Өмірдің мақсаты - мақсат үшін өмір сүру



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
АҚЫЛ ЕСТІ БИЛЕП, ЕҢСЕҢДІ ЕЗІП ТҰРҒАН ҚАРЫЗДАН ҚҰТЫЛЫП, ТҰРМЫСЫҢДЫ ҚАЛАЙ ТҮЗЕУГЕ БОЛАДЫ?

МАЗМҰНЫ:

1. КІРІСПЕ
2. Сөз басы
3. Жаңа ғасырда басты бағытты қалай дұрыс таңдай білу керек
4. ОЙЛАУ ЖҮЙЕСІН МОЛШЫЛЫҚҚА БАҒЫТТАУ
5. Арман мен мақсат
6. Асқақ арман - бақытты заман
7. Өмірдің мақсаты - мақсат үшін өмір сүру
8. Жетістікке жету үшін, жетелейтін себеп болсын
10. Мақсаттар: Олар қалай жіктеледі
11. Ұзақ мерізімді мақсаттар
12. Қысқа мерізімді мақсаттар
13. Тұрақсыздық
14. КЕДЕЙШІЛІКТІҢ СЕБЕПТЕРІ
15. Қарыздар
16. Біз қарыздарды қалай жасаймыз?
17. Қарыз бен парыз
18. Дүние мүлікті қарызға алу
19. Өсімқорлық
20. Қарызды қайтару
21. Егер сізге қарыз болса
22. Беру керек пе, бермеу керек пе? Алу керек пе, алмау керек пе?
23. ЖАЛҚАУ АДАМНЫҢ ОЙ ӨРІСІ
24. Өзін-өзі тежеушілік
25. Сәтсіздік
26. Тәртіп
27. Бақыт
28. Қорқыныш пен мазасыздықтан қалай құтылуға болады?
29. Жоқшылықтың қорқынышы
30. Аурудың қорқынышы
31. Сөзге қалудың қорқынышы
32. Сүйіспеншілік пен махаббатты жоғалту қорқынышы
33. Кәрілік қорқынышы дегеніміз не?
34. Өлім қорқынышы қалай туындайды?
35. Сансыз мүмкіншіліктердің негізі
36. Байлық
37. Өміріңіздің гүлденуін - даму жоспарын құрудан бастаңыз
38. Ынта
39. Жетістік
40. АДАМДАРДЫ КЕМЕҢГЕРЛІККЕ АПАРАТЫН ІЛІМ ІЗДЕҢІЗ
41. Білім қазыналарын игеру
42. Қалай кемеңгер болуға болады?
43. Ойланып-толғаныңыз
44. Басқалардан үйреніңіз
45. Кітаптар мен таспалар (кассеталар)
46. Бақылау
47. Келешекке қаржы құю
48. ӨЗГЕРУ МЕН ЖЕТІЛУ
49. Құндылық
50. Ақыл ойыңызды жетілдіру
51. Болашақты болжай білу
52. ҚАЛАЙ ҚАРЖЫ ЕРКІНДІГІН ЖАСАЙМЫЗ
53. Ақша туралы жағымды ой ойлаңыз
54. Ақша туралы кейбір кері кеткен ойлар, тұжырымдар
55. 7030 Ережесі
56. Қайырымдылық
57. Ақша қаражатын жұмсау
58. Үнемділік
59. Аталар мен әжелердің негізгі мақсаты
60. Ақша қорын жинау
61. Ақша ағымының заңдылығы
62. Сіз өзіңіздің жеке бизнесіңіздің болуын қалайсыз ба?
63. Келіңіз, жанұямыздың кірісі мен шығысы туралы сұхбаттасайық
64. Өмір жолы
65. Өмір бойы өгіз сияқты жұмыс істегіңіз келе ме?
66. Ақша - уақыт
67. 1-ші (Ж) алаңына жалданып жұмыс жасайтындар жатады.
68. 2-ші (Ө) алаңына өзім дегенде өгіз қара күшім бар деп, өз қаржыларына өздерінің бизнесін ашып алғандар орналасқан.
69. 3-ші (Б) алаңына өздерінің бизнесін құру үшін миллиондап мол қаржы құйғандар орын тепкен.
70. 4-ші (И) алаңда тек Инвестициямен күн көретіндер мекендейді.
71. Шаршы алаңдағы ақша ағымының заңдылығы
72. ӨЗ УАҚЫТЫҢЫЗДЫ БАСҚАРУДЫ ҮЙРЕНІҢІЗ
73. Жұмыс басты жұмыскер (трудоголик)
74. Уақытты меңгеру
75. Ойды қағазға түсірудің төрт тәсілі
76. Өзіңіздің күнделігіңіз
77. Күнтізбе
78. Тіршілік жоспары
79. Тіршілік жоспарын қалай дайындаймыз
80. Жетістікке жеткендермен араласыңыз
81. Жақсы қарым-қатынасты қалай жасауға болады?
82. Адамдармен қарым-қатынас жасаудың 10 шарты
83. МАҚТАУ ШЕБЕРЛІГІ
84. МАҚТАУДЫҢ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ
85. Джим Ронның бағалы ойлары мен асыл сөздері
86. Бай адам мен кедей адамның өмірге деген көзқарастары
87. СӨЗ СОҢЫ

1. КІРІСПЕ
Бір сағат білім іздеу, үйрену түні бойы намаз оқып шыққаннан артық. Бір күн білім үйрену үш ай ораза тұтқаннан да артық.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Кеңес үкіметіндегі социалистік жүйе жекелеген адамдар ақылды шешім қабылдай алатын қабілеттеріне сенбейтігіндігімен ерекшеленді. Сол кезде билікке ие болған адамдар барлық нәрсенің орталықтандырылып, үкімет қолында жинақталғанын қалады. Ол үкіметтің қалай тас-талқаны шыққанына бәріміз де куәміз. Қазақ атам: Ортақ өгізден, оңаша бұзауым артық - деп жеке кәсіпкерлікті керемет суреттеп берген емес пе? !
Қазақтың бiр мақалы: "өнер алды - бiрлiк, ырыс алды - тiрлiк" дейдi. Бiрлiк қандай елде болады, қайтсе тату болады - бiлмейдi. Қазақ ойлайды: бiрлiк ат ортақ, ас ортақ, киiм ортақ, дәулет ортақ болса екен дейдi. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейлiктен не залал? Ағайын құрымай мал iздеп не керек? Жоқ, бiрлiк - ақылға бiрлiк, малға бiрлiк емес. Бiрлiк малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бiрлiк қылса керек, сонда әркiм несiбесiн Құдайдан тiлейдi, әйтпесе Құдайдан тiлемейдi, шаруа iздемейдi. Әуелi бiрiне-бiрi пәле iздейдi. Не түсiн, не ажарын, не өкпесiн бұлдап, ол болмаса, бiр пәле салып, қорғалатып, әйтеуiр бiрiн-бiрi алдаудың амалын iздеседi. Мұның қай жерiнен бiрлiк шықты? . Абай, алтыншы қара сөз.
Адамды істеген ісінен білесің. Көптеген адамдардың табысқа жетпеуінің, жоқшылықта өмір кешуінің, денаулығының нашар болуының себебі, өзі туралы өте төмен пікірде, қабілетім жоқ, өрем жетпейді деп есептейді. Бұл алған тәрбиенің нәтижесі, себебі - сәби, бала күнінен кейбір аналардың, әкелердің: надандықтың салдарынан өздерінің туған балаларын қарғап-сілеуден, аузына түскен былапыт сөзбен боқтаудан және ананы істеме, мынаны істеме деп өзін силауды ұмыттырып жібергенінен. Ол өзін-өзі бағалай алмайды. Осы сөздердің бәрі барып оның Ғазиз жанына жазылып қалады. Адамды басқаратын сана болғандықтан, баланың туған анасы мен әкесі өзінің баласына сәби күнінде-ақ, жоқшылық пен кедейшіліктің өмірлік бағдарламасын санасына жазып бергенін, өмірге деген құлшынысын, арманын, мақсатын бесікте жатқанда-ақ тұншықтырып, буындырып өлтіріп тастағанын білмейді де, сезбейді де...
Біздің қоғамда жалпы мораль өзін-өзі силаған, сүйген адамды жазғырады, сондықтан да өзіңіз туралы басқа адамдардың теріс пікірін өзіңіз жоққа шығарған уақытта табыс келеді.
Дана халқымыз айтады: Егер адамды бір қабат тойындырғыңыз келсе - тамақ бер, ал өмір бойы тойындырғыңыз келсе - қармақ бер.
Есіңізде болсын! Осы оқып отырған кітабыңыз - сізге қармақпен балықты өз бетіңізше ұстауды үйрететін құрал.
Кім де кім өзін дамытқысы келсе, алдымен ойлау жүйесін өзгертіп сезімталдығын жетілдіру қажет. Бұл тек дайындықтың басы ғана. Осының бір жолы білім алу. Сіз осы кітапта баяндалған ілімді үйренсеңіз, қазіргі ХХI ғасырдың экономиканың заңдылықтарының тылсым сырларын түсінесіз. Тұрмысыңыз бен денсаулығыңыз да күрт жақсара бастайды, себебі біліммен сусындайсыз. Өзіңізге мәлім емес қабілет пен қасиеттеріңіз ашылады.
Молшылық пен байлық - біз өндіріп, өсіріп жатқан заттар емес және осылай екен деп ойлауымыз да емес. Егер біздің ақыл-есіміз бен ойымыз, аз-маз баршылықтың өзіне де разы болып - жоқшылыққа сенсе, еті үйренсе, онда қалған өміріңіз де түк өзгермей-ақ осылай өтеді.
Қайталап айтайын, біз санамыз бен ойымыз қабылдай алатын нәрсені - өзіміздің қалауымыз бойынша ғана іске асыра аламыз. Ең жаманы, ғарыштан келетін молшылық пен байлықтың келер жолын - санамыз бен ойлау жүйеміздің жүдеулігінен жауып тастаймыз. Біз молшылық пен байлық, денсаулық туралы санамыз бен ойлау жүйемізді біртіндеп өзгерте алсақ керемет болар еді. Онда алдыға жылжығанымызды байқау қиынға соқпас еді. Өйткені, алдымен ойлау жүйеміз өзгереді, осы ойымызды іске асырып әдетке айландырамыз, сонан соң әдет мінезге айналмақ, ал адамның қалыптасқан мінезі - Өзінің тағдырын шешетін құдіретті күш екенін еш уақытта ұмытпаңыз!
Егер адам өз жағдайына қанағаттанбаса, оны екі жолмен өзгертуге болады: не өз өмірінің, не жан-дүниесінің жағдайын жақсарту арқылы. Біріншісі әрдайым болмағанмен, екіншісі әрдайым өз билігінде. Сократ.
Бұл кітапта адамның жоқшылық пен кедейшілікте өмір сүрмеуі керек екені және ұлтымызды рухани қараңғылықтан шығарудың жолдары баяндалады.
Әсіресе біздің қазақ баласына жетіспейтін: бірінші - денсаулық, ұлтымыздың тең жарымынан астамы түгелдей әр түрлі созылмалы аурулардың құрбаны екені ешкімге де құпия емес. Он жасөспірімнің алты-жетісі әскерге қызмет етуге жарамаса, жас келіншектердің басым бөлігі баланы өздігінен туа алмай, ішін жардырып алып жатқаны бәрімізге де мәлім жәйт!
Екінші - жастарымыздың басым бөлігінде имандылық азайып бара жатқаны жасырын нәрсе емес. Оның дәлелі күннен-күнге көбейіп келе жатқан насбай ататын мектеп оқушылары мен жастар. Алматы қаласында және т.б. қалаларда темекіні будақтатып жүрген қаракөз қыз-келіншектер!
Үшінші - Қазақтың басым бөлігі кедей, тұрмыстары төмен, Қазақстан қалалары мен ауылдарында және қайыршының о жақ бұ жағындағы Алматы қаласындағы Сейфуллин көшесінің бойындағы құл базарында, көк базардың жанындағы жетімдер бұрышында лек-легімен сандалып жүрген тепсе темір үзетін жастарымыз!
Себептің де салдары болады, бұл - ақиқат. Адам баласы қылышты ойлап тапқанда, осыдан қорғанатын қалқанды да ойлап шығарды ғой. Ендеше осыған нақтылы жауап беретін адамдарды, осы жоқшылық пен қайыршылықтан, ақымақтықтан шығатын жол бар екенін дәлелдеп, заман талабына қарай қазіргі өмірде нарық заңдылығын жете меңгеріп, осы заманға бейімделе білген кәсіпкерлердің өмір тәжірибесінен алынған іліммен танысыңыздар.
Құрметті оқырман қауым! Адамның жетiлу жолындағы жететiн деңгейi - өз бетінше білімін жетілдіріп, санасының ояну дәрежесiне байланысты. Адамның сана-сезімі неғұрлым ояу болса - оның рухани деңгейi мен тығырықтан шығатын ойлау қабілеті де солғұрлым жоғары болады. Бұл адам алдында тұрған кедергілерді қайтсе де - ойлау жүйесін өзгеру арқылы, ақылы мен еңбегінің арқасында жеңіп шығады, молшылықтың, бақыттың, мықты денсаулықтың иегері болады, шаттыққа кенеледі.
2. Сөз басы
Қарапайым, қайырымды, таза, шыншыл, құдайшыл, әділетті, ержүрек, мейірімді болып қала бер және өз міндеттеріңді қызған. Не нәрседе болсын ақыл мен ардың нұсқауымен әрекет етуге тырыс, әркімнің игілігі үшін қам же. Өмір қысқа. Оның ең бағалы жемісі - адамдардың игілігі үшін ізгілікті істер істеуден қапы қалма. Марк Аврелий
Баяғыда біреу үлкен ғұламаға барып, өмірімнің соңына дейін бақытты және сәтті болуым үшін не қажет деп сұрапты. Ғұлама осының бәрі өзіңде бар деп жауап беріпті. Бақыт пен сәттілік, молшылық пен табыс сырттан келмейтін, ішкі ағымдар. Біз өмір сүру ережесін жоқшылыққа, аурушаңдыққа негіздемей, керісінше гүлдену мен молшылықты, мықты денсаулықты өмір сүруіміздің шарты етіп қабылдауымыз қажет.
Бiлiмдi үйрену және ойлау жүйесін өзгерту арқылы - байлыққа, шексіз бақытқа жету терең даналық ілім, осы ілімді жақсылап түсініп, санаңызға сіңіріп, жүрегіңізге ұялатып, ми қыртысыңыздың бір бөлігіне қашап жазып алмай: бақытты, дәулетті, мықты адам бола алмайсыз. Молшылық пен бақыт бiлiмнен туындайтын: ғарышпен, табиғатпен үндесіп жатқан, құпия сыры, ұңғыл шұңғылы, қалтарыстары көп ілім.
Дегенмен, әркiм дұрыс түсiнiп, барлығын қабылдап кетпесе де, Абай бабамыз тәрізді, бұл жазғандарымыздың жалпы жұртқа пайдасы болар деп үмiттенейік.
Адамның мақсатына байланысты қандай талаптардың болатынына келейік. Әркімнің ой-өрісіне байланысты сан қилы талаптардың болатыны туралы данышпан Абай өзiнiң қырық төртінші қара сөзiнде былай дейді:
Талаптың iшiнде адам баласы көбiнесе басына қадiр iздеп, сол талапта болады. Бiреуі мал қуып жатыр. Сараңдықпен, арамдықпен, әйтеуiр мал тапсам, мал тапқан ердiң жазығы жоқ дейтұғын, малдының бетi жарық дейтұғын мақалға сенiп, халықтың түрiне қарай, ит те болса, малдыны сөге алмайды деп, бұл мал Һәм пайда, Һәм қасиет болады бойыма дейдi. Мұнысы рас, қазақтың өз құлқына қарағанда, бiрақ адамдыққа, ақылға қарағанда, қазақ түгiл, көңiл жиiркенетұғын iс. Осыған қарай бiреу ер атанамын, бiреу қажеке атанамын, бiреу молдеке, бiреу бiлгiш, қу, сұм атанамын деп, сол харекетте жүр.
Ойшыл адамның сана-сезіміне байланысты осындай әр түрлi жақсы-жаман өмiр талабы, яғни мақсаты болатынын көрсетедi. Бiрақ осылардың қайсысы болса да тұрақты емес, өзгергіш-тұрлаусыз мақсаттар. Сондықтан бұлар өзгермейтiн негiзгi мақсат бола алмайды. Әлбетте, бұлардың барлығы да адам өмiрi үшiн өте қажеттi екенi белгiлi. Адамда өмірінің бағытын анықтайтын, тұрақты жалпы бiр мақсат болса керек...
Менің Сіз және оқырмандар ойлансын деп қойғым келген бірнеше сауалым бар. Олардың бірі: Сіз неліктен тырысуыңыз керек? Балалар Неліктен? деген сұрақты жиі қояды. Бұл маңызды сұрақ осы сауалдан туындап отыр. Менің сұрайын дегенім: Неліктен ерте тұру керек? Неліктен қажымай жұмыс істеу керек? Неліктен соншалық көп табыс табу керек? Неліктен көп нәрседен бас тарту керек?
Сіз неліктен тырысуыңыз керек? деген сауалдың ең дұрыс жауабы: Неліктен олай етпеске? деген екінші сауал болып табылады. Өміріңізде бұдан басқа Сіз не істемексіз? Өзіңіздің қаншалықты ұзаққа бара алатыныңызды неліктен байқап көрмеске? Өзіңіздің қаншалықты табыс таба алатыныңызды не оқи алатыныңызды неліктен байқап көрмеске?
3. Жаңа ғасырда басты бағытты қалай дұрыс таңдай білу керек
Біздің өміріміздегі соншама маңызды нәрсе қазіргі жағдайымыз емес, қай бағытта жүріп бара жатқанымыз.
Әсет Мұқашбеков
- Қазіргі жағдайдың адамы болып, өмір ағымынан қалып қалмау үшін не істеу керек?
- Өзіңіздің өткен өміріңіз бен қазіргі күндегі тіршілігіңізді талдап көріңіз - айырмасының барлық жағдайда да жер мен көктей екенін бірден сезе қоясыз: адамдардың құлшынысынан, уақыттан, қалыпты жағдайдан, жылдамдығынан т.б. Кей кезде осы өмір ағынына ілесе алмағандықтан өзімізді жайсыз сезінеміз, бәлкім білмегендіктен не бейімделмегендіктен шығар...Қазіргі жағдайдың адамы болып, өмір ағымынан қалып қалмау үшін не істеу керек? Ол үшін ең алдымен 21-ші ғасыр бізге не дайындап қойды, соны білу қажет.
- Осы ғасырдың ерекшеліктерінің қандай белгілері бар?
- Бұл ғасырдың бірінші ерекшелігі өзгерістердің тез болуы. Өзіңіз де байқаған шығарсыз, бүгінгі жаңа деп жүргеніміз 1...2 айдан кейін ескіріп қалады да өзінің құндылығын жоғалтады. Әйелдер модаға ілесе алмайтын болды. Ұялы жаңа телефон сатып алғандар, ала салысымен басқа жаңасын сатып алуға мәжбүр. Егер де бұрын өмір ағыны бірқалыпты баяу жүріп жатса, қазір өзгеріс дегенің аяқ астынан, қалыпты өміріміз көз ілеспес шапшаңдықпен күнде өзгеруде.
Жаңа ғасырдың екінші ерекшелігі - жылдамдық.
Өзіңіз өткен күнмен салыстырғанда - қырандай самғап, сұңқардай шүйіліп өміріңіздің лезде өтіп жатқанын сезесіз бе? Алысқа бару дегенің ұшақтардың арқасында түкке тұрмай қалды, жер шарының қай жеріне болмасын әп-сәтте ұшып бара аласың. Баяғыда аталарымыз Меккеге қажылыққа бару үшін 2...3 жыл уақыт керек болса, қазір 2...3 апта ғана уақытта лып етіп барып келетін болды.
Өмірдің тез өзгеріп, қолма-қол құбылуына байланысты дағдарыс қаупі де белең алды. Осы дағдарыстың тууы жаңа ғасырдың - үшінші ерекшелігі.
Белгісіз вирустар, табиғи апаттарды күнделікті ақпарат құралдарынан толассыз естіп жатамыз. Үлкен компаниялардың ыдырауы (банкрот) , әлемдік алпауыттардың (магнат) қайыршылануы - міне адам баласы осы сұрақтардың бәрінің де шешуін жаңа ғасырда табуы керек.
Қазіргі заманның адамына қояр белгілі талаптар бар - соның бірі оқу, үйрену, себебі біліміміз мына заманның талабына сай келмесе - орта жолда қалып, заман ағымына ілесе алмай қаламыз. Бірақта осыған сай адамның да ойлау жүйесін, өзін өзгертуі қажет.
- Өз басын өзгерте отырып қалай қауіпсіз сезінуге болады?
- Қауіпсіздікті тек қана өзіңіздің жеке бизнесіңізді ғана ашып қамтамасыз ете аласыз.
Егер де бұрын мемлекеттік мекемеде істегенде тұрақты түрде айлығыңды алып, ертеңіңе қам жемесеңіз, бүгін тек қана өзіңнің білім деңгейіңді үнемі жетілдіре отырып, өзгерістерге бейімделіп, өзіңнің жеке кәсіпкерлігіңді ашсаң ғана өзіңді қауіпсіз сезінесің.
Бірақта, өзіңнің жеке кәсіпкерлігіңді ашам деп шешім қабылдасаңыз, қай сала пайдалы екенін анықтап, айшықтап алуыңыз керек. Әлемдегі беделді экономистердің, маркетологтардың зерттеуі бойынша бүгінгі күнде басты орындарда:
Компьюторлық технология мен интернетЖелілі (сетевой) дүкендерЖелілі маркетинг (MLM)
Осы салалар 21-ші ғасырдың бизнесінде жетекші орында болады деп болжануда. Осы салалардың болашағын кім болжай білді, сол қазір байлыққа шомылуда. Осының дәлелі әлемдегі бай адамдардың тізімі. Өткен ғасырда бай адамдардың көш басы, байлығын мұнай бизнесінен тапқан Рокфеллер, ал 21-ші ғасырда Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс. Ол өзінің бизнесін жаңа компьюторлық технологияларды игеруге бағыттады. Міне жақында осы алпауыт (магнат) өзінің жетекшілік орнын, әлемдік WaIImart супермаркет жүйесінің негізін қалаған адамға босатып берді.
- Қазіргі заманда табыс ненің барымен анықталады?
- Қазіргі заманда табыс - бизнес жүйесінің барымен анықталады. Интернетті жүйе, супемаркеттердің жүйесі - осы екі басты бағыт жаңа ғасырда өздерін көрсете білді.
Бірақта болашағы зор, жүздеген миллионерлерді шығарып жатқан бизнестің тағы бір бағыты - MLM (muIty IeveI marketing).
- Желілі маркетинг дегеніміз не? MLM бізге не бере алады?
- Жаңа ғасыр мүлдем жаңа нарықтық қатынастарды, бизнес жүргізудің тың тәсілдерін ұсынады.
Егер адамға жалақы керек болса - онда ол жұмысқа барады. Егер адамға үнемі кіріс керек болса - онда ол желі құрады. Желілі маркетинг өзіңіздің бизнесіңізді бөгетсіз ашуға мүмкіншілік береді. Тағы бір ерекшелігі бастапқыда көп қаржы құюдың да қажеті шамалы, сатып алушылардың делдалсыз тұрақты түрде өнімді алып - сатуларына кепілдік береді. Оның үстіне желілі бизнестің құрлымы анық та, мөлдір, осы қалып бизнестің қарқынды дамуын қамтамасыз етеді.
Кімнің болмасын да шама-шарқы, қолы жететін MLM көптеген адамдарды байлыққа белшесінен батырды, осы адамдар осыны өзінің мамандықтары қылып алды. Бұның дәлелі маркетинг жөніндегі маман, американдық профессор А. Бейфридің зерттеуі. Алынған дәйектерге сәйкес АҚШ-та тұратын 500 000 миллионердің жиырма пайызы соңғы 6 жылда ғана желілі маркетингпен байығандар.
4. ОЙЛАУ ЖҮЙЕСІН МОЛШЫЛЫҚҚА БАҒЫТТАУ
Қанағаттанарлық өмір сүру үшін тоғыз талапты орындау керек:
- жұмыстан ләззат табу үшін жақсы денсаулық керек;
- өз қажеттілігіңді қанағаттандыру үшін жеткілікті байлық керек;
- қиындықтармен күресіп, оларды жеңу үшін қайрат керек;
- өз күнәларыңды мойындап, тәубаға келуге бой ұсынушылық керек;
- лайықты бірдеңе тындыру үшін азапты еңбек етуге шыдамдылық керек;
- өз жақындарыңның ізгілігін көру үшін Рахымшылық керек;
- басқа адамдарға пайда келтіріп, көмек көрсетуге өзіңді мәжбүр ету үшін сүйіспеншілік керек;
- Жаратушы сен үшін ақиқат болу үшін сенім керек;
- болашаққа деген үрейден арылу үшін үміт керек; И. Гете
Бұл фәни әлемде әркiмнiң ләззаттанып, өмiрдiң рақатын көруiне барлық жағдай бар. Ол жағдайды толық пайдалану үшiн, кім де-кім болмасын, әлем заңдылықтарымен үйлесiмдi өмiр сүруі шарт. Бiрақ, адамдар өздерiнiң бiлместiгiнен ол заңдылықтарға сенімін жоғалтып, толық орындамайды. Сөйтiп, қоршаған ортаның бейберекетiн шығарып, өздерiне керектi өмiр қажеттiлiктерiнен айрылып қалады. Соның салдарынан өмір шырғалаңдарына түсіп, қайғы-қасірет көріп, түрлi ауруларға шалдығып денсаулықтарынан айырылады, жоқшылық пен кедейшілікте өмір сүріп, тез қартайып, өмiрлерiн қысқартады.
- Қазіргі замандастарымыздың басым бөлігі өз беттерімен жоқшылық пен кедейшіліктің тығырығынан шығатын жолдар мен әдістердің бар екенін білмейді, түсінбейді және осы бағытта ізденбейді себебі неде деп білесің?
- Басты себеп рухани және танымды-тағлымды ілімнің жоқтығынан. Кеңес заманында бізді өмір бойы жұмыс істеуге үйретті, бірақта ешкімде, ешқашанда жақсы тұрмыс жағдайы мен ақша табудың жолдары мен әдістеріне үйреткен жоқ. Жаратушы бізді деніміз сау, бақытты және молшылықта өмір сүру үшін жаратқан - бұл жерге шыр етіп түскендегі әр пенденің туа салғандағы құқы мен еркі! Сен ең алдымен мыңдаған кедергілерді жеңе отырып, ақша табу мен молшылықта тұруды үйрен, өз маңдай теріңмен тапқан байлық - рухани күш пен тазалықтың шыңы! Сен байлығың мен дүниең болғанда ғана басқаларға қамқорлық жасай аласың, ал түгің жоқ кедей болып мен құдай жолындамын, рухани тазамын, - деп, не өзіңе, не елге пайдаң тимей, құр кеуде қаққаныңның кімге қажеті бар? ! Кедейлік пен жоқшылық - күнә!
- Молшылық пен шексіз бақытқа жету үшін адамға ең бастысы не қажет?
- Молшылық пен шексіз бақытқа жету үшін адамға ең бастысы денсаулық керек. Сіз өзіңіздің денсаулығыңызды жақсартудың, ауырмаудың алдын алу мен ұзақ ғұмыр сүру әдісі мен жасарудың, байлық пен молшылыққа жету жолдарының құпиясын да, өзіңізді мазалап жүрген көптеген сұрақтардың жауабын да - осы кітапты оқысаңыз табасыз. Осы кітаптағы ілім мен білімді өмір сүру нұсқауы ретінде басшылыққа алсаңыз болғаны, қалғанының бәрі өзіңізде бар!
Есіңізде болсын, байлық пен молшылық - шық бермес Шығайбай сияқты керекті-керексіз дүниелерді жинай беру емес. Бұл дегеніміз өмірдің әрбір сәтіне қуана білу. Бізде шексіз бақытты болуға барлық мүмкіншілік бар, тек осыған басқаша көзқараспен қарау керек. Сондай-ақ, жоқшылық - сеніміміздің жиынтығы мен осыған сәйкес іс-әрекетіміз екенін түсіну. Төменде маған және қазіргі табысқа жетіп жүрген көпшілік азаматтар басшылыққа алып жүрген, қазақ баласына құпия болып келген қағидаларды баяндамақпын:
Кедейлiктен еңбек қылсаң құтыласың, жалғыздықтан көппен пiкiрiңдi қоссаң құтыласың. Абай
* Уақыт өте келе өзімізге қажетті нәрселердің бәрі жанымызда жүргеніне сеніп осы сенім арқылы ойымызды іс жүзіне асыра бастаймыз. Тағы қайталаймын: не ойласақ сол болады! Күні бойы не ойлайсыз - сіз солсыз! Тіпті күндерін қалт-құлт етіп көріп жүрген адамдар туралы ойласаңыз, осы адамдарға ең керекті нәрсе менің жазып, айтып отырғандарым, осы қағида мен шарттарды саналарына сіңіріп, жүректеріне ұялатып сенулері. Егер де осы айтқандарымыз: кейбіреулердің кеуделеріне үміт отын тұтатып, тығырықтан шығатын жол тауып беріп, ой-өрістерін өзгерту арқылы тұрмыстары мен денсаулықтарын түзетуге септігін тигізсе - менің де жер бетінде текке жүрмегеніміз.
Асыл сөз адамдарды жақсылық ниетке баурайды. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
*Өз өміріңізді жан-жақты қараңыз: адамдармен қарым-қатынасыңыз, ақша жағдайыңыз, бақытыңыздың деңгейі, денсаулығыңыздың қалпы. Енді осы жағдайыңызды ой-елегіңізден өткізіп талдаңыз. Осы қалыпқа келу үшін алдымен қалай ойландыңыз, осы қалпыңыз ой-өрісіңіздің нәтижесі ме? Сіз өзіңізді көз алдыңызға елестету арқылы - маңдайының соры бес елі сорлысыз ба, әлде болашақта бақытты, дені сау, дәулетті басына бақ құсын қондыра білген адамсыз ба, соны анықтап алыңыз.
Ақылды орнымен жұмсап, бақыт, дәулет табу - әрбiр адамның жiгер, талап, қайраттылығына, еңбек, өнерiне байланысты. Абай
*Ой - уақытпен, себеп-салдармен, ешқандай ережемен, басы-аяғы мен шектелмеген. Нәзік әлемде шекара, шектеу деген болмайды. Молшылық - адамзаттың бәріне ортақ шарт, біздің ойлау жүйеміз дұрыс болмағандықтан осыны қабылдай алмаймыз. Біздің ойымызша, дүниең мен жиған қоқыстарың неғұрлым көп болса, байлығың да сонша мол болады деп пайымдаймыз. Молшылық пен байлық дегеніміз ғарыш әлемі және өзіміз сияқты шексіздік екенін түсіну, осыны санамыз арқылы қабылдай білу. Өмірге басқаша көзқараспен қарау деген міне осы. Бізге молшылық пен байлықты іздеп қажеті жоқ. Біз онсыз да осының ішінде шомылып жүрміз.
Шынын айтсақ, адамзаттың аз ғана бөлігі бүгін өмір сүреді. Көпшілігі уақытты кейінірек өмір сүруге дайындықпен өткізеді. Д. Свифт
*Еркіндік дегеніміз де - молшылық. Құс қай жерді ұнатса сол жерге ұясын салады. Сол сияқты адамдар өз санасы мен ақыл-ойындағы бөгеттерді алып тастағанда молшылық пен байлық құйыла бастайды. Еркіндікті санасына сіңіріп, ойлау жүйесін өзгертуге үйренген мезетте ғана олар өздеріне молшылықты жасай бастайды. Адам бала күнінен өзінің санасын - өзінде жоқ нәрсе мен елде бар нәрсеге емес, керісінше не істегелі, не істегісі келетініне бағындыра алса, онда ол өз тағдырына өзі қожа бола алады. Ойына алғанының бәрі де орындалады. Қысқаша айтсақ адамды тән мен нәпсі билеу емес, адамды жан билеуі керек.
Ойлы адам оза береді, ойсыз адам тоза береді. Қазақ мақал-мәтелдері
*Адамдардың нәзік денелері мен нәзік әлемде өзара қуат алмасу үнемі жүріп жатады. Біз ойымыз және нәзік денелеріміз арқылы қоршаған ортаға және нәзік әлемге өзіміздің санамыздан бөлініп шашыраған қуатымыз арқылы - тілегімізді, қалауымызды, арманымызды, мақсатымызды білдіреміз, хабарлаймыз, Жаратушыдан сұраймыз. Осының әсерінен қоршаған орта мен нәзік әлем ойлаған ойымызға орай: тілегімізді, қалауымызды, арманымызды, мақсатымызды қабыл етіп, осылардың іс жүзіне асыуын қамтамасыз етеді.
Өмірдегі барлық бақытсыздықтардың бәрі дерлік бізбен болып жатқан жағдайлар туралы өзіміздің жалған пікірімізден туындайды. Олай болса, адамдар туралы терең біліп, жағдайларға дұрыс баға беруіміз бізді бақытқа жақындата түседі. Стендаль
*Біз молшылықтың емес, керісінше жоқшылықтың, кедейшіліктің негізінде тәрбиелендік. Біз жоқшылық пен кедейшілікті санамызға сіңіріп өстік. Қазіргі кезде байлар мен кедейлер қоғамымыздың, қоршаған ортамыздың бөлінбес бір бөлігі болып қалыптасты. Шындығында ауқатты адамдарға қарағанда, нашар тұратын адамдар мен кедейлер көп. Бізді молшылық пен байлық бәріне де жетеді деп не оқытқан, не үйреткен жоқ. Өзіміздің тәрбиемізге орай осыған шүбәсіз сенеміз. Біз ешқашанда молшылық шарттарын қабылдамаймыз, барлық күш-қуатымызды жоқшылыққа шоғырландырамыз. Менің ешуақытта жетістікке қолым жетпейді деген қағида көптеген адамдардың санасына сіңіп, көңілдеріне орнығып қалған. Олар жоқшылықты жеңуге болады деген ойдың өзінен қорқып, жанталасып өмір сүреді.
Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар. Ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек. Мұхтар Әуезов
*Адам баласына Жаратушы туа салғанда-ақ өз өмірін басқаратын алапат құрал берген. Ол өзінің ойлау жүйесі арқылы санасын қалыптастыру. Өкінішке орай, өзінің бақытқа және молшылық пен байлыққа жетуі тікелей өзінің санасы мен ойлау жүйесінде бұғып жатқанын, осы сананы қолдану арқылы ауру-сырқауды білмейтін дене жасап алуға және молшылық пен бақытқа қол жеткізуге болатынын көпшілік білмейді, бұл туралы ойланбайды.
Көру мен сезу - болу, ойланып-толғану - өмір сүру. Шекспир
*Адамдар өздерінің нашар тұрмыста тұратындығының жауапкершілігін мойнына алғысы келмейді. Оларға осы қалыптарына - біреуді, қоршаған ортаны, заманды, әкімдерді, үкіметті, президентті, тіпті болмаса Жаратушыны кінәлау жеңіл.Олар өздерінің осы жағдайларын: маңдайыма жазған тағдырдың жазуы - деп ақталады, осы сенімді санасына сіңіріп, жүректеріне ұялатып алады. Осы құрдымнан шыға алмайтындарына мүлтіксіз сенеді. Қайыршылық пен жоқшылыққа матап-шырмап қойған ойларды санасынан қуып, жүрегінен үркітіп жіберсе, санасы мен қалауы біртіндеп молшылыққа, байлыққа қарай бет бұра бастайтынын сезбейді, білмейді.
Біз өмірге не берсек, одан тек соны ғана табамыз. Эмерсон
*Кейбіреулерге молшылыққа ұмтылып жанталасқаннан да, кедейшілікте жайбарақат өмір сүру, молшылыққа қарсыласу қарапайым да жеңіл көрінеді. Осындай алдыға жүрудің орнына, кері кеткен ой меңдеп алған адамдар өмірдің мағынасын түсінбей: сұрықсыз, сүреңсіз, өзін керексіз адам ретінде сезініп - құлшыныссыз, талпыныссыз ағынмен қалқып жүре береді. Жоқшылыққа сену жоқшылықты туындататына, молшылыққа сену молшылықты туындататынына сенбейді.
Таланттар тыныштықта, мінездер тіршілік алапаттарында түзіледі. И. Гете
*Адамдарға оларды басқа біреулердің мүсіркеуі, жаны ашығаны ұнайды. Көптеген адамдар өздерін басқалардың қалай алдап кеткендерін, қанша еңбектенсе де еңбегі дұрыс бағаланбайтындықтарын, өзін меңдеп алған созылмалы ауруларын, өзіне дәрігерлер жасаған операцияларын үнемі қайталап айтуды ұнатады. Осындай ойларды басқа адамдардан да естігендіктен осыны шын екен деп ойлайды. Осындай жылаңқы, кері кеткен оқиғаларды тыңдай бергендіктен, молшылық пен денсаулықты шыңдауға бағытталған ойларды басынан қуады, молшылыққа малына алмайтындығына, денсаулығының түзелмейтініне, кедейшілік құрсауынан шыға алмайтынына тіптен де сенімді бола береді.
Өмір бойы қалай өмір сүру керек екенін үйрен. Сенека
*Егер біз жақсы ойлар ойласақ жақсы нәтижеге жетеміз, ал келеңсіз ойлар санамызды, ойлау жүйемізді тұмшалап тастайды. Осының салдарынан аямшақ адам өзіне жоқшылықты тартады, ал қызғаншақ адам жақсылыққа деген қалауын жоғалтады. Тіпті сабырлы да, салмақты адамның өзі де қазіргі қалтасының шамасына қарап қымбат заттарды көруден, өлшеп киіп көруден бас тарта, өзіне кедейшілік пен жоқшылықтың есігін қалай ашып қойғанын байқамай қалады.
Өмір сүру дегеніміз - заттарды табу емес, оларды жасау. Аристотель
* Өзіңіздің әрбір күніңізді қалай өткізетініңізді шешіңіз. Табыс жүйесіндегі ілімді игерсеңіз, ойлау жүйеңіз өзгеріп, жүйке жүйеңіз қуаттанып, бақыт пен молшылық - сіздікі, тек қана аламын деген қалауың болса болғаны. Табыс жүйесінің ілімі - сіздің адамгершілігіңіздің бөлінбес бір бөлшегі. Бұл тек таңдаулы пенделерге ғана берілген нәрсе емес. Осы тұрған қалпыңызда-ақ молшылық әлеміне сүңгіп кетуіңізге болады. Тәп қазір не ойлап тұрсыз, осы ойыңыз ұлғая береді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: Өз ойыңыз, ақыл-есіңіз, қалау-ниетіңізбен Табыс оқу жүйесінің көмегімен біліміңізді жетілдіруге, молшылық пен бақытты өмірге, мықты денсаулыққа апаратын іс-әрекетке, осы кітаптағы білімді негізге, басшылыққа алып, ойлау жүйеңізді, санаңызды өзгерту арқылы қолма-қол кірісе беріңіз.
Адамдар да өсімдік тәрізді, жақсы күтілмесе, жайнап өспейді. Ш. Монтескье
* Жақсы әдет пен қалыпты өміріңіздің бөлінбес бөлшегі етіп алыңыз. Молшылық тартатын әрбір әдісті қолданыңыз. Қабырға, айна, тоңазытқыш, көлігіңізге өзіңізге ұнайтын ойларды, пікірлерді, кім болғыңыз келетінін жазып қойғаныңыз да жөн. Жақсы ойлар қалауыңызды білдіріп, осылайша көз алдыңызға кім болатыныңызды күнделікті елестетіп, бірте-бірте сол тұлғаға айналуыңызға септігі тиеді. Ойлау жүйеңіз қалыптасады.
Пайдасы жоқ бардан без,
Панасы жоқ сайдан без. Қазақтың мақал-мәтелдері
*Сіз осы шексіз ғарыштағы Жаратушы жаратқан пендесінің біреуі ғанасыз. Бар болғаны осы. Сіз - жеке адамсыз және адамзатсыз. Сіз, басқа адамдар сияқты ақиқатсыз және қайталанбайтын адамзат қоғамының құндылығысыз. Осы толық жетілгеннің баға жетпес байлығы мен молшылығысыз. Адам баласындай басқа жетілген тіршілік иелері бар ма? Сізден артық құндылық бар ма?
Тиянақ көрме жалғанды,
Қуа берме арманды.
Пайғамбар мен сахаба,
Сен түгіл содан қалғанды.
Неменені қимайсың,
Нәпсіні неге тыймайсың?
¤зіңді кімге силатып,
¤зің кімді сыйлайсың?
Құры білген не керек,
Білгенді қылған, со керек.
Баянсыздың бәрін қой,
Боласың сонда шын зерек. Шәкәрім
*Бақыт пен молшылық та құс сияқты, балапандарын басып шығару үшін ұясын өзіне жайлы жерге салады. Қазекеңнің бақытты құсқа теңейтінінің мәні мен мағынасы осында жатыр. Дәулетті, абыройлы адамдарды: Басына бақ құсы қонған, - деп асқақтататыны да содан. Ал бақ құсының басына қону қонбауы өзінің санасы мен ойлау жүйесінде бұғып жатқанын көпшілік білмейді, сезбейді. өзінде бар бақ құсын өзі түсінбейтін айдаладан іздейді. Сондықтан да басқаға еліктемей, өзіңмен-өзің болуың керек.
Жан тыныштық таппайды тән қамын жеп,
Тән бұзылса, тұрағым бұзылар деп,
Ыстық, суық, аштықтан сақтау үшін
Зұлымдық пен Айланы қылады сеп.
Сөйтіп ақыл бере алмай адал көмек,
Зұлымдықпен адамды адам жемек.
Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ -
Осы болар таза ақыл өлді демек.
Сондықтан адам - залым, әлемге жау,
Ебін тапса, қоймайды ешкімді сау.
Жер білсе адамзаттың бұл қылығын
‡стінен бәрін төгіп тастар еді-ау.
Олай қылмай, билесе бәрін ақыл,
Еш қиянат қылмаса зорлық, тақыл.
Таза еңбекпен тағдырдан пайдаланса,
Адамды сонда адам деген мақұл. Шәкәрім
* Бүгіннен бастап өзіңіздің істеп жүрген ісіңізге сүйіспеншілікпен қарауға, осыны сүюге өзіңізге-өзіңіз уәде беріңіз. Бүгіннен бастаңыз! Молшылыққа жетудің басты шарты, негізгі бағыты осында жатыр. Егер іштей мамандығыңызды өзгертем деген қалауыңыз болса, түбі ерте ме кеш пе өзгертпей тынбайсыз. Бұл сіздің қалауыңыздың жалғыз ғана жолы. Адам өзі сүйіп, бар көңілімен беріліп, шабыттанып ұнатып істейтін істерді ғана істеуге тиіс.
Өзгерістерге қарсы жүруден қорықпа!
Осының жетегінде кетіп, құлы болудан қорық. Әсет Мұқашбеков
*Біздің қазақтардың басым көпшілігі ауыздарын қу шөппен сүртіп үлкені мен кішісі, шалы мен жасы, еркегі мен әйеліжоқшылықтан басқаны, әлбетте, айтпайды. Өздерін қоршаған нәзік әлеммнен тек жоқшылық пен кедейшілікті сұрап отырғандарын білмейді. Табиғат пен нәзік әлем: қалаулары осы болғаннан соң тілектерін қабылдап, осы ниеттерін іс-жүзіне асырып жатқанын сезбейді. Айтатын әңгімелерінің өзі, сана төмен болғандықтан және рухани білімнің таяздығы мен жұтаңдығынан, осы деңгейден көтерілмейді. Әңгімелерінің басты тақырыбы - бірін-бірі көре алмау, сыртынан жамандап өсектеу. Біреуі байқаусызда сүрінсе көмектесіп жаны ашып демеудің орнына - оны табалау. Осындай кері кеткен оймен, қара ниетпен қалай ғана молшылыққа, байлыққа, сыңғырлаған денсаулық пен шексіз бақытқа жетуге болады? ! Бұрынғылар Рахым Алладан, пейіл адамнан деп тегін айтпаса керек.
Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.
Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде,
Сонан тапқан - шын асыл, тастай көрме. Абай
*Өзіңізді қоршаған нәзік әлем тілегіңізді қабыл етіп, көздеген мақсатыңыз орындалмай қоймайды, себебі өзіңіздің ойыңыздан шашырап шыққан қуат нәзік әлеммен ақпарат алмасады. Не ойласаңыз сол болады деген ереженің іс жүзіне асқанын көзіңізбен көріп, көңіліңізге ұялатасыз. Осылайша нәзік әлемге ақшаны жақсы көретініңізді, ақша өзіңіздің тұрмысыңызды түзеуге қажет екенін, оны орнымен пайдаланатыныңызды білдіресіз, хабарлайсыз. Өзіңіздің ойлау жүйеңізді осылай құра алсаңыз, сізге ақша тартыла бастайды. Басқаша болуы мүмкін емес...
Адам - санасы сенген, көз алдына елестеткен мақсаттарының бәріне де ерінбей еңбектеніп, құмырсқа сияқты алған бетінен қайсарлықпен қайтпаса жетпей қоймайды. Өз жұмысыңызды жан-тәніңізбен беріліп істеңіз. Бүгінгі істейтін істі, еріншектеніп еш уақытта ертеңге қалдырмаңыз!
*Сен өзіңе-өзің жеке шаруа қожалығысың!
ӨЗІҢ осының әрі бастығы, әрі есепшісі, әрі мұғалімі, әрі делдалы бола біл! Әсет Мұқашбеков
5. Арман мен мақсат
Табыс - күнделікті қадағалайтын бірнеше қарапайым ережелер, сәтсіздік - күнделікті қайталанатын қарапайым қателіктер. Осы екеуі не шыңға шығарады, не жарға жығады. Джим Рон
- Армандау дегенімізді қалай түсінесіз?
- Армандау - айналаңды бағдарлау. Мақсат - өзіңіз қоршаған ортаға, белгілі тұлғаға, затқа, білімге, өмір сүру шарттарыңызбен қалай қарап, қалай сезінетініңізді анықтайды. Басқаша айтқанда - бағдарлау жол сапарға дайындалу. Бұл екі аралыққа немесе белгілі бір мақсатқа бет бұру, іске асыру, бару. Сіз осы кезде, табиғаттың заңына бағынып: денсаулық, қуаныш пен ақылдың байсалдылығына жетесіз.
Армандай алудың өте зор маңызы бар. Мақсатыңызға жететініңізді білген кезде миыңыз толық тыныштықта болып, ішкі күшті шоғырландырады. Ойыңыз тұнық, мақсатыңыз айқын бола бастайды.
Есіңізде болсын, алдыңызда нақтылы мақсат болған кезде, ескі керексіз зиян ойларды, жаңа жарқыраған ойлармен алмастырасыз. Әрбір пайдалы ойыңыз бен арманыңыз қабаттасып жүйке жүйесін күшке толтырып, осы лапылдаған іс-әрекет бүкіл денеңізге тарайды. Асқақ арман мен нақтылы мақсат арқылы жоқшылықтан құтыласыз, денсаулығыңызды қалпына келтіріп, мықты дене мен мөлдір ой құрасыз. Сіз жойқын мақсат құрғанда, таусылмайтын қуат көзі мен шабытты ақылға ие боласыз.
Арман мен мақсат - ақыл мен тәннің тепе-теңдігін сақтайды. Бұл жаңа қуатты туындатып, білім кеңістігін кеңейтіп, ішкі мамыражайлық қалыпқа әкеледі. Сіз өмірдің ширығуына шыдайтын күшіңізді көбейтесіз. Сіз қандай болмасын шырғалаңдарды шешесіз.
Армандауға әркімнің де қабілеті бар. Бұл үшін күнделікті қалыптан шығып қуат жиюдың қажеті жоқ. Ол үшін күнделікті бірнеше минутыңды бөліп, оқу-тоқусыз, дайындықсыз нәтижеге жету.
Мақсатты нақтылап меңгергенде өміріңіз айқын, қадамыңыз нық болады. Мақсат арқылы ойлау мен іс-әрекетің үндесіп, ішкі бақытқа қолың жетіп, тәнің, жаның, рухың үйлесімділік тауып, керемет нәтижелерге жетесің. Бұл жүйке күшінің қорын құрады. Армандау табиғи өмір сүру қалыпқа келуімізді жетілдіреді, тездеп іске асырады. Мақсат қою барысында өзіңіздің күні бойғы істеріңізді шабытты түрде жоспарлап, кешкі армандау барысында - күні бойы істеген жұмыстарыңды талдап, оған баға беріп, одан арғы мақсаттарыңды жоспарлап қоясың. Өз іс-әрекетіңді талдау өте маңызды. Өзіңіз іштей сабырлы боласыз. Бұрынғы көңіліңді алаңдатып жүрген адамдар мен заттар мазалап жүйкеңе әсер етпейтін болады. Бұл шабытты іс-әрекетіңізге мол мөлшерде қуат береді.
Мақсатыңыз орындалғаннан кейін жүйкеңіз жақсарады, басқа адамдар мен олардың ойлау жүйесі бұрынғыдай әсер етпейді. Мінез-құлқыңыз жайдарланады, жүйке соққысын әлсіретесіз, бұл мінезің түпкілікті өзгереді деген сөз емес, тұңғиыққа шомып сабырлы да, салиқалы боласыз.
Мақсатың іске асқанда - ширығуыңды табиғи жолмен жоғалтып, ақылың өткірленіп, сезімің ұшқырланып, денсаулыққа жайлы тәндік дем аласыз. Барлық жүйелерің бірқалыпты жұмыс істеп, тепе-теңдік қалыпқа түседі. Сондықтан да, өзіңіз мақсатыңызды шыңдайтын бағдарламаларыңызға, жұмысыңызға, кәсібіңізге, жан ұяңыз жайлы армандау барысында - Жаратушымен, табиғатпен үндесіңіздер. Құдай мен табиғат - шыңға шығаратын байсалды өмір, таусылмас қуат береді.
Еркіңізді нығайтатын даналық ілімінің екі құрамдас бөлігі:
Армандаған не Табыс жүйесінің кітаптарын оқыған кезде ұлы істерді мақсат етесіз, еркіңізді шыңдайсыз, осы еркіңіз арманыңыз бен мақсатыңызды іс жүзіне асырады.Ұлы істердің біреуінен құлшыныс табыңыз, өзіңіздің кім екеніңізді емес, кім болғыңыз келетінін көріңіз.
Осы мақсатыңызды шыңдайтын бағдарламамен өмір сүріңіз. Жаратушы мен табиғат тағайындаған істерді ғана істеңіз, осыларды ғана алыңыз. Егер де күніне екі қабат таңертең және кешке жатар кезде асқақ армандап, жақсы кітап оқысаңыз, не бейне, не үн таспа көріп, тыңдап ішкі күшіңізді нығайтсаңыз, сіз жеңбейтін кедергі болмайды.
6. Асқақ арман - бақытты заман
Адам жетпіс бес пайызға өз қиялымен, тек жиырма бес пайызға ақиқатқа орай өмір сүреді; оның күші де, әлсіздігі де осында. Ремарк
- Армандай алмаған адамның көңіл күйі?
- Армандауды білмейтін пенде өзінің сәтсіздіктерін білдірмеу үшін жиі ақталып түсіндіріп әлек болады. Осының белгісі дені сау, бақуатты адамдарды күндеу, сынап-мінеу. Арманы жоқ әлсіз адамды бағындыру оңай. Басқалар оның ойлау жүйесін игеріп алғандықтан, ол адамның қуыршағына айналып кетеді.
Сізде асқақ арман бар болғанда ғана, барлық қиыншылықтарды жеңіп, тағдырдың қандай болмасын соққыларын қасқая тұрып қарсы алуға дайынсыз. Шындығында, сіз қандай болмасын шырғалаңдардан қиналмай шығасыз, себебі асқақ арманыңыз бен нақтылы мақсатыңыз қандай болмасын бөгеттерді жеңіп шығатынына кәміл сеніңіз!
Әркімнің өмірі бірнеше себептердің ықпалында болады. Бұл себептердің бірі - бізді қоршаған орта, қай жерде, қандай үйде тұрамыз, қандай мектепте оқимыз, ата-аналарымыз, достарымыз кімдер - бұлардың әрқайсысы белгілі бір орны бар.
Біз, сондай-ақ, өзіміздің өмірімізде өтіп жатқан оқиғалардың ықпалында боламыз. Біліміміздің деңгейі өміріміздің қалыптасуына әсерін тигізеді. Бірақ біздің өмірімізге ықпал ететін ең басты құдіретті күш - армандау.
Арман - іске асырғымыз келген өмір. Армандарымызға мүмкіндік бергенімізде, мақсаттарымыздың жолдарындағы барлық кедергілерді жеңіп шығатын құдіретті күш-қуат иесіне айналамыз.
Арманымыз нақтылы айқын болуы шарт. Бұлдыр болашақтың баурайтын күші де аз болмақ. Армандай алмасаңыз, ғұмырыңызды қорқынышпен өткізіп, өмірден арманның не екенін білмей өтесіз. Тек қана батыл арман ғана жалпы жауыңыздың бет пердесін ашып береді. Осы армандауды бастағанда өзіңіздің мінезіңізді терең зерттеңіз. Өзіңізбен адал болыңыз! Өзіңіздің жақсылыққа баратын жолыңыздың алғашқы қадамы - арманыңыздың деңгейін анықтау.
Келешекке қатысты екі нұсқа бар: Келешекке үмітпен де, үреймен де қарауыңызға болады.
- Қанша адам келешекке үреймен қарайды?
- Көбісі үреймен қарайды.
- Өзіңіз ойға алған нәрсені басқа біреудің сіз үшін іске асыруын мақұлдайсыз ба?
- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философиядағы өмір және өмір мәні мәселесі
Өмір сүру- өмірдің мәніне философиялық көзқарас
Өмірдің мағынасы тұлғаның жеке әрекеттерінің жемісі
Адам өмірінің мағынасы неде
Нарықтық-экономикалық жағдайындағы тұлғаның құндылық бағдары мен өмірлік мағына бағдарының өзара байланысы
Философиялық антропология және аксиология
Шопенгауэрдің пікірінше
Әдет-ғұрып ұқығы нормалары жүйесiнiң құрылымдық сипаты және оның негiзгi принциптерi
Мектеп оқушыларында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері
Адам өмірінің философиясының мағынасы
Пәндер