ОТАН ДЕМОГРАФИЯСЫ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ
ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР, ТАРИХ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ

ТАҚЫРЫБЫ : ОТАН ДЕМОГРАФИЯСЫ

Орындаған : Салимов А.К И-21 тобының студенті

Тексерген : Махметова А.У

КӨКШЕТАУ, 2013

ЖОСПАР

1.ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚ САНАҒЫНЫҢ ТАРИХЫ

2.ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ХАЛЫҚ САНАҒЫ

3.ҰЛТТЫҚ САНАҚ БОЙЫНША СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР

ҚОРЫТЫНДЫ

1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚ САНАҒЫНЫҢ ТАРИХЫ

Бізге жеткен мәліметтер бойынша халықты есепке алу, осыдан төрт мың
жылдан артық уақыт бұрын өткізілген Қытайға қатысты. Ежелгі Египетте,
Грекияда, Римде, Иранда, Жапонияда және т.б. ежелгі мемлекеттерде халықты
есепке алу жүргізілгені жөнінде мәліметтер бар.
Әскери және салықпен қамтылған контингентті есепке алу біздің ежелгі
бабаларымыз Үйсіндер мен Қаңлыларда да болған. Б.з.д. ІІ ғасырда Үйсіндер
халық саны 630 мың болғанда, олар ішінде 188,8 мың адам жасақталған, ал
Қаңлылардың халық саны 600 мың болғанда 120 мың әскерге жарамды сарбаз
шығарған. Ерте ортағасырдағы мемлекеттердің халық санын шамалап шығару қиын
емес. Алтын Орданың этникалық негізін құрайтын орта ғасырдағы қыпшақтар,
бұрынғы Киевтік Русьтың феодалды-шашыраған аумағындағы салықпен қамтылған
халқының санын есепке алуды жүргізген.1456-1465 жылдарда Керей , Жәнібек
сұлтандарымен Қазақ хандығы құрыла бастаған кезеңінде, олардың қол астына
жиналған халық саны 200 мың адамға жетті. Замандастар анықтамасы бойынша
қуатты қазақ хандарының бірі Қасым ханның құзырындағы халық саны миллион
адамға жеткен.
Алайда, қазіргі Қазақстанның аумағында біршама жүйелі түрде және
орталықтандырылған статистикалық қызметтің туындауы қоғамдық құбылыстардың
сандық жағын есепке алу әрекеттері, сонымен қатар халықты мерзімді есепке
алу, ХVІІІ ғасырдың екінші жартысына, яғни Қазақстанның Ресей империясының
құрамына кіру кезеңіне тиесілі.
Ресейде І Петрдің 1718 жылғы жарлығымен әр бір адамды санаққа алуға
бастама қойылды. Соған байланысты ХVІІІ ғасырда және ХІХ ғасырдың бірінші
жартысында халық туралы мәліметтер ревизия өткізу кезінде жиналған, яғни
үкіметтің тағайындауы елдің халық санына кіретін шаруаларды, қолөнерлерді ,
саудагерлерді, мезгіл-мезгіл есепке алуды жүргізу кезінде жиналды. Мұндай
ревизиялар Ресей тарихында 10 рет 1719, 1744-45, 1763, 1782, 1795, 1811,
1815, 1833, 1850 және 1857 жылдары өткізілді. Сонымен қатар әрбір ревизия
бір-екі жылға созылды, ауыл көсемдерімен ревизиялық ертегі (Ресей
империясы тұрғындарының атаулық тізімдері) помещиктермен немесе мемлекет
шаруаларын басқарушылармен толтырылған, ал қалаларда – қалалық басқарма
өкілдері толтырған. Әрине, мұндай жанбасылық санақ, әсіресе өткен
кезеңдердегі, Қазақстанның белгілі бір аумағындағы халықтың кейбір бөлігін
қамтыған. ХІХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап, яғни басыбайлық құқықтың
жойылуы кезеңінен бастап, мұндай есепке алулар тоқтатылды; оның орнына ірі,
кей жерде шағын қалаларда, жергілікті халық санағы өткізіле бастады.
Мұндай қалалық халық санағы 1873 жылы Астрахань губерниясында, ал 1877 жылы
қазақтардың айтарлықтай бөлігі тұратын Ақмола облысында өткізілді.
Кейбір халық туралы статистикалық мәліметтер және мал саны аймақ
бойынша қайта-қайта есепке алу жолымен жиналған. Мұны негізінен Ресейдің
саяхатшы шенеуніктері жүргізген. Бірақ бұндай жолмен есептеу кезінде
бірыңғай әдіснама ескерілмей, жалпы бағдарлама және оның өткізілу уақыты
сақталған жоқ. Халық көбіне өздерін, туылған ер балаларының және нақты мал
санын жасыруға тырысқан. Оның себебі халық патшалық үкіметтің бұл
мәліметтерді халықтан қалайда болса көбірек салық жинау үшін
қолданатындығын түсінген.
Соған қарамастан, Ресей империясының бірыңғай мемлекеттік
статистикасының принциптері Қазақстан аумақтарына да ене бастады, алдағы
уақытта олар ХІХ ғасырдың 60 жылдары соңындағы Патшалық Ресей тарапынан
Қазақстанды басқарудағы әкімшілік реформаларын жүргізгіліп, аумақта арнайы
статистикалық органдар және жергілікті қызмет көрсету органдары құрылғаннан
соң түпкілікті бекітілді.
ХІХ ғасырдың аяғында Ресейдің ғалым статистиктері қазіргі Қазақстан
аймақтары және онымен шектесіп жатқан кейбір аудандарда басым бөлігі
қазақтардан тұратын територриялардағы қазақ халқының санына келесі бағалау
(есебін) берді.
Ресей империясында алғашқы және бірегей жалпы халық санағы 1897 жылдың
ақпан айында (28 ақпан айының жаңа үлгісімен) жүргізілген. Оның негізіне
сол кездегі ғылыми негіздері алынған, ал бағдарлама ұйымдастырушылық
негізіне атақты ғалым әрі саяхатшы Семенов Тянь-Шаньскийдің жоспары
алынған. Санақ бүкіл ел бойынша арнайы дайындалған бір бағдарлама және
жалпы нұсқаулық бойынша дайындалып жүргізілген, және де жеке, тұрақты және
заңды (тіркелген) жұртшылықты сол бір мерзімде (1897жыл 9 ақпан) есепке
алған. Ол бағдарламаның негізі 14 сұрақтан құралған; жасы, жынысы, некелік
жағдайы, адамдардың қоғамдық тобы, туылған жері, тіркелу орны, тұрақты
(күнделікті) тұрғын орны, діні, ана тілі, білім деңгейі, шұғылданатын ісі,
физикалық жетіспеушіліктер мен ойлау қабілеті төмен адамдар.
Санақ бір күндік санақ принципі бойынша жүргізілген. Санақ парақтары
ауылдық жерлерде санаққа дейін 20-30 күнде таратылып толтырылған, қалалық
жерлерде жалпы санаққа қойылған мерзімге дейін 5-10 күн қалғанда
толтырылған. Санақ парақтары жалпы санақтың басталуына дейін ауылдық
жерлерде 20 күн, қалалық жерлерде 10 күнде толтырылған. Содан соң 9-10
ақпанда қалалық жерлерде, 9-12 ақпанда ауылдық жерлерде тіркеушілер санақ
парақтарын жинап оларға түзетулер енгізген. Санақ мәліметтері, жалпы
айтқанда жақсы жасалып 100 том болып шыққан. Томдардың біраз бөлігі
Қазақстан халқына арналған.
Бұл санақ жұртшылықтың барын, тұрақты және заңды бөлігін қамтыған.
Кейінірақ санақ парақтары тексеруден өткізіліп, түзетулер енгізілген. Н.В.
Алексеенко, Г.К. Кронград және Ф.Н. Базановыйдың деректері бойынша, Ресей
империясының 1897 жылғы жалпы халық санағының негіздерінен құралған,
Қазақстан территориясында ең ірі үш этникалық топтар шоғырланған; қазақтар
жұртшылықтың 74-78%, орыстар - 10-13% және украйндар 1-2% құраған (үлес
салмақ көрсеткіштері арасындағы айырмашылық орыстар мен қазақтардың
Қазақстан бойынша бірдей әкімшілік бірліктерімен қамтылмағандығымен
түсіндіріледі).

2.ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ ХАЛЫҚ САНАҒЫ

Қазақстан тарихында 1897 жыл мен 2009 жылдар аралығында он бір рет
халық санағы өткізілген болатын. Халық санағының бастапқы екеуі (1897, 1911
ж) патшалы Ресей заманында яғни бодандық қамыты мойынға ілінген отаршылдық
кезеңде Ресей империясының мүддесі тұрғысынан жүргізілді. Отарланған елдер
арасында қазақтар арасында жүргізілген халық санағы әр отбасында орташа
есеппен 5 адамнан болмағы керек деген мөлшерді ұстанды. Халық санағын
өткізуде әр отбасы мөлшерін негізге алу жүйесі түрік халықтары тарихында
көне дәуірден орта ғасыр кезеңіне дейін белгілі болатын. Мысалы б.э.д.
үйсін қағандығында әр түтін басынан бір сарбаздан алу дәстүрі орныққан еді.
Ал осы көріністі 751 жылы Талас өзені бойында араб империясы мен Қытай
империясы арасында болып өткен, сол заман үшін теңдесі жоқ қырғын соғысқа
Түркеш қағандығы да тікелей араласқан еді. Екі империя арасында қысымда
қалған Түркеш қағандығына уақыт пен жағдайға байланысты екі империяның
біреуін жақтау қажеттілігі туады. Егер қытай армиясы жағына шықса, қытайлар
кетпей жерге орнығып қалуынан сескенеді. Сондықтан Түркеш мемлекеті мүддесі
үшін таңдау арабтар жағына ауды. Осы себепті екі жақ бір-біріне бата алмай
тұрғанда қытайларға қарсы майданды Түркештер ашты. Осы Түркештер қатарына
шымыр тайпасынан 20 мың атты сарбаз қосылғаны тарих ғылымдарының кандидаты,
белгілі ғалым Әлімғазы Дәулетханның Түркештер деген ғылыми еңбегінде
аталып көрсетіледі. Түркештер өз әскері қатарына әр отбасынан бір сарбаз
алып отырған. Егер отбасында жарарлық жалғыз бала болса, ол отбасының
түтіні өшіп қалмауы үшін сарбаздық міндетінен босатылатын дәстүр болған.
Сонда халық санын білудің тәсілі әр отбасынан алынған сарбаздар санына
қарай анықталып отырған. 1897, 1911 жылғы қазақтар арасында Ресей империясы
жүргізген халық санағында әр отбасында орташа есеппен 5 адамнан болады
деген мөлшерді негізге алған болатын. Бірақ 1897 жылғы халық санағында
қазақтар жайлаған ұлан байтақ жерлер тұтас қамтылмаған еді. Әрине,
шекараның ар жағындағы қытай, монғол қазақтары да есепке түспей қалған
болатын. Осының өзінде Ресей қоластындағы қазақтардың саны – 3 787 000 адам
деп көрсетілсе, 1911 жылғы санақта 4 692 000 қазақ болды. Яғни 15 жыл
ішінде қазақтар 905 000 адамға көбейген. Әрине, бұл көріністен Ресей
империясы қазақтарға жанашырлық танытты, қамқорлық жасады деген ұғым тумасы
анық. Ресей империясы бодан болған түрік халықтарының ішінде қазақтар мен
ноғай және қырым татарларының тағдырына аса қатыгездікпен қарап, оларды
шоқындырып, орыстандырып жіберу мақсатын қойды. Егер бұл саясатқа көнбесе,
жер бетінен сыпырып, жою мақсатын ашық қойғанына тарих куә. 1916 жылғы ұлт-
азаттық көтерілісін басу үшін Николай-2-патша өзінің ең сенімді аса
тәжірибелі досы Куропаткинді Сырдария губерниясының генерал-губернаторы
қызметіне тағайындады. Орта Азиядағы ұлт-азаттық көтерілісін түрлі саяси
айла-амалдармен тұншықтырған генерал-губернатор өз күнделігінде
жазғанындай, Ресей саяси элитасының 1876-1916 жыл аралығында, яғни 40 жыл
ішінде қазақтар үшін жасаған саяси қорытындысы – қазақтарды жер бетінен
тұтастай жойып жіберу мақсатын ашық қойғаны әшкере болып отыр. Өйткені
Ресей патшалығын Ш.Уәлиханов атап көрсеткендей, қазақтардың Ресейге бодан
болған түрік халықтары ішінде санының көп болуы, әрі болашағы зор, ұлттық
санасының жоғары болып, еркіндікке ұмтылуы шошытты. Ресей империясына халық
емес, оның жері керек екенін жұртшылық ерте сезінді. ХVI ғасырда орыстар 4
миллионға жеткенде, қырым татарларының саны 2 млн. болатын. Ал қазір
орыстар 4 млн-нан 150 млн-ға жетсе, қырым татарлары өз жерінде жарты млн-
нан әрең асып отыр. Өйткені қырым татарлары жайлаған Қырым жері ең шұрайлы,
курортты жер болуымен бірге стратегиялық жағынан аса қолайлы мекен болуы
себепті. Қырым өлкесін татарларынан тазалауды Ресей алдына мақсат етіп
қойса, осы саясатты Кеңес өкіметі жалғастырып, мүлде азайып кеткен қырым
татарларын 1944 жылы жер аударып, қырғынға ұшыратуы геноцидтік саясаттың
өзі болып шықты.
Кеңес өкіметі заманында 1917-1991 жылдар арасында жеті рет жүргізілген
халық санағында қазақтардың тағдыры басқа түрік халықтарының өсу деңгейімен
салыстырғанда өсіп жетілудің орнына кері кетіп, 1916 жылғы 6 миллион
қазақтың 1 900 000-ға шейін құлдырап, өз жерінде 82%-дан 29%-ға дейін мүлде
азайып кетуінде қандай құпия сыр жатыр? Бір жағынан қарағанда Кеңес үкіметі
мен Орталық Комитеттің саяси бюросында Ресей империясының ұстанған дәстүрін
жалғастырушы болғанын Кеңес үкіметі кезінде алты рет өткізілген халық
санағының нәтижесі нақтылы түрде айғақтап отырса, қалайша үнсіз отыра
алмақсың.
Бетпақ жеңдім дейді, бишара көндім дейді, – деп халық мақалы
айтқандай, бишара болып шындықты ашпауға енді тәуелсіз заманы көнбесе
керек. Өйткені 1911 жылғы патшалық санақтан кейін қазақтардың саны 1959
жылға дейін жыл өткен сайын тұрақты түрде азайып, оталып отырды.
Мысалы, 1916 жылы қазақтар саны 6 млн. болса
1939 жылы халық санағында 3 099 000 адамға кеміді. Өз жерінде отырып,
21,9% түсіп кетті.
1944 жылы қазақ саны 1 900 000-ға шейін азайды.
Билік басына қазақ ұлтының өкілі Қонаев отырған кезден бастап қазақтар
саны жыл өткен сайын молығып, тұрақты түрде өсу жолына түсті.
Күдік тудыратын мәселенің өзекті желісі – басқа түрік халықтары тұрақты
түрде еселеніп көбейіп отырғанда, ноғай, қырым татарлары мен қазақ халқының
кеңестік дәуірде жыл өткен сайын азайып, қазақтардың өз жерінде 29 %-ке
шейін түсіп кетуінде қандай құпия жасырын сыр жатыр?
Мәселенің түп төркіні осы сырға қанығып, оқырман көзін шындыққа
жеткізуде жатыр. Түрік халықтары санының өсу, эволюциялық даму жолын
салыстырып көрейік:
1897 жыл санағында қазіргі күнде
1. Өзбектер 2,2 млн. 12,36 есе өсті
2. Түрікмен 0,8 млн. 5,6 есе өсті
3. Қырғыз 0,5 млн. 5,7 есе өсті
4. Тәжік 0,5 млн. 4,5 есе өсті
5. Ұйғыр 43 мың 6 есе өсті
Немесе қазақтардың Орталық Азия халықтары ішінде пайыздық көрсеткіші:
1897 жыл 52,5%
1911 жыл 57,5%
1926 жыл 37,5%
1939 жыл 28,2%
1951 жыл 27,1%
1970 жыл 26,5%
1979 жыл 25,5%
1989 жыл 23,3%-ға дейін құлдырап төмендеген.
Бұл пайыздық көрсеткіште қазақтар 90 жылға жуық мерзімде пайыздық
көрсеткіші үнемі төмендеп, оталып отырғанын көреміз.
Қазақтардың өзге Орта Азия халықтарына қарағанда саны жағынан үнемі
тоқтаусыз азайып отыруының себебі неде? Отарлықтың қысымы не себепті
қазақтарға ерекше түсе берген?
Мәселенің мәні осы себепті ашуда жатыр. 1916 жылы 6 млн. қазақ өсіп
өркендеудің орнына 1940 жыл 1 млн. 900 мыңға дейін құлдырап, 3 еседен аса
азайған. Ал бұл кезде көршілес отырған өзбек, қырғыз, түрікпен, тәжік,
ұйғырлар 5 еседен, өзбектер 12 есеге дейін көбейіп, үнемі өсіп өрлеу
жолында болған. Бұл халықтардың бәрі де бір саяси жүйеде, бір мемлекет
ішінде өмір сүрді. Бірақ қазақтар елден ерекше өсудің орнына өшіп, азайып,
саны жағынан төмен қарай құлдырап отырған. Осы мәселе тұрғысынан қарағанда
атақты тарихшы, ойшыл ғалым Мәмбет Қойгелдиевтің ... Жалпы тарихты қарап
отырсақ, кеңес өкіметінің тіршілік еткен бүкіл ғұмырында біздің ұлтқа
ерекше мән беріп, қауіптеніп отырғанын байқау қиын емес (Үш қиян,
26.12.2008 ж), – деп мәлімдеуінде мәселенің түп төркінін дәл басып көрсетіп
тұр. Осы қауіптен хабары бар ҚКП ОК-нің идеологиялық хатшысы Нұрымбек
Жанділдин мәскеулік студент Мақаш Тәтімовке Студент бала! Егер өткенді
Мәскеуде жүріп зерттемек болсаң, адамдардың (қазақтардың) санын емес,
Қазақстандағы мал шығынын зертте (М.Тәтімов. Ел басы және ел саны. Алматы.
2009, 42-бет), – деп халық санын зерттеуге құпия сырды ашып қояр дегендей
шошына қарауы – кеңестік үкіметтің саналы түрде қазақтар үшін теріс пиғылды
әрекетін біліп, содан зерттеушінің назарын басқа жаққа аударып жіберуге
тырысуы – көп нәрсенің астарлы сырын аңғартса керек-ті. Өткенді танып
білмей, алдыңды, бағыт-бағдарыңды нақтылы болжау қиын. Осы себепті өткенді
білу қай кезде болса да қажеттілік, оны уақыт талап етеді. Тіпті қазақ
халқының республика қалаларына орналасу жағдайына дейін Мәскеудегі
орталықтың үнемі қадағалап, назарда ұстап отыруы да бізге деген сенімсіздік
саясаты. Анау-мынау емес, мүйізі қарағайдай КПСС ОК Саяси Бюросының белді
мүшесі Соломенцевтың өзі ҚКП ОК бюросында желтоқсан оқиғасына байланысты
сөйлеген сөзінде: Бұл не деген сұмдық! Белгілі нұсқауларға қарамастан,
Алматы қаласындағы қазақтың саны 20%-ға дейін асып кеткен, - деп әкіреңдей
сөйлеуінің астарында қазақ халқы туралы арнайы түрде берілетін белгілі
нұсқаулардың сырын ашып беріп тұр емес пе?
Соломенцев пікірі жанашырлықтың емес, саналы түрдегі қаскөйліктің
пиғылы. Оның тамырын іздесең, өткен тарих желісінде жатыр. Мысал ретінде
алатын болсақ ол – Кавказ бен Қырымды жаулап алған Ресей империясы ұстанған
саяси мақсатымен ұштасуында жатыр. Кавказды жаулап алуға тікелей қатысқан
атақты генерал Н.Н. Раевскийдің соғыс министрі А.И. Чернышевке жазған
қызмет хатында американы алғаш жаулап алушы европалықтар үндістерді қалай
қырғынға ұшыратса, біздің кавказдағы іс-әрекеттеріміз де содан бірде-бір
кем болмай отыр... Сондықтан мен кетемін. Мұндай сұмдыққа жаным төзе алар
емес (А.В.Фадеев. Россия и ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Республикадағы,әлеуметтік,демографиялық және этнодемографиялық ахуал
Ұлтаралық келісімнің нығайуы
Әлеуметтік және демографиялық статистика
Батыс Қазақстан облысының демографиялық жағдайы
Халықты зерттеудің негізгі теориялық тәсілдері
Біртұтас Алаш идеясы және Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы
Қазақстан Республикасының демографиялық және миграциялық жағдайы
«Қазақстанның демографиялық жағдайының математикалық моделі»
Эстония
Қазақстандағы демографиялық өзекті мәселелер
Пәндер