Ал сіз комплимент айта аласыз ба




Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 2 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге
Таңдаулыға:   




Ал сіз комплимент айта аласыз ба?

Құрметті достар, естеріңізде болса, өткен сейсенбіде редакция жігіттері
болып (tengrinews.kz-тегі достарымызбен бірге) қыздың алғашқы кездесудегі
жүріс-тұрысы, жалпы қылықтары туралы сөз қылғанбыз. Турасына келгенде, бұл
әңгімеміз алғашқы кездесуден аман өтудің жәй ғана құралы болып қана
қоймай, сонымен қатар арадағы тәтті сезімнің әрмен қарай да өрістеуіне
ықпал болған жолсерігіміз іспетті. Ал сәрсенбі күні редакциямыздың нәзік
жандары бұл тақырыпқа байланысты өздерінің көзқарасын айтып, мақала жазды.
Тақырыптың қызықты болғаны соншалықты, бұл жайлы жазылған форумдағы
талқылаулар мен пікірлер де сан алуан болып шықты. Дегенмен, махаббат,
ғашықтық сезімдерді сөз ете отырып, комплимент айту тақырыбын естен
шығарыппыз. Шынын айтсақ, ең негізгі әрі ең әдемі сәт те комплимент айту
емес пе еді?!

Орынды комплимент айту – үлкен өнер. Жігіттер ғана емес, қыздар қауымы да
комплимент айта білуі керек.

Иә-иә, қыздар, құлақтарыңызға алтын сырға(!), бізге де ара-тұра комплимент
айтқандарыңыз ұнайды.

Сонымен, комплимент айтудың ережелерін қарастырайық:

Жігіттерге:

1. Комплимент айтуға әркім де дайындықпен келуі керек. Кез келген
комплимент екіұдай мағынаны білдірмеуі керек. Яғни айтылған сөзді не дұрыс,
не бұрыс мағынада түсініп қалмауы үшін ол біржақты жақсы мағынаны білдіруі
тиіс. Мысалы жұбыңызға Сен БҮГІН әдемі болып кетіпсің демей, жәй ғана
Сен өте сұлусың деу керек. Себебі кейбір қыздар БҮГІН деген сөзіңізді
басқаша түсініп қалуы әбден мүмкін. Ойлаңызшы, сіз оған қазір ғана оның
кеше әдемі емес, тек бүгін ғана әдемі болып келгенін айттыңыз! Егер қыз
сізге шынымен ұнап отырса, Сен ӘРҚАШАН да әдемісің дегеніңіз абзал.

2. Егер қыз сізге сыйлық берсе немесе жағымды әсер қалдыруға тырысса,
міндетті түрде оның еңбегін бағалаңыз. Әсіресе сізге арнап жайылған
дастарханы сіз үшін де маңызды болуы тиіс. Ал егер үндемесеңіз, бұл ісіңіз
өз тарапыңыздан жасалған мәдениетсіздік! Тамақ көңіліңізден шықпаса,
Қонақжайлылығыңа рахмет, ал ұнаған жағдайда ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
«Сіз қандай құссыз?» тесті
ГҮЛНАР САЛЫҚБАЙ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ « СІЗ » СЕМАНТИКАЛЫҚ КОНЦЕПТІ
Майя мәдениеті аңыз ба, ақиқат па?
Философия өнер ме әлде ғылым ба (эссе)
Әл Фарабидің өмірі
Әл – Фарабидің өмірбаяны, шығармалары
Әл-Кинди
Әбу Насыр Әл-Фараби
Әл-Фараби
Әл-Хорезми
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

MasterCard Visa


WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь