Бүгінгі істі ертеңге қалдырма


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Бүгінгі істі ертеңге қалдырма

Көнекөз қариялар «Бүгінгі істі ертеңге қалдырма» деп жатады. Әйтсе де, сылтау тауып, кейбір істерді кейінге шегереміз. Ертеңгі күнге сенім артқан еріншектің кейпін кешпес үшін, жадымызға келесі қағидаларды сақтайық.

Ауқымы кең сөздерден арылыңыз

«Көрерміз», «Әйтеуір, бір жасаймын», «Сосын», «Мүмкін», «Уақытым болса», «Жақында, бәлкім» сияқты сөздерден арылыңыз. Себебі, бұл сөздердің мағынасы зор. «Жақында» - 15 минуттан кейін, ертең, келесі аптада, биылғы жылы болуы мүмкін. Сондықтан да уақытты нақты белгілеңіз. Мысалы, «Мен бұл жұмысты бейсенбі күні таңертең бітіремін» немесе «Алдағы аптаның сейсенбісінде мына істі қолға алуым керек» деп өзіңізге талап қойыңыз.

Аса маңызды істерді бірінші орынға қойыңыз

Өз жұмыстарыңызға кіріспес бұрын оларға көз жүгіртіңіз. Аса маңыздыларын анықтап, ең әуелі, соны қолға алыңыз. Назарыңызды қажеті болмаса келіп жатқан электрондық хаттарға, шырылдап жатқан телефонға бұрмаған абзал. Алдыменен шұғыл істерді атқарып алыңыз.

«Дәл қазір істеуім керек!»

Әдетте, көпшілік қауым кір үтіктеу я кілем тазалау сияқты үй тірліктерін кейінге қалдырады. Сол тұста «Мен мұны дәл қазір істеуім керек» деген сөздерді қайталап, іске кірісеңіз. Өзіңіздің осылай пысықтау арқылы сіз уақыттың қалай өткенін аңғармай да қаласыз.

Өзіңізге сыйақы тағайындаңыз

Бір істі бастамас бұрын сіз алдымен электрондық жәшігіңізді тексеріп, хаттарға жауап қатасыз. Үйде болсаңыз, телевизиялық бағдарламаларды тамашалайсыз. Уақытыңызды босқа өткізбес үшін сіз алдын-ала өзіңізге сыйақы тағайындап алыңыз. Мысалы, «Мына істі ойдағыдай аяқтап болған соң, мен тәтті тоқашпен шәй ішемін» немесе «Жұмысымды атқарып болғаннан кейін ғаламтордан кеше жарыққа шыққан жаңа киімдер топтамасымен танысамын» деп өзіңізге шарт қойыңыз.

Әлеуметтік желілерге шектеу қойыңыз

Әлеуметтік желілердегі жеке парақшаңызға кіріп, күнделікті достарыңыздың іс-әрекетін көріп, фотосуреттерін тамашалауға қанша уақыт кетіретініңізді білесіз бе?! Бәзбіреулер бар уақытын әлеуметтік желілерге құртып, өз жұмысын уақытылы аяқтамай жатады. Ғаламтордағы өз парақшаларыңызға күніне бар-жоғы 2-3 рет қана кіріп, қалған уақытта аса маңызды істермен айналысыңыз. Сондай-ақ, электрондық жәшікке келетін хаттардың санына шектеу қойыңыз.

Бос уақытыңызды ұйымдастырыңыз

Демалыс күннің тірліктерін аптаның ортасында жоспарлап қойыңыз. Құрбы-құрдастармен көңіл көтеріп, уақыт өткізуге ниетті болсаңыз, театрға ертерек билет алып, алдын ала мейрамханаға тапсырыс беріп қойыңыз. Демалыс күндері үй тірліктерін жасап, кітап оқып, фильм көрем десеңіз, алдын ала бар ойыңызды жинақтап қағазға түсіріп алыңыз.

Уақытыңызды өзгеге зая кетірмеңіз

Өз уақытын тек бос әңгімелерге кетіретін жандардан аулақ жүріңіз. Олардың көңіліне қарайтын болсаңыз, өз жұмысыңыздың аяқсыз қалатынан ескеріңіз. Әдетте, мұндай әңгімелер жұмыс уақытында жиі болады. Мысалы, сізге әріптесіңіз келіп: «Саған айтар бір әңгімем бар. Кеше үйге қайтып бара жатқанда дүкенге кірдім. Сол жерде әдемі көйлек көрдім. Сосын туфли көрдім» деп жұмысыңызға қатысты емес әңгімесін айта жөнеледі. Осы кезде: «Түскі ас уақытында немесе мен мына жұмысымды аяқтайын, сосын дидарласамыз» деп жылы жүзіңізбен шығарып салыңыз.

Күн тәртібін сақтаңыз

«Ерте тұрған әйелдің бір ісі артық, ерте тұрған ердің ырысы артық» нақыл сөзін естен шығармаңыз. Ерте жатсаңыз, таңертең ерте тұрып, жұмысыңызды бастап кетіңіз. Егер де кеш жатып, кеш оянатын жан болсаңыз, ол кезде де күніңізді аса маңызды істерді атқарудан бастаңыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүсіп Баласағұнидің Құтты білік дастанындағы көнерген сөздердің мағынасын айқындау
Құтты біліктің зерттелуі
Жақсы сөйлеу мәнері
Бисерден тотықұс тоқу технологиясы
Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және ерекшеліктері
Ежелгі аңыздар немесе қазақ халқының әлемдік өркениетпен жапсарласатын тұсы
Жүсіп Баласағұнның Құтты білік дастанының көркемдік ерекшеліктері
Бисер өнерінің шығу тарихы
Қазақ-ағылшын-орыс мақал-мәтелдерін салыстыра зерттеу
Факультативті сабақтарды ұйымдастыру әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz