Азаматтық құқықтық



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

Тақырыбы:
Азаматтық құқықтық

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2015ж.
Жоспары

Кіріспе
І тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түсінігі және нысандары
1.1. Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігі
1.2. Азаматтық- құқықтық жауапкершілігінің түсінігі туралы пікірлер
1.3 Азамматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрі және нысандары

ІІ тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері
2.1 Құқыққа қарсы мінез
2.2 Себепті байланыс
2.3 Кінә
2.4 Зиян
2.5 Тұтынушылардың құқығын қорғау құралы

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Азаматтық құқықта құқықтық қатынастарды реттеу үшін азаматтық-
құқықтық жауапкершілік қолданылады. Міндеттеме талаптарына сәйкес
жауапкершілікке тарту құқық бұзушылықты қалпына келтірудің тиімді жолы
болып табылады. Азаматтық құқықта жауапгершілік заңға және шартқа сәйкес
жүзеге асырылады. Құқық бұзушылық заң талабынан ауытқуы жауапгершілікке
әкеліп соғады. Азаматтарды және заңды тұлғалардың құқығын қорғау
жауапгершілік арқылы жүзеге асырылады.
Алайда, жауапгершілік заңнан немесе шарттан тыс көзделуі мүмкін.
Жауапгершілік заң шеңберінен аспауы тиіс. Азаматтық-құқықтық
жауапкершілікті қолдану үшін жауапкершілік түсінігін анықтап алуымыз
қажет. Жауапкершілік туралы ғалымдардың әртүрлі пікірі қалыптасқан.
Азаматтық құқық жауапкершілікті қолдану арқылы әділетке жету үшін
барлық жағдайларды қарастырған. Алайда қоғамның даму барысында түсінігі
туралы теориялар мен тұжырымдардың жаңа түсінігіне бастама болады.
Азаматтық-құқықтық белсенділік қалыптастыруда мүліктік жауапкершілік
иеленуші роль атқарады. Бұл туралы Азаматтық кодекстің екінші бөлімі
ерекше бөлімінде жан- жақты қамтылған. Осы тұрғыдан алып салыстырғанда,
азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің, соның ішінде әсіресе, мүліктің төлем
мақсаты бар мүліктік жауаптылықтың тәрбиелік функциясы айырықша мәнге ие.
Зерттеу тақырыбымыздың мақсаты мен мазмұны ескере отырып, негізінен,
азаматтық- құқық жауапкершіліктің тәрбиелік аспектілерін қаралап көрелік.
Аталған мәселелерді зерттеумен айналысып жүрген Қазақстандық ғалымдар
Ю.Г. Басин, М.К.Сүлейменов, А.Г.Диденко, О.Ихсанов және ресейлік ғалым
Е.А.Сухановтың пікірінше азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің ескерту-
тәрбиелік функциясының айқындаушы маңызы зор.
Бәрімізге мәлім, жауапкершілік әлеуметтік өмір аясында адам,
қоғамның табиғи өмір сүруі үшін қажетті жағдай туғызуға себепті салдарын
тигізетін еркіндікті (соның ішінде ой еркіндігінде) қамтамасыз етуге
қабілетті, жауапкершілікті адамдардың мінез- құлқын қалыптастыру құралы
болып табылады. Олай болса, жауапкершілік пен еркіндік өзара байланысты әрі
бір-біріне себепті салдарлық құбылыстар. Еркіндік істің байыбын барлай
отырып, дұрыс шешім қабілеттілігінен басқа ешнәрсе емес. Еркіндік немесе
шешім қабылдауға жағдай тудырған болса, жауапкершілік те арта түседі.
Еркіндік шектелген, шектелілген жерде жауапсыздыққа, заңға қайшы келетін
мінез-құлыққа әкеліп соқтыратын психологиялық деформацияға жол ашылады.
Нарықтық қатынастарға негізделген қазіргі экономикалық жүйеге көшу
кезінде шаруашылық қызметінде толық еркіндік және сонымен бір мезгілде
экономикалық қызмет нәтижесі жолында фирмалардың, кәсіпкерлікпен,
сауда–саттықпен айналысып жүрген барлық адамдардың толық жауапкершілігі
талап етіледі. Бұл процесс меншіктің барлық түрлерінің тепе-теңдігіне,
меншік қатынастарын белсенді реформалауға сүйенеді. Меншік иесінің
дербестігі мен тәуелсіздігі творчествалық белсенділік пен икемділікті
дамыта отырып, оның инициативасына, өз мүлкін ұқыптылықпен пайдалануға,
сақтауға және жауапкершілігін арттыруға жол ашады. Жауапкершілік бір
мезгілде түрлі әлеуметтік байланыстарға тән нәрсе. Жауапкершілік сезімі
адамгершілік санаты (категориясы) болып табылады. Алайда, жауапкершіліктің
мұндай қасиеті құқықтық жағынан негізделгенде ғана құқықтық реттіліктің
көрінісі ретінде жауапкершілік ұғымы түрлі аспектілерге жиі қолданылады.
Кейбір жағдайларда міндеттерді, тапсырмаларды, жүктелген жұмыстарды орындау
мен оның нәтижелері ,өзге жағдайларда олардың бұзылу, сақталмау жөніндегі
жауапкершілігі туралы сөз болды. Бірінші жағынан алып қарастырғанда тұтас
құбылыс мінез-құлықтың ондай қылығына тәуелсіз, ал екінші жағынан алып
қарастырғында міндеттердің салдары ретінде туындап тәуелдікке ұшырайды.
І – тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі
1.1. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түсінігі
Жауапкершілік барлық құқық қатынастарына тән нәрсе. Азаматтық
құқықтық қатынастың негізгі бөлігін міндеттеме құрайтын болғандықтан
жауапкершілік жөніндегі мәселе міндеттемелік құқықтың жалпы ережелерінде
қаралады. Бірақ та бұл арада айтылған мәселе міндеттемелерден тыс құқық
қатынастарына да қатысты. Жалпы алғанда, жауапкершілік дегеніміз – заңмен
немесе шартпен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық
құқықтық қатынастардың субьектілеріне қолданылатын мүліктік өндіртіп алу
немесе мүліктік салмақ салу болып табылады. Оған бұзылған құқыққа орай
өкілетті тұлғаның мүліктік шығынының орнын толтыру да жатады.
Жауапкершілікке тарту, азаматтық құқық бұзушылық жағдайында құқықтық
нормаларға санкцияны жүзеге асыруға түрткі болады. Ең алдымен, азаматтық-
құқықтық жауапкершілікте мемлекеттік және шарттық тәртіпті нығайтуда, осы
мақсаттың алдын алуда тәрбиелік маңызы айрықша. Азаматтық құқық қатынасының
субьектілері болып табылатынтараптар өзіне жүктелген міндеттерді орындамауы
қоғамдық қатынастарды бұзып, мүліктік шығынға және жеке тұлғалар мен бүкіл
қоғамды қолайсыз жағдайларға әкеп соқтыратынын білуі тиіс әрі өзінің
міндетін бұзбауға күш салуы керек. Тәрбиелік жағын былай қойғанда, егер,
әлгі айтқан құқық бұзушылыққа жол берілетін болса, онда азаматтық-құқықтық
жауапкершілік оны қайта қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Сондықтан да,
борышқор өзі істеуге міндетті нәрсені орындамағанда ғана емес, оны
орындаудан өз бетімен бас тартқан кезде де оған жауапкершілік бәрібір
мойындатылады. Азаматтық құқықтық қосымша мүлікті өндіртіп алу тәрізді
өзіне тән жауапкершілік қасиеті болмаса, несие беруші міндеттемесін
орындаудан жалтарған борышқорға жазалау шарасын қолдана алмайды және оның
іс-әрекетін өз дәрежесінде реттеп отыруы қиындай түседі.
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің өзіне тән қасиеттері:
А) борышқордың міндеттемені бұзғанынан туындаған мүліктік
шығындарды несие берушіге қайтару;
Ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын қадағалау;
Б) борышқорды міндеттемесін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде
орындамағаны үшін жазалау;
В) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына
түрткә болу (өйткені, контрагенттің дұрыс болмауынан пайла болатын шығынды
өтеуді қамтамасыз етеді);
Г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше
айғақтау болып табылады.
Ықпалы әр түрлі деңгейде бола тұрса да, міндеттемелердің бәрінде
жауапкершіліктің мұндай қасиеттері кездеседі. Мұндай жауапкершіліктің
қажеттілігі міндеттеменің бұзылмауын реттейтін заңнан ( мысалы,
міндеттемені бұзғаннан келетін залалдың орнын толтыру ), әр жақтың өзара
жасасқан шарттарынан, міндеттеменің келісілген жағдайларынан туындайды.
Жауапкершілікті белгілеу қосымша келісімдер арқылы да жүзеге асады. Мысалы,
оған міндеттеменің мерзімін бұзғаны үшін салынатын айыпқа орай жасалатын
келісімді жатқызуға болады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік – Азаматтық құқықтың Жалпы
бөлімінің институты болып табылады, өйткені, жалпы ереже бойынша азаматтық-
құқықтық қатынастардың барлық түрінде өзіне тән қасиеттер кездеседі.
Жауапкершілікті түсінуде көп жағдайда ретроспективті көзқарас белең
алады, сондықтан да ол тәртіптің бұзылуы, санкциясы жүзеге асыру
(мемлекеттік мәжбүрлеу) ретінде ұғындырылады. Оның үстіне тәртіп
бұзушылықтағы жауапкешіліктің мән-маңызын ұғынуда екі бағыт тілге тиек
етіледі. Бұл мәселеге қалам тартқан авторлар заңды жауапкершілік тәртіп
бұзушылар үшін қосымша ауыртпалық түсіру мен (қолайсыз жеке және мүліктік
зардаптар) міндетін орындауға мәжбүрлеу деп болжайды, ең бастысы – ол
жауапкершілік, сондықтан заңдық, жауапкершілік те –міндет, алайда
олмәжбүрлеу арқылы орындалады. Осыдан кейін заңдық жауапкершілік адамға
тәртіп бұзуға жол бергенге дейін болмайды деген қорытынды жасалады.
Жауапкершілікті ретроспиктивті көзқарас ретінде түсінудің
гносеологиялық себептері неде? Қоғамдық ой-пікір дәстүрінде жауапкершілік
жазалаумен, құн алумен байланыстырылады. Құқықтық ұғымда қоғамдық пікір мен
ғылым неліктен міндеттеуге, жазалауға, мемлекеттік мәжбүрлеу, қылмыстық-
құқықтық шараларға жүгінеді?
Құқық тек жарлық пен тиым салынғын тенденцияларға тән қарапайым
құбылыс болғаны ма?
Бірден және кездейсоқ пайда болмаған бұл сауалдарға жауапты
жауапкершілік теориясындағы қиғаштық себептерін мемлекеттік құбылыстың
тарихи тәжірибелерінен, басқарудың өміршеңдік, биліктік-әкімшілік,
бюрократтық тәсілдерінің белең алу практикасынан іздеу керек.
Біздің құқықтық жүйеміздің қазіргі реформалары ең алдымен оны
орнықтыру тәсілдерін жаңғыртуды көздейді. Бұл жерде ең басты гуманизм
әділеттілік бастауларын нығайту адамдарға деген құрмет сезімін
қалыптастыру, олардың заң алдындағы құқықтары мен бостандығын, теңдіктерін
қатаң сақтау, әркімнің өз әрекеті үшін жауапкершілігінің заңдылығын
мойындау.
Заңдылықты нормативті-мәжбүрлеуді шектен тыс арттырудан сақ болған
жөн. Құқықты тар ауқымда ұғыну-құқықтың демократиялық, акдамгершілік,
гуманистік потенциялының жан-жақты ашылуын барлық қоғамдық соның ішінде
құқықтық құбылыстарды орталықтандыруды қамтамасыз ете алмайды.
1.2 Азаматтық –құқықтық жауапкершілік түсінігі туралы пікірлер.
Жауапкершілік термині әртүрлі аспектіде қолданылады. Жеке айтатын
болсақ: әлеуметтік, рухани, экономикалық және юридистикалық
жауапкершілікті кездестіруге болады.
Әлеуметтік жауапкершілік түсінігі жалпылама ұқсас. Онымен
қоғамдағы болып жатқан жауапкершіліктің барлық түрі қамтылады. Осы
тұрғыдан қарағанда рухани, экономикалық юридистикалық жауапкершілік - тек
әлеуметтік жауапкершіліктің түрі ғана.
Алайда әлеуметтік жауапкершілік ерекше мағынаға ие болып,
әлеуметтік психологиялық сипатта болады. Әдебиеттерде осы
жауапкершілік түсінігіне ұқсастыруға тырысады. В.А. Тархованың
пікірі бойынша: өзінің істеген әрекетіне жауап бере отырып
міндеттеменің реттелу құқығы- юридистикалық жауапкершілік , -дейді.
Юридистикалық жауапкершіліктің осындай түсінігі жауапкершілік
түсінігін шектен тыс үлкейтіп, оның тәжірибелік мағынасынан
айырады.
Қоғамдық өмірде рухани жауапкершілік категориясы үлкен маңызға ие.
Ол ұнамдылықты бұзу нормасымен байланысқан және қоғамға жат
қылықты қоғамдық айыптау түрімен ерекшеленеді. Әдебиеттерде және
заңдылықтарда экономкалық жауапкершілік түсінігі екі түрлі
мағынада қолданылады. Барлығынан бұрын ол Мүлікті жауапкершілік
түсінігімен астасып жатады. Және бұнда ешқандай қорқыныш жоқ. Нарықтық
экономикаға өтуімізге және әкімшілік халықтық әдістің экономикалық әдіске
өту,осындай түсінікті құқыққа сиымды етіп көрсетеді. Яғни нарықтық
қатынастарды реттеуде жол ашады. Экономиканың ықпаламен экономикалық
әдістердің заңмен бекітілуі экономикалық жауапкершілікті құқық бұзушыға
мүліктік ықпал ету шарасы ретінде экономикалық жауапкершілікті
юридистикалық жауапкершіліктің бір түріне айналдырады.
Заң әдебиеттерінде экономикалық жауапкершілік түсінігіне
юридистикалық жауапкершіліктің ерекше бір түрі ретінде қатыстыруға
тырысады.
Бұл жағдайда әкімшілік-құқықтық шара туралы сөз болып, ал
азаматтық құқықтық жауапкершілік түсінігі қарастырылмады. Алайда,
нарықтық экономика жағдайында экономикалық жауапкершілік түсінігі
мағынасын жоғалтады.Азаматтық-құқықтық жауапкершілік юридистикалық
жауапкершілікті құрайтын, өзіне тиісті барлық белгісімен
юридистикалық жауапкершіліктің бір түрін құрайды.
Юридисдикалық жауапкершілік үшін оған негізгі төрт белгі
тән: юридистикалық жауапкершілік құқық нормасын бұзушыға қолданылатын
мемлекттік мәжбүрлеуге ықпал ететін шаралардың тек бір түрі;
екіншіден, ол құқықтың бұзылуына жол берген тарапқа ғана қолданылады;
үшіншіден, құқық бұзушыға тек қана мемлекеттік немесе басқа
құзіретті орган қолданады; төртіншіден, жауапкершілікті қолдану үшін
юридистикалық жауапкершілік болып табылатын құқық бұзушыға қолданатын
санкция заңымен белгіленуі керек.
Юридистикалық жауапкершілік құқық бұзушыға қолданатын
мемлекеттік мәжбүрге ықпал ету шараларының ерекше бір түрі
ретінде саналады. Сонымен қатар адамдардың іс-әрекетіне әсер етет
ін басқа да тәсілдермен ерекшеленеді. Мысалы, мемлекеттік мәжбүрлеуші
шара -ретіндегі реттеуші сипатқа ие болатын, бірақ юридистикалық
жауапкершілік бола алмайтын оперативті ықпал ету шаралары болып
табылады.
Жоғарыда көрсетілгендей юридистикалық жауапкершілікті азаматтық
құқықта ерекшеліктері бар. Бұл қасиеттер қоғамдық қатынасты реттеуші
азаматтық құқықтық пәні және әдісі ретінде, сонымен қатар жалпы
құқық жүйесі ретінде азаматтық құқықтың қызметін атқарады.
Азаматтық құқықты реттейтін ерекше қатынастар секілді
мүліктік сипатқа ие болып, мүліктік қатынастарды қүрайды.
Азаматтық қүқық бойынша жауапкершілік қүқық бұзушыға қолданылатын
экономикалық ықпал ету қызметін орындай отырып, қоғамдық
қатынастарды реттейтін экономикалық әдістерінің бірі болып
табылады.
Бірақ азаматтық құқық жеке мүліктік емес қатынастарды,
сонымен қатар тікелей мүліктік емес қатынастарды да реттейді.Осы
уақытқа дейін жеке мүліктік емес қатынастарды бұзу мүліктік
сипатта болады деген пікір қалыптасты. Яғни ол үшін
жауапкершілік мүліктік сипатта болмауы тиіс.
Алайда, өмірдің өзі көрсеткендей, көп жағдайларда азаматтардың
немесе ұйымдардың жеке мүліктік емес құқықтарын бұзу, тиімсіз
мүліктік сипаттағы жауапкершілікке әкеліп соғуы мүмкін.
Сонымен, азамат туралы жалған мәлімет жариялау, оған жұмысқа
тұруға немесе кәсіпкерлік қызметпен айналысуға қиындық тудыруы мүмкін.
Сондықтан жаңа заңдылық бойынша жәбірленушіге жалған мәлімет жариялау
арқылы келтірілген рухани залалды өтеу құқығына ие болады. Ал
азаматтар үшін құқыққа қарсы іс-әрекет арқылы келтірілген физикалық
кемсітушілікті өтетуге құқылы.
Азаматтық Кодекстің 1-ші бабында былай деп
көрсетілген:
1. Азаматтық заңдармен тауар–ақша қатынастары және
қатысушылардың теңдігіне негізделген өзгеде мүліктік қатынастар, сондай-
ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар
реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары
азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік аумақтық
бөліністер болып табылады.
2. Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке
қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені оларды бұзу құқық
бұзушыға мүліктік сипаттағы жауапкершілікке әкеп соғады.
Ал заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 44-
бабында көрсетілгендей, меншік иесі қаржыландыратын мекемелер мен
қазыналық кәсіпорындардан басқа заңды тұлғалар өз міндеттемелері
бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.
Меншік иесі қаржыландыратын мекеме немесе қазыналық кәсіпорын
өз міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді.
Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша тиісті
мүлікті меншіктенуші жауапты болады.
Азаматтық құқық тауар иелерінен тәуелсіз және тең құқықты
қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық қатынас міндеттеме бұзылған
жағдайда екіншісіне жүктейтін тең құқылы талаптар арасында құрылады.
Азаматтық талап жауапкершілікте болу фактісін көрсетеді.
Талапкердің пайдасына өндірілетін құқық бұзушыға жүктелетін
мүліктік санкциялар қолданылады. Алайда кейбір жағдайларда құқық
бұзушы зиян келтіріп қана қоймай арам ниетпен жасалса және қоғамдық,
мемлекеттік қызығушылықты тудырса, онда заңда белгілегендей белгілі
мөлшерде мемлекет кірісіне ұсталатын мүліктік санкциялар қолданылуы
мүмкін.
Азаматтық құқықпен реттелетін тауар-ақша қатынастары
эквиваленті өтелетін сипаттак болады. Бұдан шығатын қорытынды,
талапкерге зиян немесе шығынды эквиваленті түрде өтейді. Азаматтық
құқықтық жауапкершіліктің ерекшелігі оның концепциялық сипатта болуында.
Оның мақсаты-талапкердің мүліктік сферасын қайта қалпына келтіру.
Көрсетілген жағдай өз кезінде азаматтық құқықтың жауапкершіліктің
шегін анықтайды. Талапкерге мүліктік сфераны қалпына келтіру тек қана
оған келтірген зиянды немесе шығын мөлшерімен жауапкершілік мөлшерінің
сәйкес келуі.
Бұл жалпы ереженің кейбір қолданылмайтын кездері бар. Егер де
жауапкершілік мөлшері заңмен шектелмеген болса, берілген жағдайды
түсіндіре отырып, азаматтық құқық экономикалық қатынастарды реттеумен
қоса тәрбиеленуші және контрагентке міндеттемені орындату үшін ықпал
етуші сипатқа ие.
Азаматтық құқық қатынастағы тараптардың заң бойынша бір-біріне
ұқсас теңдей жауапкершіліктер әрқашан қатал қолданыла бермеді. Бұл жерде
негізгі қатысушышаруашылық іс-әрекеттер жеңілдіктермен артықшылық-тарды
пайдалана білді. Осыған ұқсас жауапкершілік мөлшерінің шектеулі құрылыс,
транспорт, кәсіпорындарда және тағы да басқа ұйымдарда етек
алды. Үкімет мүліктік жауапкершіліктен жыл сайын шарттағы міндеттемені
бұзған кәсіпорындар және ұйымдарды жеңіл өнеркәсіп саласын мәжбүрлеу
шараларын босатып жіберіп отырды. Нарықтық экономикаға өтуге
байланысты осындай жағдайлар заңның кейбір тұстарының өзгертулеріне
әкеп соқты.
1.3. Азаматтық - құқықтың жауапкершілік нысандары
Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің нысаны ретінде құқық бұзушыға
жүктелетін косымша міндеттер түсіндіріледі. Азаматтык заңдылық
жауапкершіліктің әртүрлі формасын карастырады. Жауапкершілік шығынды өтеу
арқылы (20-бап, Азаматық Кодекс), айып төлеу арқылы (Азаматтық Кодекс 298-
бап), кепіл жоғалту арқылы (Азаматық Кодекс 337-бап) жүзеге асырылады.
Азаматтық кодекстің 20-бабында былай деп көрсетілген:
1. Азамат өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі бүкіл мүлікпен
жауап береді, бұған заң құжаттарына сәйкес ақы өндіріп алуға болмайтын
мүліктер кірмейді.
2. Азаматтардың ақы өндіріп алуға болмайтын мүлкінің
тізбесі
Қазақстан Республикасының АІЖК белгіленеді.
Азаматтық кодекстің 298-бабында: "Міндеттемені бұзғаны үшін борышқор
жауапқа тартылатын жағдай болған кезде міндеттеменің орындалмағаны немесе
тиісінше орындалмағаны үшін айып өндіріп алынады".
Борышқор кінәлі болған кезде, егер заңдарға немесе шартта өзгеше
көзделмесе, міндетемені орындамағаны және тиісті дәрежеде орындамағаны үшін
жауап береді. Борышқор міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше
орындамаған ретте, атап айтқанда, мерзімін өткеріп алған ретте несие
берушіге төлеуге міндетті, заңмен немесе шартпен белгіленген ақша соммасы
айыптөлеу (айыппұл, өсім) деп танылады. Айып төлеу туралы келісім, негізгі
міндеттеменің нысанына қарамастан, жазбаша жасалады. Жазбаша нысанның
сақталмауы айып төлеу туралы келісімнің жарамсыздығына әкеп соқтырады.
Немесе беруші тараптардың келісімінде айып төлеу міндетті көзделген
көзделмегеніне карамастан, заңдарда белгіленген айып төлеуді талап етуге
құкылы. Егер заңдарда тиым салынбаса, тараптардың келісімімен заңда айып
төлеу мөлшері көбейтілуі мүмкін. Айып төлеу мөлшері нақты ақша соммасында
немесе орындалмағанына не тиісінше орындалмаған міндеттеме сомасына
шаққандағы процентпен белгіленеді.
Егер төлеуге тиісті айып немесе берушінің шеккен залалдары мен
салыстырғанда тым көп болса, сот борышқордың міндеттемені орындау дәрежесін
және борышқор мен несие берушінің назар аударуға лайықты мүдделерін ескере
отырып, айып төлеу мөлшерін азайтуға құқылы.
Міндеттемені бұзғаны үшін борышқор жауапқа тартылатын жағдай болған
кезде міндеттемнің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін айып
өндіріп алынады.
Азаматтық кұқықтық жауапкершіліктің келесі түрі кепілпұл. Кепіл
шартқа сәйкес пайда болады. Кепіл заң құжаттарының негізіңде, егер заң
күжаттарында қандай мүлік және қандай міндеттеменің орындалуын қамтамасыз
ету үшін кепілде жатқан деп танылатаны көзделсе, оларда көрсетілген
міндеттемелердің пайда болуы кезінде де туындайды.
Егер шартта немесе заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, кепіл талапты
оның нақты қанағаттандырылатын кезіндегі көлемді проценттерін қоса алғанда,
орындау мерзімін өткізіп алу арқылы келтірілген шығындардың өтелуін, айып
салуды, кепілден алынған мүлікті үстау жөніндегі кажетті шығындарды, сондай-
ақ өндіріп алу жөніндегі шығындарды өтеуді қамтамсыз етеді.
Кепіл туралы шартта өзгеше көзделмеген, кепіл құқығы кепілі тіркелуге
жататын мүлік жөніндегі шартты тіркеу кезінен бастап, басқа мүлік жөнінен —
бүл мүлікті кепіл ұстаушыға берген кезден бастап, ал егер ол беруге
жатпаса, кепіл туралы шарт жасасқан кезден бастап пайда болады. Егер
борышқор міндеттемені тиісті дәрежеде алу үшін өзіне байланысты шаралардың
барлығын қолданып дәлелдесе, ол кінәсіз деп танылады. Кәсіпкерлік кызметті
жүзеге асырған кезде міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде
орындамаған адам, егер бой бермейтін күштің, яғни осы жағдайлар кезіндегі
төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жағдайлардың (дүлей құбылыстар, соғыс
қимылдары және т.б.) салдарынан тиісті дәрежеде орындауға мүмкіндік
болмағандығынан дәлелдей алмаса, мүліктік жауаптылықты көтереді.
Заңдарда немесе шарт жауапкершіліктің және одан басталудың өзге
негіздері ескерілуі мүмкін.
Міндеттемені қасақана бұзғаны үшін жауапкершілікті жою немесе
шектеу туралы алдын-ала жасалған шарт жарамсыз болады.
Қазақстан Респуликасы Азаматтық Кодексінің 337-бабы бойынша:
Уағдаласушы тараптардың біреуінің шарты бойынша өзінен алынатын төлемнің
есебінен екінші тарапқа және шарт жасаумен орындауды қамтамасыз
етуге берілетін ақшалай сомма кепілпұл деп танылады.
Кепіл пұл туралы келісім кепілпұлдың соммасына қарамастан жазбаша нысанда
жасалуға тиіс. Бүл ереже негізгі міндеттеме нотариалдық
жолмен куәландыруға тиіс болатын жағдайда да колданылады.
Келісімнің жазбаша нысанда жасалуын сақтамай кепілпұл келісімін
жарамсыз деп тануға әкеліп соқтырады деп көрсетілген.
Шартта өзгеше көзделмесе, міндеттеменің орындалмауына жауапты тарап
екінші тарапқа кепілпұл сомасын ескере отырып шеккен залалдың орнын
толтыруға міндетті.
Жоғарыда айтылған баптардың ішінен шығынды өтеу ерекше орынды алады.
Олай дейтін себебіміз азаматтардың қүқықтарының бұзылуы көп жағдайларда
шығынға әкеп соғады. Егер заңда немесе шартта көзделмесе, азаматтық
қүқықтық жауапкершіліктің осы түрі үлкен мағына беріп, азаматтық құқық
бұзушылықтың көп ретінде қолданылады.
II-тарау. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің шарты және негіздері

Азаматтық құқық бұзушылық құрамын азаматтық-құқықтық жауапкершілік
қолдануға қажетті жағдайлардың жиынтығы құрайды. Жалпы ережеге сәйкес
азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің қажетті жағдайлары ретінде борышқордың
кінәсі және құқыққа қарсы мінез танылады. Шығынды өтеу жауапкершілігіне
тарту үшін шығынның бар болуы, сонымен қатар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық - құқықтық қатынастар объектілері
Азаматтық құқықтық қатынастың түсінігі мен элементтері
Азаматтық құқықтық қатынастар туралы мәлімет
Азаматтық құқықтық қатынастардың жіктелуі
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТЫҢ МАЗМҰНЫ
Мүліктік қатынастар
Азаматтық құқықтық қатынастың субъектілері
Қоғамдық қатынастардың азаматтық – құқықтық реттеу тәсілдері
Қoғaмдық қaтынaстapды aзaмaттық – құқықтық peттey тәсілдepі
Азаматтық құқықтық қатынастардың қатысушылары
Пәндер