адамдарға жүғады. Көптеген зиянды микробтар науқас адамдар тыныс алғанда ауаға тарайды. Осы ауамен дем алған сау адамның науқастануы да ықтимал.
Әрбір патогендік микробтар тек бір ауруды ғана қоздыруы мүмкін, яғни олардың атқаратын қызметі жекеленген болады. Кейде адамдарға белгілі бір аурулар тек жануарлардың бір түрінен жұғады. Мәселен, маңқа ауруы адамға жылқы немесе мысыктан жұғады. Ал кейбір ауру адамға іқауіпсіз. Мысалы, ит, шошқа және ірі қара обасы адамға қауіпсіз.
Сібір жарасы -- біздің дәуірден мың жылдай бұрын белгілі болған. Атақты Гомер IX ғасырда малды және адамды қырғынға ұшыратқан қасиетті от, яғни Сибирь жарасы туралы өз еңбектерінде жазған болатын. Бүл ауру әуелі Италияда етек алып, содаы кейін Европаға ауысты. Шығыс елдерінде оны Парсы оты деп те атаған.
Россияда 1865 жылы болған осы аурудан он мыңдаған адамдар кырғынға үшыраған. Санитариялық және ветеринариялық шаралардың мешеулігіыен патшалы Россияда бұл ауру малдардан адамдарға жүға бастады. Сибирь жарасы жүққан мал бір-екі күн ғана ауырып өледі. 1896 жылдан бастап жиырма жыл ішінде Россияда бұл ауру ларты мил-лиондай бүғыны қырып салды.
Сібір жарасын коздырғыш бациллус антрахис, ірітаяқшалар, қозғалмайды, ауалы жерде спора түзеді (16-су-рет). Сондықтан оларды бацилдарға жатқызады. Клеткаларын қоршап түратын капсулалары бар. Грам әдісімен оялады. Бацилдар бір немесе осқостан, көбіне қысқа шын-жырша тәрізденіп орналасады.Спора тек оттегі бар жерде ана түзіле бастайды. Егерде 16-сурет. +12°-ТаН ТӨМеН,Сибирь жарасы микробтары+ 42°-тан жоғары болса да спора түзілмейді. Споралары сопақша, клежаның орта шеніне орналасады. Өніп-өсуі үшін ең қолайлы температура +30°, +37°. Жалпы физикалық және химиялық факторларға олардың вегетативтік клеткалары төзімсіз +50 +55°-та олар бір сағатта-ақ қырылады, ал споралары +110°-та 10 минуттай қыздырса да тіршілігін жоймайды. 140° құрғақ ыстықта споралар үш сағаттан соң өліп кетеді. Топырақта Сибирь жарасы микробының споралары бірнеше жылдар бойына сакталады. Күн сәулесі де клеткалар м-ен спораларға жойқын әсер етеді, олар бір процентті формалинде және 10 % -ті күйдіргіш натрийде екі сағат-тан, 5%-ті фенолда бір тәуліктен кейін қырылады.
В. В. Архипованың мәліметіне қарағанда жоңышқа, сиыржоңышқа, бидай, қара бидай, сарымсақ және рауғаштардың тамырынан бәлінетін заттар бүл микробтарға зиянды әсер етеді екен.
Ауыл шаруашылық малдарында Сібір жарасына қарсы активті иммунитет жасау мақсатында оларға Ценковский вакцинасын егеді. Оларда 12 -- 13 айға дейін иммунитет жақсы сақталады. Сарысудан даярланған вакцинаны адамға да егіп, онда иммунитет жасауға болады.
Әрине тиісті санитариялық және гигиеналық шаралар жүзеге асырылмаса, аурудан біржолата құтылу қиынға соғады. Өйткені Сибирь жарасы микробының таралу кезі тым көп.
Бұл жөнінде мынадай қызық уақиғаны еске сала кетейік. 1904 -- 1905 жылдары болған орыс-жапон соғысында патшалық Россия ез солдаттарын шолақ тондармен қамтамасыз еткен. Бұл тондар Сибирь жарасымен ауырған мал терісінен тігілгендіктен әскерлер арасында ауру тараған. Сібір жарасымен ауырған малдардың терісін илегенде фабрика жүмысшылары да зақымдануы мүмкін. Сондықтан Совет әкіметінде терілерді тексеретін арнаулы лабора-ториялар бар.
Қазақта шындығында -- ■ Сібір жарасы деген ауру жоқ, Бүның ол ғылыми аты. Ол ауруды қойда -- топалаң, сиырда -- қа-раталақ, қарасан, жылқыда -- жамандату, түйеде -- ақшелек, адамда -- түйнеме деп атайды. Бірақ аурудың ғылыми аты да, оны коздыратын микробтары да біреу.
XVIII -- XIX ғасырларда Орта Азия елдерінде оба ауруы етек алды. Тіпті сол XIX ғасырдың езінде Россияда, соның ішінде Волга жағалауында, Ставрапольеде, Одессада, Қырымда обадан бірқатар адамдар қүрбан болды. 1894 жылы Гонконг қаласында ете зор оба эпидемиясы байкалады. Дәрігерлер обадан өлген адам денесін тексергенде, онда оба ауруын коздырушы өте үсақ микробтарды байқаған болатын.
Бүл микробты бактериум пестис деп атайды. Ауру әдетте орга-низмнің өлуімен аяқталады. Адам, кемірушілер жәве түйе обасы-ның бәрінің де қоздырушысы біреу. Ол жоғарыда керсетілген микроб. 1910 жылдары араб елінде обамен ауырғаы түйенің етін жеген 100-дей адам лезде қырылған. Бүл ауру өте тез таралып, шапшаң өтеді.
1896 жылдан бастап обаның етек алып таралған жері сол кездегі ағылшын колониясы Индия еді. Мұнда жыл санап мыңдаған адамдар қырылды. Обаның бір турі өкпе обасы 1910 -- 1911 жылдары Манчу-журияда үшқындап, бірқатар адам өмірін жойды.
Оба бактериясы -- қысқа таяқшалар, кейде бір-бірден, кейде тіркесіп, ұзыиша шын-жыр тәрізденіп орналасады. Қоректік ортада олар капсула түзеді, спора түзбейді, қозғал-майды. Олар пастерелла туысына жатады. Оба микробы аэроб, әдеттегі қоректік ортада жақсы өседі, қолайлы темпера-
тура +28, +30°. Маннит, салицил, глюкоза, мальтоза және араби-ноза углеводтарын ыдырата алады. Аурудың инкубациялык кезеңі 1 -- 5 күн шамасында. Әдетте ауырған адамдар мен малдардың барлығы дерлік өледі.Обаны таратушылар кемірушілер және олардың паразиттері -- бүргелер. Ауыл шаруашылық малдарынан түйелер қауіпті. Оларда аурудың инкубациялық кезеңі 2-ден 8 күнге созылады. Обадан өлген түйе етін мүлде қолдануға болмайды. Қазір оба микробынан жасалған, вакциналар барлық елдерде осы ауру пайда болар алдынан кеңінен қолданылып жур. Әдетте оба микробы ұзақ уакыт сақталып қалады. Сондықтаи болса керек анда-санда болса да кейбір мемлекеттерде бұл ауру байқалып қалады. Оба микробтарының биологиясын және оның таралу кезеңдерін отанымыздың көрнекті ғалымдары Д. К. Заболотный мен И. А. Деминский дәйектілікпен зерттеген болатын. Оба микробы адам денесіне ене калса, көбінесе олар лимфалық тамырлар аріқылы бездерге ауысады, ол жерлер ісініп, іріңдейді де, төмпешіктер пайда болады. Оны бөртпе оба деп атайды. Ол көбінесе қан тамырлары арқылы таралады. Егер оба микробы өкпеге ене қалса, оба пневмониясын қоздырады. Бұнда кәдімгі өкпе ауруы сияқты адам қан түкіреді, егерде қа-қырыкты микроскоппен қараса миллиондаған оба микробын көруге болады. Әдетте бөртпе обамен ауырғандардың 40-тан 90%-ке дейі-ні қаза болса, өкпе обасынан іс жүзінде адам тірі қалмайдьь Совет елінде оба түп тамырымен жойылды. Қазір оба вакцина-сы әлсіретілген оба микробынан жасалады және адамға міндетті түрде егіледі. Осының нәтижесінде обаның жеңіл түрімен адам ауырып тұрады да, онда иммунитет пайда болып, ол екінші рет ауырмайтын болады.Азиялық холера (тырысқақ). Тырысқақ ауруының отаны Индиядағы Бенгалия және Ганга өзенінің төменгі ағысынын жағалаулары. Сондықтан оны Азия тырысқағы деп те атап кеткен. Жалпы тырысқақ ауруы Иидияда ертеден белгілі болған. Тарихта Александр Македонский әскерлерімен бірқатар жерлерді жаулап алып, Индияға таялғанда, онда адамдар арасында тырыс-кақ ауруының көп таралғанын естіп, кейін оралғаны жөнінде де-ректер бар. Әрине ұзақ уақыт езілуде болған Ағылшын колониясы Индияда аурудың етек алуы таңқаларлық жәй емес. Әдетте адамдар тырысқак микробы таралған су арқылы зақымдалады. Ерте кезде Индияға көршілес Араб елдерінде де тырысқак ауруы көп байқалған. Әрине қатынас жолдарының үзақ уақытқа дейін болма-уы және болғанның өзінде де керуеншілердің үзақ уақыт сапар шегуі тырысқақ ауруының Европа елдеріне таралуын тежеген бо-латын. Міне, XIX ғасырдың бас кезіне дейін Европада тырыскақ ауруының болмауы да осыған байланысты болса керек. СССР-де тырысқақ ауруы 1925 жылы мүлде жойылды. Бүл аурудың нағыз қоздырушысы ■ -- тырысқақ микробы, яғни холера вибрионы екені 1880 жылдары белгілі болды. Оның пішіні кәдімгі үтір тәріздес (вибрио -- латынша үтір деген сөз). Алғаш рет оны 1883 жылы Р. Кох тапкан болатын. Ол Египет-тегі осы тырысқақ ауруынан өлген адамдардың нәжістерінен микробты бөліп алып зерттегеи. Ауру тым ауыр өтеді, кейде 40 -- 50%-ке дейін аурулар қаза табады. Ауру тек адамнан жүғады. Табиғи жағдайда ешбір тірі организм бүнымен ауырмайды. Лаборатория жағдайында жануарларға тырысқақ жүқтыру аса қиынға соғады. Тырысқақ үтіршесі қозғалғыш, шеттерінде жіпшелері бар, спорада, капсула да түзбейді. Көбінесе екі-екіден 5 пішіндес болып орналасады. Тырысқақ вибрионы тым өзгергіш келеді. Крахмал, гликоколь бар коректік ортада таяқша тәрізденш, бүйраланып, жіпшеленіп, шар тәрізді болып, тіпті ашыткы саңырауқұлақтары сияқтана да өніп-өседі. Әдеттегі қоректік ортада олардың түрі қайтадан үтір тәрізденеді. Тырысқақ вибрионы коректік ортаны талғамайды, аэроб, +16-дан +40° аралығында өніп-өседі. Дегенмен оған тым қолайлысы -(-37°. Ортада азғана мөлшерде қышқыл болса, ол өсіп-өне алмайды. Жалпы орталықка жеке улар бөлмейді. Организмде вибрион өніп-өскенде ғана адамды улай-ды. Сонда олар эндотоксиндер бәлетін болады. Тырысқақ ауруымен ауырғаннан кейін адамда иммунитет пайда болады да, ол екінші айталап ауырмайды. Организмде мүндайда вибрионды рітіп жіберетін антителалар Қазіргі кезде өлтірілген тырысқақ вибрионынан жасалған акцинаны қолданады. Ол қурғақ әне сұйық күйінде шығарылады.Тырысқақ микробынан даярланған вакцинаның бір миллилитрінде 4 миллиондай вибриондар бар.Осындай вакцинамен аралығын 7 -- 10 күннен ала отырып үш рет егеді. Әрине тырысқак ауруы біліне басталған қаупі төнгенде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Санитарлық көрсеткіш микрооргагизмдердің сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар.Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері
Табиғаттағы заттардың айналымындағы микроорганизмдердің маңызы
Патологеннің арнайы бейімделігі
Микроорганизмдердің ауада таралуы
Оларға қойылатын талаптар. Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері
Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар
Инфекция формалары және олардың сипаттамасы. Инфекцияның негізгі көздері, тасымалдау жолдары
Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері. Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы
Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдердің сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар.Санитарлық микробиологиялық зерттеудің әдістері мен принциптері
Орталар құрамы
Пәндер