Орталық жүйке жүйесіндегі қозу



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
* ОЖЖ жұмыс қызмет етудiң үйлестiретiн ұстанымдары
* Орталық жүйке жүйесіндегі қозу
* Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу
* Тежелудің түрлері
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Тежелу -- физиологияда қозуды басатын немесе әлсірететін белсенді жүйкелік процесс; белгілі бір әрекеттің бәсеңдеуі немесе тоқтауымен сипатталатын құрылымдардың ерекше биологиялық күйі. Тежелу шеткі органдарға да, орталығы жүйке жүйесіне де тән. Орталығы жүйке жүйесіндегі Тежелу процесін алғаш рет И.М. Сеченов ашқан (1862), физиологияда мұны Сеченов тежелуі деп атайды. Орталығы жүйке жүйесінде тежелудің 2 түрі байқалады.
1. бастапқы тежелу орталығы жүйке жүйесіндегі арнаулы тежелу нейрондардың әрекетінің нәтижесінде туындайды;
2. салдарлық тежелу арнаулы тежелу құрылымдардың қатысуынсыз, қозу процесін тудыратын нейрондарда пайда болады.

ОЖЖ жұмыс қызмет етудiң үйлестiретiн ұстанымдары
Көптеген мүшелердің қызметтерін біріктіріп, байланыстырып, сыртқы ортаның әсеріне бейімделуін орталық жүйке жүйесінде ағзаның қызметтерінің үйлестірілуі дейді. Орталық жүйке жүйесінің рефлекторлы реакцияларды үйлестіруі қозу мен тежелудің бір-бірімен байланысына және олардың қасиеттеріне негізделген. Координацияның жалпы заңдылықтары немесе принциптері айқындалған.
Жалпы ақырғы жол принципі. Бұл принципті ағылшын физиологы Ч.Шеррингтон қалыптастырған. Әртүрлі көптеген афференттік талшықтар арқылы орталық жүйке жүйесіне келетін импульстер 1 ғана қондырма немесе эфференттік нейрондарға тоғысуы (берілуі) мүмкін. Бұл принцип эфференттік нейрондардан афференттік нейрондар санының әлде қайда көп екендігімен түсіндіріледі, сондықтан афференттік нейрондар эфференттік және қондарма нейрондардың денелері мен дендриттерінде көптеген синапстарды түзеді. Ақырғы жол әр түрлі рефлекстердің орындалуына қатынаса алады және организмдегі кез келген рецепторлық аппаратпен байланыста бола алады. Жалпы ақырғы жолы бар рефлекстерді одақтастар және онтогонистер деп ажыратады. Біріншілері бірін-бірі қолдайды, күшейтеді, ал екіншілері, керісінше бірін-бірі тежейді, яғни , өзара жалпы ақырғы жол үшін күреседі.
Иррадиация принципі. Орталық жүйке жүйесінде қозудың таралуын иррадиация деп атайды. Егер әсер ететін тітіркендіргіш күшті және ұзақ әсер ететін болса, иррадиацияның көрініс беруі де жоғары болады. Бір жүйке орталығында пайда болатын қозу көрші жатқан жүйке орталығына да тарала алады. Бұндай қозу таралуын ондағы нейрондар өсінділерінің толып жатқан тармақтарының және әр түрлі жүйке орталықтарын өзара байланыстырып жатқан аралық нейрондар тізбектерінің болатындығы қамтамасыз етеді.
Индукция принципі. Жүйке орталығында қозу тежелуге немесе тежелу қозуға жылдам ауысады, сонымен қатар бір жүйке орталығының қозуына байланысты екінші бір жүйке орталығының қозуы тежеледі немесе бір жүйке орталығы тежелгенде екіншісінің қозуы күшейуі мүмкін. Бұны қозу мен тежелудің индукциясы деп атайды. Қозу мен тежелудің өзара әрекеттесуі өзара индукция құбылысына негізделеді. Егер бір аяқты бүгетін еттермен байланысты жүйке орталығында қозу туғанда, оның жазғыш еттерімен байланысты тежелу туады (теріс индукция), ал екінші аяқты жазғыш еттерімен байланысты орталықта қозу туғанда, бүгуші еттерімен байланысты керісінше, тежелу туған (оң индукция). Антогонистік еттердің жүйке орталықтары бір мезгілде қарама-қарсы күйде болады. Бұл реципроктық иннервация. Реципроктық иннервацияға байланысты туатын тежелуі - реципроктық тежелу деп атайды.
Рефлекстердің реципроктық иннервацияға негізделген бірін-бірі тежеуін бірмезгілді теріс индукция деп те атайды.
Рефлекторлық әрекеттердің үйлестіру механизмінде жүйке орталығы күйінің контрасты өзгерістерінің де маңызы үлкен. Мәселен, жүйке орталығын тежеуші әсерлер аяқталысымен онда қозу туа алады (бір ізді оң индукция), немесе қозу аяқталысымен тежелу туады (бір ізді теріс индукция).
Доминанта принципі. Бұл принципті А.А.Ухтомский ашты және оны ол жүйке орталықтары жұмысының негізгі принципі деп есептеді. Доминантаның мәнісі - белгілі бір жағдайда белгілі бір жүйке орталықтарындағы қозу басқа жүйке орталықтарындағы қозудан күшті және басым бола алады. Күші басым қозу ошақтары өзінен әлсіз қозу ошақтарына қарағанда доминантты роль атқарады. Мұндай доминанты жүйке орталығы бір жағынан әлсіз қозуларды тежейді, екінші жағынан, өздерін солардың есебінен одан әрі күшейте, тұрақтандыра түседі. Осыған орай орындалатын рефлекторлық реакциялар үйлесімді, белгілі бір мақсатқа, пайдалы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттер іске асады. Доминантты қозу ошағының басты қасиеттері: 1) жоғарғы қозғыштық; 2) қозудың тұрақтылығы; 3) қозуды жинақтай алуы; 4) қозуды тудыратын әсер тоқтағаннан кейін де ұзақ сақталуы.
Кері байланыс принципі. Кері байланыстар үрдістерінің маңызына айрықша мән бергендерінің бірі Н.А.Бернштейн болды. Ол физиологиялық үрдістердің өздігінен реттелу механизмдерін зерттеу барысында, рефректорлық реакциялар орындалу үшін рефректорлық шеңбер керек, ал бұл шеңбердің маңызы звеноларының бірі кері байланыстар деп есептеледі. Кері байланыс рефлекторлық реакцияны бағалауға, қателік кетсе әр уақыт үзіндісінде түзету ендіруге мүмкіндік береді.

Орталық жүйке жүйесіндегі қозу
Қозу жүйке клеткасының деполяризациясының нәтижесі болып табылады, ол натрий мен кальцийдің иондарына мембрана өткізгіштігінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүйке тіндері. Жүйке тіндерінің химиялық құрамы мен биологиялық қызметтері
Орталық жүйке жүйесіндегі нерв орталығының қызметтері
Рефлекс және оның түрлері
Орталық жүйке жүйесінің бөлімдері
Рефлекс және оның түрлері, олардың түзілу механизмдері
Қозу мен тежелу
Орталық жүйке жүйесін рефлекстік үйлестіру
Нервтердің жіктелуі
Жүйке жүйесінің маңызы
Орталық жүйке жүйесі
Пәндер