Қозу мен тежелу



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I. Кіріспе;
II. Негізгі бөлім;
Рефлекс, рефлекстік доға
Қозу мен тежелу
Жастық ерекшеліктеріне байланысты қозу
III. Қорытынды;
IV. Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе
Жүйке жүйесі жануарлар мен адам организмдегі органдар мен жүйелер әрекетін біріктіретін және организмнің тіршілік әрекетінің сыртқы ортамен үздіксіз қарым-қатынасын қамтамасыз ететін жүйке ұлпасы мен глеяның жиынтығы. Жүйке жүйесі ішкі және сыртқы тітіркендіргіш әсерін қабылдайды, талдайды, өңдейді,организм қызметін реттеп үйлестіреді.Бұның негізгі бөлігі - аса қозғыш және қозуды тез өткізетін өсінділері бар жүйке жасышасы (нейрон). Жүйке жүйесі филогенез процесінде күрделі өзгеріске ұшыраған.
Жүйке жүйесінің сомалық бөлімі - дене, яғни тірек-қимыл аппараты және тері жабыны мүшедерінің, парасимпатикалық бөлімі -- ішкі мүшелер мен бездердің, симпатикалық бөлімі -- тамырлар жүйесі мүшелерінің қызметтерін реттейді. Парасимпатикалық және симпатикалық бөлімдерді біріктіріп, жүйке жүйесінің вегетативтік бөлімі деп атайды.

Рефлекс, рефлекстік доға
Адам денесінде болатын жүйке жүйесі жүйке ұлпасынан түзіледі. Жүйке ұлпасының негізін жүйке жасушалары құрайды. Жүйке жасушалары - нейронның денеден, ұзын және қысқа өсінділерден тұратыны сендерге жүйке ұлпасынан таныс. Нейронның денесінде цитоплазма мен ядро болады. Ұзын өсіндісі - аксон ми мен жұлынның дененің кез келген бөлімімен байланысуын қамтамасыз етеді. Аксонның сырты май текті ақ қабықшамен қапталған. Бұлар шоғырланып ми мен жұлынның ақ затын түзеді. Нейронның тарамдалған көптеген қысқа өсінділері - дендриттердің сыртында ақ қабықша болмайды. Бұлардың жиынтығы мен нейронның денесі сұр зат түзеді. Нейронда ұзын әрі тарамдалмаған (тек ең ұшы сөл ғана тарамдалады) бір аксон болады. Нейронның денесіне қозу (хабар, сигнал) дендриттер арқылы келеді.
Құрылымы мен қызметіне қарай нейрондар 3 топқа бөлінеді:
1. сезгіш (қозу шеткі мүшелерден орталық жүйке жүйесіне өтеді);
2. байланыстырғыш - козуды сезгіш нейрондардан қозғалтқыш нейрондарға өткізеді;
3. қозғалтқыш - қозуды орталық жүйке жүйесінен бұлшықеттер мен ішкі мүшелерге өткізеді.
Жүйке жүйесіне ми, жұлын және жүйкелер жатады. Жүйкелер жүйке жасушаларының (нейрондардың) өсінділерінен түзіледі. Жүйкелер адам денесінің барлық жеріне таралған, барлық мүшелерді ми және жұлынмен байланыстырады. Егер қозғалтқыш нейронның ұзын өсіндісінен (аксондарынан) тұрса, ол қозғалтқыш жүйке. Сезгіш нейронның қысқа өсінділерінен (дендриттерінен) тұрса, ол сезгіш жүйке деп аталады. Бұл жүйкелерден басқа аралас жүйкелер де болады, ол нейронның аксоны мен дендриттерінен түзіледі. Аралас жүйкелер арқылы қозу орталық жүйке жүйесіне және одан мүшелерге беріледі.

Қозу мен тежелу
Нерв жүйесіндегі қозу мен тежелу. Орталық тежелу. Жалпы алғанда, жүйке жүйесінің қызметі екі нерв қызметіне - нейрондағы қозу мен тежелуге негізделген. Қозу мен тежелу екеуі де нейрондардың белсенді қызмет қабылдайды. Тек қозу кезіңде ғана нейрондардың қызметі пайда болады, ал бұрын жасап жатқан қызметі күшейеді. Тежелу кезінде, керісінше, нейронның қозуы төмендеп, сосын мүлде тоқтап қалады да оның қызметі өшеді.Қозу мен тежелудің пайда болуы нейрондарда жүріп жататын зат алмасуының өзгеруіне байланысты. Екеуінде де энергия жұмсалып, нейронның биоэлектрлік қасиеттері өзгереді. Қазіргі кезде қозу мен тежелудің барлық жағы жақсы зерттелгені Дегенмен балалардың жүйке жүйесінің ерекшеліктерін түсіну үшін, қозу мен тежелудің пайда болуына байланысты организмнің қызметі басталып немесе күшейіп және нашарлап, не тоқталатынын білсек жеткілікті.
Нейрондардың бір-бірімен байланысы синапс деп аталатын арнайы ерекше құрылым арқылы іске асады.
Нерв талшығы арқылы келген қозу синапстық көбіктегі медиатордың пресинапстық мембранасынан өтіп синапс аралығына құйылуына түрткі болады. Ол медиатор синапс аралығындағы клеткаралық сұйықта диффузды түрде тарап, постсинапстық мембрананы тітіркендіреді. Постсинапстық мембранада медиатордың әсері қайтадан қозуға айналады.
Адамның миы нәтижелі еңбек еткен сайын оның синапстары көп болады. Сондықтан жаңа туған нәрестелерде синапстар аз болып, ер жеткен сайын көбейе түсіп, ересек адамда өте көп болады.
Нервтер мен нерв талшықтары. Сырты қабықпен қапталған нерв клеткасының өсінділерін нерв т а л ш ы қ т а р ы деп атайды. Нерв талшықтары 2 түрлі болады: миелинді жене миелинсіз.
Миелинді нерв талшығының сыртын миелин қабығы қоршаған, ал миелинсіз талшықтың сыртын тек қана эндотелий қабығы қоршаған, миелині болмайды.
Егер нерв талшығының миелині болмаса, оның бойымен қозу үздіксіз жүреді. Бір жерде пайда болған әрекет потенциалы көрші жердің әрекет потенциалын тудырады. Әрекет потенциалының пайда болуы клеткалық мембрананың бойында натрий мен калий иондарының мөлшерінің өзгеруіне байланысты пайда болады. Бірақ клеткалық мембрананың бойымен ештеңе қозғалмайды. Тек қана оның бір жерінен екінші жеріндегі иондардың кезекпе-кезек өзгеруінен болады. Сонда нерв талшығының бойымен әрекет потенциалы ғана тарайды. Әрекет потенциалы, нерв импульстері, қозу толқыны деген сөздердің мағынасы бірдей. Мысалы, нерв талшығының белгілі бір жерінен 1 секундта 100 әрекет потенциалы, немесе 100 нерв импульстері, немесе 100 қозу толқыны өтті деуге болады.
Миелинді нерв талшығы арқылы нерв импульстері үздіксіз өте алмайды. Мұндай жағдайда бір Ранвье белдеуінен екінші белдеуге нерв импульстері секіріп өтіп, қозудың қозғалысы жылдамданады. Нерв талшығы арқылы қозудың өтуі талшықтың диаметріне де байланысты: диаметрі жуандаған сайын қозудың өту жылдамдығы тездейді. Нерв талшықтарын олардың диаметріне байланысты 3 топқа боледі: А, В, С талшықтары. А талшықтарының диаметрі 22 мк, оларда миелин қабығы болады. Бүл талшықтар арқылы қозудың оту жылдамдығы секундына 120 м. В тобының нерв талшықтарының да миелин қабығы болады. Олардың диаметрі 3 мк-ға дейін, қозуды откізу жылдамдығы секундына 5 м. С тобының талшықтарының диаметрі өте жіңішке: 1 мк-ға дейін. Олардың миелин қабығы болмайды, қозуды өткізу жылдамдығы секундына 2 м. Балалардың денесінде С тобының талшықтары көбірек болады. Бірақ бала өскен сайын нерв талшықтары жуандап, орталық жүйке жүйесінде де, шеткі жүйке жүйесінде де қозуды өткізу жылдамдығы артады.
Нерв талшықтары организмде топтасып дәнекер ұлпадан тұратын қабықпен қапталып нервтерге айналады. Бір нервтің құрамында қозуды орталық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық жүйке жүйесіндегі қозу
Жүйке жүйесі
Жүйке тіндері. Жүйке тіндерінің химиялық құрамы мен биологиялық қызметтері
Қозғыш ұлпа және олардың физиологиялық қасиеттері
Әрекет потенциалы. Қозуды өткізу. Парабиоз туралы ілім
Орталық жүйке жүйесінің бөлімдері
Шартты және шартсыз рефлекстер
Парабиоз.Синапстардың физиологиялық қасиеттері
Жоғары жүйке әрекетінің топтары
Орталық жүйке жүйесін рефлекстік үйлестіру
Пәндер