Қазақстанның қазіргі армиясы туралы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және Ғылым министрлігі.

Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі.

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:Қазақстанның қазіргі армиясы.

Пән: Алғашқы әскери дайындық.

Орындаушы: Жасымбеков. А. С ИНФ 17-1.

Тексерген: Пән оқытушысы Т. Д. Шотаев.

2017-2018 оқу жылы

Мазмұны:

1. Кіріспе бөлімі . . . 1

2. Негізгі бөлімі . . . 2

2. 1. Қазақстан Қарулы Күштері мен оның түрлері . . . 2

2. 2. Құрлық әскерлері . . . 2-4
2. 3.
Бейбiт кезеңде . . . 4-5

2. 4. Өңірлік қолбасшылықтар . . . 5-6

2. 5. Ағымдық қару-жарағы . . . 6-9

3. Қорытынды бөлімі . . . 9

3. 1. Қазақстан Республикасындағы жоғары әскери - оқу орындары . . . 10-11

4. Қолданылған әдебиеттер . . . 11

Кіріспе бөлімі.

Қазіргі кезде ҚР ҚК -не құрлықтағы әскерлер, аэроұтқыр әскерлері, әуе қорғаныс күштері, ұлттық қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметі және Республикалық ұлан мен Ішкі әскерлер кіреді. Өз ретіне қарай, ҚК түрлері әр түрлі әскер бөлімдері мен құрамалардан, арнайы әскер бөлімдері мен бөлімшелерінен тұрады. Қазақстанның егемендігі күрделі геосаяси процестер жағдайында қалыптасты. Бұрынғы КСРО-ның оңтүстік шекаралары тұрақсыздық белдемі әрі әскери қақтығыстар болуы мүмкін аймақтар ретінде сипатталды. Ауғанстандағы соғыс мемлекеттік шекараларды аттап өтіп, айқын әскери қатерге айналды. Қазақстан территориясында КСРО-ның оңтүстік-шығыс шекараларын қорғауға арналған КСРО Қарулы Күштерінің жалпы саны 200 мың адамнан тұратын әсекери топтары орналасты. Оның құрамында стратегиялық ядролық күштердің, 40 жалпы әскери армияның бірлестіктері, құрамалары және бөлімдері, 73 әуе армиясының, 37 әуе шабуылынан қорғаныс күштері корпусы, 56 аралас авиациялық әскеи-әуе күштері корпусы, сондай-ақ тыл және техникалық жабдықтау құрамалары мен бөлімдері болды. Қалыптасқан жағдай Қазақстанда орналасқан әскерге жақсы жолға қойылған қатаң бақылау орнатылуын талап етті. Ел басшылығы бұл үшін барлық қажет шараларды қолданды. 1991 жылы 21 тамызда Қазақстан Президентінің “ Қазақ КСР- інің Қауіпсіздік кеңесін құру туралы” Жарлығы шықты. Жарияланған егемендікті қорғау үшін, сондай-ақ, елдегі және республикадағы әскери саясатқа іс жүзінде ықпал ету үшін республикалық қорғаныс мекемесін құру обьективті қажеттілікке айналды. Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның мемлекеттік саясатын біртіндеп жүзеге асыра отырып, 1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президенті “ Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитетін құру туралы” Жарлық шығарды. Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы болып генерал-лейтенант С. Қ. Нұрмағамбетов тағайындалды. Қазақстанның мемлекеттік Қорғаныс комитеті Азаматтық қорғаныс штабы мен Қазақ республикалық әскери комиссариатының негізінде құрылды. Оған “әскери жасақтарға бақылауды” жүзеге асыру, сонымен бірге әскерлердің орын алмастырып, әр түрлі әскери жаттығулар жүргізуін, әскери мүліктердің республикадан тысқары жерлерге тасымалдануын, армияның әскери қызметіндегі басқа да бағыттарды “назарда” ұстау міндеті жүктелді.

Қазақстанның Мемлекеттік қорғаныс комитеті әскери-кадрлық саясатын КСРО Біріккен Қарулы Күштері Бас қолбасшылығының келісімімен жүргізіп отырды.

1

Негізгі бөлімі.

Қазақстан Қарулы Күштері мен оның түрлері .

Қазіргі кезде ҚР ҚК -не құрлықтағы әскерлер, аэроұтқыр әскерлері, әуе қорғаныс күштері, ұлттық қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметі және Республикалық ұлан мен Ішкі әскерлер кіреді. Өз ретіне қарай, ҚК түрлері әр түрлі әскер бөлімдері мен құрамалардан, арнайы әскер бөлімдері мен бөлімшелерінен тұрады. Құрлық әскерлерінің құрамында бірнеше арнайы әскер түрлері мен құрамалары болады. Әскер түрлеріне мотоатқыштар, танк және артиллерия әскерлері жатады. Арнайы әскерлерге инженерлік, химия, байланыс, радио және радиотехникалық, автомобильдік әскерлер және т. б. жатады.

Құрлық әскерлері.

Мотоатқыштар әскерлеріне мотоатқыштар бөлімшесі, бөлімдер және құрамалар жатады. Олар ұрыс құралдарының әр түрімен қаруланған және моторландырылған. Олардың бөлімшелері мен бөлімдері жаяу әскерлердің ұрыс машиналарымен (ЖҰМ), және танкілермен жарақталған. Жауынгерлер автоматпен қаруланады және бөлімшелерде танкіге қарсы күрес жүргізетін және басқарылатын реактивтік снарядтар (ПТУРС) болады. Қаруланған мотоатқыштар құрамалары бөлімдерінің құрамына түгелдей моторландырылған артиллериялық инженерлік, химиялық, байланыс, автомобильдік және басқа бөлімшелер енген.

Танк әскерлері - құрлық әскерлерінің басты екпінді күші. Олар ең басты күрделі міндеттерді орындау үшін қолданылады. ҚР ҚК-нің құрамаларының қару - жарағында орта және жеңіл жүретін танкілері бар.

Құрлық әскерінің артиллериясында зеңбіректер, келте зеңбіректер, реактивтік қондырғылар, танкіге қарсы қолданылатын жойғыш зеңбіректер, минаатарлар және алыс қашықтықта әрекет ететін танкіге қарсы қолданылатын басқармалы реактивтік снарядтар болады. Барлық құралдары моторландырылған.

Құрлық әскерлерінің арнайы бөлімшелері мен бөлімдері құрлық әскерінің тіршілігі мен ұрыс әрекеттерін толық қамтамасыз етуге арналған.

Инженерлік әскерлер. Бірде - бір әскери мәселе инженерлік қамтамасыз етусіз шешілмейді.

2

Олар шабуылда әскерлердің жылжуын қамтамасыз етеді, жолдар мен көпірлер салады, сулы тосқауылдардан өту құралдарын жабдықтайды, қарсыластың бөгеттеріне өткелдер жасайды, минасыздандырады.

Қорғаныста қорғаныстық шептерді және позицияларды тұрызыды, бөгеттер жасайды.

Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері (РХБ қорғау) - әскерлерді ұрыстық қамтамасыз ету түрлерінің бірі ретінде ұрыста радиоактивтік, химиялық, биологиялық зақымдану жағдайында әскерлердің шығынын төмендету және қорғану мақсатында қолданылады.

Байланыс әскерлері бөлімшелер мен бөлімдердің арасында берік және тұрақты байланыстың болуын қамтамасыз етеді.

Техникалық қамтамасыз ету бөлімдері ракеталар мен оқ - дәрілерді күтіп ұстауға, сақтауға, әскерлерді қару - жарақпен, техникамен, оқ - дәрілермен қамтамасыз ету және әскери - техникалық барлау, эвакуациялау, бұзылған қару - жарақ пен техниканы жөндеуді ұйымдастырып, оларды уақытында іске қосуға арналған.

Тыл бөлімшелері, бөлімдері мен құрамалары әскерлердің тылын қамтамасыз етуге арналған. Олар ұрыс жүргізіп жатқан бөлімдерге материалдық құралдарды жеткізу, жаралыларды, бұзылған техникаларды эвакуациялау және басқа да жүктерді тасымалдау міндетін атқарады.

Әуе қорғаныс күштері мемлекеттің әуе шекарасын және қарсыластың соққысынан әскерлерді қорғайды. Олардың құрамына әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен әскери әуе күштері кіреді. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері (ӘШҚӘ) зениттік - ракеталық әскерлерден, ӘШҚӘ авиациясынан, радиотехникалық және арнайы әскерлерден тұрады.

Әскери әуе күштері майдан, армиялық және әскери - тасымалдау авиацияларынан тұрады.

Әскери - теңіз күштері Каспий теңізімен шекаралас өзендердегі қазақстандық секторын қорғауға, теңіздегі ұрыс қимылдары мен операцияларын жүргізуге арналған.

Аэроұтқыр әскерлері (десантшылар) әр түрлі ұрыс әрекеттерін жүргізуге, маңызды аудандар мен объектілерді басып алып, шабуыл жасап келе жатқан әскерлер келіп жеткенше ұстап тұруға, қарсыластардың штабтары мен

3

тылдағы бөлімдерін жоюға, қарсыластарды қоршауда және жоюда көмектесуге арналған.

Ракеталық әскерлер және артиллерия қарсыласты атыспен жоюға арналған.

ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметінің құрамында: шекара әскерлері мен шекара қызметінің теңіз дивизиясы болады.

Шекара әскерлері Отанымыздың аумақтық біртұтастығын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Шекара қызметінің теңіз дивизиясы шекарашылармен бірге ҚР-ның Каспий теңізіндегі сумен шекаралас бөлігін қорғауға арналған.

Республикалық ұлан ҚР Президентіне бағынатын жеке әскери құрылым. Ол аса маңызды объектілерді қорғауға байланысты міндеттерді орындайды. Жоғары мемлекеттік деңгейдегі хаттамалық және салтанатты шерулерді қамтамасыз етуге, сондай - ақ төтенше жағдайлар зардаптарын жоюға қатысады. Ішкі әскерлер құқықтық тұрақтылықты сақтауға, арнайы мемлекеттік объектілерді қорғауға және басқа да қызметтік - әскери міндеттерді орындауға арналған.

Бейбiт кезеңде.

Республика Қарулы Күштерiне бейбiт кезеңде мынандай негiзгi мiндеттердi орындау жүктелген:

әскери күштi, жауынгерлiк даярлықты қамтамасыз етiп, басқару органдары мен әскерлердi ел iшiндегi қақтығыстарды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында немесе аумағының шегiнде туған кез келген заңсыз қарулы күш көрсетудi тұмшалап, тойтара алатын деңгейде ұстау;

әуе кеңiстiгiн күзету, сондай-ақ, мемллекеттік шекараның жедел-стратегиялық тұрғыда маңызды өңiрлерiн жабу;

маңызды әскери нысандарды күзету;

елдiң кез келген ауданында жағдайды тұрақтандыру жөнiндегi батыл iс-қимылға әзiр болу;

халықаралық мiндеттемелерге сәйкес бiтiмгершiлiк және өзге де операцияларға қатысу.

4

Бұл мiндеттердi орындауды Қарулы Күштер ҚР-ның басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарымен өзара тығыз iс-қимылда жүзеге асырады. Бұл ретте ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметiне құрлықта, теңiзде, көлдерде және өзге де су айдындарында мемлекет шекараны күзету мен қорғау, сондай-ақ, лаңкестiкке (террорға), қару мен есiрткi саудасына қарсы күреске қатысу жүктеледi.

Өңірлік қолбасшылықтар.

Құрлық күштерінің өңірлік қолбасшылықтары 2003 жылы құрылған.

« Астана» өңірлік қолбасшылығы

«Астана» өңірлік қолбасшылығы Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік шекарасында орналасады. Қолбасшылық штабы Қарағанды қаласында орналасқан.

Өңірлік қолбасшылық құрамына орталық бағынысты бөлімдер мен Әуе қорғанысы күштері әскерлерінен басқа аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.

«Астана» өңірлік қолбасшылығы - Қарулы Күштер Жоғарғы Бас қолбасшысы Ставкасының резерві.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Семей қаласында орналасқан.

Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Атырау қаласында орналасқан.

Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.

5

Өңірлік қолбасшылықтың негізгі міндеті - Каспий теңізінің қазақстандық секторында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына, аумақтық тұтастығына, егемендігі мен экономикалық мүдделеріне қол сұғылмауын қамтамасыз ету.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Тараз қаласында орналасқан.

Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының негізгі міндеті - елдің оңтүстік-шығыс шептерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Ағымдық қару-жарағы.

Құрлық күштері

Танктер

Т-72БА- 650;

Мотоәскер көліктері

БМП-1 - 730;

БМП-2 - 500;

БТР-80А-90;

БТР-82-180;

БМПТ-10;

Сауытты көліктер

БТР-70/80 - 350;

БРДМ-2 - 260;

HMMWV - 51;

МТ-ЛБ - 180;

ГАЗ-2330 «Тигр» - 130;

6

БПМ-97 - 80;

БРМ-1К - 140;

Otokar Cobra - 17;

Артиллерия

Сүйретілетін артилерия

122mm D-30 - 400;

152mm 2А65 «Мста-Б» - 90;

152mm 2А36 «Гиацинт-Б» - 180;

Моторлы зеңбіректер

122mm Ceмcep - 18;

120mm Айбат - 18;

122mm 2С1 «Гвоздика» - 120;

152mm 2С3 Акация - 120;

Дүркін артиллерия

120mm Найза - 18;

220mm БМ-27 Ураган - 180;

122mm BM-21 - 100;

300mm БМ-30 Смерч - 15;

220mm ТОС-1А "Буратино" -3;

Әуе қорғанысы күштері

Толық мақаласы: Қазақстан Республикасы әуе қорғаныс күштері Қазақстан Республикасының әуе қорғаныс күштері 1998 жылы 1 маусымда құрылды.

Мақсаттары:

Қазақстан Республикасының әуе шебі қорғанысын қамтамасыз ету

Мемлекеттік, әскери және әкімшілік нысандарды әуе шабуылынан қорғау

Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің басқа құрылымдарына авиациялық көмек көрсету

7

Ұшақ Қызметте

С-130 2

CASA C-295 2

UH-1 4

МиГ-31 43

Mи-8/Ми-17 90

Ми-24V 42

Mи-26 12

Су-24 35

Су-25 31

Су-27/Су-23 34

Ту-154 7

МиГ-27 120

МиГ-29 73

Қазақстан Республикасы әскери-теңіз күштері

Әскери-теңіз күштері - Қазақстан Республикасының президентінің 7 мамыр 2003 жылғы жарлығына сәйкес құрылды.

Негізгі әскери қимыл аудандары Каспий теңізі шекара аймақтары. Қазақ әскери-теңіз күштерінің жалпы саны 3, 000 адамнан құралады, оған 14 кеме қызметі қызмет көрсетеді.

2011 жылы, Ақтау қаласында әскери база ашылды. Ақтау қаласындағы 612ші әскери базасы екі СУ-27 шабуыл ұшақтары, жеті СУ-27 және 12 МИ-24 тікұшақтары.

8

Құрал жабдықтар:

4 Алматы класс кемелері

1 Dauntless class кемелері

5 Guardian class кемелері

2 Project 1400M Grif class бақылаушы кемелері[6] - 39 тонна

2 AB-25 class patrol craft кемелері

Қорытынды бөлімі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Курск доғасы шайқасындағы Қазақстандықтардың ерлігі
Әскери коммунизм саясатының мәнін неғұрлым кешенді баяндау
Фашизммен соғысты жеңіспен аяқтаған Қазақстан жауынгерлері
Құрлық әскерлері - қазақстандық армияның басты жауынгерлік күші
1941-1945 жылдардағы ұлы отан соғысы жайлы
Ұйғыр қағанаты және Қарлұқ мемлекеті
1917 жылғы ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІ. ҚАЗАҚСТАНДА КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ ОРНАУЫ. ӨЛКЕДЕГІ АЗАМАТ СОҒЫСЫ
Қазақстанның қазіргі армиясы
20-шы ғасырдың бірінші жартысындағы тарихи оқиғаларды
Соғыс жағдайындағы Қазақстанның көлеңкелі тұстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz