Жынысты және жыныссыз көбею



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
I. Негізгі бөлім
II. Кіріспе
✓ Көбею
✓ Жынысты және жыныссыз көбею
✓ Ұрықтану, ұрықтанудың типтері
✓ Тіршіліктің құрылымы
✓ Тіршілік деңгейлері
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Шындығына келсек, тіршілік ететін ағзалардың барлығы жасушалардан
тұрады, олардың құрғақ масса құрамының 80%-ы нәруыз. Оның үстіне
нәруыздардың химиялық құрамы, қасиеттерінің алуан түрлілігінде шек жоқ,
сондай-ақ тірі ағзаның әрқайсысында сирек ұшырасады. Олар химиялық
ізденістердің қажетті бағытта өтуін қамтамасыз етеді және бұл ізденістері
жеке жасушаларда да, біртұтас ағзаларда да бақыланады. Нәруыз немесе
күрделі нәруыздар қоспасы өзінен-өзі ешқандай тірілік (живое) қасиет
көрсетпейді. Жасушалар нәруызы, сондай-ақ ағзалар тірі жүйеден тысқары кез
келген өзге химиялық зат тәрізді тіршілік қалпында қалады. Ең алдымен
тіршілік дегеніміз - бұл тіршілік иесінің өз құрылымдық жаратылымын белгілі
жоғары деңгейде қолдай алуы. Бұл қасиет сыртқы ортадан алынған зат есебінде
дамып, көбейеді. Мысалы, кристалдар да ерітінділерден белгілі молекулаларды
тартып алып, өсе алады. Айырмашылығы - кристалдар бір типті заттардан
тұрады және сол затты құрылыс материалы ретінде тұтынады, демек химиялық
өзгерту жүзеге аспайды. Сондай-ақ энергия шығындалмайды.
Көбею немесе репродукция – барлық тірі организмдердің өсіп өнуін
белгілі бір түрдің сақталуын қамтамасыз ететін күрделі биологиялық процесс.
Көбею қарқыны жануарлар өмірінің ұзақтығына, жыныстық жағынан жетілу
кезеңіне, буаздық мерзіміне, туған төл санына, сондай-ақ, құстарда бір
ұялағандағы жұмыртқа санына және тіршілік ортасы жағдайына, оның әсеріне
байланысты. Көбеюдің жануарларда кездесетін түрлері өсімдіктерде де болады.
Адамның Көбеюі биологиялық ерекшеліктерімен қатар әлеуметтік-экономикалық
жағдайға және адамның психикалық әрекетіне байланыстыю

Көбею жыныссыз және жынысты болады.
1. Жыныссыз көбею.
Табиғатта көбеюдің кең таралған екі түрі бар: жыныссыз көбею және
жыныстық көбею.
Жыныссыз көбею – көбеюдің қарапайым түрі болғандықтан, жыныстық
көбеюден бұрын пайда болған деп есептеледі. Көбеюдің бұл түрі өсімдіктерге
де, жануарларға да тән. Жыныссыз көбеюдің өзінің екі түрі болады: нағыз
жыныссыз көбею және вегетативті (өсімдіктерде) көбею.
Нағыз жыныссыз көбею кезінде организм денесінің сыртынан кейде
жасушалардың тобы бөлініп шығады.
Осы жасушалардың тобынан дамудың барысында дербес өзіндей түр пайда
болса, оны нағыз жыныссыз көбею деп атайды. Жыныссыз көбеюге жануарлардан
гидраның, гидроидті маржан полиптерінің және тағы басқа омыртқасыздардың
көбеюін жатқызуға болады.
Осындай көбею өсімдіктерде спора арқылы жүзеге асырылады. Құрлықтағы
өсімдіктердің сырты қалың қабықпен қапталып, қолайсыз ортаның әсеріне
төзімді келеді. Орта жағдайы қалпына келгенде, гаплоидті жасушалар спораның
жәрдемімен жыныссыз көбейеді. Олар сумен, желмен және жануарлар арқылы
таралады.
Вегетативті көбею екіге бөлінеді: табиғи вегетативті көбею және қолдан
вегетативті көбейту.
Табиғи вегетативті көбею.Табиғатта өсімдіктердің көпшілігі вегетативті
жолмен көбейеді. Әсіресе төменгі сатыдағы өсімдіктердің денесі екіге
бөлініп, екі жас жасуша пайда болады да, әрқайсысы дербес өсімдікке
айналады. Көп жылдық шөптесін және сүректі өсімдіктер де табиғи вегетативті
жолмен көбейеді. Әсіресе өсімдіктердің жер бетіндегі өркендері арқылы
көбеюі көп таралған.Бұларға мұртшаларынан, шыбықтарынан, сұлатпа
бұтақтарынан өсіп көбейетін өсімдіктер жатады.Сонымен қатар жер астындағы
өркендерінен, тамыр атпаларынан көбею де табиғи вегетативті көбеюге жатады.
Қолдан вегетативті көбейту.Адам әр түрлі әдістерді қолданып,
өсімдіктерді өсіріп, көбейтеді. Қолдан вегетативті жолмен көбейтудің
бірнеше жолдары бар. Соның ішінде көп таралғаны – телу.
Телу дегеніміз- бір өсімдіктің бүршігі бар бөлігін алып,екінші өсімдік
денесіне ұластыру. Қазіргі кезде телуді трансплантация деп атайды.Яғни,
өзінің тамырында өсіп тұрған өсімдікті телітуші, ал оған әкеліп
ұластырылған бүршігі бар бөлікті телінуші деп атайды. Телітуші мен
телінушінің әрқайсысын компонент дейді.Телу ісі нәтижелі шығу үшін,
алдымен, әрбір компонентті сұрыптай білу қажет.Телінуші ретінде алынатын
компонент жас, ауруға шалдықпаған, жемісі ірі және тәтті, тағы басқа
қасиеттері болғаны дұрыс.Осындай қасиеттерін сұрыптап алып, орыс
селекционері И.В.Мичурин телу жұмысын жүргізген.
2.Жыныстық көбею.
Жыныстық жолмен көбею деп сперматозоид пен жұмыртқа жасушалары
ядроларының қосылуын айтады. Жыныс жасушаларын гамета деп атайды. Ендеше
анлық және аталық жыныс бездерінде гаметалар дамиды. Аналық организмде
жұмыртқа жасушалары, ал аталық дара организмде сперматозоидтер түзіледі.
Омыртқалы жануарлардың жыныс жасушалары пішіні мен мөлшері жөнінен әр түрлі
болады. Мысалы, балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар мен құстардың
жұмыртқа жасушалары ірі, сүйір пішінді болып келеді. Тауықтың жұмыртқа
жасушасының мөлшері ірі, цитоплазмасында қоректік заттың қоры – сарыуыз
болады. Жұмыртқа жасушасы қозғалмайды, ал құрылысына сәйкес сперматозоидтер
қозғалғыш келеді.
Демек жынссыз көбеюден жыныстық көбеюдің негізгі айырмашылығы – оған
екі организм қатысады.
3. Партеногенез.
Табиғатта сирек болатын жыныстық көбеюдің ерекше түр өзгерістерін
партеногенез деп атайды.Партеногенез грекше partenos- қыз, genesis -
туу, пайда болу, яғни ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасынан жаңа аналық
организмнің дамуы деген мағынаны білдіреді.
Бұл құбылыс табиғатта өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінде
кездеседі. Мысалы, дафнияда ұрықтанбаған жұмыртқа жасушасынан
партеногенетикалық аналықтар дамиды. Ұрықтанған жұмыртқалар қыстап шығып,
көктемде партеногенез жолымен көбейе алатын аналықтар қайтадан дамиды.
Аталықтар күзде пайда болады. Бұл құбылыс баларада, жабайы арада,
өсімдіктерде – бақбақта, тағы басқаларында кездеседі.
Баларада партеногенез басқаша жүреді. Ұрықтанбаған жұмыртқалардан тек
аталықтар (трутеньдер), ал ұрықтанғандарынан аналықтар (аналық ара) мен
жетілмеген аналықтар (жұмысшы аралар) дамиды.Жоғары және төменгі
температурамен әсер ету арқылы жасанды жолмен ұрықтанбаған жасушадан жаңа
организмдер дамитыны дәлелденді.Бірақ бұл құбылыс өте сирек кездеседі.
Атақты орыс генетигі Б. Л. Астауров жасанды партеногенездік жолмен
көбею қабілеті бар жібек құртын алды.
Жыныссыз көбею – көбеюдің қарапайым түрі.
Жыныстық жолмен көбею - сперматозоид пен жұмыртқа жасушалары
ядроларының қосылуын айтады.
Партеногенездің ерекшелігі – ұрықтанбаған жұмыртқалардан тек аналықтар,
ал ұрықтанғандарынан аталықтар дамиды.Тіршіліктің құрылым деңгейлері

Адам баласын ежелден толғандырып келе жатқан өзекті мәселелердің бірі —
тіршіліктің пайда болуы, оның түрлі геологиялық замандардағы тарихи даму
заңдылықтары. "Тіршілік" ұғымы жер бетіндегі барлық тірі организмдердің
жиынтығын және олар тіршілік ететін табиғи орта жағдайларын тұтасымен
камтиды. Тіршіліктің мәні тірі организмдердің өзінен кейін үнемі ұрпақ
калдырып отыруымен айқындалады. Бұл кезде ұрпақтан-ұрпаққа генетикалық
ақпараттар беріліп, организмдер әрі өзін-өзі реттеп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көбею - тірі ағзалардың ортақ қасиеті
Вегетативтік көбею
Жынысты және жыныссыз көбею түрлері
АҒЗАЛАРДЫҢ КӨБЕЮІ ЖӘНЕ ДАМУЫ
Ағзалардың көбею түрлері
Өсімдіктердің көбеюі және табиғатта таралуы
Саңырауқұлақтардың топтануы
Вегетативтік жолмен көбею
Өсімдіктердің көбеюі және ұрпақ беруі туралы
Балдырлар классы
Пәндер