Автомобильдің тежеу жүйесі және құрылысы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Автомобильдің тежеу жүйесі және құрылысы

Орындаған: Тор-11 студенті
Қабдығалиев Е.С.
Тексерген: Шутанов Е.

Орал, 2010
Тежеуіш түрлері
Тежеуіштер автомобильдің жылдамдығын баяулатуға жөне тегіс емес жерде
бір орнында ұстап тұруға арналған. Олардың түрлері:
1. Жұмыстық тежеу жүйесі. Бұл автомобильдің басты тежеу жүйесі,
барлың доңғалақты тежеп, жүріс жылдамдығын баяулатуға жөне шұғыл тоқтатуға
арналған. Көбінде бұл тежеу жүйені аяң тежеуіші деп атайды;
2. Түру тежеуі. Көбінде түру тежеуішін автомобиль тоқтағаннан кейін
қосады, сондықтан ол автомобильдің бір орнында қалуын қамтамасыз етеді. Бүл
жүйе автомобильдің жетекші доңғалақтарына трансмиссияның білігін тежеу
арқылы өсер етеді. Бұл жүйе қолмен басқарылады, сондықтан оны қол тежеу
жүйесі деп те атайды;
3. Қосымша тежеу жүйесі. Басты тежеу жүйе істен шыққанда автомобильді
тоқтатуға арналған. Мұндай жүйесі жоқ автомобильдерде істен шықпаған
жұмыстық тежеу жүйесінің бөлігін (бірінші немесе екінші контур) немесе түру
тежеу жүйесін пайдаланады;
4. Көмекші тежеу жүйесі. Автомобиль жолдың ұзақ ылди бөлігімен
жүргенде жылдамдықты шектеуге арналған. Шектегіш тежеуіш трансмиссия
білігіне өсер етеді, басты тежеу жүйесін қызудан жөне таулы жерде тез істен
шығудан сақтайды. Жүк автомобилі қала сыртында әр 100 км жолда жүргізуші
125 рет тежеу жүйесін іске қосады, таудағы жолда осы жүйені іске қосу 1000-
ға жетеді;
5. Тіркемелік тежеу жүйесі. Тіркеме доңғалақтарына жүріс кезінде,
тоқтағанда жөне тіркеменің жүріп келе жатқан автомобильден ажырап
кеткенінде тежеуге арналған.

Жұмыстық, түру жөне қосымша тежеу жүйелері барлық автомобильдерде
қолданылады, ал көмекші - толың салмағы 12 тоннадан асатын ауыр жүк
автомобильдерінде жөне толың салмағы 5 тоннадан асатын автобустарда,
тіркемелік тежеу жүйесі автопойыз тіркемелерінде пайдаланылады.
Өр тежеу жүйесі бір немесе бірнеше тежеу механизмдерінен
(тормоздардан) жөне тежеу жетектерінен тұрады.

Тежеуіш механизмдері
Автомобильді тежеуге тежеу механизмдерімен қатар мотормен тежеуді,
аэродинамикалық тежеуді пайдаланады.
Мотормен тежеуді автомобиль ылдимен төмен түсіп келе жатқанда
қолданады. Мұны мотордың айналу жылдамдығын азайту арқылы жүзеге асырады.
Аэродинамикалық тежеуді (парашют, арнайы қалақша, т.б.) спорттың
автомобильдерде жарыс кезінде өте жоғары жылдамдықты азайту үшін қолданады.
Бүл құрылғыларды іске қосқанда автомобильдің ауа кедергісі ұлғайып,
жылдамдығы азаяды.
Автомобильдерде өте көп тараған тежеуіш түрі - механикалық тежеуіштер.
Оларды фрикционды тежеуіш механизмдер деп атайды. Фрикционды тежеуіш
механизмдер дискілі (7.1б-сурет) жөне барабанды (7.15-сурет) болып
бөлінеді.

Барабанды тежеу механизмінде (7.15-сурет) тежеу барабаны (5) білікпен
(доңғалақпен) жалғасқан, айналып тұрады, тежеуіш педальмен (рычагпен)
жалғасқан жұдырықша (4) бұрылған кезде айналмайтын колодкалар (2,6)
барабанмен үйкеліске түсіп, оны тежейді. Барабанды тежеу механизмдері жүк
автомобильдерінің доңғалақтары мен трансмиссияларында, ал кіші және орта
класты жеңіл автомобильдердің артқы доңғалақтарында қолданылады. Дискілі
тежеуіште диск (1) (7.16-сурет) доңғалақпен бірге айналады, колодкалар
(2,3) айналмайды. Тежеу кезінде колодкалар (2,3) дискіні (1) екі жағынан
қысып тежейді. Дискілі тежеу механизмдері жоғарғы класты жеңіл
автомобильдердің алдыңғы жөне артқы доңғалақтарында, ал кіші жөне орта
класты жеңіл автомобильдердің алдыңғы доңғалақтарында қолданылады.

Тежеуіш жетектері
Тежеуіш жетектері басқарушы педаль немесе рычагты тежеуіш механизмімен
жалғастырады.

Автомобильдерде атқаратын қызметтеріне және қолданатын типтеріне
байланысты өр түрлі тежеуіш жетектерін қолданады, механикалық,
гидравликалық, пневматикалық жөне аралас (механикалы-гидравликалық, пневмо-
гидравликалық, пневмо-механикалық) типті жетектер.
Механикалық тежеуіш жетектері рычагтар, тростар, тартқыштар (тягалар)
арқылы педальдан немесе рычагтан жүргізушінің басқарушы күшін тежеуіш
механизмге жеткізеді. Автомобильдерде механикалық тежеуіш жетектерін түру
тежеуіштерінде қолданады. Оның құрылысы қарапайым. Кемшілігі — пайдалы өсер
коэффициенті төмен, шамасы 0,4 жөне жиі реттеуді қажет етеді.

Гидравликалық тежеуіш жетек

Гидравликалық тежеуіш жетектерінде сығылмайтын сұйық пайдаланылады.
Бүл жетектер жеңіл, кіші және орта салмақты жүк автомобильдерінде
қолданылады. Гидравликалық жетекке тежеу сұйығы (тормозная жидкость)
толтырылады. Педальмен басқанда, онымен байланысқан итергі (1) (7.17-сурет)
сұйықты ығыстырып, поршень арқылы колодканы (8) айналып тұрған барабанға
(9) тірейді. Үйкелістен барабан (9) жөне онымен байланысқан автомобиль
дөңгелегі айналу жылдамдығын азайтады, қажет болса тоқтатады.
Педальді босатқаннан кейін (11) және (4) серіппелердің есерінен сұйық
бас цилиндрге (3) қайтарылады, ал колодкалар (9) барабаннан (9) ажырайды.
Гидравликалық тежеуіш жетектері бір жөне екі контурлы болады.
Бір контурлы гидравликалық тежеуіш жетектерінде бір бас тежеуіш
цилиндрмен (3) барлық доңғалақтың тежеуіш механизмдері (1,5) басқарылады.
Бүл жетектің кемшілігі, бір жерің зақымынан тежелу, жүйе толық істен
шығады.

Бөлек контурлы гидравликалық жетектерінде тежеуіштің сенімді жұмыс
істеуі жөне автомобильдің жүру қауіпсіздігі артады. Бөлек контурлы жетек
екі контурдан тұрады. Бір педальмен (4) байланысқан екі секциялы бас тежеу
цилиндрі (3) бірінші жөне екінші контурлар арқылы жұмыс істейді. Бірінші
контур (6) алдыңғы (1), ал екінші контур артқы доңғалақтардың (5)
жылдамдығын тежеу механизмдері арқылы басқарады. Бір контурда зақым пайда
болып тежеу сұйығы ағып кетсе де, бірінші контур істен шыққанда, екінші
контур арқылы автомобильді тежеуге болады.
Жеңіл автомобильдерде гидравликалық жетектер күшейткішсіз жөне
вакуумдық күшейткішті болады. Жүк автомобильдерінің гидравликалық
жетектерінде вакуумды, гидровакуумды және пневматикалық күшейткіштер
қолданылады. Бүл күшейткіштер жүргізушінің жұмысын жеңілдетеді. Педальді
басу күші 250...300 Н шамасында болады. Күшейткіштері жоқ автомобильдерді
шұғыл тоқтату үшін педальға жүргізушінің 800... 1000 Н аяқ күші өсер етуі
қажет.
Гидравликалық жетектер шағын, салмағы аз жөне барлың доңғалақтарға
бірдей тез өсер етеді. Пайдалы өсер коэффициенті (ПӘК) 0,95-ке жетеді.
Кемшілігі - минус 30° жөне одан төмен температурада ПӨК төмендейді.

Пневматикалық тежеу жетегі

Пневматикалық жетекті тежеуіш жүйесі автомобильдердің бірқатарында
қолданылады. Ол доңғалақ тежеуіші механизмдерінен (тежеуіштер) және
пневматикалық жетектен тұрады.
Автомобильдің пневматикалық жетегінің құрамды бөліктерінің орналасуы
7.19-суретте көрсетілген. Пневматикалық жетек тек қана доңғалақ тежеуіші
ғана емес, басқада автомобильдің ауамен істейтін құрылғылардың жұмысын
қамтамасыз етеді. Ауа баллондары (3) сығылған ауа запасын сақтау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автомобиль қозғалтқышының дамуы
Тежеуіш жүйелерінің ақаулары
Механикалық трансмиссияның жалпы құрылысы
Кардандық беріліс пен жүргізгіш белдеме
Рульдік басқару жүйесіндегі күшейткіштер
Барабанды тежеуіш механизмнің құрылысы және жүк көліктерде кең қолдансы табудағы ерекщеліктері
Автомобильдің қозғалтқышының құрылысы және жөндеу
Автомобильдің тұрақтылығы мен басқарылымдығы және қозғалыс қауіпсіздігі
Тежеу жүйесі туралы жалпы түсінік
Бөлшектерді тазалау және жуу, қолданылатын жабдықтар
Пәндер