Әлеуметтік функция


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

II тарау. Қазақстан Республикасының ішкі функциялары

2. 1. Экономикалық функция

Қазақстан Республикасының орындайтын функциясы, яғни рөлі ретінде оның қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттері, мемлекеттің өз қызметі ретінде түсіндіріледі. Қазақстан Республикасының функциясы - қоғамды әлеуметтік басқарудағы мемлекеттің атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары мен әдістері. Мемлекетіміздің функцияны ішкі және сыртқы деп күрделі екі топқа бөлініп зерттеледі. Тұрақты және уақытша функциялар адамдардың құқығын қорғау, отан қорғау, заңдылықты қорғау - деген функциялар болады. Бұлардың мазмұны көбінесе жоғарыда көрсетілген функцияларға ұқсас болып, солар арқылы орындалып жатады.

Экономикалық функцияда мемлекет өзінің қалыпты жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттің экономика саласындағы қызметі экономикалық дамудың бағыттарын ұсынады, меншік нысандарын қорғауға, экономикалық қызметтің бостандығын қамтамасыз етуге, сыртқы экономикалық байланыстардың ұйымдастырылуын бекітуге бағытталған.

Экономикалық функция - мемлекетпен ел экономикасын жоғарғы дәрежеде дамуының стратегиялық бағыттарын жасау мен үйлестіруді көздейді.

Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының функцияларын дамыту тенденцияларының мынадай жолдары іске асуы мүмкін:

  1. функциялардың мазмұны мен шеңберін кеңейту, бұлардың көбісінің мемлекеттік ішкі мәніне ұласуы;
  2. бұрынғы кеңестік мемлекеттілік сатысына қарағанда барлық функциялардың мазмұнының іс жүзінде түпкілікті өзгеруі;
  3. мемлекеттің функцияларында жалпыәлеуметтік, жалпыдемократиялық, гуманистік (адамгершілік) мәні бар бағыттардың көбеюі;
  4. мемлекет өзінің «қоғам мен тұлға құлы» делінетін жаңа рөлін меңгеруі;
  5. мемлекет функцияларының мақсатты бағыттарының өзара байланыстылығы, үйлесімділігі және бірыңғайлылығы;
  6. жалпы дүниежүзілік жүйенің елдің ішіндегі және дүниежүзілік аренадағы мемлекеттік қызметке тигізетін ықпалы;
  7. қоғам ісін басқаруда мемлекеттің функционалдық рөлінің артуы;

Азаматтың мүддесі үшін екі жақты немесе көпжақты болып, өзара келісе отырып, қайткен күнде де ядролық апаттан тірі жанды құтқару мақсатында елдің қауіпсіздігіне қажетті деңгейде армияны сақтау мен әскери қорғану күштерін нығайту.

Ішкі және сыртқы функциялар бір - бірімен өзара тығыз байланысты, өйткені сыртқы саясат белгілі бір мемлекеттің өмір сүруінің ішкі жағдайларына тікелей байланысты

Ішкі функцияларға еліміздің материалдық - техникалық базасын құрып, дамытуға бағытталған мынадай қызмет салалары кіреді:

Экономикалық функция - барлық мемлекеттерге тән функция. Мемлекеттің экономикалық функциясы негізінде қоғамда өндірісті және өндірістік қатынастың субъектілеріне нарықтық экономиканы дамытуға жан-жақты жағдайлар туғызу болып табылады.

Экономикалық функция - мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын анықтау, олардың орындалу жолдары мен тәсілдерін көрсету. Экономиканың дамуын реттеудің төрт тәсілі бар:

Бірінші - салық саясаты арқылы мемлекет бюджетінің дамуын реттеп-басқару;

Екінші - экономиканың тиісті, қажетті саласына жеңілдік беріп дамыту;

Үшінші - ғылым мен техниканы дамытып, экономиканы көтеру (бұд екі жақты процесс) .

Төртінші - мемлекетік өндірісті дамыту.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасы нарықтық қатынастардың қалыптасып, өсіп дамуына көптеген шаралар қолданып, реформалардың іс жүзінде асуына жол ашты. Атап айтқанда мемлекет жекешелендіру процесін аяқтады, орта тапты қалыптастыруда шағын және орта бизнестің дамуына жағдайлар жасауда. Шетелдердің инвестициялары Қазақстан экономикасының негізгі салаларын көтеруге және дамытуға мол үлес қосуда. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы » деп аталатын тұжырымдары бойынша Жолдауында: «Әділ әкімшілік бұлжытпай орындайтын, анық тиімді және қатаң ұстанатын заңдары бар ашық және бәтуәгерлік инвестициялық саясат шетел инвестицияларын тартудың барынша қуатты ынталандыру тетігі болып табылады. Мұндай саясатты талдап жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болуға тиіс, өйткені Қазақстанның шетел капиталынсыз, технологиясынсыз және тәжірибесінсіз жедел экономикалық өрлеу мен жаңартуға қалай қол жеткізетінін көз алдымызға келтіру қиын ».

Н. Ә. Назарбаевтің «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру (Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы жолдауы 28 ақпан 2007 жыл) стратегиясында - біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз.

Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиісті де, өйткені олар біздің жаһандық экономикаға кірігуімізге жәрдемдеседі, әрі сол арқылы біздің қолайлы экономикалық - географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарымызға сүйенеді.

Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жеке меншік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларында тікелей қолдау көрсетуге міндетті.

Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық «серпілісті» әлемдік экономикаға кірігудің қажетті шарты ретінде пайымдай отырып, мен мынадай бағыттарға баса назар аудару керек деп санаймын:

  1. халықаралық маңыздағы «серпілістік» жобаларды іске асыру, индустрияны дамыту, әлемдік рыноктың белгілі бір тауаршаларында бәсекеге қабілетті бола алатын тауарлар мен қызметтерді өндіру;
  2. Қазақстанның өңірлік және халықаралық экономикалық бірлестіктер мен ассоциацияларға қатысуы жолымен халықаралық экономикаға кірігуі;
  3. Қазақстанның экономикалық жаңарту мен халықаралық рыноктарда бәсекеге қабілеттілігін нығайтудың қосымша құралы ретінде БСҰ - ға кіру;
  4. Экспорттық - импорттық кредиттеуді дамытуды мемлекеттік қолдау.

Ел экономикасындағы өрлеудің тұрлаулы әрі серпінді сипатын ұстап тұру үшін мемлекет қазынагерлік, кредит - ақша саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғары сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті», - делінген.

Орталықтағы және жергілікті жерлердегі үкімет экономикаға араласудың барлық түрімен, дән себу, егін жинау және басқалармен айналысуды тоқтатуға тиіс. Мемлекет жекеше сектор басты рөл атқаратын нарықтың заңды шеңберлерін құра отырып, экономикада маңызды, бірақ шектеулі рөл атқаруға тиіс. Яғни меншік құқықтарын ресімдеуге, бәсекелес рынок пен монополияға қарсы күресті реттеудің сенімді құралдарын құруға, фискальды және монетарлық саясатты қолдауға, әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға, қажетті инфрақұрылымды, білім беруді, денсаулық сақтауды дамытуды қамтамасыз етуге және мықты экономикалық саясат жүргізуге бағытталған құқықтық және нормативтік база жасауды аяқтау көзделіп отыр.

Бірақ, нарық дамымаған, нарықтық кеңістік әкімшілік жүйенің қалдықтарына толған жерлерде мемлекет нарықты дамыту мен ол кеңістікті тазарту үшін араласуға тиіс. Экономиканың өзі тұрақсыз дамудың аралық кезеңінде тұрғанда, мемлекеттің реттеуші рөлі мен араласуға бара - бар болуға тиіс.

Жаңа әлемдік экономикалық үлгілерге сай болу үшін біз мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен сапасын едәуір көтеруге, жекеше сектор мен ұлттық капиталға жәрдемдесуге, оларды ынталандыруға және олардың белсенділігін арттыруға тиіспіз.

Экономикалық өсу мақсатында өзіміздің осы бағыттағы ұзақ мерзімді басымдықтарымызды іске асыру мақсатында келесі үш жылдың ішінде:

  1. қатаң монетарлық саясат бұлжытпай жүргізіледі;
  2. жекешелендірі аяқталатын болады;
  3. заң шығару жетілдіріп, жақсартыла түседі, мұның өзі еліміздегі инвестициялық ахуалды барлық жерде бірдей жақсарта түседі;
  4. шетел инвестицияларын тарту бұрынғыдан да белсенді жүргізілетін болады, олардың көлемі мен нәтижелері жайында халыққа егжей - тегжейлі ақпарат беріліп тұруға тиіс. 1

Қазақстан Республикасының қоғам өміріндегі экономика саласындағы мемлекеттік реттелуі өндірісті, ауыл шаруашылығын, көлікті, коммуникацияны, сауданы, қаржыны басқарумен байланысты. Өнеркәсіпті басқару актілері Президенттің жарлықтарымен бекітіледі. Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар министрлігі жағар- жанармай энергетика комплексін басқаруды жүзеге асырады. Өнеркәсіп саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары әрекет етеді.

Қоғамдағы көлік, жолдар, байланыс коммуникативтік қызметті жүзеге асырады. Көлік комплексіне темір жол, әуе, теңіз, өзен, автомобиль көліктері жатады. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі қызмет етеді.

Қазақстан Республикасы экономиканы дамытуда сонымен қатар аграрлық саланы өркендетуде өз үлесін қосуда. Мемлекет тарапынан ауылға кредит беру, шаруа қожалықтарының өнімдерін сатып алу, техникамен көмектесу және жеке меншіктегі малдарға салық салмау сияқты шараларды іс жүзіне асыруда. Экономикалық функцияларын іс жүзіне асыруда Қазақстан Республикасы дүниежүзі өркениеті мемлекеттерінің экономикалық жетістіктерін пайдалануда. Белгілі философ С. Б. Бөлекбаевтың тұжырымдары бойынша мемлекеттің экономикалық функцияларына мыналар жатады:

  1. «Нарықтық жүйенің жұмыс істеуін құқықтық және саяси жағынан қамтамасыз ету.
  2. Бәсекелестік және еркін бағаның қалыптасуын қорғау.
  3. Макроэкономикалық тұрақтылық саясатын жүргізу. Ол негізінде ақша қаржы саласында іс жүзінде асырылады, мемлекет инфляциямен күреседі, өндірістік айналыммен жұмыссыздыққа әсер етуге әрекеттер жасайды ». 2

Бүгінде республикада бірлескен кәсіпорындар саны көбеюде, дүниежүзіндегі аса ірі компаниялардың өкілдіктері ашылуда, бірлескен шикізатпен материалдарды өңдеу жобалары, жаңа технологиялар енгізілуде.

Еліміздің бай табиғи ресурстары, елдегі әлеуметтік және саяси тұрақтылық Қазақстанды шетелдік капитал үшін тартымды аймақтардың біріне айналдырды. Бүгінде республика дүниежүзіндегі 145 мемлекетпен сыртқы сауда операцияларын жүргізуде. Э кспорт әлемінің 122 еліне жүзеге асырылуда, импорт тауарлары 115 елден жеткізілуде.

Қазақстан өнімін негізгі тұтынушылар: Ресей, Қытай, Швейцария, Германия, Өзбекстан, Түркіменстан, Өзбекестан, Италия, Украина, Ұлыбритания және т. б. елдер. Импортталған тауарлардың басым көпшілік бөлігі: Ресей, Өзбекстан, Түркіменстан, Германия, Ұлыбритания, Түркия, Беларусь, Украйна, Америка Құрама Штаттарынан, Қытайдан жеткізіледі. Экпорттың негізгі түрлері: минералды және мұнай өнімдері, қара және түсті металдар, азық - түлік тауарлары және т. б. Импорттың тауар құрылымы: машиналар, құрал - жабдық, химия өнімі, азық - түлік тауарлары, минерлар өнімдер т. б.

Экономикалық функцияның негізгі мақсаты - елдің экономикалық дамуының жоспарын жасау, мемлекеттік бюджетті қалыптастыру мен орындалуын бақылау, салық жүйелерін тағайындау, баға саясатын нақтылау, монополизмді жою, жосықсыз бәсекеге тыйым салу, тұтынушылардың құқығын қорғау және болып табылады. Қазақстанның экономикасы күннен күнге қарыштап дамып, келеді.

2. 2. Әлеуметтік функция.

Әлеуметтік функция - Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетімізді демократиялық, зайырлы, құқықтық ретінде орнықтырумен қатар оны әлеуметтік деп жариялады. Әлеуметтік функция қоғамның көптеген салаларын қамтиды және мемлекеттің адамның әл - ауқатын, тұрмысын жақсартуға бағытталған. Әлеуметтік функцияның ең негізгі мақсаты қоғамдағы байлықты халық арасында әділеттілік қағидасы негізінде бөлініп беру болып табылады. Мемлекет өз тарапынан еңбек етуге жарамсыз болған қоғамдағы әлеуметтік топтарға жан - жақты қамқорлық жасауға міндет алады.

Конституцияда былай көрсетілген:

  1. Қазақстан Республикасының азаматына жалақы мен зейнетақының ең төменгі мөлшеріне, жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.
  2. Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп отырады. (28 - бап ) .

Бұл норма мемлекетке қарт адамдарды, мүгедектерді, көп балалы отбасын, тастанды, жетім балаларды және тарихи отанына оралған қазақтарға көмек көрсету міндетін жүктейді. Сонымен қатар мемлекеттің Әлеуметтік функциясының ең бастапқы міндеттерінің бірі - кедейлілікпен, жұмыссыздықпен күресу болып табылады. «Қазақстан 2030 » бағдарламасында бұл мәселені шешуде мемлекет алдына мынандай міндеттер қойып отыр: «Осы жылдардың ішінде кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес стратегиясы:

  • Кіші кредиттер жүйесін енгізуге;
  • Шағын және орта бизнесті дамытуға;
  • Еңбекті көп қажет ететін салаларды басымдықпен дамытуға және бұларға шетел инвициялары мен ұлттық капиталды белсенді тартуға;
  • Шарттар мен контракттар және бюджеттік сатып алулар кезінде жұмыспен қамту проблемаларына қатаң тұрғыдан келуге;
  • Қоғамдық жұмыстарды, ең алдымен жол құрылысы мен орман отырғызуды дамытуға;
  • Жеке кәсіпкерлікті дамыту жолындағы қажетсіз әкімшілік кедергілердің бәрін алып тастауға;
  • Қызмет көрсету саласын және әсіресе туризмді белсенді дамытуға негізделеді ».

Бұл міндеттер мемлекеттік әлеуметтік функциялары арқылы іс жүзіне асырылады.

Қоғам өмірінің әлеуметтік саласын еңбек, денсаулықты сақтау, білім беру, ғылым және басқа да әлеуметтік қатынастар құрайды. Қазіргі жағдайда әлеуметтік қатынастарды мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері қоғам өмірінің негізгі бағыттарына әлеуметтік жағынан жәрдемдесу болып табылады. Қалыпты әлеуметтік және экономикалық прогресс қамтамасыз етілген елдерде, әлеуметтік әділеттілікке қол жеткізу міндеттерін алға қояды.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік функциясында қоғамымыздағы барынша мұқтаж топтары, соның ішінде 150 мың адам кіші кредиттердің көмегімен және 3, 5 миллионнан аса адам (зейнеткерлерді қоса ) әлеуметтік көмек алады.

Халықты әлеуметтік қорғау әсіресе оның әл - ауқаты аз, еңбек етуге жарамсыз топтарын жұмыспен қамтамасыз ету, жұмыссыздықты, бетімен кеткен көші - қон процестерін жою.

Әлеуметтік қызмет көрсету, яғни адамның жан - жақты қамқорлық жасаудың ізгілікті саясатын жүзеге асыру. Ата заңымызда атап көрсетілгендей, мемлекетіміздің қызметі, бәрінен бұрын адам және адамның өміріне, құқықтары мен бостандықтарына, мүддесіне сай құрылады.

Н. Ә. Назарбаевтің «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру (Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы жолдауы 28 ақпан 2007 жыл) стратегиясында - әлеуметтік саланы одан әрі жаңартудың барынша басым бағыттарынның қатарына мыналар жатады: халықтың неғұрлым «әлжуаз» топтарына қолдау көрсету, әлеуметтік қолдау көрсету жүйесінің нарықтық экономика талаптарына сай қайта бағдарлануы, тұрғын үй құрылысы және жылжымайтын мүлік рыногын дамыту, денсаулық саласын ұйымдастыруда осы заманғы қағидаттар мен стандарттарға көшу т. б.

Мемлекет, бұрынғысынша, халықтың әлеуметтік жағынан «әлжуаз» топтарына көмек, қолдау көрсету үшін қаражат аямайтын болады.

Өңірлік әскери жанжалдарға қатысушылар мен халықтың бірқатар басқа да санаттарына мемлекеттік қолдау көрсету деңгейін көтеруге болады әрі солай істеу керек деп санаймын.

Әлеуметтік құрылымдар зейнеткерлерінің зейнетақыларын төлеуде орын алған келеңсіздіктер жойылып, мұнда тиісті тәртіп орнатылуға тиіс.

Жыл сайын зейнеткерлік жәрдемақылардың мөлшері индекстеліп, арттылуда. Бұрынғы еңбек өтіліне байланысты зейнетақылық төлемдері сараланған түрде ұлғайту жүзеге асырылды, бұл бір миллионнан астам адамды қамтиды. Сондай - ақ әлеуметті құрылымдар ардагерлерінің зейнетақылары өсті. Барлық зейнетақылық және әлеуметтік төлемдер елімізде уақтылы - тиісті айында төленіп келеді.

Жеке сектордың әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін қамтамасыз етуге, әсіресе білім алу мен жаңа мамандықтар беру ісіне қатыстыратын, сондай - ақ, бизнестің әлеуметтік тұрақтылықтағы жауапкершілігін күшейтетін уақыт жетті.

Нағыз пәрменді әлеуметтік саясат - ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді.

2005 жылдан бастап денсаулық сақтау саласын дамыту мен реформалау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы саланың таңдап алынған стратегиялық даму бағытының негізінен дұрыс және тиімді екенін дәлелдеді.

Бұған қоса, жаңа міндеттерді есепке алып, халықаралық стандартттарға көшуді ескертетін болсақ, биылғы жылы саланың заңнамалық және әкімшілік реформалар пакетін іске асыру жөніндегі жұмыстарды аяқтау керек деп санаймын.

Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекеші компанияларды тарту қажет.

Біз үшін ең бастысы - маңызды әрі көкейтесті өмірлік қағидаттарды іске асыру үшін қазақстандықтарға: отбасын қамсыздандыру, тұрғын үй иелену, денсаулықты нығайту, зейнетақыға жинақтаулар қалыптастыру жөнінде барлық қажетті жағдайлар туғызу болып табылады.

Мемлекет тарапынан халықты әлеуметтік қолдау ол нысаналы әрі атаулы сипат алған жағдайда ғана нәтижелі болады. Мемлекет қоғамның осындай көмекке шынында зәру мүшелерін қолдауға міндетті және сол үшін жауапкершілікті іс жүзінде өзіне алып отыр, олар, ең алдымен: балалар, көп балалалы аналар, ардагерлер, мүгедектер.

Ең пәрменді әлеуметтік саясат өнімді еңбекке ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын жасақтау болып келеді, әрі солай болып қала береді. Біз, ең алдымен, қандай да бір себептермен жұмысынан айырылып қалған адамдардың еңбекке оралуына нақты мүмкіндіктер туғызуымыз, олардың жаңа мамандық алуына жағдай жасауымыз керек. Сонымен қатар жастар ортасында жұмысшы мамандықтарының, әсіресе өнеркәсіптегі мамандықтың беделін асырып, кеңінен насихаттауды қайтадан қолға алуымыз қажет », - делінген.

Жолдаудың негізгі бағыттарының бірі - қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру шараларын жүзеге асыру, - деп көрсетілген. Осы ретте көптеген аса маңызды әлеуметтік міндеттер атқарылды. Мысалы, студенттердің шәкіртақысы көбейіп, оларға білім алу гранттары мен несиелер берілді, бюджет саласының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілердің жалақысы өсті. Аз қамтылған отбасыларына 18 жасқа дейінгі балалары үшін ай сайынғы жәрдемақы, сондай - ақ көп балалы аналарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді. Балалар мен жасөспірімдердің белгілі бір санаттарын тегін дәрі - дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Зейнеткерлердің жәрдемақылары көбейді. Барлық зейнетақылық және әлеуметтік төлемдер елімізде уақтылы төленіп келеді.

Биылғы жылғы Жолдауында Қазақстан халқының әл - ауқатын жақсарту жөніндегі шараларды жалғастыру көзделген, атап айтқанда, ана мен баланы әлеуметтік қорғауға айрықша мән бере отырып, баланың дүниеге келу, оны күтуге байланысты мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері арттылған.

Әлеуметтік қолдаудың бір түрі - атаулы әлеуметтік қолдау және әлеуметтік саланы нарық қағидаттары негізінде дамыту. Бұл міндеттер зәру адамдарға атаулы қолдау көрсету, соның ішінде әлеуметтік тұрғын үй сатып алу мен жылжымайтын мүлік рыногын дамыту, мемлекеттік тұрғын үй салуды дамыту бағдарламасын іске асыру, медициналық қызметтің сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғарғы технологиялық жүйесін дамыту, жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдіру және жұмыс орындарын жасақтау сяқты мәселелерді қамтиды.

Жолдауда осы заманғы әлеуметтік саясат: басты назарда - адамдардың сұранысы мен қажеттіліктері және жұмыс орындарын жасақтау деп атап көрсетілген. Ол үшін мемлекет тарапынан халықты әлеуметтік қолдау нысаналы әрі атаулы сипат алған жағдай да ғана нәтижелі болады. Мемлекет қоғамның осындай көмекке зәру мүшелерін қолдауға міндетті, бұған алдымен балалар, көп балалы аналар, ардагерлер, мүгедектер жатады.

Жолдауда бұған дейінгі тиімді әлеуметтік саясат өнімді еңбекке ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын жасақтау болып келеді және солай болып қала береді, - деп көрсетілген. Сондай - ақ, қандай да бір себептермен жұмысынан айырылып қалған адамдардың еңбекке оралуына нақты мүмкіндіктер туғызып, олардың жаңа мамандық алуына жағдай жасау керектігі де айтылған.

Уәкілетті органдар аз қамтылған азаматтарды жұмысқа орналастыру, оқыту және қайта оқыту, мұқтаж азаматтарға, соның ішінде ардагерлер мен мүгедектерге әр түрлі әлеуметтік көмектер көрсету сияқты шараларды іске асырған. Жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдаудың тағы бір түрі - белгілі бір мамандығы жоқтарын нарық заманында сұранысқа ие мамандық алу мақсатымен кәсіби оқыту. Осы мақсатта кәсіби оқыту мен қайта даярлау үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың оқу базаларында әр түрлі мамандық бойынша оқу курстары ұйымдастырылып, оны жақсы бітірген азаматтарға сертификаттар беріліп, жұмысқа орналастыру шаралары оң нәтиже беруде.

Ардагерлер мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау шарасы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының, Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың мүгедектерді оңалту бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі. Құзырлы органдар азаматтардың тұрмыс жағдайларын зерделеп, аса мұқтаз отбасыларына қаражат есебінен біржолғы материалдық көмек көрсетілген. 3

Мүгедектерді жұмыспен қамту жұмыстары жалғасып, 3 - ші топтағы мүгедектер тұрақты жұмысқа орналастырып, бірқатары ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілген.

Азаматтарды қолдаудың бір түрі - заңмен көрсетілген әлеуметтік төлемдерді төлеу арқылы көмек көрсету болып табылады. Осыған сәйкес бес түрлі әлеуметтік көмек көрсетіледі, атап айтқанда, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, балалы отбасыларына берілетін жәрдемақы, 18 жасқа дейінгі балалары аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік көмек, мүгедек балаларын үйінде оқытатын отбасыларына материалдық көмек және тұрғын үйге төленетін коммуналдық төлемдерді төлеу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық функция - барлық мемлекеттерге тән функция
Мемлекеттік функцияның түсінігі
Мемлекеттің атқаратын жұмысының негізгі бағыты мен әдістерін анықтайтын мемлекет функциясының ұғымын анықтау
Мемлекет функциясы туралы
Құқық функциялары
Мемлекет функциясының түрлері, орындалу нысаны
Мемлекет функциясы және даму эволюциясы
Мемлекет функция түрлері
Мемлекет функциясы
Мемлекет функциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz