Күтім


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  • Кіріспе;
  • Негізгі бөлім;

Науқас күтімі;

Күтім

Ауыр хәлдегі науқастарды тамақтандыру

Науқастың жеке бас гигиенасын жүргізудің реттілігі

  • Қорытынды
  • Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Науқастың дұрыс күтімі үшін тек дәрігердің ғана емес, медбикенің де жауапкершілігі мол. Медбике білімді әрі білікті ғана емес, сондай-ақ моральдық тұрғыда адамгершілік қасиеті мол болуы керек. Бірақ, түрлі науқастардың арасында үнемі жақсы көңіл-күйде болу айтарлықтай оңай емес. Сонда да, медбике науқасты емдеуде белгілі талаптарды, ретті қадағалауы тиіс. Медбикеге қойылатын талаптар: науқастың ауруханаға түскеннен жазылып кеткенге дейінгі уақыт аралығында үнемі науқас халін бақылап, науқас гигиенасын қадағалау - оның уақытында киімдерін ауыстыру, ауыз қуысының, мұрнының, терісінің, құлағының, шашының тазалығын қадағалау.

Науқас күтімі

Науқастың күтімі - бұл жан-жақты қызмет көрсету, науқастың сауығуына жасалатын жағдайлар, көмек көрсету түрлері және дәрігерлердің нұсқауларын орындау. Көптеген науқасқа көрсетілетін көмек түрлері, ережелері бұрынғы заманнан белгілі. Ертеде дәрігерлер науқас алдында әлсіз болған кезде науқасты күтім жасап, қамқорлап емдеген. Сондықтан күтімнің әсері өте зор деп есептеледі. Медицина мекемелеріндегі күтім медицина қызметкерлерінің міндеттеріне жатады. Күтім тек қана білімді емес, біліктілікті де талап етеді. Ең маңыздысы науқасқа ауруын есіне салмай, мүмкіндігінше ұмыттыру, жағымсыз әсерден сақтандыру.

Ем алудың барлық кезеңінде де жағымды тұрмыстық және психологиялық жағдайлар тудыру қажет. Науқас психологиясын жете білсеңіз оған көрсетілетін күтім әсері де ықпалды болады.

Күтім

Күтім: жалпы және негізгі болып екі түрге бөлінеді. Жалпы күтім дегеніміз - бөлімшенің гигиеналық қалпы, науқастың жеке гигиенасы, тамақтануы және дәрігер нұсқауларын дер кезінде және толық орындау болып табылады. Негізгі күтім дегеніміз дәрігер берген нұсқауларды қатаң түрде орындау (егер сырқат төсектен тұрмаса, көмекті сол жерде көрсету) . Егер науқастың хәлі аса ауыр болса, әсіресе оның ішкі құрылысы мен ағзаларының қызметтері бұзылса немесе төмендесе, онда оны арнауйы палатаға (қарқынды емдеу) орналастыру керек.

Науқастың бөлмесі таза, желдетілген, жарық және басқалардан оқшауланған болуы тиіс. Бөлме күніне 2 рет жинастырылады. Бөлменгің температурасы 18-20°С, ылғалдылығы - 60 % болуы шарт. Күн шуағы молырақ түссе, науқастың көтеріңкі көңіл күйіне оның әсері мол. Ең маңыздысы - жеке бас тазалығын сақтау тәртібін қатаң орындау. Аптасына бір рет дәрігердің рұқсаты бойынша науқасты шомылдыру. Қолдарын, бетін әрбір тамақтандыру алдында жуу. Шашын жылы сумен сабандап жуу, тырнақтарын алу. Күніне 2 рет тістерін тазалаулары қажет. Ауыр хәлдегі науқастардың ауыз қуысын 0, 5% гидрокарбонат натрийіне (ас содасына) батырылған мақтамен сүрту.

Науқасты төсегіне барынша ыңғайлы да жайлы етіп жатқызу керек. Науқас бірқалыпты ұзақ жатқан жағдайда оның тері күтімі маңызды. Өйткені, ауыр науқастанған адамдардың арықтап жүдеулеріне байланысты, бұлшық еттері азайып, терілері сүйектеріне жақындайды, сөйтіп сүйек батқандықтан ойылады, яғни саржамбас болады. Терінің ерте зақымданатын жерлері науқастың жамбасы, жауырыны, ұршық сүйектерінің басы, шынтағы және өкшесі.

Әрбір 2 сағат сайын науқасты бірнеше минут қырынан жатқызып отыру керек. Науқастың төсегінде, іш киімінде денесінде бататын қыртыс болмауы тиіс. Ол үшін күніне оның төсегін 2-3 рет қағып, қайта салған дұрыс. Медбике науқас терісінің тазалығы мен терінің түрі өзгеріп, жараның алғашқы белгілері білінсе, онда сол араны салқын сумен сабындап жуып, құрғатады, содан кейін спиртпен сүртеді. Жамбас сүйегінің астына дөңгелек резеңке, өкшеге және шынтақ астына мақтаны дәкеге орапдөңгелек жастықша етіп қою керек.

Егер теріде жараның алғашқы белгілері біліне бастаса, яғни тері қызара бастаса, онда сол қызарған тұсты күніне 1-2 рет 5-10% перманганат калийерітіндісімен немесе 10% камфора спиртімен сүрту керек. Ауруханада жатқан науқас адамдардың төсек орындары мен іш киімдерін жетісіне 1 рет ауыстырып тұрады.

Егер науқас адам төсегінен тұра алмайтын болса, мына әдістермен ауыстырылады.

1. Әуелі жастыкты алады.

2. Содан кейін наукасты бір қырымен, бетін керуеттің шетіне қаратып жатқызады.

3. Науқастың артқы жағындағы босаған ақ жайманы жіңішкелеу етіп орап алып тастайды да, оның орнына таза жайманы осы әдіспен салады.

Хәлдері ауыр науқастардың көйлектерін шешіндіріп, киіндіру оңай емес, сондықтан көйлектің алды ашық болғаны жөн. Сонда ауру адамдарды киіндіру де, шешіндіру де жеңілдейді. Алды ашық көйлекті шешу әдісі: әуелі науқастың екі иығынан көйлекті төмен ысырып түсіреді де жеңінен бір қолын шығарады, содан кейін артқы жағын босатып екінші қолын шығарады.

Ауыр хәлдегі науқастарды тамақтандыру

Палатаны таза ауамен желдетіңіз, содан кейін науқасты тамақтандыруға әзірлеңіз. Тамақтануға ыңғайлы етіп отырғызуға көмектесіп, қолын жуады. Тамақты палатаға жылы күйінде әкеліп, керуеттің жанындағы столға қояды, сырқатты тамақтандырған кезде аз мөлшерден әлсін-әлсін қасықтап асықпай береді. Хәлі ауыр сырқатты бірнеше кезекте тамақтандырады. Науқастың дене қызуын күніне 2 рет, яғни азанда сағат 6-8, кешкісін сағат 16-18 де (5-10 минут) өлшейді.

Дене қызуын өлшер алдында термометрді қояды. Термометрді қойғанда оның сынап тұрған жіңішке жағы науқастың қолтығына толық еніп, қысып тұруы керек. Дені сау адам денесінің қызуы 37 °С-ден аспауы тиіс. Медбике жағдайы ауыр науқасты күткен кезде науқастың жанында жиі болып, оның хәлін байқап, тексеріп отырады.

Сонымен қатар науқастың тамыр соғысын тексеріп, оның соғу жиілігін, күшін, артериялық қан қысымын өлшейді және тыныс алуын тексереді. Есте болуы тиіс! Ауыр хәлде жатқан науқас адамға оған жақсы қарап, жақсы күтсе, сырқаттың ауруы асқынбай өз мерзімінде жазылары сөзсіз. Психикалық науқастарды жүйкесіне қатты әсер бермей сөйлетіп, жақсы қарым-қатынас таба біліп, шыдамды бола білу керек.

Науқастың жеке бас гигиенасын жүргізудің реттілігі

  • Көзді жуу:

Көзден бөлінген заттар кірпіктерді жапсырады, сондықтан, көзді жуып отыру керек:

  • Қолды жуу

8-10 залалсыздандырылған шариктерді сулау керек

Тампонды сығып, кірпіктерді көздің сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай сүрту керек

4-5 рет қайталау керек

Құрғақ тампондармен құрғату керек.

  • Құлағының күтімі:

Күнделікті жуыну кезінде науқастар өздері жуа алады. Ал, төсектен тұруға болмайтын аурулардың құлақтарын мейірбике тазалауы керек.

Орындалу тәртібі:

Науқасты отырғызасыз

3% сутегінің қышқыл ерітіндісін құлаққа тамызасыз

Мақтаны орап жоғары, төмен айналдыра отыра құлаққа кіргізесіз

Мақтаны ауыстырып, қайталайсыз.

Құлақты тазалау кезінде қатты заттарды пайдалануға болмайды, өйткені құлақ барабанына зақым келуі мүмкін.

  • Ауыз қуысының күтімі:

1. Ауыз қуысын шаю

Қолда: орамал, лоток, стакан, антисептик ерітіндісі(5% калий перманганатының ерітіндісі) .

Іс-әрекеттің алгоритмі:

Емделушіні отырғызыңыз

Емделушінің кеудесі мен мойнын орамалмен жабыңыз

Емделушінің қолына антисептик ерітіндісі бар стаканды ұстатыңыз

Иегінің астына лотокты қойыңыз

Науқастан ауыз қуысын шаюды сұраңыз

2. Ауыз қуысын сүрту

емделушіден аузын кең ашуын сұраңыз

антисептик ерітіндісі сіңірілген мақтаны қысқышпен немесе пинцетпен алып, мақтаны ауыстырып отырыңыз

антисептик ерітіндісі сіңірілген мақтаны қысқышпен алып, тістің ішкі және сыртқы жақтарын сүртіңіз, тісті ашып тұру үшін, қалақша қолданыңыз

іс-әрекет аяқталғаннан кейін емделушінің ауыз қуысын қайнаған сумен шаю керек.

3. Ауыз қуысын шаю

Резеңке бүріккіш баллонға немесе Жане шприціне жылы антисептик ерітіндісін құйыңыз. Емдеушінің басын тыныс жолына тамып кетпейтіндей қылып бір жаққа бұрыңыз(мүмкіндік боғанша емделушіні отырғызыңыз)

Емделушінің кеудесі мен мойнын клеенкамен жабыңыз, иегінің астына лоток қойыңыз

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тоқыма бұйымдарына күтім жасау
Психикалық науқастарға күтім жасау
Қалалық медбике күтім ауруханасы
Мамандандырылған мейірбикелік күтім
Науқастың көзіне, мұрнына, құлағына күтім жасау, басын жуу, шашын тарау
Онкологиялық пациенттерге паллиативті көмек
Қонақ үйдегі текстиль, кілемдер
Автомобильді пайдалану және техникалық қызмет көрсетуді оқытудың тиімді әдістері мен формалары
Қарттық дімкәстік және оны жеңілдету тәсілдері. Гериатриялық пациенттерді күту
Жүк тасымалдау көлігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz