Арманыңдағы жігітке жолықтырар 16 қадам



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Арманыңдағы жігітке жолықтырар 16 қадам

Осы өмірде саған арналған жігіт қалмаған шығар деген ой келе ме? Немесе
қолыңда барларарға көңілің толмай ма? Өзіңе “Жақсы жігіт табу үшін не
істеуім керек?” деген сұрақтарды жиі қоясың ба? Ол үшін бәрін өзіңнен
бастауың керек.

Өзіңе керекті адамды көре білу оңай емес. Айналада сенің идеалыңа сай
келетіндей жасандылар өте көп және де сен өзің де идеалыңды кездестіруге
әрқашан дайын бола бермейсің. Сондықтан көңілің қалып, алданып қалмас үшін
біраз жұмыс істеу керек. Ең әуелі – өзіңмен.

1. Өз-өзіңді алдама
Сонымен сен жақсы жігітті кездестіргің келеді. Мұны мойындаудан қашпа.
Махаббатыңды іздеу – қиын іс, бірақ қай уақытта да оны бастау керек. Егер
сен өз-өзіңе бақытыңды тапқың келетініңді мойындасаң, бұл сенің жолың
болмайтын қыз немесе жігіттердің саған жоламайтынын білдірмейді. Бұл сенің
ер жетіп, ақыл тоқтатқан тәжірибелі екеніңді білдіреді.

2. Басқаларды да алдама.
Айналаңдағылармен сөйлескенде өзіңнің тәуелсіз және өз-өзіңе жетіклікті
екеніңді сызып айтпа. Саған ешкім де керек емес сияқты түрді көрсетпе.
Достарыңмен өзіңе лайық жігітті іздестірудемін деп ой бөліс. Оларға өз
орталарынан саған лайық деген жігітті іздестіріп көрулерін сұра. Ал сосын
қонаққа шақырып, тосын кездесу ұйымдастыруға да болады.

3. Өз өміріңе талдау жаса
Өзіңнің бақытты болуың үшін не керегін және өз жігітіңе өміріңнің қанша
бөлігін сыйлайтыныңды білмейінше – оны табу қиынға соғады. Мынадай бір
тәсіл қолданып көр. Бір қағаз алып шеңбер сыз да, көз мөлшерімен бірнеше
секторларға бөл. Бір сектор сенің өміріңде карьераның алатын өлшеміне сай
келу керек, келесісі – жігітіңе арнаған өлшемнің орны, үшіншісі –
қызығушылықтарыңа, сосын хобби секторын белгіле, достарыңа арналған сектор,
және тағы да басқа өзіңнің қалауың бойынша бөлімдер. Бұл жай ғана диаграмма
өзіңе басқа көзбен қарауға көмектесіп, артықшылықтарыңды көрсетеді.

4. Өзіңе қандай жігіт керек екенін шамала
Саған керек жігітте ең бастысы қандай қасиеттер болу керек, қандай
қасиеттерін сен көтере аласың, ал қандай жаман қасиетіне шыдай алмайсың,
соны шешіп ал. Егер идеалыңды еш суреттей алмай жатсаң, бір қағаз алып үш
графаға бөл. Өзіңе таныс қасиеттерді алып, тізімге сәйкесінше ретімен жаз.
Басыңда әруақытта осы қасиеттерге ие адамның бейнесі жүрсін. Сонымен қатар,
бұл қатып қалған тізім емес екенін ұмытпа, жағдайға байланысты өзгерістер
енгізіп отыруыңа да болады.

5. Стереотиптерден құтыл
Бірнеше этаптардан кейін “әдемі және бай” деген міндетті түрде “ақкөңіл,
сені шексіз сүйетін және сенімді” болып шықпайтынын түсінесің. Мүмкін, сені
шексіз бақытты ететін жігіт олигархтан гөрі есепшіге ұқсайтын шығар. Егер
бұрынырақта аздап “шашы түскендер” сен үшін сұмдық нәрсе болса, бертін келе
бұл процесс ерте ме, кеш пе көптеген еркектерді қамтитынын түсін. Өзіңнің
сары немесе жұқа ерінді жігіттерге деген жеккөргіштігіңмен күресу үшін
адамның сыртқы келбеті бойынша қандайына “жоқ” деп айта алатыныңды шешіп
ал. Сондай бір жігіттің келбетін салып көр. Енді осы бір адам сені көлік
апатынан құтқарып қалғанын немесе саған миллион раушан гүл сыйлағанын
елестетіп көр. Сары жігіттерден бірінші “адамды” көруге тырыс, содан кейін
ғана келбеті екенін ұмытпа.

6. Өткен өміріңді өзіңе жұмыс істет
Барлық “бұрынғыларың” әркез сені тастап кететін бе еді? Ауыртпашылық пен
көңіл қалушылық – сенің кез келген романдарыңның сөзсіз атрибуттары деп
ойлайсың ба? Мынаны ескер: барлығымыздың да күйініш пен мұңға толы жүгіміз
бар. Өткен қорқыныш пен қатып қалған стереотиптер ары қарай өмір сүруге
кедерегі болмас үшін оларды өзіңнің жақтасың етіп алу қажет. Өткен
қателіктердің арқасында болашағың үшін жақсы сабақ алуға тырыс. Өзіңнің
соңғы қатынастарыңа талдау жаса. Егер соларда, мысалы, сенімсіздік,
түсініспеушілік, қызғаншақтық сияқты ортақ сарын көрсең, осы сценариялар
қайталанбас үшін өзіңде нені өзгерте аласың – соны түсініп көр. Мүмкін бұл
жайлы психологпен де ақылдасып көрерсің?

7. Өз-өзіңді сүй
Өз-өзіңді сүй. Бұл үшін жұмысқа бара жатып “Мен ең әдемімін, ең көріктімін”
деп қайталау қажет болса да. Өзіңе саған шексіз ғашық жігіттің көзімен
қарап көр. Саған бетіңдегі иірімдерің ұнамай ма – жақсы көр. Бетіңнің
барлық әдемілігі сол иірімде деп ойла. Тісінің ортасындағы саңылауды өзінше
бір сексуалды тартымды етіп қойған Мадоннаны еске алшы. Немесе ерінінің
үстінде меңі бар Синди Кроуфордты. Кішкентай айнада келбетіңді бөлек-бөлек
қара – әр қатпаршағыңды, әр меңің мен иірімдеріңді жақсы көруге тырыс. Өз-
өзіңді сүюден ұялма. Өйткені дәл солай саған жігіттердің қарағанын қалайсың
ғой.

8. Өзіңе жаңалық аш
Егер сен өміріңе риза болып, жаңа әсерлерге ашық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІ
Қазақтың ақын жыраулары
Қазақ мақал-мәтелдерінің тәрбиелік мәні
Мақал-мәтелдерді қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару кезіндегі құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері, ұқсастықтары
МАҚАЛ - МӘТЕЛДЕРДІ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕ АУДАРУ
Спортшылардың психологиялық дайындығы
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚОҒАМДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ РӨЛІ ЖАЙЫНДА
Мақал - мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі
Әл – Фараби жайлы мәлімет
Менің сүйікті кітабым
Пәндер