Гидрологиялық бекеттердің негізгі түрлерімен олардың заманауи жабдықталуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті: География және табиғатты пайдалану
Кафедрасы: Гидрология және метеорология

СӨЖ

Тақырыбы: Гидрологиялық бекеттердің негізгі түрлерімен олардың заманауи жабдықталуы.

Орындаған: Жиенбекова А.Т.
Тексерген: Арыстанбекова Д.Д.

Алматы-2018 жыл
Мазмұны
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
II.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
1. Гидрологиялық бекеттердің негізгі түрлері.
2. Бекеттердің заманауи жабдықталуы.
2.1. Росгидромет желісінің қайта жабдықталуы.
III.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
IV.Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ..

Кіріспе

Гидрологиялық бекет -- жүйелі гидрологиялық байқаулар жүргізу мақсатында құрал-саймандармен жабдықталған су объектісіндегі (өзен, көл, бөген, канал, батпақ) орын (мекен). Гидрологиялық бөгеттің негізгі жабдығы -- сумен өткізу құралдары (гидрометриялық көпірше, гидрометриялық өткел, жылжымалы әрі аспа бесік, паром) және гидрометриялық су өтімі аз және өзге де ерекше жағдайларда бақылау арналары жасақталады немесе су өтімін көлемі арқылы өлшейтін жабдықтар пайдаланылады. Су объектінің режіміне жасалған байқаулардың нәтижелері гидрологиялық бекетте тіркеледі немесе қажет болғанда орталық пунктке жеткізіледі. Ағын сулар мен суқоймалардағы су деңгейін өлшеу жұмыстары су өлшеу бекеттерінде жүргізіледі. Гидрологиялық бекет ұзақ мерзімдік жыл он екі айлық байқау материалдары гидротехникалық имараттарды жобалау, құру, пайдалану кезінде, мелиорацияланған жерлердегі су режімін реттеу, су ресурстарын корғау үшін пайдаланылады.
Гидрологиялық бекеттің құжаты
Гидрологиялық бекеттің құжаты -- бекет жөніндегі мәліметтер (тұрған жері, жабдықтары, құрал-саймандары, бақылау бағдарламасы т.б.) түгел жазылған, гидрометеорологиялық қызмет тарапынан бекітілген ресми құжат. Гидрологиялық бекеттің құжатына қималар, жоспарлар, графиктер және бақылаулардың өнделген қорытынды тізімі қамтылады.[2]

Құрлықтағы су көздерінің гидрологиялық режимі зерттеу және халық шаруашылығының күнделікті және болашақта пайдаланатын судың мөлшерінің және сапасының есебі Республикалык Гидрометеорологиялық және табиғи ортаны қадағалау жөніндегі мемлекеттік комитетіне карасты гидрологиялық бекеттер мен станцияларда жүргізіледі. Сонымен бірге басқа да мекемелердің тұрақты немесе уақытша бекеттерінде де су объек-тілеріне бақылаулар жүргізіледі. Сонымен өзендердегі немесе су қоймаларындағы судың деңгейін анықтауға арнлаған құрылым гидрологиялық бекет деп аталады. [1]
Жер беті суларының гидрологиялық режимі бекеттердегі стандартты және арнайы экспедициялық және тақырыптық ізденістердің көмегімен зерттеледі.
Бекеттердегі стандартты, яғни жетекші кітапшада (наставление) белгіленген жұмыстарға өзендердің (каналдар) гидрологиялық режимінің мындай негізгі элементтеріне бақылау жүргізу жатады: судың деңгейі, су ағындысы, тасындылар ағындысы, судың температурасы, мұздық режимі, судың химиялық құрамы.
Өзендегі гидрологиялық бақылау жасауға үйғарылған орын негізгі үш шартқа жауап беруі тиіс. Олар: 1) бекет орналасқан үлескі айтарлықтай үлкен аймакқа репрезентативті
болуы шарт, яғни бақылау нәтижелерін гидрологиялық болжамдар,
есептеулер және аппарат үшін пайдалану мүмкіндігіне ие болуы
керек;
2) қарастырылған орын бақылау жүргізу үшін ыңғайлы болуы шарт;
3) бекетте немесе жақын жерде байланыс жүйесінің, болуы (телефон,
телеграф, радио).
Судың деңгейі су көздерінің маңызды элементтерінің бірі. Poundу деңгейіне басқа да элементтер тәуелді, олар: өзеннің ені, тереңдігі, су қимасының ауданы, еңістік, ағыстың жылдамдығы, су шығыны т. б.
Су көзінің су деңгейі деп су бетінің шартты түрде алынтан салыстырмалы горизонталь жазықтықтан өлшенген биіктікті айтады. Биіктігі өзгермейтін бұл жазықтықты гидрологиялық бекеттің О графигі деп алынады.
Өзендердегі су деңгейінің өзгеруін зерттеудің үлкен шаруашылықтық маңызы бар. Су деңгейі жөніндегі мәліметтер әр түрлі гидротехникалық суғару, құрғату каналдарын, су жолын және басқа да құрылыстарды салу; жобалау және пайдалану кездерінде кеңінен қолданыды.
Гидрологиялық бекет су өлшейтін құрылымдармен жабдықталады (су өлшейтін бекет), ол судың деңгейін жүйелі түрде өлшеуге мүмкіндік туғызады. Әрбір су өлшейтін бекет судың деңгейін тікелей өлшейтін қондырғылардан (рейкалар, қадалар, өзі жазғыш құралдар және т.б.) және тұрақты белгілер - реперлерден тұрады, олар арқылы барлық су өлшейтін құрылымдардың биіктік белгілері анықталады (рейканың нөлі, қаданың басы).
Су өлшейтін бекеттер мына бағыттарда топтастырылады:
1. Мақсаттары бойынша:
Негізгі (деңгейлік), онда белгіленген тұста судың деңгейлеріне жүйелі түрде бақылау жүргізіледі,
Гидротұстама, мұнда судың деңгейін және өтімін өлшегенде ғана бақылаулар жүргізіледі,
Гидроболжамдық (негізге қосымша), онда су режімін алдын ала болжау мақсатында бақылаулар жүргізіледі,
Еңістікті, онда су бетіндегі белгілерінің айырмасын анықтау үшін бақылаулар жүргізіледі,
Арнайы мақсаттағы, онда арналық үдерістерді анықтауға, су қоймаларынан су тасталғанда толқындарды зерттеуге және т.б. жағдайларға бақылаулар жүргізіледі.
2.Жұмыс атқару мерзімі бойынша;
Тұрақты, судың деңгейі ұзақ мерзімде бақыланады,
Уақытша құрылыс жүргізгенде және зерттеу кезінде бақыланады,
Жылжымалы, зерттеу бөлімдерінің тұратын жерінде ұйымдастырылады.
3. Конструкциясы бойынша;
Қарапайым (беріліссіз), мұндай бекетте судың деңгейі рейканың бөліктерінен тікелей алынады. Оған жататындар: а) қадалы, ә) рейкалы б)аралас бекеттер,
Күрделі (берілісті), мұндай бекетте судың деңгейі судың бос бетцнене біршама қашықтықта жазылып алынады немесе судың деңгейі хабаршының көмегімен немесе арнайы құралдың тіркейтін бөлігімен беріледі. Олардың өздері төмендегідей түрлерге бөлінеді;
а) судың деңгейін автоматтардың көмегінсіз анықтау,
ә) судың деңгейін автоматтардың көмегімен белгілеу,
б) судың деңгейін өзі жазғыш немесе лимниграфтармен үздіксіз тіркеу,
в) судың деңгейін едәуір алыс қашықтықтан өлшеу.
Судың деңгейінің мәліметтермен алыс қашықтықтан берудің әртүрлі тәсілдері бар: механикалық, гидравликалық, пневматикалық, электрлік және радиоэлектрлік. Судың деңгейін, су нысандарында тікелей ара қашықтықтан тіркеу үшін радиоактивтік деңгей өлшегіштер өолданылады.
Әрбір бекетте, бекеттік құралдардан езге келесі құрал-жабдықтар болуы шарт:
1) сағат;
2) деңгейлік (ва­терпас) және ұзындығы 2 -- 4 метрлік екі рейка;
3) көшпелі су өлшегіш рейкалар;
4) қар өлшегіш, мұз өлшегіш және шуга өлшегіш рейкалар;
5) мұз тескіш бұранда, сүймен, балта, найзатартқыш, күрек;
6) бақылау жүргізуге арналған нұсқау, су елшеулерін жазатын кітапша;
7) қосалқы қадалар, рейкалар;
8) қайық және су өлшеу құралдарына жақындауды жеңілдететін жабдықтар (көшпелі көпір, саты).[2]
Су деңгейін өлшеуге арналған жабдықтарының конструкциясына қарай бекеттер мынадай типтерге бөлінеді: рейкалык, қадалық, рейка-қадалық, хабарбергіш және автоматтық.

Гидрологиялық бекеттер: а -- қадада және ә -- ғимаратта орналастырылған рейкалық бекеттер; б -- қадалық бекет. [1]

Қарапайым (беріліссіз) бекеттер
Қадалық бекеттер. Жазықтық өзендерде, су деңгейінің едәуір ауытқуларында қадалық бекеттерді қолдану ыңғайлы (б-сурет). Бекеттегі су өлшейтін қадалар бір түзудің бойына, өзен ағынына перпендикулярлі орналастырылады. Жалпы, қадалардың саны, су деңгейінің және жағалау беткейінің ауытқу амплитудасына, сонымен қатар, жағалау беткейінің еңістігіне байланысты қабылданады. Қадаларды орнатудың алдында өзеннің түбі және бекет тұстамасының жағалауы келесі ережелерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылу энергетика және қоршаған орта
Гидрологиялық бақылауларды метеорологиялық қамтамасыздандыру
Туризм дамуының табиғи және әлеуметтік-экономикалық алғышарттары
Гидрологиялық есептеулер мен гидрологиялық болжаулар пәні бойынша өндірістік практика есебі
Сарысу өзені алабының зерттелмеген өзендерінің ағындысын есептеу
Пойыздардың жүру кестесіне түсініктеме
ТМД елдеріндегі гидрометриялық зерттеулердің даму тарихы
Сырдария өзені бойындағы бекеттердің сипаттамасы
Іле Алатауы өзендерінің қалыпты жылдық ағындысын бағалау
Пойыздардың жүру кестесінің көрсеткіштері
Пәндер