Химиялық қару туралы


Қазақстан Республикасы білім және Ғылым министрлігі.
Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі.
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:Химиялық қару.
Пән: Алғашқы әскери дайындық.
Орындаушы: Жасымбеков. А. С ИНФ 17-1.
Тексерген: Пән оқытушысы Т. Д. Шотаев.
2017-2018 оқу жылы
Мазмұны:
1. Кіріспе бөлімі . . . 1
2. Негізгі бөлімі . . . 2
2. 1 Химиялық қарудан қорғану . . . 2-5
2. 2.
Бейбiт кезеңде . . .
. . .
. . . 5-6
2.
3 Өңірлік қолбасшылықтар . . . 6-7
2. 4. Ағымдық қару-жарағы . . . 7-9
2. 5. Қазақстан Республикасы әскери-теңіз күштері( химиялық қару ) . . . 9-10
3. Қорытынды бөлімі . . . 9-11
4. Қолданылған әдебиеттер . . . 11
Кіріспе бөлімі.
Химиялық қару - уландырғыш заттар мен құралдарды қолдануға арналған машиналар, приборлар, қару-жарақтар. Химиялық қару жаудың адам күшін жаппай қырып-жоюға арналған. Сондай-ақ белгілі бір жерлерді, қару-жарақты, әскери техниканы, әр түрлі тыл нысандарын уландыру үшін де қолданылуы мүмкін. Химиялық қарудың тиімділігі, көбінесе метеорологиялық жағдайларға, жердің жайына байланысты. Мысалы, ауа райы желді болса, уландырғыш заттардың таралатын аймағы ұлғайып, жел тымық болса, уландырғыш заттар бір жерде ұзақ тұрып қалады. Химиялық қаруды алғаш немістер 1915 жылы 22 сәуірде Шпредегі (Бельгия) шайқаста қолданды. Содан кейін басқа армиялар да қолдана бастады. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында тек ағылшын, француз және АҚШ армияларында ғана Химиялық қарудан 450 мыңдай адам шығын болды. 1925 жылы Женева хаттамасы бойынша Химиялық қаруды қолдануға тыйым салынып, оған бірнеше мемлекеттер қосылды. Бірақ кейбір мемлекеттер бұл хаттаманы бұзып (мыс, Италия Эфиопияға қарсы соғыста (1935 - 36), Химиялық қаруды қолданды. Тыйым салынғанына қарамастан 1- және 2-дүниежүзілік соғыс аралығында Химиялық қару көптеп шығарылды. 1943 жылға қарай фашістік Германия уландырғыш заттар әзірлейтін химиялық өнеркәсібінің қуатын жылына 180 мың тонна өнім шығаратындай дәрежеге жеткізді. Дегенмен, көп ұзамай Германия қарсыластарының да Химиялық қаруды қолданатынын ескеріп, бұдан бас тартты. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Германияның трофейлік Химиялық қаруы (300 мың тоннаға жуық) теңізге батырылу арқылы жойылды. Соғыстан кейін көптеген елдер Химиялық қарудың жаңа неғұрлым апатты түрлерін шығарды. Химиялық қару, әсіресе, артиллерия, авиация саласында одан әрі өрістеді. Артиллерия Химиялық қаруға жаудың жердегі күштерін атқылауға арналған химиялық снарядтар, миналар; авиациялық Химиялық қаруға әр түрлі улы заттармен толтырылған бомбалар, т. б. құрал-жабдықтар жатады. Белгілі бір аймақты улау үшін арнаулы химиялық машиналар қолданылады. Химиялық қарудан қорғану үшін әскерлер мен тұрғын халық арнаулы дайындықтан өтуі тиіс. Париж конвенциясына (1993) сәйкес, Химиялық қару табиғат пен адамзатқа тигізетін аса ауыр зардабына байланысты жойылуға жатқызылған. Химиялық қаруды жою арнайы нысандарда жүзеге асырылады. 1993 жылы Ресейдің Химиялық қару қоры 40 мың тоннаны, ал АҚШ 29 мың тоннаны құрады.
1
Негізгі бөлімі.
Химиялық қарудан қорғану
Химиялық қарудан қорғану - әскер мен халықты химиялық қару әсеріне ұрындырмау немесе бұл әсерді барынша бәсендету, әскерлердің ұрыс кабілеттілігін сақтау және олардың жауынгерлік міндеттерін сәтті орындауын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін арнайы шаралар жүйесі. Химиялық қарудың әсерін барынша әлсірету мақсатында жүргізілетін шараларға: әскерлер мен халықты қарсыластың химиялық кару анғандығы туралы дәл уакытында хабарлау мен ескерту, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын қолдану, емдік және санитариялық-гигиена шаралары, жарақат алғандарга алғашқы медициналық және өзіндік көмек көрсету, химиялық қару қолданудың салдарын жою шаралары жатады.
Адам организміне әсерінің сипатына қарай УЗ былай сараланады:
1) жүйке жансыздандыратын;
2) теріні іріңдеткіш;
3) жалпы улы әсерлі;
4) психохимиялық;
5) тітіркендіргіш;
Зақымдаушы әрекетінің басталуының жылдамдығына қарай УЗ өлтіретін, саптан шығаратын және қысқа уақытқа шығаратын УЗ болып бөлінеді.
Ұрыстық қолдану сәтінде УЗ бу тәрізді (газ), аэрозольдық (түтін, тұман, сіркіреу) не сұйық-тамшы күйінде болуы мүмкін. Олар адамдарды тыныс органдары, кілегей қабықтар және тері қабаттары арқылы, ал зақымдалған өнімдер мен суды тұтынғанда асқазан - ішек жолы арқылы зақымдайды.
Ондаған жылдар бойында химиялық қаруды қолдануға тиым салмақ әрекеттер талай рет жасалды. Бірқатар халықаралық конвенциялар мен шарттар осыған бағытталды. 1993 ж. қаңтарда Парижде химиялық қаруды талдап - жасауға тиым салу және оны құрту туралы Халықаралық конвенция жасалды. Сөйтсе де Жер шарында ол әзірше өте көп. Демек, оның қолданылу мүмкіндігі де жойылған жоқ.
Улағыш заттарды топтастыру. Жүйке жансыздандыратын әрекетті УЗ: VX (ви - икс), зарин, заман.
2
Олар шабуылда әскерлердің жылжуын қамтамасыз етеді, жолдар мен көпірлер салады, сулы тосқауылдардан өту құралдарын жабдықтайды, қарсыластың бөгеттеріне өткелдер жасайды, минасыздандырады.
Қорғаныста қорғаныстық шептерді және позицияларды тұрызыды, бөгеттер жасайды.
Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері (РХБ қорғау) - әскерлерді ұрыстық қамтамасыз ету түрлерінің бірі ретінде ұрыста радиоактивтік, химиялық, биологиялық зақымдану жағдайында әскерлердің шығынын төмендету және қорғану мақсатында қолданылады.
Байланыс әскерлері бөлімшелер мен бөлімдердің арасында берік және тұрақты байланыстың болуын қамтамасыз етеді.
Техникалық қамтамасыз ету бөлімдері ракеталар мен оқ - дәрілерді күтіп ұстауға, сақтауға, әскерлерді қару - жарақпен, техникамен, оқ - дәрілермен қамтамасыз ету және әскери - техникалық барлау, эвакуациялау, бұзылған қару - жарақ пен техниканы жөндеуді ұйымдастырып, оларды уақытында іске қосуға арналған.
Тыл бөлімшелері, бөлімдері мен құрамалары әскерлердің тылын қамтамасыз етуге арналған. Олар ұрыс жүргізіп жатқан бөлімдерге материалдық құралдарды жеткізу, жаралыларды, бұзылған техникаларды эвакуациялау және басқа да жүктерді тасымалдау міндетін атқарады.
Әуе қорғаныс күштері мемлекеттің әуе шекарасын және қарсыластың соққысынан әскерлерді қорғайды. Олардың құрамына әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен әскери әуе күштері кіреді. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері (ӘШҚӘ) зениттік - ракеталық әскерлерден, ӘШҚӘ авиациясынан, радиотехникалық және арнайы әскерлерден тұрады.
Әскери әуе күштері майдан, армиялық және әскери - тасымалдау авиацияларынан тұрады.
Әскери - теңіз күштері Каспий теңізімен шекаралас өзендердегі қазақстандық секторын қорғауға, теңіздегі ұрыс қимылдары мен операцияларын жүргізуге арналған.
Аэроұтқыр әскерлері (десантшылар) әр түрлі ұрыс әрекеттерін жүргізуге, маңызды аудандар мен объектілерді басып алып, шабуыл жасап келе жатқан әскерлер келіп жеткенше ұстап тұруға, қарсыластардың штабтары мен
3
тылдағы бөлімдерін жоюға, қарсыластарды қоршауда және жоюда көмектесуге арналған.
Ракеталық әскерлер және артиллерия қарсыласты атыспен жоюға арналған.
ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметінің құрамында: шекара әскерлері мен шекара қызметінің теңіз дивизиясы болады.
Шекара әскерлері Отанымыздың аумақтық біртұтастығын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Шекара қызметінің теңіз дивизиясы шекарашылармен бірге ҚР-ның Каспий теңізіндегі сумен шекаралас бөлігін қорғауға арналған.
Республикалық ұлан ҚР Президентіне бағынатын жеке әскери құрылым. Ол аса маңызды объектілерді қорғауға байланысты міндеттерді орындайды. Жоғары мемлекеттік деңгейдегі хаттамалық және салтанатты шерулерді қамтамасыз етуге, сондай - ақ төтенше жағдайлар зардаптарын жоюға қатысады. Ішкі әскерлер құқықтық тұрақтылықты сақтауға, арнайы мемлекеттік объектілерді қорғауға және басқа да қызметтік - әскери міндеттерді орындауға арналған.
Бейбiт кезеңде.
Республика Қарулы Күштерiне бейбiт кезеңде мынандай негiзгi мiндеттердi орындау жүктелген:
әскери күштi, жауынгерлiк даярлықты қамтамасыз етiп, басқару органдары мен әскерлердi ел iшiндегi қақтығыстарды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында немесе аумағының шегiнде туған кез келген заңсыз қарулы күш көрсетудi тұмшалап, тойтара алатын деңгейде ұстау;
әуе кеңiстiгiн күзету, сондай-ақ, мемллекеттік шекараның жедел-стратегиялық тұрғыда маңызды өңiрлерiн жабу;
маңызды әскери нысандарды күзету;
елдiң кез келген ауданында жағдайды тұрақтандыру жөнiндегi батыл iс-қимылға әзiр болу;
халықаралық мiндеттемелерге сәйкес бiтiмгершiлiк және өзге де операцияларға қатысу.
4
Бұл мiндеттердi орындауды Қарулы Күштер ҚР-ның басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарымен өзара тығыз iс-қимылда жүзеге асырады. Бұл ретте ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметiне құрлықта, теңiзде, көлдерде және өзге де су айдындарында мемлекет шекараны күзету мен қорғау, сондай-ақ, лаңкестiкке (террорға), қару мен есiрткi саудасына қарсы күреске қатысу жүктеледi.
Өңірлік қолбасшылықтар.
Құрлық күштерінің өңірлік қолбасшылықтары 2003 жылы құрылған.
« Астана» өңірлік қолбасшылығы
«Астана» өңірлік қолбасшылығы Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік шекарасында орналасады. Қолбасшылық штабы Қарағанды қаласында орналасқан.
Өңірлік қолбасшылық құрамына орталық бағынысты бөлімдер мен Әуе қорғанысы күштері әскерлерінен басқа аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.
«Астана» өңірлік қолбасшылығы - Қарулы Күштер Жоғарғы Бас қолбасшысы Ставкасының резерві.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Семей қаласында орналасқан.
Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы
«Батыс» өңірлік қолбасшылығы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Атырау қаласында орналасқан.
Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.
5
Өңірлік қолбасшылықтың негізгі міндеті - Каспий теңізінің қазақстандық секторында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасына, аумақтық тұтастығына, егемендігі мен экономикалық мүдделеріне қол сұғылмауын қамтамасыз ету.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан. Қолбасшылық штабы Тараз қаласында орналасқан.
Өңірлік қолбасшылықтың құрамына Әуе қорғанысы күштерінің орталық бағыныстағы бөлімдері мен әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөлініс шегінде орналасқан әскери бөлімдер кіреді.
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының негізгі міндеті - елдің оңтүстік-шығыс шептерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Ағымдық қару-жарағы.
Құрлық күштері
Танктер
Т-72БА- 650;
Мотоәскер көліктері
БМП-1 - 730;
БМП-2 - 500;
БТР-80А-90;
БТР-82-180;
БМПТ-10;
Сауытты көліктер
БТР-70/80 - 350;
БРДМ-2 - 260;
HMMWV - 51;
МТ-ЛБ - 180;
ГАЗ-2330 «Тигр» - 130;
6
БПМ-97 - 80;
БРМ-1К - 140;
Otokar Cobra - 17;
Артиллерия
Сүйретілетін артилерия
122mm D-30 - 400;
152mm 2А65 «Мста-Б» - 90;
152mm 2А36 «Гиацинт-Б» - 180;
Моторлы зеңбіректер
122mm Ceмcep - 18;
120mm Айбат - 18;
122mm 2С1 «Гвоздика» - 120;
152mm 2С3 Акация - 120;
Дүркін артиллерия
120mm Найза - 18;
220mm БМ-27 Ураган - 180;
122mm BM-21 - 100;
300mm БМ-30 Смерч - 15;
220mm ТОС-1А "Буратино" -3;
Әуе қорғанысы күштері
Толық мақаласы: Қазақстан Республикасы әуе қорғаныс күштері Қазақстан Республикасының әуе қорғаныс күштері 1998 жылы 1 маусымда құрылды.
Мақсаттары:
Қазақстан Республикасының әуе шебі қорғанысын қамтамасыз ету
Мемлекеттік, әскери және әкімшілік нысандарды әуе шабуылынан қорғау
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің басқа құрылымдарына авиациялық көмек көрсету
7
Ұшақ Қызметте
С-130 2
CASA C-295 2
UH-1 4
МиГ-31 43
Mи-8/Ми-17 90
Ми-24V 42
Mи-26 12
Су-24 35
Су-25 31
Су-27/Су-23 34
Ту-154 7
МиГ-27 120
МиГ-29 73
Қазақстан Республикасы әскери-теңіз күштері
Әскери-теңіз күштері - Қазақстан Республикасының президентінің 7 мамыр 2003 жылғы жарлығына сәйкес құрылды.
Негізгі әскери қимыл аудандары Каспий теңізі шекара аймақтары. Қазақ әскери-теңіз күштерінің жалпы саны 3, 000 адамнан құралады, оған 14 кеме қызметі қызмет көрсетеді.
2011 жылы, Ақтау қаласында әскери база ашылды. Ақтау қаласындағы 612ші әскери базасы екі СУ-27 шабуыл ұшақтары, жеті СУ-27 және 12 МИ-24 тікұшақтары.
8
Құрал жабдықтар:
4 Алматы класс кемелері
1 Dauntless class кемелері
5 Guardian class кемелері
2 Project 1400M Grif class бақылаушы кемелері[6] - 39 тонна
2 AB-25 class patrol craft кемелері
Қорытынды бөлімі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz