Тұқым қуалайтын аурулардың пайда болу салдары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
• Тұқым қуалайтын аурулар.
• Тұқым қуалайтын аурулардың пайда болу салдары.
• Зерттеуші ғалымдар.
• Тұқым қуалайтын ауруларды емдеу және болдырмау шаралары.
• Алдын алу емдеу жолдары.
III. Қорытынды.
IV. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе.
Тірі организмдер бар уақытша сыртқы мекен ортасымен
тікелейбайланысты. Өз тіршілігіне керекті ауаны, қоректік заттарды т.б
сіңіріп, тіршілік нәтижесінде пайда болған зиянды заттарды шығарады.
Адамның өзінің іс-әрекетінің арқасында сыртқы ортаны белсенді түрде
зерттеуде. Адамзат қоғамының дамуымен байланысты бұл әсер біртіндеп күшейе
түсуде. Табиғаттың коптеген заңдылықтарын білмегендіктен, оларды бұза
отырып, адам өзінің өиіріне оның зиянды әсерін сезуде. Өнеркәсіп кәсіп
орындары суды пайдалана отырып, кейде жануарлар мен адамның денсаулығына
зиянды улы қалдықтарды өзендер мен колдерге құяды. Завоттар,
автомобильдер, фабрикалар ауаны түтін мен ластайды, зиянды улы заттар бөліп
шығарады. Егін шаруашылығында жабайы өсімдіктер, зиянкес кемірушілер мен
және насекомдармен күресу үшін түрлі улы химиялық заттар (гербициттер,
пестийиттер, инсектоциттер) қолданылады. Олар топырақты уландырып, жер
астындағы суларға өтіп, оларды ластайды. Транспорттан бөлінген мұнайдың
қабаты мұхит бетін жауып, теңіздегі тірі организімдердің тіршілігіне
зиянды әсер етеді.
Атом бомбаларын сынау және атом энергиясымен жұмыс істейтін
өндірістердің қалдықтарына немқұрайды қараудан ауаның, судың және
топырақтың радиоактивтілігі артуда. Радиоактивті заттар сүйектердің
қызыл кемігінде жиналып қанның ақ түйіршіктерінің орасан көбеюіне (ақ
қандылық ауруы), рак ауруларына әкеліп согады.
Жыныс бездеріне әсер етіп, онда пісіп жетілген жыныс клеткаларындағы
тұқым қуалаушылықтың негізгі хромосомдарга зақым келтіреді. Келесі
ұрпаққа зиянды әсер етіп, олар неше түрлі тұқым қуалайтын ауруларды
тудырады.
Жоғарыда келтірілген адам тіршілігінде ездесетін тұқым қуалаушылыққа
әсер ететін факторлерді мутагендер деп атайды. Ал олардың әсерінен туған
өзгерістерді мутациялар дейді.

Тұқым қуалайтын аурулар.
Тұқым қуалайтын аурулар деп этиологиялық тегі мутациялардан болатын
кеселдерді айтады. Туа болатын ауруға бала дүниеге келгенде бар кеселдерді
жатқызады. Бұлар тұқым қуалайтын және тұқым қуалайтын жағдайларға
байланысты. Тұқым қуалайтын аурулар екі үлкен топқа бөлінеді: хромосомалық
және гендік. Бірінші топ хромосомдық және геномдық мутацияларга қатысты
болса, екіншісі – гендер мутациясының салдары. Моногендік аурулар тұқым
қуалау жолына қарай аутосомды – доминантты, аутосомды – рецессивті және
жыныс хромосомаларымен қиылыса беріледі.
1949 жылдан бері Семей жерінде ядролық сынақтар жүріп жатырған кезде.
Жергілікті халық бірнеше халық бірнеше жылға дейін жүргізіліп жатқан
денсаулыққа қауіпті ядролық сынақтар туралы ешқандай хабарсыз болды. 1949
– 1963 жылдары жарылыстар жер бетінде, атмосферада жүргізілді. Бұл кезде
аудан жұртшылығы радиация алғандығы анық. Радиацияның адам организіміне
қалай әсер ететінін түсіну үшін алғашқы тәжірибелерді қарастырайық. 1925
жылы радиацияның өзгергіштік әсерін Г.А. Надсон мен Г.С. Филипов
саңырауқұлақтарда, ал 1927-1929 жылдары Л. Стадлер мен А.А Сапегин жүгері
де көрсетті. Американ ғалымы Г.Миллер (1927) ретген сәулесін пайдалана
отырып жеміс шыбынында коптеген өзгергіштікті тудырады. Бұл зерттеулердің
нәтижесінде генетиканың жаңа бөлігі радиациялық генетика пайда болды.
Радиация клетка құрамындағы тұқым қуалайтын материалға әсер етеді. Осы
тұқым қуалайтын заттағы өзгерудің сипатына қарай, мутацияларды гендік,
хромосомдық және геномдық деп бөлуге болады. Мутацияның үш түрін қарастырып
көрелік.
Гендік мутациялар өте ұсақ, микроскоппен де көрінбейтін бір геннің
мөлшеріндегі өзгерістер. Өзгеріске ұшыраған ген қалыптағы геннен химиялық
құрамы немесе құрылысымен ажыратылады. Гендік мутация деп ДНҚ
молекуласындағы нуклеотидтердің немесе олардың орналасу ретінің өзгеруін
айтамыз. Қалыптағы ген тәрізді жаңа ген де өзін өзі қосарландыра алады
және бір ұрпақтан келесі ұрпаққа беріледі.
Хромосомдық мутациялар хромосомдар ішінде және хромосомдар арасында
болуы мүмкін.хромосом ішіндегі қайта құруларға бір хромосомның ішінде
болатын өзгерістер жатады (хромосомның кез келген бөлігінің түсіп қалуы,
екі еселенуі немесе 180º айналуы). Хромосомдар арасындағы қайта құрулар –
бұл гомолог емес хромосомдардың бөліктерімен алмасуы. Мысалы, бір
хромосомнан үзіліп қалған бөлік басқа жұп емес хромосомға жалғасуы
мүмкін. Онда бұрын бірінші хромосомдардың гендерінен тіркескен осы
бөліктегі гендер, басқа гендермен тіркесетін болады. Хромосомдық мутациялар
теңгерілген және теңгерілмеген болуы мүмкін. Соңғысы организімнің
дамуын едәур бұзады. Барлық осы тәріздес қайта құрулар хромосомдардың
арнайы боялған препараттарынан микроскоппен жақсы көрінеді. Осындай
цитологиялық препараттардан зерттеуші хромосомдардың жеке бөліктерінің
жоғалғанын, қосылғанын немесе орын өзгерткенін көруіне болады.
Геномдық мутациялар – хромосомдар санының өзгеруі. Әр түрлі
организімде хромосодар саны тұрақты болады (мысалы дрозофиланың дене
клеткаларында барлығы 8 хромосом, адамда – 46 хромосом және т.б.) Пісіп
жетілген жыныс клеткаларының міндетті турде хромосомдар саны екі есе аз.
Осылайша жынысты жолмен көбейетін организімдерде екі типті клеткалар
бар: дене (сома) талшықтарының клеткаларындағы хромосом жиынтығы диплоидты,
ал жыныс клеткаларының хромосомдар жиынтығы гаплоидты.
Клетканың бөлінуінің бұзылуына байланысты, кейбір жағдайларда
хромосомдар жиынтығы үш, төрт немесе одан да көп формалар пада болады.
Клеткадағы хромосомдар санының бұлай көбеюінің полиплоидия деп атайды.
Егер клетканың бөлінуі кезінде қандай да бір жұп хромосом ажырамаса,
онда жаңадан пада болған клетканың біреуінде хромосомалардың біреуі
артық, ал басқасында біреуі аз. Бұл құбылысты гетероплоидия деп атайды.
Барлық геномдық және хромосомдық мутацияларды, көбінде, бірінші
ұрпақтын өзінде байқауға болады. Ал гендік мутациялар доминанттың және
рецессивтік болуы мүмкін. Доминанттылықтары бірден көрінеді де, ал
рецессивтері ұрпақтан – ұрпаққа жасырын түрде беріледі. Себебі, олардың
әсері қалыптағы жұп генмен басылады. Сондықтан туыс адамдардың арасындағы
некелесу зиянды. Туыс адамдар некелессе бұндай некеден ауру балалар жиі
туатыны ежелден белгілі. Адамдардың гендік мутацияларының көбісі
рецессивті, егер бала мұндай мутантық генді ата – анасының бірінен алатын
болса, онда ол байқалмайды. Бірақ жақын туысқандар да рецессивті
мутанттық гендері бірдей болады. Туыс адамдар некелессе , олардың баласы
ата – анасынан да рецессивтенді алуы мүмкін, осы жағдайда зиянды мутация
оның денсаулығына залалын тигізеді.
Атомдық энергияның адам тіршілігіндегі маңызына байланысты
ионизациялайтын агенттердің мутациялық әсерін зерттеуге қазіргі кезде
көп көңіл бөлінеді. Осыдан біраз бұрын, зиянды әсер етпейтін сәуленің
мөлшері және әсер ететін шекті мөлшерді деп бөлінетін. Қазір ешқандай
шектің жоқтығы анықталады. Себебі сәуленің ең кішкентай мөлшері
мутацияның жиілігін көбейтеді.
Сәуленің әсер ететін мөлшерінің көбеюіне байланысты мутацияның
жиілігі артады. Мутацияның жиілігі сәуле мөлшеріне тура
пропорциональді. Ионизациялық, хромосомдық, геномдық тудыруы мүмкін.
Бұл өзгерулер болашақ клеткалардың бөлінуі қатарында сақталады және
ұрпақтан – ұрпаққа беріледі.
Спонтандық мутацияның жиілігін тек бір ғана ионизазиялық радиация
емес, көптеген химиялық заттар да көбейтеді. Химиялық заттардың мутагендік
әсері кейде ионизациялық радиацианың әсерінен кем түспейді. Олардың
кейбіреулерін, өте күшті әсер ететіндер, радио-миметиктер деп атайды.
Себебі, олардың генетикалық эфекті радиацианың әсеріне ұқсайды.
1934 жылы Совет ғалымдары В.В. Сахаров пен М.Е Лобашев тұңғыш рет
химиялық заттардың әсерінен мутацияны қолдан алады. Химиялық заттар
радиациядай әсер ете алады деп болжады. 1946 жылы И.А. Раппопорт СССР-да
және Ш. Ауэрбах Англияда күшті эфектілігі жағынан рентген сәулесіне тең
химиялық мутагендерді (формальдегид пен спиртті) тапты. Қазіргі кезде
мутагендік эфекті бар көптеген химиялық қосылыстар белгілі.
Ионизациялық радиация және химиялық мутагендер неше түрлі
мутацияның түрлерін әр түрлі пропорцияда тудыра алады. Егер
ионизациялық сәуленің әсерінен хромосомдардың структурасында өзгеріс
пайда болатын болса, химиялық заттар гендік мутацияларды кобірек тудырады.
Әр түрлі мутагендер әсерінің неше түрлі болатыны және әр түрлі
мутацияларды әр түрлі жиілікпен тудыратыны белгілі болды. Осыдан
мутагендердің тудыратын мутациясының түрі өзіне тән екені байқалады. Бұл
факт өте қызықты. Себебі генетиктер мен селекционерлердің арманы –
тұқым қуалаушылықты өз қалауы мен реттеп, керекті бағыттағы мутацияларды
алу. Сондықтан, зерттеушілер әсерінің спекторы тар мутагендерді іздеп
табуға тырысады және мутагеннің тудыратын керекті мутацияның жиілігі
керексіз мутациялардын қосындысынан артық болуы қажет.
Мутацияны тек қана ионизациялық радиация мен химиялық заттар
тудырмайды, басқа да агенттер тудыра алады.
М.С Навашин мен Г. Штуббе 1933 жылы тұқымды бірнеше жыл тұқымды
бірнеше жыл сақтаудың нәтижесінде, ескерудің арқасында, мутацияның
жиілігі әлде қайда артатынын көрсетті. Бұл факт гендердің спонтандық
өзгерткіштігі клеткадағы физиологиялық және биохимиялық өзгерістерге
байланысты екенін дәлелдейді. Қартаюдың спонтандық мутациясының жиілігіне
әсері туралы тағы басқа да фактілер белгілі. Мысалы, қартайган
әйелдерден тұқым қуалайтын аурулары бар балалар жиірек туылады.
Биологиялық мутагендер – вирустар, бактериялар, микроскопиялық
саңырауқұлақтар және олардың тіршілік нәтижесінде пайда болатын улары
жатады. Мысалы, екі қабат әйелге қарамық ауруы жұқса, онда ол әйелдің
өзінде ешқандай аурудың белгісі болмайды, бірақ оның баласында аурулар
болуы мүмкін.
Өзгергіштің әр түрлі жиілікте болуына әсер ететін себептердің бірі
бұл гендердің өзі. Мысалы, кейде көп және аз жиілікпен өзгеретін
гендердің жиынтығының өзі мутацияның себебі бола алады. Осыған
байланысты тұрақты және өзгермелі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұқымқуалайтын аурулардың лабараториялы – диагностикалық және алдыны алу әдістері
Тұқым қуалайтын аурулардың этиологиясы
Тұқым қуалайтын аурулардың патогенезі
Медико- генетикалық кеңес
Тұқымқуалайтын ауруларды емдеудің негізгі принциптері. генотерапия
Медициналық генетикалық кеңес беру негіздері
Тұқым қуалайтын аурулар диагностикасы
Тұқым қуалайтын ауруға түсінік
Тұқым қуалайтын аурулардың алдын-алу, медициналық генетика
Клайнфелтер синдромы
Пәндер