Қазақстанның көлдері мен өзендерінде кездесетін балықтар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстанның көлдері мен өзендерінде кездесетін балықтар

Жоспар:

I. Балықтарға жалпы сипаттама.

II. Қазақстанда кездесетін балықтар.

2. 1. Каспий теңізінің белгілі балықтары.

2. 2. Бекіре. Сазан. Шортан. Жайын.

III. Қоыртынды.

Балық - хордалылар типінің жақтылар тобына жататын омыртқалы су жануарлары. 20 мыңнан астам түрі белгілі, олардың 97 - 98%-ы сүйекті балықтарға жатады, қалғандары шеміршекті балықтар. Қазақстанда жүз сексендей түрі мен түр тармақтары кездеседі. Қазіргі көптеген түрлері бес жүз мың жылдан бері өзгерместен тіршілік етіп келеді. Балықтың мекен ету аумағы биік тау су қоймаларынан мұхиттың терең су түбіне дейінгі ауқымды қамтиды. Олар -2°С-тан 50°С температура аралығында тіршілік ете алады. Тұздылығы 70‰ болатын суға төзетін балықтар да бар. Балық дене тұрқы, түсі, құрылысы, физиологиясы жағынан айтарлықтай ерекшеленеді. Олардың дене тұрқы 1 см-ден 20 м-ге дейін болады, ал салмағы 1, 5 г-нан 12 - 14 т-ға дейін жетеді. Олардың пішіндері де әр түрлі: ұршық, жебе тәрізді, екі бүйірінен немесе арқасынан бауырына қарай қысыңқы, жылан, таспа, шар тәрізді, дөңгелек, т. б. болады. Балықтың денесі үш бөліктен тұрады. Олардың жұп танау тесігі мен көзі, жұп және дара қанаттары болады. Кейбір балықтың қанаттары жетілмеген, ал кейбір түрлерінде өте жақсы (мысалы, албырттардың май қанаты) жетілген. Денесін қабыршақ жапқан, бірақ қабыршақсыз немесе сүйекті қылтан жапқан түрлері де бар. Желбезекпен тыныс алады, ауамен тыныс алуға бейім органы бар балықтар да кездеседі. Балық жыныстық қабілеті жетілгенше тез өседі, олардың өсуі көбіне жыл маусымына, тіршілік жағдайына байланысты. Бір-екі жыл (кейбір бұзаубас балықтар), тіпті жүз жылға дейін (қортпа) тіршілік ететін балықтар да бар. Көптеген балықтардың иіс сезу, сезім, есту, көру (өте терең және жер асты суларында тіршілік ететіндерінде болмайды) мүшелері жақсы жетілген. Олардың бүйір сызығы судың қозғалысын қабылдайды. Сүйекті балықтардың көпшілігінде торсылдақ болады, ол дене тепе-теңдігін сақтау қызметін атқарады, ал кейбір балықта торсылдақ - тыныс алу органы; балық торсылдақ арқылы өзі шығаратын дыбысты күшейтеді. Қорегінің түріне қарай балық: фитофаг, планктофаг, бентофаг, детритофаг, жыртқыштар болып бөлінеді. Балық әдетте дара жынысты, сондай-ақ қос жынысты түрлері де кездеседі. Балықтардың көпшілігі сырттай ұрықтанып, уылдырық шашу арқылы көбейеді. Сондай-ақ іштей ұрықтанып, тірі шабақ немесе ұрықтанған уылдырық туатын түрлері де (мысалы, акулалар, гамбузия, т. б. ) болады. Тіршілігінде олар бірнеше рет уылдырық шашады, бір рет қана уылдырық шашатындары да (мысалы, қиыр шығыс албырты, кета, т. б. ) болады. Уылдырығын судағы өсімдікке, тасқа жабыстырып қоятындары, көміп тастайтындары, тіпті моллюскілердің денесіне тығып сақтайтындары да кездеседі. Балық жыл маусымына сәйкес қорегін, қыстауын немесе уылдырық шашатын жерін іздеп, кейде мыңдаған киллометрге дейін өрістейді. Балық - адам үшін қажетті белокқа бай тағам көзі. Оның еті, уылдырығы, ал кейбір түрінің терісі де пайдаланылады, олардан балық майы алынады. Ішінде улы түрлері де кездеседі. Балық аулау шаруашылығы ертеден белгілі, дегенмен оның шарықтау биігі 20 ғасырдың 70-жылдарына тура келеді. Осыған байланысты кейбір кәсіптік маңызы зор балықтың санын азайтпау үшін, олардың табиғи көбеюіне қосымша әр түрлі қолдан өсіру әдістері жасалады. Саны өте азайып кеткен, айрықша қорғауға алынған балық түрлері мен түр тармақтары халықаралық және ұлттық «Қызыл кітапқа» енгізілген (мысалы, ақ балық, нельма, Арал албырты, Арал бекіресі, Каспий албырты, көкбас, т. б. ) . Ақкөз - Суы тұщы келетін өзендерінің сағасын мекендейтін тұқы тұқымдас балық.

Аққайран - Кәсіптік маңызы өте жоғары, тұқы тұқымдас балық.

Алабұға - Бауыр жағы ақшыл сары, түсі өзгеріп отыратын жыртқыш балық.

Бекіре - Еті мен уылдырығы өте жоғары шеміршекті ірі балық.

Қаяз - Теңізде өсетін еті дәмді балық.

Жайын - Аузының айналасында үш жұп мұртшасы бар, басы үлкен, ірі жыртқыш балық.

Қортпа - Кәсіптік маңызы зор, бекіре тұқымдас ірі балық.

Қылағай - Шортанның қылтаннан үлкен шорағайдан кішісі.

Қылтан - Шортан тұқымдас кішкентай балық.

Лақа - Мұртты, басы жалпақ және теңбілдеу, қоңыр түсті үлкен балық.

Мөңке - Сазанның кішкене түрі.

Сыла - Ірі ақ балықтың бір түрі.

Табан - Теңізде тіршілік ететін кәсіптік маңызы бар балық.

Теңге балық - Үстінде дөңгелек теңбілдері бар балық.

Тұқы - Тоған суларында өсірілетін сазан балықтың түрі.

Шоқыр - Еті мен уылдырығы бағалы, тұмсығы семсер тәрізді балық.

Шорағай - Шортан тұқымдас кішкентай балық.

Шортан - Аузы үлкен жыртқыш балық.

Бекірелер - Қазақстанда бұл отрядтың 7 өкілі: қортпа, сүйрік балық, бекіре, сібір бекіресі, шоқыр, мекіре, тасбекіре тіршілік етеді. Бекірелер сүйекті-шеміршекті балықтар, басқа балықтардан сыртқы пішіні және құрылысымен ерекшеленеді. Денесі ұзынша ұршық тәрізді, бес қатар сүйекті өсінділермен жабылған (бір қатары арқасында, екеуі екі бүйірінде және екеуі құрсағында), осы қатарлардың ортасында ұсақ сүйекті түйіршектер мен тақтайшалар бар. Басы конус тәрізді созылған және тұмсығы күрек тәрізді. Төменгі жақта тісі жоқ. Бекірелер ұзақ өмір сүретін, кеш жетілетін балықтар, әр түрлі түрінің аталықтары 5-13-тен 8-18 жаста, ал аналықтары 8-12-ден 16-21 жаста жынысты жетіледі. Сонымен қатар, дене пішіндері өте үлкен болады. Мысалы, қортпаның салмағы 1 тоннаға дейін, ұзындығы 4-4, 5 метрге дейін жетеді, 2 тонналық балықты ұстаған жағдайлар да белгілі. Тасбекіре 40 см-ден артық өспейді. Олар уақытының көбін теңізде өткізеді (Каспий және Арал теңіздері), ал ұрығын шашу үшін өзенге көтеріледі. Барлық бекірелерді бағалы, жоғары сапалы еті және қара уылдырығы үшін әрқашанда көп ауланған. XX ғасырдың аяғында саны азайып кетті, сондықтан бұл кәсіптің уақытын реттеуге тура келді. Қазіргі кезде бекіре балығын ұстау үшін арнайы рұқсат керек, кей түрлері Қазақстан Қызыл кітабына енгізілді (тасбекіре мен мекіре) және ұстауға тиым салынды. Қазақстанда қортпа, бекіре, шоқыр - Каспий теңізі мен Жайықта; Сібір бекіресі - Бұқтырма су қоймасы мен Ертісте; сүйрік бекіре - Жайық, Ертіс, Тобыл өзендерінде; мекіре - Каспий теңізі мен Жайықта, ертеректе ол Арал теңізінде кездесетін, қазір Балқаш су қоймасында жерсіндірілген, ал тасбекіре - Сырдария өзені мен оның суармалы каналдарында таралған.

Сазан (калантыр) - тұкы балық тұқымдасының ірі балығы, мәдени тұқының жабайы шыққан тегі. Тығыз жалпақ денелі, денесі жасыл-сұр, кейде сары түсті, ол тығыз ірі қабыршақпен қапталған. Тез өседі, екінші жылдың соңында ұзындығы 30 см, салмағы 0, 5-0, 6 кг-ға жетеді (ең үлкені 2 метрге дейін өсіп, салмағы 20 кг) . 30 жылға дейін өмір сүреді. Қазақстанда барлық жарамды су қоймалары, көлдер және ну өсімдікті өзен шығанақтарында мекендейді. Қорек талғамайтын балық. Кәсіптік түр болып табылады, оны кәсіптік деңгейде де, әуесқойлар балықшылар да аулайды. Адам әуелден қалантырды “үй балығына” айналдырды. Басқа балықтармен салыстырғанда судағы оттегі құрамын көп талап етпейді, оның уақытша төмендеуіне шыдай береді, тоғандағы жағдайға тез үйренеді. Көп ғасырлық сұрыптау нәтижесінде тұқы балықтың бірнеше түрі алынған, солардың ішіндегі көпке әйгілісі - жалтырауық тұқы. Айна сияқты екі бүйірін жауып тұратын үлкен қабыршақтары үшін осылай аталған.

Шортан - солтүстік жарты шарда кең таралған, бала кезден ертегіден таныс жыртқыш балық. Шортанның денесі ұзынша жебе тәрізді, ұсақ қабыршақпен қапталған және қоршаған ортасына байланысты алуан түске боялған. Денесінің астыңғы жағы алға шығыңқыраған, жалпақ тұмсықты. Аузында тістері көп, олар ұшымен кері бағытталған, сондықтан аузына түскен жемтігі мұндай қақпаннан қайтып шыға алмайды. Шортан - жыртқыш, балықты басынан бастап жұтады, 1, 5 метрге дейін өседі, салмағы 30-35 кг. Қазақстанда шортандар ағыны жай өзендер мен су маңы өсімдіктері жақсы жетілген көлдерде кездеседі. Тек Балқаш-Алакөл ойпаты мен Талас өзені су қоймасында кездеспейді. Бұл ерте көктемде өсімдікті таяз суларда уылдырық шашады да, уылдырықтарын өсімдіктерге жабыстырады. Жарып шыққан шортаншалар біраз уақыт жұмыртқадан қалған, сарыуыз қабығындағы қоректік заттарды пайдаланады, одан кейін ұсақ шаянтәрізділермен қоректенеді. Ұзындығы 5 см-ге жеткеннен кейін, олар түгелдей жыртқыштық жолмен қоректенеді, шабақтарды аулайды.

Балкаш алабұғасы - Балкаш-Алакөл су коймасының эндемигі, өсімдігі мол өзендер мен көлдерде тіршілік етеді. Уылдырық шашу үшін Балқаштан Ілеге шығады. Бұл - кішілеу, ұзындығы 0, 5 м, салмағы 1, 5 кг, тікенекті жүзу қанаты бар, төменгі жағы алға шығыңқы балық. Ұсақ және талма балықтармен, кейде өз ұрпақтарымен де қоректенеді. 1961 жылға дейін Балқашта жылына 2300 тонна алабұға аулайтын, бірақ оның саны күрт азайып, қазір Қазақстан Қызыл кітабына және Халықаралық Қызыл кітапқа енгізіліп отыр. Санының азаюын, ғалымдар басқа жаңа жыртқыш балықтарды (көксерке, жайын, ақмарқа) кеңінен жерсіндіру әсері және судың гидрологиялық құрамының бұзылуына байланысты дейді. Біздің суаттарымызда Балқаш алабұғасынан басқа кәдімгі алабұға да тіршілік етеді.

Жайын -Қазақстандағы жайынтәрізділер отрядының жалғыз өкілі, көпке танымал балықтың бірі. Жайынның денесі жоғарыдан төмен қарай шамалы жалпайған, арқасы қара, құрсағы ақшыл түсті, екі бүйірінде дақтары бар. Үлкен аузының жоғарғы жағында екі ұзын мұртшасы (осынысы үшін басқа тілде “мысық балық” дейді) және төменгі жағында 2 қысқа мұртшасы болады. Бұл қорек талғамайтын балық. Қорегінің көп бөлігін балықтар, бақалар, былқылдакденелілер құрайды, кейде тіпті суда жүзетін құстарды да ұстайды. Жайын ыстық күндері терең шұңқыр немесе судағы тарбиған ағаш түбінде жатқанды ұнатады. Жайын өзіне тән өсімдіктен жасалған таяз жердегі ұясында уылдырығын салады. Алғашқы кезде, дернәсіл шыққанға дейін, ұяны аталығы қорғайды. Жайын тез өседі, 3-4 жылдан кейін жынысты жетіледі. ұзындығы 5 метрге, салмағы 300 килограмға дейін жетеді. Бұл балық - әуесқой және спорттық жолмен ауланатын, бағалы кәсіптік балық.

Каспий тілтістісі - дөңгелек ауыздылар класының өкілі. Балықтәрізді жануардың ұзындығы 55 см, салмағы 200 г дейін. Ауызы түтік тәрізді, көптеген мүйізді тістері болады, оны сорғыш ретінде пайдаланады. Уақытының көбін Каспий теңізінде тұзды суында өткізеді, ал уылдырық шашу үшін Жайық өзеніне көтеріледі. Су температурасы 1100-қа төмендегенде көбею үшін қоныс аудару басталады. Уылдырығын өзеннің құмды, топырақты таяз жерлеріне шашады. Уылдырық шашудың ауыр жолын игеру үшін, жолға шығар алдында денесінің 34% май болады. Бұрын бұл жануарларды ұстап, кептіріп, майын жарық үшін пайдаланатын болған, қазір тамақ үшін пайдаланады.

Форель немесе бахтах - бұл балықтың Отаны - Солтүстік пен Орталық Америка. Форель албырттарға жатады. Бағалы қызғылт түсті еті үшін адамдар бұл балықты кең таратуға тырысты. Нәтижесінде бұл балық тоған балық шаруашылығының нысаны болды, дүние жүзінде көптеген елдерде жерсіндірілді. Ол Қазақстанда Шелек өзені су қоймасында тіршілік етеді. Бұл - орташа пішінді (ұзындығы 0, 5 метрдей, салмағы 6 кг), арқасы сұр түсті, бүйірінде жарқыраған теңбілдері мен қызыл (аталықтары уылдырық шашу кезінде) бүйір жолақтары бар балық. Өзінің “құбылмалы” деген атын кей түрлерінің ашық боялғандығынан алған. Қоректенуі алуан түрлі - бентос, ұсақ балықтар, жәндіктер және тағы басқалар. Форельге жақын балық - албырт. Қазақстанда 2 түрше - Каспий және Арал албырттары тіршілік етеді, олар Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бадам өзенінде жойылып бара жатқан балықтардың түрлерін сақтап қалу
Қопа көлінің қазіргі экологиялық жағдайына сипаттама беру
Төменгі сатыдағы жануарлар
Қазақстандағы балық шаруашылығы
Азияның көлдеріне физикалық – географиялық сипаттама
Биология пәнін оқытуда жергілікті жер материалдарын пайдалану
Жайынтәрізді балықтардың кәсіптік маңызы
Наурызым қорығының экологиялық- географиялық жағдайы және биоалуантүрлілігі
Қазақстанның климаты, биологиялық сулары және рекриациялық аудандар
Су жүйелері және оның ластану көздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz