Азаматтық мәселесі жөніндегі халықаралық шарттар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Азаматтық мәселесі жөніндегі халықаралық шарттар

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2014ж.
Жоспары

Кіріспе
1. Қазақстан заңдарындағы азаматтық мәселесі
2. Азаматтық мәселесі жөніндегі халықаралық шарттар ұғымы
3. Халықаралық шарттар жасау
4. Халықаралық шарттардың әрекет етуі, жарамдылығы
және оларды талқылау

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Азаматтық - тұлғаның нақты мемлекетпен берік құқықтық байланысы.
Мемлекетпен оның қарамағындағы тұлғалардың арасындағы өзара қарым-қатынас
ретінде көрінеді: мемлекет адамның құқығына және бостандығына кепілдеме
береді, оларды шет елдерде қорғайды. Азамат мемлекеттің орнатылған заңдарын
және мемлекетпен орнатылған міндеттерді мүлтіксіз орындауы қажет.
Азаматтықты алудың негізгі тәсілдері - туғанда және натурализация ретімен
беріледі.
Азаматтық — адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысы.
Мемлекеттің және оның билігіне бағынатын адамның арасындағы өзара қарым-
қатынасты білдіреді: мемлекет өз азаматының заңды құқылары мен мүдделерін
қамтамасыз етуге, қорғауға және оған шет елде қамқорлық жасауға кепілдік
береді; ал азамат мемлекеттің заңдарын және т.б. өкімдерін бұлжытпай
сақтауға және оның белгіленген міндеттерін орындауға міндетті. Мұндай
құқылар мен міндеттердің жиынтығы азаматтың саяси-құқықтық статусын
айқындап, оны шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардан ерекшелейді.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Конституциясында:
“Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес алынады және
тоқтатылады, ол қандай негізде алынғанына қарамастан бірыңғай және тең
болып табылады. Республиканың азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан,
өзінің азаматтығын өзгерту құқынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс
жерлерге аластауға болмайды. Республика азаматының басқа мемлекеттің
азаматтығында болуы танылмайды” делінген (10-бап). Әлемдік тәжірибеде
дүниеге келген нәрестеге азаматтық алу құқы екі негізге: қандық және түп-
тамыр құқыларына сүйенеді. Қандық құқы бойынша азаматтық алу туған мекен-
жайына емес, ата-анасының азаматтығына байланысты (Австралия, Норвегия,
Италия, Финляндия т.б.), ал түп-тамыр құқы бойынша нәрестенің қай мемл.
терр-сында туғаны түп негізге алынады да, ата-анасының азаматтығының бұған
қатысы болмайды (Бразилия, Аргентина, т.б.)
Азаматтық құқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік
және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды
реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс
тапқан. Нарықтық қатынастар, негізінен, азаматтық құқықпен реттеледі.
1. Қазақстан заңдарындағы азаматтық мәселесі

Азаматтық ұғымы заң бойынша үш элементтен тұрады; 1) адамның
мемлекетпен байланысы уақытша емес, тұрақты болуы тиіс. Адам өз қалауы
бойынша азаматтықты біресе қабылдап, біресе одан бас тарта алмайды. 2)
адамның мемлекетпен байланысы саяси – құқықтық сипатта болады. Мемлекет
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын кез – келген адаммен
құқықтық байланысқа түсе алады. Бірақ саяси қатынас тек мемлекет пен оның
азаматы арасында ғана орнай алады. 3) мемлекет пен азаматтың арасында өзара
құқық пен міндеттемелер белгіленеді.
Қазақстан Республикасы өзінің органдары мен лауазымды адамдары атынан
өз азаматтары алдында жауапты Ол Қазақстан Республикасының Конституциясын
жене заңдарын сақтауға, оның мүдделерін, аумақтық тұтастығын қорғауға,
әдет-ғұрып, дәстүрлерді, мемлекеттік тілді және оның аумағында тұратын
басқа да ұлт өкілдерінің тілдерін құрметтеуге, Қазақстан Республикасының
қуатының, егемендігі мен тәуелсіздігінің нығайтылуына үлес қосуға міндетті.

Қазақстан Республикасы азаматтығының негізгі мәселелері Конституциямен
және Республиканың азаматтық туралы Заңымен реттеледі. Конституцияға
азаматтық туралы негізгі қағидалар; барлық азаматтардың теңдігі туралы,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі туралы, құқықтыр мен
бостандықтардың шектелуіне жол берілмейтіндігі туралы, азаматтықтан
айыруға, республика шегінен қуғындауға және басқаларына жол берілмейтіндігі
туралы қағидалар енгізілген. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы
Заң қандай адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатынын,
олардың құқықтық жағдайларын, азаматтықты алу және тоқтату тәртібін, ата –
аналардың азаматтығы өзгерген және бала етіп асырап алған кездегі олардың
балаларының азаматтығын, азаматтық мәселелері бойынша арыздар мен
ұсыныстарды қарау, шешімдерді орындау тәртібін, сондай – ақ азаматтық
мәселелері жөніндегі шешімдерге шағымдану тәртібін белгілейді.
Қазақстан Республикасының азаматтары азаматтықты алу негіздеріне, шығу
тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайларына, нәсілді және ұлттық
сипатына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге қатынасына, саяси және өзге де
наным – сеніміне, руы мен қатынас сипатына, тұратын орнына және басқа мән –
жайларына қарамастан заң алдында тең.
Азаматтық туралы Заң күшіне енген күнге – 1992 жылдың 1 науырызына
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын. Азаматтық туралы заңға сәйкес
Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан
Республикасының азаматы болып табылады.
Қазақстан аумағында тұратын, Қазақстан Республикасының азаматы болып
табылмайтын және шетелдің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ
адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп есептеледі.
Қандай да бір болсын шет мемлекетке жататындығына дәлелдемесі бар
адамдар шетел азаматтары болып есептеледі. Қазақстан Республикасының
азаматтығы: 1) тууы бойынша, 2) Қазақстан Республикасы азаматтығына
қабылдану нәтижесінде, 3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында
қарастырылған негіздер бойынша, 4) Қазақстан Республикасының азаматтығы
туралы Заңда қаралған өзге де негіздер бойынша алынады.
Бала өмірге келген кезде ата – аналарының екеуі де Қазақстан
Республикасының азаматтығында болса, қай жерде туғанына қарамастан бала
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Егер бала өмірге келген
кезде ата – аналарының екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты
тұрса баланың азаматтығы ата – аналарының жазбаша нысанында білдірген
келісіміне орай белгіленді. Егер ата – аналарының бірі бала өмірге келген
кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болса, егер бала; Қазақстан
аумағында туған, Қазақстаннан тыс жерде туған, бірақ ата – атаналарының
немесе олардың біруінің осы кезде Қазақстан аумағында тұрақты тұратын орны
болса, бала Қазақстан Республикасының азаматтығында болса, ал екіншісі
азаматтығы жоқ адам болса, бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан
азаматы болып табылады.
Басқа мемлекеттің азаматы және азаматтығы жоқ адам олардың өтініштері
бойынша азаматтық туралы заңда қаралған шарттарға сәйкес Қазақстан
Республикасының азаматтығына қабылдануы мүмкін. Республика аумағында кем
дегенде он жыл тұрақты тұратын, не оның азаматымен некелескен азаматтар
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануы мүмкін. Кәмелеттік жасқа
толмаған қабілетсіздер, Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргендер,
саяси себептермен Қазақстан аумағын тастап кетуге мәжбүр болғандар және
олардың ұрпақтары көрсетілген шарттарсыз Қазақстан азаматтығына қабылданды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығымен
азаматтық туралы заңға бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұл жарлық бұрынғы
Кеңес одағының азаматтары арасындағы қатынастардың кейбір ерекшеліктерін
бейнелейді. Бұрынғы КСРО азаматтары бір республикадан екіншісіне еркін
қатынады. Туыс адамдардың әр түрлі республикаларда тұруларына мүмкіндігі
болды, тұрып жатты да және бір – бірімен ешқандай қиындықсыз араласты.
Алайда, КСРО-ның ыдырауының және дербес мемлекеттердің құрылыуының
нәтижесінде жағдай өзгерді. Шекара белгіленді және соған орай шектеулер
қойылды. Бұл адамдардың қатынасына, мемлекетаралық қатыныстарға әсер етті.
Бұрынғы КСРО республикалары азаматтарының арасындағы тарихи қалыптасқан
қатынастарды одан әрі нығайту және Қазақстан азаматтығын алудың
жеңілдетілген тәртібін белгілеу мақсатында Жарлық Қазақстан Республикасының
азаматтығы туралы Заңға өзгеріс енгізді. Отбасылық қатынастарды қалпына
келтіру үшін бұрынғы одақтас республикалардың Қазақстан Республикасы
азаматтарына жақын туыстары (балалары, жұбайы (зайыбы), ата-аналары, апа-
сіңлілері, аға-інілері, атасы мен әжесі ) барлар Қазақстан азаматтығына
қабылданатын болды. Жеңілдетілген тәртіптің мәні мынада, Қазақстан
Республикасының азаматтығын қабылдау туралы тілек білдірген адамдардың
өтініштері өтініш берген күннен алты айдан асырылмай қаралатын болды.
Сонымен бірге осы жарлық ҚР-ның азаматтық туралы заңмен белгіленген басқа
адамдардың азаматтық алуға қажетті 10 жылдық тұрақты тұру мерзімін 5 жылға
дейін кемітті.
Азаматтық туралы мәселелер Қазақстан Республикасының мемлекетаралық
шарттарымен шешіледі. Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының,
сондай-ақ Қазақстан Респуьликасы мен Ресей Федерациясы арасындағы осы
мемлекеттердің азаматтығын алудың жеңілдетілген тәртібі туралы келісімге
осылай қол қойды. Мұндай келісімдер аталған мемлекеттердің өздерінің
азаматтығының жалпыға бірдей нормаларын, құқықтары мен бостандықтарын
сақтауға, адамдардың тиісті тарихи және дәстүрлі достық байланыстарын
сақтау мен нығайтуға ұмтылудан туындайды. Келісімге сәйкес әр тарап басқа
елдн өз аумағына тұрақты тұруға келген, бұрынғы КСРО азаматы екендігін
дәлелдеген азаматтарға азаматтық алудың жеңілдетілген (тіркелетін) тәртібін
ұсынады. Мұндай тәртіп төмендегідей шарттардың бірі орындалса; 1)егер
өтініш білдіруші азаматтығын алған тараптың аумағында туған немесе тұрған
болса; 2)өтініш білдірушінің біреуі болса да азаматтығын алатын тараптың
аумағында тұрақты тұратын және жақын туыстары; жұбайы (зайыбы), ата-
аналарының (бала етіп асырап алғандардың) біреуі, баласы (оның ішінде
асырап алған баласы), апа-сіңлісі, аға-інісі, атасы және әжесі оның
азаматтары болып табылса қолданылады. Ішкі істер органдары тараптардың
бірінің азаматтылық алуын тіркеуді үш айдан асырылмайтын мерзімге
жеңілдетілген тәртіппен жүзеге асырады.
Келісімде ата-аналары азаматтығының өзгерілгеніне байланысты
балалардың азаматтығы өзгеруінің ерекше тәртібі қарастырылған. Ата-
аналарының азаматтығы өзгерген кезде, соған орай екеуі де басқа тараптың
азаматы болады не екеуі де тараптардың бірінің азаматтығынан шығады,
тиісінше олардың кәмелетке толмаған балаларының да азаматтығы өзгереді.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың дәстүрлі де
жеңілдетілген тәртібі кезінде қабылдауға қарсылық білдіру негізі
қолданылады. Азаматтыққа қабылдау туралы өтініш, егер адам;
Адамзатқа, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне
қарсы қылмыс жасаса;
Қазақстан Республикасы аумағының бірлігі мен тұтастығын бұзуға
шақырса;
Мемлекеттік тәуелсіздікке, халықтың денсаулығына нұқсан келтіретін
заңға қарсы қызметті жүзеге асырса;
Мемлекетаралық, ұлтаралық және діни өшпенділікті тұтатса, мемлекеттік
тілдің қызметінеқарсы әрекет етсе;
Террорлық әрекеті үшін сотталған болса;
Сотпен аса қауіпті қылмыскер деп танылса;
Басқа мемлекеттің азаматы болса қабылданбайды;
Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша басқа мемлекеттің
азаматы Республика азаматы болып танылмайды.
Жалпы, әлемдегі көптеген елдердің заңдары қос азаматтыққа рұқсат
етпейді. Қос азаматтық институты мемлекеттің мазмұнының өзіне қайшы келеді.
Өйткені мемлекеттің әлеуметтік негізі, мемлекеттік биліктің қайнар көзі
халық, ол мемлекетпен саяси байланыста болады. Қос азаматтық алған адамдар
санының көбеюі саяси себептер бойынша халықты тек бөлшектеуі мүмкін.

2. Азаматтық мәселесі жөніндегі халықаралық шарттар ұғымы
Кез келген халықаралық қатынастар халықаралық шарттардың негізінде
реттеледі. Ол оның қатысушыларының еркі. Халықаралық шарттар құқығы
халықаралық жалпы құқықтың саласы болып табылады және мемлекеттер мен
халықаралық құқықтың басқа да субъектілері арасында халықаралық шарт
жасасу, оның әрекет етуі, сондай-ақ күшін жоюы жөніндегі қатынастарды
реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы болып табылады.
Жазбаша түрде халықаралық шарттар шамамен алғанда бұдан 5 мың жыл
бұрын пайда болған. Қазіргі кезге жеткен халықаралық шарттардың бірі, ол –
б.з.д XIII ғасырдың бірінші жартысында Аккад патшасы Нарамсин мен Эламның
ұсақ билеушілері арасында жасалаған халықаралық шарт. Құл иеленушілік
дәуірде шарттар бейбітшілік, бітімгершілік, әскери көмек, сауда
мәселелеріне арналды. Бірақ бұл мәселелердің барлығы бейбітшілік туралы
шарттарда көрініс тапты. Шарттарды мемлекеттер ғана емес, сонымен қатар
дербес қалалар, мемлекеттер одағы, кейде діни ұйымдар жасай алды. Олар
қатысушыларына ғана міндетті болды.
Шарт жасау мемлекеттердің ерекше құқығы болды. Шарт жасау рәсімі діни
сипаттағы әрекеттерді жасаумен қатар жүрді. Егер ол жасалмаса, шарт
жарамсыз болып есептелді. Ежелгі Римде шарт жасауды ереркше діни тұлғалар –
фециалдар жүргізген. Олар құрбандыққа шалынуы керек торайды таспен өлтіріп,
шартқа адалдық антын берген. Осы сәт шарттың жасалу және күшіне ену уақыты
деп есептелген.
Халықарарлық шарттар құқығының субъектілері халықаралық жалпы құқықтың
субъектілері болып табылады. 1969 және 1986 жылдардағы Вена
конвенцияларында келіссөздерге қатысушы мемлекет, келісуші мемлекет,
келіссөздерге қатысушы ұйым, қатысушы, үшінші мемлекет, үшінші ұйым
ұғымдары қолданылады. Халықаралық шарттар құқығы аясандағы алғашқы
жүйеленген акт американдық мемлекеттердің конференциясында 1928 ж.
қабылданды. Ол тек Латын Америкасы мемлекеттерінде жүргізілген аймақтық
сипаттағы келісім шарттар туралы Гавана конвенциясы. БҰҰ шақырған
конференцияда 1968-1969 жж. Халықаралық құқық комиссиясының дайындаған
халықаралық шарттар құқығы туралы баптар жобасы 1969 ж. 23 мамырда
қабылданып, оған Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясы аты
берілді. Бұл конвенция 1980 ж. 27 қаңтарда күшіне енді және ол осы
конвенцияның 1-бабында көрініс тапқандай, тек мемлекеттердің арасындағы
шарттық қатынастарды реттейді. Оған 1993ж. 31 наурызда Қазақстан
Республикасы қосылыд. Сонымен қатар, Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан да осы
шартқа мүше елдер қатарына жатады. Конвенцияның кері күші жоқ.
1978ж. 23 тамызда Халықаралық құқық комиссиясы дайындаған баптар
жобасы негізінде Шарттарға қатысты мемлекеттердің Құқық миарсқорлығы туралы
Вена конвенциясы қабылданды. Бірақ бұл конвенция әлі күшіне енген жоқ.
1969 ж. Коненцияға сәйкес халықаралық шарт халықарарлық құқықпен
реттелетін, мемлекеттер арасында жасалған жазбаша нысандағы келісім. Бұл
үшін келісімнің мазмұны жазылған құжаттар саны мен нақты атының маңызы жоқ.
ҚР Президентінің Жарлығында да осы анықтама көрініс тапқан. Халықаралық
құқықтың кез келген объектісі халықаралық шарттың объектісі бола алады.
Шарттың объектісін тараптар өздері белгілейді. Объект ретінде
субъектілердің материалдық, материалдық емес игіліктері және соларға
байланысты туындайтын қатынастар, әрекеттер және әрекеттерден бас тартуы
танылады. Шарттың объектісі оның атауында көрсетіледі.
Халықаралық шарттарды топтастыру. Шарттар көптеген негіздер бойынша
топтастырылады. Қатысушылар санына байланысты олар екіжақты, көпжақты, мүше
болып кіру жағдайына байланысты саяси, экономикалық, ғылыми-техникалық
болып бөлінеді. Ашық халықаралық шарт дегеніміз – оған мүше болу үшін
қатысушыларының арнайы рұқсатын қажет етпейтін шарт, ал жабық халықаралық
шарт – мүше болу үшін қатысушыларының арнай рұқсаты қажет.
Халықаралық шарттардың нысаны, құрылымы және атауы. Халықаралық шарт
жазбаша түрде немесе ауызша түрде жасалады. Көбінесе жазбаша түрде
жасалады, себебі ауызша жасалған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық шарттар нормаларын қолданудың халықаралық құқықтық негіздері
Халықаралық құқық және мемлекеттердің заңдарын унификациялау мен гармонизациялау проблемалары
ҚР - ның азаматтық құқығы
Еңбектің халықаралық стандарттары
Халықаралық жеке құқық
Халықаралық экологиялық құқықтық жауапкершілік»
Халықаралық дауларды реттеу әдістерінің түрлері
Қазіргі халықаралық құқықтағы әділ соғыс концепциясы
Мемлекеттердің кұқық мирасқорлығының процесін сипаттайтын құқықтық аспектілерін ғылыми түсінуі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Интерпол орталық бюросы қызметінің мәселелері
Пәндер