Афференттік талқылау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I. Кіріспе;
II. Негізгі бөлім;
Анохиннің функционалдық жүйе теориясы
Афференттік талқылау
Шешім қабылдау
Әрекет нәтижесін акцепторда бағалау
III. Қорытынды;
IV. Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе
Функцианальдық жүйе ұғымын ұсынып әрі оның теориялық негізін қалаған және дамытқан П. К. Анохин. Функциональдық жүйе - белгілі бір нақты бейімді пайдалы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерді іске асыратын орталық нерв жүйесінің тиісті құрылымдары мен атқарушы органдардың динамикалық бірлестігі. Анохиннің түсінігі бойынша функциальдық жүйе түзуші ең негізгі шешуші фактор - әрекет нәтижесі. Организімнің пайдалы нәтижеге қолы жеткенде оның тиісті қажеті өтеледі, қанағатттану іске асады. Ал егер орындалған әрекеттердің нәтижесі организімді қанағаттандырмаса функциональдық жүйе басқаша құрылып мақсатты іс-әрекет одан әрі жалғаса береді. Бұл жүйе құрылымындағы звенолар дың 2 тобын айтуға болады Қатаң және өзгермелі.
Әр бір функциональдық жүйе қызметіні құрылымына кіретін мынадай шешуші звеноларды ажыратады.
Афференттік синтез кез-келген іс-әрекетті реакцияның бастапқы звеносы. Бұны синтездеп алу үшін база ретінде 4 компонент қызмет етеді.
Шешім қабылдау - кез-келген іс-әрекетті актіні орындаудың түйінді моменті. Бұл тән болатын басты ерекшелік-шешім қабылдау механизмның басты көмегімен орындалатын әрекеттің мақсаты айқындалады. Әрекетті таңдау барлық жағдай жиынтығы негізінде, афференттік синтез звеносында бар болатын ішкі және сыртқы информацияларды өңдеу нәтижесінде жүреді. Шешеім қабылдау мен қабаттаса шұғыл түрде қозудың өзара байланысты 2 комплексі туады.
Унитарлық реакция - іс-әрекеттің бір актылы типі. Мұны іс-әрекеттің қарапайым интеграцияланған бірлігі деп есептеу керек. Ол жоғары нев әрекетінің жеке компоненттерін біріктіреді де біріңғай іс-әрекеттің акт түрінде көрінеді.

Организмнің функциональдық жүйесі
Функциональдық жүйе ұғымын ұсынып әрі - оның теориялық негізін қалаған және дамытқан П.К. Анохин болатын. Физиологиялық ғылымда ашылған бір құнды жаңалық болып табылады. Бұл теория организмнің әр түрлі күрделіліктегі, белгілі бір мақсатқа бағытталған іс-әрекеттік реакцияларының механизмін түсіндіруге қызмет етеді. Функциональдық жүйе -- белгілі бір нақты бейімді пайдалы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерді іске асыратын орталық нерв жүйесінің тиісті құрылымдары мен атқарушы (шеткі) органдардың (құрылымдар) динамикалық бірлестігі. Анохиннің түсінігі бойынша, функциональдық жүйе түзуші ең негізгі шешуші фактор -- әрекет нәтижесі. Организмнің пайдалы нәтижеге қолы жеткенде оның тиісті қажеті өтеледі, қанағаттану іске асады. Осыған орай функциональдық жүйе тарайды, мақсатқа бағытталған іс-әрекет тоқтайды. Ал егер орындалған әрекеттердің нәтижесі организмді қанағаттандырмаса (пайдалы нәтижеге қол жетпесе), функциональдық жүйе басқаша құрылып мақсатты іс-әрекет одан әрі жалғаса береді. Кезкелген психикалық немесе қарапайым іс-әрекет функционалдық жүйенің құрылуымен, жүзеге асуымен жүреді. Кезкелген қандай да бір әрекеттің ұйымдасуын қарастырайың: адамның кезкелген тілегі қажеттілікпен негізделген, адамда олар қарапайым физиологиялық, мысалы, аштық, шол, т.б. және әлеуметтік болуы мүмкін.
Әрбір функциональдық жүйе қызметінің құрылымына міндетті түрде кіретін мынадай шешуші звеноларды ажыратады: яғни кез келген функционалдық жүйенің негізі мынадай: 1) афференттік талқылау; 2) шешім қабылдау; 3) әрекет нәтижесінің акцепторы; 4) соматикалық және вегетативті қызметтерді тұтас әрекеттік актіге жұмылдыратын әрекеттік қозудың кешенінің қалыптасуы; 5) әрекет нәтижелері және оның параметрлері (негізгі белгілері); 6) нәтиже параметрлерінің кері афферентациясы (соңғы афференттік импульстер).
Афференттік талқылау кез-келген іс-әрекеттік реакцияның бастапқы звеносы. Бұнда нені, қалай, қашан атқару керек дейтін сұрақтар жауабын табады. Афференттік талқылау іске асу үшін база ретінде төрт компонент қызмет етеді: 1) доминанттық мотивация және оның әсерлік деңгейін анықтаушы эмоция; 2) жағдайлық (нақты жағдай) афферентация; 3) іске қосушы афферентация; 4) ес аппараты. Бұл компоненттердің өзара әрекеттесуі үш түрлі нейродинамикалық факторлар көмегімен іске асады: а) бағдарлар-зерттеу реакциясы; б) қозудың нейронға конвергенциясы; в) қозудың қыртыс -- қыртысасты реверберациясы. Осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызметтік жүйелер туралы П.К.Анохиннің ілімі
Орталық нерв жүйесі және жоғарғы дәрежелі нерв әрекеті физиологиясы пәнінен дәріс материалдары
Нерв жүйесінің құрылымдық-қызметтік құрылысы
Эфферентті нерв ұштарына әсер ететін заттар
Адам және жануарлар физиологиясы пәнінен дәріс материалдары
Сана проблемасының философияда қойылуы
Тері анализаторы
«Психофизиология» пәннің оқу әдістемелік кешені
Нерв жүйесінің жалпы физиологиясы
ОЖЖ-нің жеке физиологиясы
Пәндер