Популяцияның экологиялық құрылымы
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
a) Популяция, анықтамасы.
b) Популяцияның экологиялық құрылымы.
c) Популяцияның генетикалық құрылымы.
d) Генетикалық полиморфизм
e) Харди-Вайнберг заңы.
f) Адам популяцияларындағы эволюциялық факторлар.
ІІІ. Қорытынды.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Популяция деп (лат. Populus - халық, тұрғын) - белгілі бір жерді ұзақ уақыт мекендеп, бір-бірімен еркін будандасатын биологиялық түр дараларының жиынтығын айтамыз. Популяциялар түрдің тіршілік ету, эволюциялану формасы болып табылады. Олар ағзалардың сыртқы орта факторларымен әрекеттесуінің нәтижесінде, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік және табиғи сұрыптау салдарынан қалыптасады.
Популяция терминін биологияға 1903 жылы Иогансен енгізген болатын.
Популяциялардың экологиялық және генетикалық сипаттамалары болады.
Популяцияның экологиялық құрылымы
Популяцияның экологиялық сипаттамасына ареал мөлшері, даралар саны, жастық құрамы, жыныстық құрамы жатады.
Ареал мөлшері:
* Популяцияның мекендейтін ареалының мөлшері, ол ағзалардың жекелей белсенділігінің радиусына байланысты.
* Мысалы, ұлу өте баяу қозғалады, ол бірнеше метрге ғана жылжи алады, демек оның ареалының мөлшері кішкентай. Ал су тышқаны жүздеген метрге барып келе алады, демек оның ареалдары үлкен.
Популяцияның экологиялық құрылымы
Даралар саны:
Даралардың саны да әртүрлі болып келеді. Мысалы, инеліктің популяциясында 30000 жуық даралар болатын болса, ұлу популяциясында небәрі 1000 жуық даралар кездеседі. Даралар санының ең төменгі деңгейі болады. Ол деңгейден азайса, популяциялар жойылады.
Әр түрлі түрлер популяцияларның жастық және жыныстық құрамдары құбылмалы болып келеді, олар популяцияның тіршілік ұзақтығына, көбею белсенділігіне, жыныстық жетілу мерзімдеріне байланысты болады.
Адамдардың сан жағынан шағын, 1500-4000 адамнан аспайтын кішкентай популяцияларын демдер , ал одан кішкентай 1500-ден аз адамдардан тұратын популяцияларды изоляттар деп атайды. Демдер мен изоляттар өте баяу көбейеді, демдер - 20, изоляттар - 25 пайыз мөлшерінде. Сол сияқты, демдер мен изоляттарда туыстық некелесу жиілігі өте жоғары дәрежеде болады. Ал ол рецессивті аллельдердің гомозигота күйіне өтіп, кейбір аурулардың дамуына алып келеді. Егер изоляттар 4 буыннан астам уақыт бір жерде өмір сүретін болса, оның әрбір мүшелері бір-бірімен кем дегенде шөберелес ағалы-інілі немесе апалы-сіңілі болуы мүмкін.
Популяцияның генетикалық құрылымы
Популяцияны генетикалық тұрғыдан салыстыратын болсақ оның өзіне тән генофонды болады. Табиғи популяциялардың генетикалық сипаттамалары:
1. Генофонд дегеніміз популяция дараларының генотиптерінің жиынтығы.
2. Генетикалық полиморфизмі.
3. Генетикалық біртұтастығы.
4. Әр түрлі даралардың өзара
динамикалық тепе-теңдігі.
Табиғатта особьтардың бірқалыпты орналасуы сирек кездеседі. Кездейсоқ (диффузиялық) орналасу көптеген өсімдіктерде, ясануарларда кездеседі. Топтанып орналасуда (мозайкалық) особьтар топ-топ болып кездеседі, мысалы, сүтқоректілер табыны, құстар колониясы. Топтанып орналасу популяция үшін қолайсыз жағдайларда үлкен тұрақтылық береді. Жануарлардың ортаның қолайсыз жағдайларына немесе олардың даму циклдарына байланысты жылжып қозғалуын миграция деп атайды.
Олар жүйелі (тәуліктік немесе маусымдық) және жүйесіз (қуаңшылық, су тасқыны, өрт, және т.б.) болуы мүмкін. Мысалы, құстардың жылы жаққа ұшуы маусымдық миграция жатады.
Генетикалық полиморфизм
Популяцияларда ұзақ уақыт тепе-теңдік күйінде болып, мөлшері жағынан ең сирек кездесетін генотиптен 1%-дан артық болатын бірнеше генотиптің кездесуін генетикалық полиморфизм деп атаймыз. Генетикалық полиморфизм мутациялар және комбинативтік өзгергіштік салдарынан түзіледі және табиғи сұрыптау арқылы бірқалыпты деңгейде сақталынады. Оның 2 түрі бар:
1. Адаптациялық полиморфизм.
2. Балансты немесе гетерозиготалы полиморфизм.
Адаптациялық полиморфизм - заңды түрде өзгеріп отыратын ортада сұрыптау әр түрлі генотиптерге қолайлы болатын болса адаптациялық полиморфизм түзіледі. Мысалы, екі нүктелі қанқызының популяциясында күздің ақырында қара түсті қоңыздар ,ал көктемде қызыл түсті қоңыздар басым болады. Мұның себебі қызыл түсті қоңыздар суыққа шыдамды болса, қара түсті қоңыздар жаздың күні жедел көбейе алады.
Балансты полиморфизм - егер сұрыптау рецессивті және доминантты гомозиготалыларға қарағанда гетерозиготалыларға қолайлы болатын болса, онда балансты полиморфизм қалыптасады. Мысалы, жеміс шыбынының жасанды популяциясында алғаш мутантты қара денелі (рецессивті) шыбындар басым болып, шамалы уақыттан кейін қара денелілердің саны азайып, 10 пайыз мөлшеріне жетіп тоқтаған.
Харди-Вайнберг заңы
Популяцияның генетикалық біртұтастығы олардың кең көлемді панмиксиясымен байланысты, яғни популяция даралары өзара еркін будандасады. Популяция генофондында белгілі жағдайларда әртүрлі аллельдерден тұратын генотиптер мөлшері ұрпақтан-ұрпаққа тұрақты болады. Ол Г.Харди - В.Вайнберг заңы арқылы сипатталады. 1908 жылы ағылшын математигі Г.Харди және неміс дәрігері В.Вайнберг панмикстік популяциялардағы генетикалық үдерістерді сипаттап жазды. Оны Харди-Вайнберг заңы деп атады.
Харди-Вайнберг заңы төмендегі шарттар орындалған жағдайларда байқалады:
oo Даралардың бір-бірімен еркін будандасуы керек(панмиксия);
oo Популяцияларда сұрыптау, яғни сұрыптаудың салдарынан гендер жойылып кетпеуі керек;
oo Миграция салдарынан жаңа гендер келіп енбеуі қажет;
oo Популяция көлемі шексіз ірі, яғни даралар саны өте көп болуы қажет.
Харди-Вайнберг заңының 3 қағидасы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz