Ұлттық нақыштағы мейрамхана ашу



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Тілдер және Менеджмент факультеті.

Есеп және аудит кафедрасы.

Кәсіпкерлік құқық пәні бойынша:

Тақырыбы: Ұлттық нақыштағы мейрамхана ашу.

Орындаған: ----------------------------
Тексерген: ----------------------------

Орал, 2018

Жоспар:

I. Кіріспе

1. Ұлттық нақыштағы Арнау мейрамханасы

I. Негізгі бөлім

1. Мейрамхананы ашуғаарналған құжаттар
2. Мейрамхананың басқару құрылымы
3. Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары
4. Жеке кәсіпкерлікті ашуға арналған құжаттар мен нұсқаулар

I. Қорытынды
II. Жарнама

Орал қаласындағыҰлттық нақыштағы Арнау мейрамханасын ашуға арналған бизнесжоспар:

Орналасқан жері : Орал қаласы,
Сапасы: жоғары, мәзір көлемі кең
Орташа түбіртек (1 адамға) 3000-10000 тг
Жұмыс уақыты:10:00-ден соңғы тұтынушыға дейін, демалыссыз
Артықшылықтары:
1. Орал қаласындағы алғашқы ұлттық нақыштағы кешен;
2. Тіркелген сауда белгісі;
3. Бәсекеге қабілетті, жоғары сұранысқа ие, сапалы әрі қолжетімді турөнім және қызмет түрлері;
4. Қызметкерлердің жылы жүзді, сыпайы болуы;
5. VIP-киіз үйлердің болуы;
6. Мейрамхана интерьерінің ұлттық нақышта болуы;
7. Ұлттық тағамдар, ұлттық сусындар;
8. Ұлттық нақыштағы өнімдер (кәдесыйлар, тойбастар және т.б.);
9. Өнім ассортиментінің алуан түрлілігі;
10. Жанды музыка (ұлттық аспаптарда);
11. Жеке сайтының болуы;
12. Басқа компаниялармен серіктестік қатынаста болуы;
13. Мемлекеттік қолдау;
14. Тегін интернет.
15. Туған күн, банкет, корпоративтік мерекелер, іскерлік кездесулер, наурыз мейрамы, қыз ұзату, шілдехана, мүшел жас, беташар, сүндет той, құдалық т.б. мерейтойлар өткізуге арналған.

Бизнес сферасы : Жеке кәсіпкерлік
Басталу мерзімі: 2018 жыл 5 наурыз
Байланыс телефоны :
Бизнес жоспар 5 жыл мерзімге есептелініп жасалған.

РНН: 7777777777
рс 555555555
БИК: 070707070707

Кіріспе

Мейрамхана - қонақтарға тағамдар, сусындар, онымен қоса, фирмалық және күрделі даярланған кондитерлік өнімдердің кең сұрыпталымын ұсынатын тамақтану кәсіпорны. Мейрамханалардағы қызмет етудің жоғары деңгейі білікті аспазшылармен, даяшылармен, метрдотельдермен қамтамасыз етіледі және демалыс пен көңіл көтеру шараларын ұйымдастырады .
Мейрамхана бизнесі - халықты сапалы тамақтандыру қажеттіліктерін ғана қанағаттандырып қоймай, сонымен қатар бос уақытты өткізуге жақсы жағдай жасай отырып тұтынушылардың эмоциялық және эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыратын, тұтынушыларға сапалы қызмет көрсететін кәсіптің айрықша түрі болып табылады .
Мейрамхана бизнесінің халықаралық стандарттары негізінде АҚШ пен Еуропа мемлекеттерінің, сонымен қатар Қазақстанның осы саладағы ерекшеліктері мен даму үрдістерін қарастырсақ:

1. Қонақты қарсы алу. Жалпы мейрамханаларда қонақты қарсы алу ережелері ортақ болып келеді. Яғни, амандасу және орынға орналастыру. Сонымен қоса әлемде әр елдің өз менталитетіне сәйкес амандасу ерекшеліктері байқалады. Қонақтарды қарсы алу уақытында мейрамхана қызметкерінің мәдениеті аса маңызды. Бұл сол мейрамхананың ұйымдық мәдениетін көрсетеді. АҚШ, Еуропа мемлекеттерінде қалыптасқандай киім кию үлгісі ерекшеленеді. Әр мейрамхананың ас әзірлеу мәдениетіне байланысты киім үлгісі де соған сәйкес келеді. Соңғы 3-4 жыл ішінде біздің елімізде қонақтарды ұлттық киім үлгісінде қарсы алу үрдісі қолға алынған.

2. Қонақты жайғастыру. АҚШ-та қонақты жайғастыру Еуропаға қарағанда ерекше, өйткені АҚШ-тағы мейрамханаларда әйел адам ер адамның оң жағына отыруы тиіс. Еуропада әдеттегідей қонақтардың жайғасуына мейрамхана қызметкері көмектеседі. Ал Қазақстанда, қонақты жайғастырмас бұрын олардың саны сұралады.

3. Тапсырыс қабылдау. Мейрамханаларда тапсырыс алу уақытында даяшы белгілі бір арақашықтықты сақтап, мүмкіндігінше қонақтың оң жағында тұруы қажет және мәзірді ашық күйінде сол қолымен ұсынуы тиіс. Егер үстел басында бірнеше адам отырса, мәзір жасы үлкен кісіге бірінші ұсынылады. АҚШ-та тапсырыс қабылдаудың бір ерекшелігі: қонақтарға электронды ас мәзірі ұсынылады. Бұл әдіс АҚШ-та бастау алғанымен, қазіргі уақытта басқа елдерде де кеңінен қолданылуда. Осы әдісті біздің еліміздегі тамақтандыру орындарында (мейрамхана, студенттік асхана және т.б.) ұсынса, тұтынушылар уақытты тиімді пайдаланып, сонымен қатар тамақтанудың сапасы артар еді.

4. Тапсырысты орындау және ағымдық қызмет. Тапсырысты орындау тапсырысты беру ерекшелігіне қарай іске асырылады. Алайда, халықаралық стандарттарға сәйкес тапсырыс уақытысы 15-20 минуттан аспау керек. Тапсырысты орындаудың сапасын арттыру көптеген мейрамханаларда жеткіліксіз. Ол мына факторларға байланысты: кәсіби мамандар, техника, азық-түлік және т.б.

5. Есептесу және қонақты шығарып салу. Мейрамханаларда есептесу қолма-қол және есеп айырысу карталары арқылы жүреді. Әлемдік мейрамханаларда визитка ұсынумен қатар бонустық жеңілдіктер қоса ұсынылады. Қонақтармен қоштасу кезінде ілтипат көрсетіліп, шығарып салынады.

Мейрамхана бизнесінде қызмет көрсетудің стандарттары барлығына ортақ болғанымен әр елдің экономикалық-әлеуметтік жағдайына байланысты дамып отыр. Әсіресе, жылдар бойы қалыптасқан Еуропа мемлекеттеріндегі мейрамхана бизнесінің мәдениеті туристер үшін қызықты. Біздің елімізде туризм индустриясын дамыту бағытында, оның ішінде тамақтандыру саласы үшін көптеген жұмыстарды атқару керек. Салт-дәстүріміздің ерекшеліктерін айқындайтын бағыттағы мейрамханалардың саны мен сапасын арттыру еліміздің болашағы үшін маңызды.
Туризмнің дамуы үшін еліміздегі мейрамхана қызметін жетілдіруіміз керек. Қазақстан әлемге танылып, елімізге келуші туристердің саны артып келеді. Туристерге сапалы қызмет көрсету үшін мейрамхана бизнесінің қызмет сапасын жетілдіру қажет. Қазақстанда ұлттық асханасы бар мейрамханалар болғанымен, ұлттық деңгейге сай келетін мейрамханалар тапшы. Әрине, елімізде туризм индустриясы енді ғана қолға алынып жатқандықтан, ұлттық мейрамханаларды жетілдірудің мемлекеттік стандарттары әлі қарастырылмаған.
Сол себепті, біздің ұлттық мейрамхана бизнесінің даму үрдісі төмен деңгейде. Ішкі туризмді жетілдіру үшін бірінші ретте ұлттық нақыштағы мейрамханалардың рөлін арттыруымыз қажет. Ол үшін елімізде мейрамхана бизнесіне қатысты нормативтік-стандарттарды енгізу керек.

Ұлттық мейрамханалардың рөлін арттыру мақсатында, Орал қаласында ұлттық нақыштағы Арнау мейрамханалық кешенін ашудың бизнес-жобасын жасадым. Мейрамханалық кешеннің ерекшелігіне тоқталатын болсақ, ұсынылып отырған ұлттық нақыштағы мейрамхана тек тамақтандырумен шектеліп қана қоймай, сонымен қатар келген туристердің ұлттық салт-дәстүрімізбен, мәдениетімізбен, ұлттық ойындарымызбен және бұйымдарымызбен танысуларына жағдай жасайды.

Мейрамханаға келу - бұл, әрине дәмді тамақтануды қалау ғана емес, соған қоса
басқалармен араласу мүмкіндігі, істкерлік мәселелерді талқылау үшін кездесу немесе дем
алу.

Сондықтан мейрамхана бизнесінің жетістіктеріне әсер ететін негізгі факторлар
мыналар болып табылады:

:: Ас үйі
:: Қызмет көрсету деңгейі
:: Интерьер

Жеке кәсіпкер ең бірінші, өзі тұратын аймақ бойынша салық органына жеке кәсіпкерді тіркеуге қою үшін арнайы салықтық өтініш жазады. Бұл өтініш салық органына қабылданғаннан кейінгі үш күн ішінде жеке кәсіпкерді салық төлеуші ретінде тіркеу жүргізіледі және оған жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуге алынғаны жөнінде арнайы куәлік береді.

Кәсіпкер салық органына:

1. салықтық өтініш
2. жеке куәлік көшірмесі
3. 3,5х4,5 фотосурет
4. дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркегені үшін төлеген алым сомасын растайтын түбіртек-құжат
5. тұрғылықты жерін растайтын құжат

Салық комитетіне:
1. Жеке Куәлік (көшірме).
2. ИИН (Жеке идентефикация нөмірі)
3. Мекен жайы туралы анықтама. Үй кітапшасы (тұрғындардың тізімі тіркелімі бойынша копиясы немесе тіркелген жері туралы карточка)немесе кәсіп ашайын деп жатқан жерініздің мекен-жайы(тех-паспорт, аренда, гарантиялық хаттама, сату-сатып алу келісім-шарты) бұл егер де кәсіпорын ашатын мекен-жайыныз үйініз болмаса)
4. Бір фотосурет 3,5 X 4,5
5. Қандай қызмет атқаратыныңыз туралы мәлімет.
6. Скоросшиватель(папка), картоннан жасалған.

Қажетті жобалар:

*Ғимарат туралы техникалық есеп
*Технологиялық жоба
*Объектіні өңдеу жайлы жоба
*Фасад реконструкциясы
*Желдету, кондиционерлеу және жылыту жобасы
*Сумен жабдықтау және санитария
*Электрмен жабдықтау жобасы

Мейрамхананың басқару құрылымы - белгілі бір кызмет атқаратын, өзара байланысты ұйымдастыру бірліктері немесе буындарының жиынтығы мен бағыныштылығы.Құрылым элементі болып кәсіпорын әкімшілігі тұлғасындағы басқару органы табылады.Әкімшілік - кәсіпорын ұжымын басқаруды жүргізетін, директор бастаған мейрамхана басшылары.

Директор мейрамхананың өндірістік, саудалық және қаржылық қызметтерін ұйымдастыруға жауапты болады. Ол ұжымды басқарады кадрларды іріктеумен айналысады, жұмысқа қабылдайды, еңбек заңдары негізінде жұмыстан шығарады, кадрларды тағайындауда бақылау жүргізеді және мейрамхана залдарындағы қонақтарға қызмет көрсету мәдениетін бақылайды, материалдық кұндылықтарды ессптеу, бақылау және сақталу күйін байқайды. Мейрамхана директоры тауарды, шикізатты және жартылай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мейрамхана бизнесінің ҚР-ғы даму мәселелері мен перспективалары
Қонақ үйлер туралы жалпы мағлұмат
Толық сервисті мейрамханалар
Rafe мейрамханасына талдау
Мейрамхана кәсіпорынын ұйымдастыру
Әуе ұшақтарындағы мейрамханалар
Қонақ үй бизнесінің қалыптасуы мен дамуы
Франчайзинг мейрамханалардың туризмге әсері
ЗАМАНАУИ ИНТЕРЬЕР ДИЗАЙНЫ СТИЛЬДЕРІНЕ ТАРИХИ ШОЛУ
Отель қызметінің ұйымдастыру мәселелерін талқылау
Пәндер