ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУ КЕЗІНДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Әр елдің тарихында сол елдің тағдырын шешетін оқиғалардың болары анық. Қазақстанның егемендікке қол жеткізуі де, сөз жоқ, осындай оқиғалардың бірі екені даусыз. Ал кейінге шегініп, артымызға қарасақ, осыдан жарты ғасырдай уақыт бұрын республиканың барлық тағдырын шешкен тың эпопеясын болғанын білеміз.
Бұл жөнінде Президентіміз Н. Ә. Назарбаев «Әр елдің тарихында дәуірлік сипат алатын оқиғалар болады. Олардың мәнін, көлемі мен елге тигізген әсерін ұзақ жылдар өткеннен кейін ғана жаңа көзқарас тұрғысынан сараптай аламыз. Қазақстан үшін, басқа тәуелсіз мемлекеттердегі сияқты, тыңды көтеру ең басты оқиға болып саналады . . . », - деп көрсетеді [1] .
Қоғам әрбір кезең туралы нағыз шыңдықты білуі тиіс. Осы орайда, кезінде басыңқы зерттелген тақырыптарға тарихшылар сыни көзбен қарауы керек. Мәселен, тың және тыңайған жерлерді игерудің бұған тікелей қатысы бар. Аталған мәселе өте күрделі. Сондықтан, оны қайта зерттеп, қайта ойдан өткізген жөн.
Бұдан байқағанымыз: уақыт өтсе де, өткен тарих пен қазіргі заман арасында біршама ара-қашықтық байқалғанмен, тың эпопеясы осы күнге дейін әлі де болса өз бағасын толық алған жоқ. Осы тұрғыдан келгенде, тың және тыңайған жерлерді игеру жайлы еңбектердің саралап-зерттеудің, оған сипаттама беріп, тың көтерудің тарихта алатын орнын айқындаудың маңызы зор.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазақстанда 1954 жылы басталған тың және тыңайған жерлерді игерудің ел тарихындағы орны мен маңызын анықтап, келтірілген деректемелердің Қазақстанның тарихи әрі саяси-әлеуметтік, экономикалық дамуына тигізер әсерін айқындау, кейінгі ұрпақтың елдің тарихын білуіне жағдай туғызу.
Зерттеу жұмысының міндеттері.
- Тың және тыңайған жерлер жайлы зерттеулерді қарастырып, деректер жинау;
- Тың және тыңайған жерлерді игеруге себеп болған факторларды анықтау;
- Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы жинақталған мәліметтердің болашақ үшін маңызын айқындау;
- Тың және тыңайған жерлерді игеруде белсенді әрекет еткен қазақстандық және шетелдік азаматтар туралы мәліметтер жинақтап, олардың еліміздің дамуына тигізген ықпалдарын анықтау.
Зерттеу нысаны. Қазақстан жеріндегі 1954 жылғы тың және тыңайған жерлерді игерудің себептері мен салдары, маңызы. 1954 жылдан басталған Қазақстан жеріндегі тың эпопеясы.
Тақырыптың зерттелу деңгейі.
Тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру тақырыбы. Кеңестік тарихи әдебиетте кең орын алды. Әсіресе, ірі монографиялық зерттеулер, ұжымдық еңбектер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, мерекелік салтанаттар көбейді. Осы мәселе жөнінде көптеген кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалды, сонымен бірге көркем әдебиет пен киноматография да оған көп көңіл аударды. Тың жерлерді жаппай игеру тарихын зерттеу алғашқы қазықтар қағылған елуінші жылдардың орта кезінен басталады. Содан он жыл өткеннен кейін тың туралы алғашқы тарихи, әдеби шолу пайда болды. Одан соң әрбір бес жылдан кейін осындай еңбектер шығып отырған. Оларға тән бір жағдай бұл еңбектер тарихи-партиялық тұрғыда жазылған. Зерттеушілердің айтуы бойынша 60-жылдардың орта кезіңе дейін негізінен брошюралар, мақалалар көп жазылған. Олардың ғылыми дәрежесіне онша көп көңіл бөлінбеген.
60-жылдардың ІІ жартысынан кейін «Тың эпопеясының» жаңа тарихи дәуірі басталады. Бұл кезеңде негізінен жалпылама еңбектер басым болды. В. И. Лениннің аграрлық мәселелер жөніндегі еңбектері кеңінен қолданылды. КОКП-нің, оның төмендегі ұйымдарының, комсомолдың роліне айрықша орын берілді. Тыңдағы партиялық құрылыс, тың шаруашылықтарын қамқорлыққа алу, ұлттық достық қарым-қатынасты дамыту және халықтардың бір-біріне көмегі мәселелері жан-жақты зерттеу объектісіне айналды.
Осындай және басқа да мәселелер «Коммунистік партия Қазақстандағы тың жерді игеру жолындағы күресте» деген коллективтік монографияда, В. В. Куликовтың «Тың жерді игерудегі тарихи тәжірибе», С. Л. Ковальский мен Х. М. Мадановтың «Қазақстандағы тың жерді игеру» атты кітаптарында, басқа да еңбектерде жан-жақты көрсетілген. Бұл кітаптар авторларының тың игерудегі бірқатар жұмыстардың басын құрағанымен қатар мұндай күрделі істі бір жақты көрсеткенін атап кеткеніміз жөн. Осындай еңбектерде тың эпопеясын мадақтау тұрғысында «бұдан басқа жол жоқ еді», «бірден бір дұрыс шешім», «тың жерлерді игеру - өндірісті интенсивтендірудің социалистік әдісі» деген сияқты баға берген сөздермен дәріптеледі.
Тың тақырыбына арналған материалдардың саны өте көп болғанымен сапасы ойдағыдай емес. Аталмыш еңбектертерді, олардың авторларын саралай отырып, олардың көбі мадақтау негізінде жазылғанын, сын көзбен ғылыми тұрғыдан тың көтеруге баға берілмегенін айтуымыз керек.
Тың көтеру жайлы С. Л. Ковальский [4], Х. Маданов [7], Л. И. Брежнев [8], Чапай Мусин [12], Т. Омарбеов [42], Ж. О. Артықбаев [57], тағы да басқа ғалымдардың еңбектерінде тың игерудің себептері мен салдары, жалпы сипаттмасы жайлы және тың игерудің Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына әсері, пайдасы жайлы мәліметтер берілген.
Бұл зерттеу жұмысында біз тың игерудің себептері мен салдары, экологиялық жағдайы, тың игеру жылдарында қажырлы еңбек еткен мамандар жайлы сөз қозғамақпыз.
Зерттеудің әдістері.
Зерттеу барысында талдау және жинақтау, индукция мен дедукция, тарихи-салыстырмалы, жүйелік-құрылымдық, теориялық таным, модельдеу мен типтендіру сияқты жалпы ғылыми, әлеуметтанушылық, тарихи зерттеу тәсілдері қолданылды. Оның үстіне саяси тарихты зерртеу ғылымнан өткен күннің тарихи-саяси және әлеуметтік-мәдени дәйектерінен ой қорытқанда барынша шынайы болуды, саяси-идеологиялық феномендердің көп түрлі және қарама-қайшылықты жағдайын ескеруді талап ететін болғандықтан тарихи тәсілдерді қолдана отырып, тың және тыңайған жерлерді игеру мәселесін зерттеуде зерттеу нысанының көпнұсқалығы, олардың өзара байланысы мен ішкі тәуелділігі сияқты ерекшеліктер ескерілді. «Тарихты қайта жазып шығу» қағидасы емес, дәстүрлі тарихи танымдағы білімдерді толықтыратын, теріске шығаратын немесе қуаттайтын тың деректер мен тұжырымдар ұсыну қағидасы басшылыққа алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы және тәжірибелік мәні. Егер 1954 жылғы Қазақстан жеріндегі тың және тыңайған жерлерді игеруді зерттеп, толық саралай білсек, келешекте еліміздің даму стратегиясы анықтала түсіп, болашағы баянды болмақ, әрі тыңды игеруге белсене ат салысқан тұлғаларды зерттеп, олардың елді дамытуға қосқан үлесін анықтау арқылы сол заманның ерекшелігін, халықтың жағдайын, ел тарихын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Диплом жұмысының тәжірибелік құндылығы ретінде Қазақстан жеріндегі тың игерудің тарихына қатысты мәліметтер мен деректер мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындары студенттері үшін дереккөздер болатынын айтуға болады. Сол сияқты зерттеу жұмысында қалыптасқан әдістемелік тәсілдер ұлы тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметін жан-жақты зерттеп, тарихи таным нысанына айналдыруға мүмкіндік береді.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Тақырыптың теориялық-әдістемелік негіздемесі диплом жұмысында арнайы қарастырылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің ғылыми аппараты, тақырыптың өзектілігі, зерттелу жайы, зерттеу мақсаты, міндеттері, зерттеу әдісі, ғылыми болжамы, оның тәжірибеге енгізілуі тұжырымдалды.
Ал негізгі бөлімде тың және тыңайған жерлерді игерудің тарихы мен тағылымына, маңызына, себептері мен салдарына, экологиялық сипатына, тыңды игеруге қатысқан ұлы тұлғалар жайындағы деректерге тоқталынды.
Қорытынды бөлімде көзделген мақсат-міндеттердің орындалуы жайында сөз қозғалды.
1 ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУ ТАРИХЫ
1. 1 Тың және тыңайған жерлерді игерудің себептері мен алғышарттары
Қазақстан тарихында әлі де болса толық бағасын алмаған күрделі мәселелердің бірі - тың және тыңайған жерлерді игерудің қорытындылары мен салдары болып табылады. Сол кезеңде тың игеру тарихы сол заманғы идеологияға сай, жоғары бағаланып, тек жағымды жақтарынан ғана жазылғаны мәлім. ХХ ғасырдың 50-жылдарының басында Кеңес өкіметінің аграрлық салада жүзеге асырған реформаларының нәтижесіз аяқталуының салдарынан, жылдан-жылға азық-түлікпен қамтамасыз ету қиындай түсті.
1953 жылы наурыздың бас кезінде Сталиннің қаза болуынан кейін партиялық-мемлекеттік аппаратта билік үшін жанталасқан бақталастық басталды. Көсемнен айырылған Кремль сарайындағылар жаңа саяси айлакерлік пен қулық-сұмдық күресіне бел шеше кірісіп кетті, оның бәрі партия құжаттары қарарларында көрініс тапты.
Наурыз айынан ел билігін үш адам (три умвират) - Н. С. Хрущев, Г. М. Маленков, Л. П. Берия басқарды. Алайда, бұлардың соңғысы, яғни Л. П. Берия 26 маусымда тура Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Министрлер Кеңесі Президиумы отырысы үстінде тұтқындалып, артынша атылды. Сол сәттен бастап сырт көзге көшбасшы Г. Маленков болды. Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы Орталық Комитетінің В. М. Молотов, Л. М. Каганович және Г. Маленковтың «партияға қарсы тобының» жікшілдік әрекетін айыптауынан кейін мемлекет басына Н. Хрущев келді. Ол ел өміріне өзгеріс енгізуді аграрлық сектордан бастады. Халық шаруашылығының «жанды жері» нақ осында шоғырланған еді. Тоқтаусыз сыр беріп келе жатқан астық мәселесі азық-түлік тапшылығына ұрыну қаупін тудырды. Астық өндіру мемлекет сұранысын жылдан-жылға қамтамасыз ете алмады. 1950 жылға қарай халықтың саны 20 млн. адамға, оның ішінде қала тұрғындары 10 млн. адамға (осы жылдары аулды тастап, қалаға босу басталды) көбейді [2] .
Соғыстан кейінгі бірінші жыл ауыл шаруашылығы үшін аса қиын болды. Құрғақшылық елдің, әсіресе оның еуропалық бөлігінің ауыл шаруашылық жағдайына өте ауыр тиді. Жағдай жұмысшы күшінің жетіспеушілігінен де ушықты; ауыл шаруашылық машиналардың көп бөлігі соғыс жылдарында істен шықты, ал жаңадан алынатын машиналар саны аз болды. Басқарудың әкімшілік, күштеу тәсілдерінің, экономикалық заңдарды есепке алмаудың зардаптары ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізді. Жер өңдеу мәдениті төмен болып, қоғамдық мал шаруашылығы нашар дамыды. Сондықтан үкімет ауыл шаруашылығындағы жағдайды түзетуге ден қойды. Мәселен, 1950 жылы партиялық-үкімет комиссиясы құрылды. Оған колхоздарды қаржыландыруды жақсарту мәселесін қарау ұсынылды.
Ауыл шаруашылығындағы ауыр жағдайының себептеріне талдау жүргізген ел басшылығы шаруашылық және партия органдарын бұрынғы колхоз және совхоздарға қатысты бұра тартушылықтарды жоюға міндеттеді. 1949 жылға қарай қабылданған қаулы бойынша Қазақстанның колхоздарына түрлі ұйымдардың 214 млн сом қарызы, көп мал, техника, 540 мыңға жуық, заңсыз тартып алынған жер қайтарылып беріліп, әкімшілік-шаруашылық басқару аппараты елеулі түрде қысқарды. Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық жағынан жабдықталуын шұғыл жақсарту мақсатында мемлекет қосымша қаражат бөлді. Ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау және қайта даярлаудың жүйесі жолға қойылды. Колхоздар мен совхоздарға қызмет көрсетуге тиіс машина-трактор станцияларын (МТС) техникамен жабдықтауға үлкен көмек көрсетілді. Төртінші бесжылдықтың соңына қарай республика машина-трактор станциялары күшейіп, колхоздардың 95%-ына қызмет көрсетті, ал бұл көрсеткіш 1946 жылы 76% ғана болған еді. Соған қарамастан үкімет қабылдаған іс-шаралар ойдағыдай нәтиже бермеді. Өндірісті арттыру үшін ұсақ колхоздар ірі колхоздарға біріктірілді. Колхоздарды қысқа мерзім ішінде ірілендіру жаппай сипат алды, нәтижесінде Қазақстандағы олардың саны 6737-ден (1945 жыл) 2047-ге (1952 жыл) дейін қысқарды.
Қабылданған іс-шаралар ауыл шаруашылығының жағдайын біршама жақсартты. Машина-трактор станцияларының техникасы неғұрлым тиімді пайдаланыла бастады. Егін, мал өнімдері бойынша белгіленген жоспарды асыра орындау үшін қосымша төлемдер енгізілді. Мал басының саны артты. Бесжылдық ішінде суарылатын жерлер ауданы 16%-ға артты.
Ауыл шаруашылығын басқарудың әміршіл-әкімшілік жүйесі. Дегенмен республиканың ауыл шаруашылығы бүкіл Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ауыл шаруашылығы сияқты азық-түліктегі, өнеркәсіптегі, шикі заттағы халық сұранысын қанағаттандыра алмады. Бұған колхоздарды, жалпы ауыл шаруашылығын басқарудың әміршіл-әкімшіл жүесі себеп боды. Жоғарыдан жоспарлау, бюрократиялық аппараттың күш көрсетуі өндірушіні өндіріс құралдарынан да, еңбек нәтижелерінен де шеттетті. Колхозшылардың еңбегіне ақы өніммен төленді (азық-түлік, киім-кешек) . Колхозшыларда төлқұжат болмады, олардың есебі селолық кеңестер жасаған тізімдер арқылы ғана жүргізілді. Бұл олардың мекен-жайын еркін өзгертуіне мүмкіндік бермеді, олар заңды түрде колхозға байланды, басыбайлы шаруалар сипатында болды.
Ауыл еңбекшілерінің жағдайына тура немесе жанама түрде әсер еткен барлық қиыншылықтарға, бұра тарту мен жаңсақ есептерге қарамастан олар елді қолдарынан келгенше азық-түлікпен қамтамасыз ете берді. Еңбек ерлігі мен батырлығының үлгілері де аз емес еді.
Аграрлық секторды дамытуды ынталандыру үшін мемлекет шаруашылықтардың бұрынғы қарыздарын жойып, салық көлемі елеулі түрде азайды. Ет, сүт, жүн, картоп, көкөністің сатып алу бағасы көтерілді. Дегенмен ауыл шаруашылық өндірісі жүйесін жақсартуға бағытталған реформалар қалыптасқан шаруашылық жүргізу құрылымының негіздеріне әсер етпеді, әміршіл-әкімшіл жүйе әлі де үстемдік етуін жалғастыра берді.
Ауыл туралы дәстүрлі саясатты өзгерту қажет екенін өмір алға тартты. 1952 жылы Кеңес үкіметі ауыл шаруашылығындағы жағдайды жақсартуға көңіл бөлді. 1953 жылы наурызда Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Министрлер Кеңесінің органдары егжей-тегжейлі жаңа концепция жасауға кірісті. Оның негізгі ой желісі Жоғарғы Кеңестің тамыз сессиясындағы Г. Маленковтың баяндамасында айтылды. Аграрлық саясатты өзгерту идеялары Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің қыркүйек Пленумында (1953 жылы) директивалық тапсырыстар түрінде қолдау тапты. Соған орай ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге инвестицияны күрт арттыру қарастырылды. Ауыл шаруашылығына салынатын қаржы көлемі ұлғайтылды, ауыл шаруашылығы өнімдері кейбір түрлерінің сатып алу және дайындау бағалары айтарлықтай өсті, салық саясаты жұмсарды, еңбекақыға үстеме қосылды, агросаланы дамытуды экономикалық тұрғыда қолдаудың басқа да әдіс-амалдары енгізілді.
Аграрлық саясаттағы сапа жағынан жағымды мазмұнға үміт арту өзіндік сенімге негізделді, инвестиция көздерін колхоз-совхоз құрылысына бағыттаса-ақ, «олардың табиғатында бар мол мүмкіндіктің көзін ашады» деп білді. Таза нарық экономикасына тән, «неғұрлым көп құйсан - соғұрлым көп аласын» деген принцип, осынау аксиоманы қабылдай қоймайтын социалистік шаруашылыққа зорлап енгізілді. Осы сәттен бастап, ол өндірісті барынша шоғырландыру және еңбекті дәріптеу идеясын білдіретін, сталиндік колхоздың «неғұрлым ірі - жақсының түрі» делінетін биік межемен қатар, ауыл шаруашылығы саласындағы экономикалық басымдықты (және тек оны ғана емес) нақтылай бастады [3] .
Аталмыш комиссиялардың жұмыс нәтижесі Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында талқыланды (1953 жыл тамыз) . Үкімет экономиканы сауықтырудың ойластырылған шарасын ұсынды. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Министрлер кеңесінің төрағасы Г. Маленков халық тұтынатын тауарларды өндіруді ұлғайту үшін ауыл шаруашылығын көтермей болмайды деген тұжырым жасады. «Біздің басты міндетіміз, - деді ол, қысқа мерзім ішінде ауыл шаруашылығындағы колхоздар мен совхоздардың артта қалушылығын жойып, оны тез аяғынан қоя отырып, шаруашылықты нығайту, колхозшылардың еңбек күнін көбейтіп, оларға ақша бөлуді ұлғайту». Баяндамада астық мәселесі маңызды деп танылып, оны өндіруді көбейту мақсаты қойылды. Ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы Орталық Комиетінің 1953 жылғы 3-7 қыркүйек айында болған Пленумында да қаралды. Партияның ауыл шаруашылығын дамыту, азық-түлік тапшылығын, астық өндіруді арттыру мақсатында тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды. Тың жер - табиғи күйінде құнарлылығы сақталып тұрған, ғасырлар бойы жыртылмаған жерлер. Тың жерлерде топырағының құрылымында қара шірік қабаты қалын, өсімдікке қажетті қоректік заттар мол болды. Тыңайған жер - ұзақ уақыт бойы өңделмеген жыртылған жер.
Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары колхоз және совхоз өндірісін ұйымдастыруда көптеген кемшіліктердің орын алғаны кейіннен анықталды. Мәселен, колхоз өмірінің демократиялық негізде басшылыққа алынуы тиіс ауыл шаруашылық артелінің жарғысы әміршіл-әкімшіл басқару ықпалымен бұрмаланған, колхоздарда шаруашылық басшылары сайланбаған, оларды шың мәнінде партия комитеттері тағайындаған. Осындай кемшіліктерді жою үшін нақты шаралар жүзеге асырылды, жалпы партия және кеңес органдары ауыл шаруашылығына басшылық ету тәсілдерін қарап, әкімшілікке салынушылыққа жол бермеуге, колхоздардың ішкі демократиясын қалпына келтіруге басты назар аударды. Бірақ өткен кезеңдегідей басқару жүйесі шаруашылықтардың ішкі ісіне араласып, колхоздарға өнімді молайтуға дәрменсіз еді, өйткені олар өте ұсақ болатын. Осындай ұсақ колхоздарды біріктіріп, ірі шаруашлықты қалыптастыру үшін ұсақ колхоздарды ірілендіру саясаты жүргізілді. Ұсақ колхоздарды ірілендіру саясаты ауыл шаруашылық машиналарын пайдалануға, маман кадрлармен қамтамасыз ету және үлкен егіндік, шабындық жерлерді пайдалануда алғашқы кезде жетістіктерге жетті.
Колхоздарды ірілендіру саясаты белгілі дәрежеде табыстарға жеткенімен, теріс жақтары да орын алды. Колхоздарды ірілендіру шаралары сияқты күрделі іс асығыс түрде жүзеге асырылды, тіпті кейбір жағдайларда ауылды жаппай ұйымдастыру кезіндегідей күштеп жүргізілді. Мыңдаған шаруалар атақонысын, үй-жайын тастап, жаңа жерлерге іріленген колхоздар орталығына көшіп баруға мәжбүр болды. Осының салдарынан мыңдаған елді мекендер іске аспай, иесіз қалды. Жаңа жерлердегі қоныстанушыларға онсыз да ауыл шаруашылық өндірісіне жетпей жатқан қыруар қаржы жұмсалды. Оның үстіне машина-трактор станциялары таратылып берілді.
Республика ауыл шаруашылығының даму барысы колхоздар мен совхоздарды нығайту, оларды өзінің техникасымен жабдықтау машина-трактор станциясы рөлінің төмендеуіне алып келді. Шаруашылықтар енді өнімділігі жоғары техниканы сатып ала алатын және қолданатын болды. Мұндай жағдайда машина-трактор станциялар өз рөлін жойып, қажетсіз болып қалды. Ел Үкіметінің қаулысы бойынша машина-трактор станциялар қайта ұйымдастырылып, жөндеу-техникалық станцияларға айналды, ал ауыл шаруашылық техникасы колхоздарға сатылды. Кейіннен жөндеу-техникалық станциялар да жойылып, олардың міндеттерін республикада жаңа құрылған «Казсельхозтехника» өндірістік-техникалық жабдықтау бірлестігіне жүктелді.
1 Кесте - Қазақстан Кеңестік Социалистік Республикасы колхоздарының өндірістік динамикасы
Ескерту - [По материалам статистического сборника «Народное хозяйство Казахстана в 1975 г. ». Стат. Ежегодник. - Алма-Ата: Наука, 1976. - С. 137-138]
1950-ші жылдары, кейін 1960-шы жылдары да Қазақстанда ұсақ колхоздар негізінде жаңа совхоздар ұйымдастыру кең көлемде жүргізілді. Ірі шаруашылықтар халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету міндетін атқара алады деп саналды. Экономикалық жағынан нашар колхоздар ірілендіріліп, жаппай совхоздар ұйымдастыру 1957 жылдың көктемінен басталды. Ет-сүт, астық, мақта-мата, тағы басқа азық-түлікті өндіретін совхоздар дами бастады. Келесі жылдар көрсеткендей, бұл қайта ұйымдастыру басты мәселені шеше алмады.
2 Кесте - Қазақстан Кеңестік Социалистік Республикасындағы совхоздардың құрылыс динамикасы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz