Өсімдік - тіршілік көзі
Кіріспе
Өсімдік - тіршілік көзі. Тірі заттың тіршілігін өсімдіктер әлемінсіз елестетуге болмайды.
Адам баласы өсімдіктерді сонау көне дәуірден бастап күні бүгінге дейін өз қажетіне жаратып, пайдасына асырып келеді.Сондықтан халық өсімдіктерді - басқа пана, жанға сая деп бағалаған.Қазақстан Республикасы территориясында 6000 - нан астам өсімдіктер түрлері кездеседі, олардың көпшілігінен қажетті дәрілер өндіруге болады. Осы уақытқа дейін олардың тек 500 түрі ғана дәрілер өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланады.
Қазақстан флорасы пайдалы өсімдіктерге, оның ішінде ерекше маңызды болып саналатын дәрілік өсімдіктерге өте бай.Бұлардан жасалатын препараттардың тиімділікке айналғаны белгілі.Соның нәтижесінде бұл күнде фитотерапия айтарлықтай дамып отыр.Соңғы кезде кейбір дәрілік өсімдіктер ысыраппен пайдаланудың нәтижесінде жойылудың шегінде немесе мүлдем жойылған. Осыған байланысты біз тек дәрілік өсімдіктерді пайдаланып қана қоймай, оларды қорғауды да насихаттауымыз керек.
Дәрілік өсімдіктер - қазіргі кезге дейін әр түрлі дәрілік препараттар алатын шикі заттың негізгі көзі болып табылады.Қазіргі кезде олардың 40%-ға жуық дәрілік заттар және препараттар алынады. Адам ағзасындағы ауыр, қатерлі ауруларын емдеуде өсімдіктерден жасалған препараттар кеңінен қолданылуда.
Жүрек - қан тамырларының ауруларын емдеуде , олар 80%-ға дейін, ал бауыр және асқазан - ішек ауруларында шамамен 70 % құрайды.[12]. Сондықтан мамандар көптеген ауруларға сондай-ақ қатерлі ісік ауруына қарсы препараттар алуда жаңа дәрілік өсімдіктер түрлерін қарастыруда.
Дәрілік өсімдіктер туралы көптеген мәліметтерді Индия фармакологтары өз елінің флорасында өсімдіктің 800 - ге жуық түрін тапқан. Тибет дәрігерлерінің емдеу тәсілдері осы Индия, Қытай, Жапон елдеріндегі білім негізінде құрылған. Осының арқасында болу керек, тибеттіктерде ауру- сырқауды емдеуге пайдаланатын дәрі дәрмек түрлері өте көп.
Басқа елдерге қарағанда Қытайда бұл салада көзге көрінелік жұмыстар жүргізілге. Бұл елде дәрілік өсімдіктер туралы кітап жаңа эрадан екі жарым мың жыл бұрын жазылған.
Фармаколог Ли Ши- Чжень ХVI ғасырда , өзінің 27 жылдық зерттеу жұмысын жинақтап, 52 томдық дәрігерлік еңбегін шығарған.Бұл еңбекте дәрілік өсімдіктердің 2000-ға жуық түрі жазылған. Сонымен қатар дәрілік өсімдіктерді жинау, кептіру, одан әрі жасау әдісі, қандай ауруға қалай пайдалануға болатыны туралы көптеген мәліметтер берілген.
Біздің елімізде де әр түрлі ауруларды емдеуге өсімдіктерді пайдалану ерте уақыттан басталған.
Батыс және Оңтүстік Алтай жоталар жүйесі кіретін Қазақстандық Алтай өзінің бірегей алуан түрлі флорасымен, өсімдіктер әлемі және өсімдіктер ресурсымен ерекшеленеді. Қазақстандық Алтайдың ормандары мен далаларында өсетін дәрілік шөптерді жергілікті тұрғындар әр түрлі ауруларға халық емі ретінде кең қолданады. Бұл әрине түсінікті де. Алтайдың дәрілік өсімдіктерінің көп бөлігінің терапиялық құнды екендігін халық медицинасы ерте заманнан-ақ мойындаған.
Мен ғылыми зерттеу жұмысы барысында дәрілік өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін , шипалық қасиеттерін және оның химиялық құрамын зерттедім.
Дайын дәріні сатып алмай жергілікті жердің өсімдігімен емдеуге болатынын үйрене отырып, өз ауылымның байлығын ұқыпты пайдалануға үйрендім.
Мақсаты:
Жергілікті дәрілік өсімдіктердің түрлерін, олардың биологиялық ерекшеліктерін зерттеу. Туған өлкедегі дәрілік өсімдіктерді анықтап, өмірде қолдана білуге үйрену.
Міндеттері:
- оқушыларды дәрілік өсімдіктердің шипалық қасиеттері мен таныстыру;
-дәрілік өсімдіктерді пайдалану ережелерін сақтау ;
- дәрілік өсімдіктердің түрлерін тереңдете оқытумен қатар оларды жинау ісі, шикізат дайындаудың әдіс - тәсілдері;
- дәрілік өсімдіктерді танып білуге және оларды емдеу үшін пайдалануға үйрету;
- дәрілік өсімдіктерді үй жағдайында бау - бақшаларда, жүйекте өсіруге баулу.
Күтілетін нәтиже:
- жеке адам мен қоғамның табиғатқа деген оң көзқарасын, мәдениетін білім беру барысында қалыптастырады;
- дәрілік өсімдіктердің қазіргі кездегі күйі мен болашағы туралы түсінік;
- оқушылар дәрілік өсімдіктерге бақылау жасап, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге қадамдар жасайды.
Жұмыстың өзектілігі:
Қазіргі кезде өсімдіктерді халықтық және ғылыми медицинада пайдаланудың кең көлемді мәліметтер жинақталған. Дәрілік фитохимия саласындағы алуан түрлі синтетикалық дәрі-дәрмектер шығарудағы зор жетістіктерге қарамастан, дәрілік өсімдіктер әлі де өз маңыздылығын жойған жоқ және де жоймақ емес. Себебі, көптеген ауру түрлерін негізінен осы өсімдіктерден жасалған дәрі-дәрмектер арқылы емдейді. Бұл дәрілік өсімдіктердің маңыздылығын одан ары өсуінің бір себебі. Өсімдіктерден алынған көптеген табиғи заттар таптырмайтын және құнды топтарды құрайды - жүрек гликозидтер, стероидтар, сапониндер, яғни осыларды алу үшін жалғыз шикізат түрі болып табылады. Сонымен қоса, өсімдіктерден жасалған дәрі-дәрмектер аз көлемде уыттылығымен ерекшеленеді және көп жақты әсер етеді.
Ғылыми жұмыс барысында оқушылар дәрілік өсімдіктердің түрлерімен, атаулары мен ғана емес, сонымен қатар оларды емдік шараларына өмірде қолдануымен танысады.
Сонымен қатар әрине, зерттеу кезінде оқушының танымдық қабілеті дамиды.
Салауатты өмір сүру үшін табиғи өсімдіктерді қолданған жөн.Себебі: кейбір ауруларды емдеу кезінде химиялық дәрілер ( таблеткалар) кері әсерін тигізеді және қазіргі кезде дәрілер өте қымбат. Егерде адамдар шөп қайнатпаларын дайындап, қолданса жанға шипа, дертке дауа болары сөзсіз.
Зерттеудің әдістемесі
Жергілікті жерде өсетін өсімдіктермен танысып, мәліметтерді жинақтап, зерттеу жүргізу.
Гипотезасы:
Дәрілік өсімдіктерді қолдана білу біліктіліктері, кейбір ауруларды материалдық шығынсыз емделуіне, жазылуына көмектеседі.
Дәрілік өсімдіктерге сипаттама
Бақбақ.(Taraxacum) -- күрделі гүлділер тұқымдасына жататын көпжылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда 59 түрі бар, оның 23-і сирек кездесетін болып саналады. Ең көп тарағандары: дәрілік Бақбағы (T. offіcіnale), көксағызБақбағы (T. koksagnuz). Олар шалғынды, көгалды жерлерде, жолжиегінде, тау бөктерлерінде өседі.
Емдік қасиеті
Бақбақтың жапырақтарында каротиноидтық заттар. С және В2 витаминдері бар, ал тез сіңетін кальций, фосфор, темір, магний, марганец тұздарының көптеген жапырықты көкөніс- тердегінен көбіне асып түседі. Жапырақтарынан және гүл сабақшаларынан қант -- инозит табылған. Тамырлары мен жапырақтарындағы сүтсымақта шырыш және ащы зат -- гликозид тараксацин бар. Тамырларында крахмалдың орнына, әсіресе күзде, 25% дейін инулин жиналады. Жапырақтарындағы ашқылтым дәмінен құтылу үшін жапырақтарды әбден ағарғанға дейін сабанмен бүркейді, немесе жапырақтың кесінділерін 30 мин тұзды суда ұстайды, аш- қылтым дәмі қайтқанда және қуырғанда кетеді. Тағамға, әсіресе көктем кезінде, маринадталған гүл сабақшаларын да пайдаланады, ал қуырған тамырларын кофе орнына ішеді. Емдік мақсатқа жапырақтары мен тамырларының сөлін тәбет ашатын,асқортуды жақсартатын және қан тазартатын дәрі ретінде пайдаланады. Бақбақтан істелген тағам бауырды жақсартады және зат алмасуды дұрыстайды деген ұйғарым бар. Әр түрлі халықтың медицинасында тамыр мен құрғақ шөптің қайнатпасын асқазанның әр түрлі ауруларына, өт айдайтын, іш босататын, қақырық түсіретін дәрі ретінде, сондай-ақ май толық сіңбегенде қолданады.Атеросклерозды, анемияны емдеуге де болады.Тамырдан істелген ұнтақтар әр түрлі тері ауруларына және пигмент дақтарын кетіруге пайдаланады.
Итмұрын- көп сабақты, тікенді кішілеу бұта, жемісі қызыл, дәндерін тікенді түк басқан. Еліміздің барлық жерлерінде , соның ішінде Қазақстанда да тараған. Тоғайлы жерлердің ашық алаңдарында, бұталар арасында өседі. Дәрілікке
жемісі, гүлі, жапырағы пайдаланады. Жемісінде С, А, В, К, Р витаминдері , ал дәнінде Е витамині ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz