ТМД елдеріндегі гидрометриялық зерттеулердің даму тарихы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті: « География және табиғатты пайдалану »

Кафедрасы: «Гидрология және метеорология»

СӨЖ

Тақырыбы: «ТМД елдеріндегі гидрометриялық зерттеулердің даму тарихы. »

Орындаған: Жиенбекова А. Т.

Тексерген: Арыстанбекова Д. Д.

Алматы-2018 жыл

Мазмұны

I. Кіріспе . . .

II. Негізгі бөлім . . .
1. ТМД елдеріне шолу.
2. ТМД елдеріндегі гидрометриялық зерттеулердің даму тарихы.

III. Қорытынды . . .

IV. Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Гидрометрия (гр. һуdor - су, metreo - өлшеймін) - гидрология ғылымының сұйықтықтың күйі мен қозғалысын, су нысандарының режимін сипаттайтын шамаларды өлшеу әдістерін зерттейтін бір саласы. Гидромтерияның көмегімен өлшенетін негізгі шамалар: су деңгейі, тереңдігі, арнаның табаны мен бедері; су арыны мен қысымы; ағыс бағыты мен жылдамдығы, жылдамдық пен қысым ырғағы, толқын белгілері, гидравликалық еңістік, судың лайлылығы, (тасындылар ағындысы), судың термиялық және мұздық режимін сипаттайтын көрсеткіштер, т. б. Су нысандарында су деңгейі су өлшеу құралдарымен жабдықталған гидрол. бекеттерде өлшенеді. Су деңгейін үзбей жазу үшін ламниграфламниграфтар мен мареографтар қолданылады; су туралы деректерді үлкен қашықтықтарға беру дистанциялық деңгей өлшеуіштердің жәрдемімен жүргізіледі. Лаб. және өндірістік жағдайда деңгей жазғыш немесе өлшеуіш ине пайдаланса, сұйықтықтың арыны мен қысымы монометрлер және пьезометрлермен өлшенеді. Судың тереңдігі Гидрометриялық рейкамен, темір сырықпен, футштокпен және лотпен өлшенеді. Су айдындарының тереңдіктері автоматты түрде Гидрометриялық профилографтармен (кескін жазғыштар) жазылады. Су ағысының жылдамдығы Гидрометриялық зырылдауықпен, түтікпен, термогидрометрмен, қалтқымен және электронды-мех. аспаптармен, т. б. өлшенеді. Арынды ағындарды өлшеу үшін диофрагмалар, Вентури түтігі, т. б. пайдаланылады. Өзен ағысын, сондай-ақ «аудан-жылдамдық» әдісімен өлшейді. Ағысы қатты тау өзендерінің шығыны «иондық араластыру» әдісімен (ағынға ерітінді-индикатор құйылады) анықталады. Арнадағы тасынды (жүзбе, түптік) мен иондық (еріген) заттардың шығыны батометрдің көмегімен өлшенеді. Өзеннің мерзімдік ағынын анықтау үшін су деңгейі мен ағынының графигі - гидрограф пайдаланылады.

ТМД елдері.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ( ТМД ) - ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым. ТМД-ға 11 мемлекет кіреді. Олар:

  1. Қазақстан
  2. Өзбекстан
  3. Қырғызстан
  4. Ресей
  5. Украина
  6. Түркіменстан
  7. Беларуссия
  8. Армения
  9. Молдова
  10. Тәжікістан
  11. Әзірбайжан

Тарихи шолу

Мемлекеттік құрылымы
Мемлекеттік құрылымы: Ресми тілі
Орысша
Мемлекеттік құрылымы: Елорда
Минск
Мемлекеттік құрылымы: Үкімет түрі
Достастық
Мемлекеттік құрылымы: Орындаушы хатшы
Сергей Лебедев

1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашхабадта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алматы Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.

ТМД елдеріндегі гидрометриялық зерттеулердің даму тарихы.

Ең ертедегі гидрометриялық бақылаулар бұрынғы КСРО-ның территорияларында біздің эрамыздағы бірінші мыңжылдықтан бастап жүргізілген. Ол кезде әртүрлі су өлшегіштер Орта Азиядағы - Заравшан, Амудария және Мургаб өзендерінің алабтарында ирригациялық жүйелерде суды бөлуге қолданылған.

Кеңес өкіметінің Еуропа территориясында су деңгейінің ауытқуын бақылау XII ғасырдың басынан жүргізіле бастаған. Оған дәлел Батыс Двина өзенінде қалдырылған жазбалар мен белгілер. Ондай су жолдарындағы белгілер Волга, Волхов және басқа өзендердің жағалауларында да кездеседі.

Су нысандарында инженерлік тәсілдерді қолданып көлемді және жүйелі зерттеулер I Петрдің кезінде жүргізілді. Ол жаңа су жолдарын игеруге және кеме қатынайтын каналдардың құрылысын жүргізуге байланысты болды. Сол кезде Волга және Дон, Ока және Дон, Москва өзенімен жоғарғы Волганың аралығындағы су айрықтарында бірінші рет инженерлік ізденістер жүргізілді. 1700 жылы Волга өзенінде, қазіргі Камышин қаласының төңірегіндегі бірінші ет су өтімі өлшенді, ал 1715 жылы I Петрдің нұсқауымен Нева өзеніндегі Петропавловск қамалында бірінші су өлшейтін бекет соғылды.

XIX ғасырдың 70-жылдарында, Ұлы Октябрь социалистік революциясының аралығындағы жылдарда өзендерді және көлдерді зерттеу жұмыстары кеңінен дамыды. Бұл кездерде тұрақты гидрологиялық станциялар және бекеттер ұйымдастырылды, өзендер режиміне жасалған алғашқы бақылау мәліметтері арқылы ғылыми қорытындылар жасалды. Мысалы, 1909 жылдан бастап қуаң жерлерді суландыруды кеңейтуге байланысты, өзендердің және көлдердің гидрологиялық режимдеріне тұрақты бақылау жүргізіле бастады. Осы жұмыстарды орындау үшін жерге орналастыру және егін шаруашылығы бас басқармасының жерді жақсарту бөлімі Түркістанда және Кавказда (1910 ж. ), ал 1913 жылы Ресейдің Еуропалық бөлігінде гидрометриялық бөлімдерді құрды. Гидрометриялық бөлімдер 600-ден астам тұрақты бекеттерді іске қосты. Солардың ішінде: Түркістанда -14 станция және 144 бекет, Кавказда - 10 станция және 100 бекет, ал Ресейдің Еуропалық бөлігінде - 374 су өлшейтін бекеттер құрылды. Станцияларда және бекеттерде жүйелі түрде судың деңгейіне және температурасына бақылаулар жүргізіле бастады, судың өтімі және тасындылар өлшеніледі, судың химиялық құрамы анықталады.

Гидрометриялық бөлімдердің еңбектері жылдық есептерде жарияланып отырылды, олар гидрометрияның дамуына үлкен үлес қосты, әсіресе, «Гидрометриялық бөлімінің 1910 жылғы Түркістан аймағындағы есебі» атты жылдық есепті бөліп айтуға болады. Онда В. Г. Глушковтың жетекшілігімен жасалған өте бағалы әдістемелік ұсыныстар болды.

1920-жылдарынан кейін экономикалық салаларды қалпына қайта келтіру, гидрометриялық бақылауларды бұрынғы қалпына келтіруді қажет етті. Ол үшін көп мөлшерде күрделі қаражат керек болды. Соған қарамастан көптеген гидрологиялық станциялар және бекеттер іске қосылды. Олардың санының өсуі 1. 1-кестеде келтірілген.

1. 1-кесте. Гидрологиялық жүйелердің дамуы

Жерлер
Жылдар
1917
1936
1941
1945
Жерлер: Еуропалық бөлік
Жылдар: 821
2583
2917
2500
Жерлер: Азиялық бөлік
Жылдар: 313
915
1330
1272
Жерлер: барлығы
Жылдар: 1134
3498
4247
3772

Соғыстан кейінгі жылдарда гидрометриялық өлшеулердің әдістемесін жетілдіруге және техникалық орындалуына, бақылау мәліметтерін қорытындылауға және ғылыми талдауға көп көңіл бөлінді. Соның арқасында гидрологиялық станцияларды және бекеттерді тиімді орналастырудың ғылыми негіздері ұсынылды. 1947 жылы гидрологиялық станциялардың және бекеттердің жалпы саны 4343-ке, ал 1980 жылдың 1 қаңтарында - 7083-ке жетті, ал одан кейінгі жылдары бұрынғы КСРО-ның дағдарысына және ыдырауына байланысты гидрологиялық станциялар және бекеттер сны күрт азайып кетті.

Қазақстан ауқымында алғашқы метеорологиялық бақылаулар 19-ғасырдың ортасында жүргізіле бастады. Ең бірінші бақылаулар 1848 жылы Қазалыда, 1854 ж. -Семей мен Ырғызда, 1856 ж. -Қызыл-Ордада, Алматы мен Оралда-1859 ж. басталды, ал 20-ғасырдың басында кең байтақ жерімізде 28 ғана метеорологиялық станциялар қызмет атқарды.

1922 ж. қаңтар айында бірінші астанамыз Орынборда Қазақстандық метеорологиялық бюро (Қазметбюро) іске қосылды. Ал 1940 ж. 210 метеорологиялық станциялар, 175 гидрологиялық бекеттер, 20 аэрологиялық пунктер жұмыс істей бастады, сонымен қатар 89 станцияларда агрометеорологиялық бақылаулар, соның ішінде 20 метеостанцияларда топырақтың ылғалдылығы анықталды.

Елімізде мал шаруашылығынжәне жем-шөп мәселелерін шешу үшін Алматы геофизикалық обсерваторияның негізінде 1950 ж. Қазақ ғылыми-зерттеу гидрометеорологиялық институты (ҚазҒЗГМИ) ашылды. Содан кейін 70-жылдарда Қазақстанның гидрометеорлогиялық станция жүйелерінің негізі құралып, олардың зерттеу мақсаттары экономикалық салалардың талаптарына сай болды. Осы кезеңде метеорологиялық станциялардың саны көбейіп, 295-ке жетті, олардың 240-да агрометеорологиялық бақылаулар жүргізілді, соның ішінде 180 станцияларда топырақтың ылғалдылығын анықтауға құрал-жабдықтар пайдаланылды. Сол кезеңде өзендердегі, көлдердегі және су қоймаларындағы бекеттердің саны 418-ге жетті, соның ішінде 318 гидрологиялық бекеттерде судың ағыны, ал 193 бекеттерде судың химиялық құрамы зерттелді. Кейінгі жылдары 47 пунктерде су бетінен булану үдерістеріне бақылау және зерттеулер басталып, қазіргі кезде де жалғасын табуда. Сонымен қатар, 231 пункте су бетінің және 67пунктерде ауаның ластануы үздіксіз бақыланып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гидрометриялық ізденістердің даму тарихы
Гидрологиялық бақылауларды метеорологиялық қамтамасыздандыру
Жетісу жеріндегі таңбалы тастардың тарихы
Тасқын сулармен күрес
Сарысу өзені алабының зерттелмеген өзендерінің ағындысын есептеу
Демография және әлеуметтану
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қатынастар
Қара Ертіс өзені алабының негізгі өзендерінің жылдық ағынды үлестірімі
Палеозойға дейінгі кезең
ААҚ «Гедеон Рихтер» компаниясының тарихы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz