Жылқыны азықтандыру ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3-4
1.1. Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .5-6
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Жылқыны азықтандыру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .7- 9
2.2. Тұқымдық айғырларды
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10-12
2.3. Асыл тұқымды айғырларды бағу және
азықтандыру ... ... ... ... ... ... ... 13-14
2.3. Жылқыларды өсіру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15-
17
2.4. Айғырлардың ас қорыту және зат алмасу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .1 8-19
2.6. Жұмысшы жылңыларын күту, тазалау, тағалау, азықтандыру, суару
және
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..20-23
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...24-25
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26-
27
І. КІРІСПЕ БӨЛІМ

Басқа мал түлігінің ішінде жылқының алатын орны ертеден-ақ ерекше
болатын. Өндіргіш күштер мен техниканың мыңдаған жылдар бойы жетілуіне орай
жылңының мән маңызы да өзгерді. Жылқы шаруашылығы бұрынғыдан да жетілдіріле
түсті. Жылқының шаруашылыққа пайдалы қасиеттері ұшан-теңіз. Ол мінсе -
көлік, сүті - қасиетті диеталық сусын, еті – дәмді тағам. Осы қасиеттерін
былай қойғанда ертедегі диқандар оны жер өңдеуге пайдаланып, еңбек
өнімділігін арттырған. Еліміздің ерте кезден-ақ жылқы тұқымымен даңқы
шыққан. Қазақ жылқылары төзімділігі, сыртқы орта жағдайына көнбістілігімен,
жыл бойы үйірде болуға бейімділігімен ерекше көзге түскен. Әсіресе,
республиканың шөл және шөлейт аймағында және таулы жайылымдардағы
аудандарда жылқы өсіру тиімді. Мұндай жайылымдарға малдың басқа түріне
қарағанда үйірлі жылқылар жақсы жайыла алады. Жылқы шаруашылығының дамуы,
олардан алынатын өнімнің молайы өсірілетін жылқының тұқымдық сапасының
жетілдірілуіне байланысты.
Қазақстанның кең байтақ жерінде жылқының жоғары өнімді 17 тұқымы
өсіріледі. Олардың ішінде республикамыздың өзінде шығарылған салт мінілетін-
жегілетін қостанай жылқысы және ет-сүт бағытындағы көшім жөне жаңадан
шығарылған мұғалжар жылқы тұқымдары бүкіл елімізге мәлім.
Қазіргі кезде жылқы санын арттыру, оны өз төлінен өсіру, ауыл
шаруашылығы және тасымалдау жұмыстарына тиімді пайдалану міндеттері
қойылуда. Шаруашылықтарда құлын өсіріп, етке сойылатын жылқыны мемлекеттік
сатып алу төртібі белгіленді. Қазақстанның тиісті аймақтарында етті
бағыттағы тебінді жылқы шаруашылығын жетілдіру, сондай-ақ қымыз өндіретін
фермалар ұйымдастыру мәселелері де қарастырылған. Жылқы өсіру мен
айналысатын кісілерді материалдық ұйымдастыруды күшейту шаралары да
қарастырылуда. Бұрыннан бар тұқымдарды, аталық із бен аналық ұяларды одан
әрі жетілдіру және жаңадан шығару мақсатымен жылқы шаруашылығында
селекциялық тұқымды асылдандыру жұмыстарын жақсарту жөнінде көптеген
шаралар белгіленуі қажет. Жуық арадағы 10-15 жыл жүзінде отандық жылқы
шаруашылығы асыл тұқымды, жұмысқа пайдалану, спорттық және өнімді бағытта
өркендейтін болады.
Курстық жұмыстың мақсаты: айғырларды азықтандыру нормаларымен,
рациондарымен танысу. Айғырларды азықтандыру ерекшеліктері туралы білімді
тереңдету.
Курстық жұмыстың міндеттер: жылқыны азықтандыру ерекшеліктері,
тұқымдық айғырларды азықтандыру және бағып күту ерекшеліктері туралы
түсінік беру.

1.1. Әдебиетке шолу

1. Д.А.Сыздықов (2006) атап көрсеткендей – таза қолды
қазақы айғырларымен салыстырғанда эритроциттер
мөлшері және гемокрит көрсеткіші төмен. Мұның өзі
міністік тұқымдарда қан түзілетін органдардың
белсенділігі жоғары екендігін көрсетеді, 37,7%, яғни
басқа тұқымдармен салыстырғанда өте төмен және танымдық
жағдайында физиологиялық нормада (32-44%) гемокрит
көрсеткішінің төмендігі малдың қан аздығына ұшыратуы
мүмкін.
2. А.Красников (1969) жергілікті жылқы тұқымдарын -
далалық (башқұрт, бурят, қазақ, моңғол), таулық (алтай,
гуцул, карабах,қырғыз, локай, мегрел, тува, тушин),
ормандық (вят, карел, мезен, печора, полес, эстон, саха-
якут жылқылары) деп үш экологиялық типке бөлсе, ал
зауыттық тұқымдарды - мініс, міністі-жегісті, желісті,
ауыр жүк тартатын, жегіс тұқымдарына бөледі.
3. К.Г.Барминцев (1987) шаруашылыққа пайдалану қасиеттері
бойынша жылқы тұқымдарын төрт топқа бөлді: жұмыс
аттары, спорт аттары, сүт және ет өндіруге арналған
жылқы, продуценттер.
4. З.С Никоро, Г.А Стакан, З.Н Харитонова жылқы
гастерофилезін көптеген аймақтарда жан-жақты зерттеген.
Бұл зерттеулер нәтижесінде гастерофилездің
экстенсивтілігі 95-100%, ал интенсивтілігі бір басқа
153 тен 435 дернәсілге (кейде 1000 астам) жететіндігі
анықталған.
5. Я.Я. Полферовтың (1987) адай, қарабайыр, арғымақ
секілді қазақтың көне жылқы тұқымдарын жеке-жеке
мақалаларға арқау етіп алып, сол заманғы ғылыми
тұрғыдан мазмұнды баяандап берген. Автор зерттеуін одан
әрі жалғастыра келе, қазақ жылқысын асылдандыруға,
қандай мәдени тұқымдар сәйкес келетінін дәлелдеген.
6. 1870 ж. Н. Бахметьев, (1871ж). М. Бабаджанов, (1871)
П.Великосельцев, (1875 ж.) А. Гардер, (1885 ж). С.
Вогак, (1875 ж.) А.Вилькинс, (1883 ж). А. Жантурин,
(1885 ж). А. Каллер, (1892 ж). И.В. Шумков, (1894 ж).
А.И. Добросмыслов, (1895 ж.) В. Фирсов сияқты Ресейдің
белгілі ғалымдарының қазақ жылқысына арналған арнайы
зерттеулері жарық көрді. Бұл шығармалар кәсіпқой
мамандар тарапынан жазылғандықтан әлі күнге дейін
маңызын жоймаған сүбелі еңбектер. Осы еңбектер жарыққа
шыққаннан кейін Россияның қажеттілігін кез-келген
уақытта қанағаттандыра алатын таусылмас дария – дала
жылқы шаруашылығына мемлекет тарапынан көңіл аударыла
бастады.
7. И. Хантинский 1893–1903 жылдары Коннозаводство
журналының Торғай обылысындағы тілшісі болып қызмет
істеп, облыстағы әр жылдық ақпарлар мен хабарлар
есебінде ондаған мақалалар циклын жазды.
8. С. Белинский, (1956) Ақмола, Жетісу облыстарының жылқы
табындырын зерттеген Шынтуайтына келсек қазақтың
жылқы шаруашылығына, барлық Еуропа мемлекеттері
қызғанышпен қарау керек. Себебі біздің кең-байтақ
отанымыздағыдай әскери жылқыларды өсіріп баптайтын
табиғи жағдай ешбір елде жоқ, – деп жазады.
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Жылқыны азықтандыру ерекшеліктері

Жылқы — қарапайым қарынды мал. Денесінің ірілігіне қарамай қарнының
сыйымдылығы небәрі 14-16 л көлемінде. Сондықтан жылқы бос уақытының бөрін
дерлік азықтануға жұмсайды. Бұл әсіресе қара жұмыс атқаратын жұмыс аттары
үшін көңіл аударарлық жағдай. Өйткені күйісті малдікіндей жеген азығын
түпкілікті өңдеуден өткізетін месқарыны болмағандықтан, жылқы жемшөпті ауыз
қуысында мұқият шайнап, мол сілекеймен ылғалдандырып барып жұтатындықтан,
азықтануға ұзағырақ уақыт жүмсайды.
Қарын сөлі ферменттерінің әсерімен қорытыла бастаған азық қоректік
заттары жылқы ішегінің күшті дамыған, химусының реакциясы сәл сілтілі
айналмалы (ободочная) тоқ және аумақты (сыйымдылығы 20—70 л) соқыр ішегінде
микробиологиялық өңдеуден өтеді. Соның нәтижесінде химус микробтық
аминқышқылдары және витаминдерімен байытылады. Жылқы ішегі күйісті
малдікінен 2—2,5 есе қысқалығынан одан жылдамырақ өтетін химус қоректік
заттары қысқа мерзімде қорытылып үлгеруі керек. Сондықтан атқаратын жұмысы
ауырлап, азықтануға уақыты қысқарған сайын жылқы азығының энергиялық
қуаттылығы арттырылып, желінген азық құрғақ затындағы жеңіл ыдырап, жылдам
сіңірілетін қоректік заттардың шоғырлануы жоғарылай түсуі керек.
Жылқы астық тұқымдастары басым шалғын және дала пішені мен бұршақ
тұқымдастардың аралас пішенін сүйсініп жегенмен беде пішенін онша
жаратпайды. Жылқының сүйікті азығы — сұлы дәні. Оны жылқыға шектемей
жегенінше беруге болады. Басқа дәндерден жүгері мен арпаны жақсы жейді.
Оларды бұршақ тұқымдастар пішенімен араластырып берген дұрыс. Ал ауыз
қуысында нашар шайналып, қарында бөртіп, ұлғайып, ішті кептіру қаупін
тудыратын қара бидай дәнін тек ұнтақтап, туралған сабанмен араластырып
жегізуге болады. Жылқының ас қорытуына бидай кебегі көмектеседі. 4—5 л жылы
суға ерітілген 1,5 кг азықтық сірне ерітіндісімен туралған пішен мен сабан
кесіндісін бүркіп, жылқының ас қорытуының бұзылуынан туындайтын өлі тиюін
(колики лошадей) тоқтату үшін жегізеді.
Жылқының, әсіресе, қара жұмыс атқаратын аттардың азықтандыруын
атқаратын жұмыс ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырады. Сауылатын
немесе соғымға сойылатын жылқы азықтандырылуы олардың сүттілігін және
салмақ қосуына жоғарылатуға бағытталса, көлікке мініліп, жегілетін, түрлі
шаруашылық қара жұмысына пайдаланылатын аттарды энергия шығындау көлемі мен
мерзіміне тәуелді қоректендіреді. Көлікке жегілген немесе мінілген аттың
энергиясы алдымен өз денесін алып жүруге, содан кейін барып үстіне артылған
(мінілген) жүкті тасуға немесе жегілген жүкті тартуға (сила тяги)
жұмсалады. Аттың өз денесін алып жүруге бүкіл энергия шығынының 13 бөлігі,
яғни 25—30% жұмсалады.
Жылқының, әсіресе, қара жұмыс атқарып немесе мініліп жиі терлейтін
аттардың суару мен азықтандыру реті мен тәртібін кдтаң сақтау қажет.
Терлеген атты алдымен терін басқызып, суытып барып суарады. Уақытты ұтымды
пайдалану үшін, алдымен ірі жемшөптің бір бөлігін беріп терін бастырғаннан
кейін суарып, шырынды азықты, артынан жем жегізеді де, қалған уақытта ірі
жемшөптің қалған бөлігін салып қояды.
Сауылатын бие мен етке сойылатын жылқы азықтандыруын жасы, жынысы,
тірілей салмағы мен өнімділігіне (сүттілігі мен салмақ қосуы) сәйкес
азықтандырады. Сонымен қатар жылқы тұқымдарының зат алмасуындағы барысы
едәуір ерекшеленетінін ескеру қажет. Мысалы, жеңіл жүрісті мініс
тұқымдарына жататын шабыс аттары мен желіс тұқымдарына жататын жегіс
аттарының зат алмасуы жедел жүреді де, аяқ жүрісті ауыр салмақты тұқым
аттарының зат алмасуы баяу жүріп алғашқылардыкімен салыстырғанда 100 кг
тірілей салмағына шаққандағы энергетикалық мұқтаждығы 8-10% төмен болады.
Жылқының зат алмасуына атқаратын жұмысы да ықпал етеді.
Ауыр қара жұмыстағы жұмыс аттары мен жылдам қимылдайтын мініс және
спорт аттары энергетикалық мұқтаждығын алғашқы 3 сағат мерзімінде желінген
жемшөптің жеңіл қорытылатын көмірсуларымен қанағаттандыратынын ескеріп, осы
мерзімде оларды толықтыруды ойластыру қажет.
Ол үшін жылқыға жеңіл қорытылатын энергетикалық қуаттылығы жоғары
жемшөп ретінде шырынды қызылша, сәбіз, картоп секілді тамыр-түйнек
жемістілерді береді.
Бірақ бұл азықтар аттың ас қорыту жолындағы ашыту үрдісін өрістеп,
атқарылатын жұмысына (жедел қимылына) кедергі келтіретіндіктен, олардың
көліктік және мініс аттарына берілетін мөлшерін шектейді.
2.2. Тұқымдық айғырларды азықтандыру

Айғырларды азықтандыру жеке-дара жүргізіледі. Рацион қоректілігі, оның
энергиясына, жақсы қондылығын сақтау үшін қажет. Шағылыс кезінде айғырдың
100кг салмағына бір күнде – 1, мініс және жорға жылқы-айғырының тұқымына –
2, ал жүрдек айғырларға 1,75 азық өлшеміне қажет. Әрбір азық өлшеміне 100-
120г сіңімді белоктық зат қажет.
Құнарлы азықтардан тары, бидай, бидай кебегі, бұршақ ұнтағы ұрық
сапасына әсер етеді. Әсіресе ұнтақталған бүршақты сәл ылғалдандырылған
кебекпен араластырып берсе, жылқы сүйсініп жейді. Асыл-тұқымды айғыр қүрама
жемінің 5—10 проценті протеиннің биологиялық сапасы жоғары жануар тектес
азықтардан тұруы керек.
Азықтық сәбізді айғырларға күніне 2,6кг дейін, бидайдың кебігін – 1,5-
2кг-ға дейін беруге болады. Қаймағы алынбаған және алынған сүтті күніне 5-
10кг-ға дейін, жұмыртқанықатты қабығымен 5-10 талдан аптасына (2-3 рет сұлы
немесе кебек қоспасы қосып) азықтандыру қолайлы болады. Рационды әрбір 3-4
аптала өзгерту керек. Күнжараны айғырларға бір күнге кішкене бөлшектелінген
түрінде бергенде 500-800г нан аспауы керек.
Асыл тұқымды айғырларды үйірге салынбаған кезде орташа қоңдылықта
ұстап, үйірге саларға 1,5—2 ай қалғанда азықтандыру деңгейін жоғарылатады.
Бұл кезенде олардың әр 10 кг тірілей салмағьша мініс және жегіс тұқымдары
үшін —2,4—2,7 кг рацион құрғақ заты мен 2,0—2,5 азық өлшемі жегізіліп, оның
әр 1 азық өлшемінде 120—140 г жоғары сапалы қорытылатын протеин, 4—6 г
кальций.З—5 г фосфор, 10—15 г каротнн болуға тиіс. Үйірге түскен кездегі
энергетикалық шығындарды қамтамасыз ету үшін айғырларды сұлымен қатар
энергетикалық қуатты мол жем құрамасымен немесе арнайы құрама жеммен
қоректендіреді.

Мініс, желгіш және жұмыс жылқы айғырларын азықтандыру.

1-кесте

Шағылыс алдында және Шағылыс болмаған
Көрсеткіштері шағылыс кезінде кезеңде
Салмағы, кг
400 500 600 400 500 600
100кг тірі салмағына тиісті 2,5 12,5 15 2,2 11 10,2
құрғақ зат, кг
1кг құрғақ затқа тиісті азық 0,8 10 12 0,72 7,9 9,5
өлшемі
Алмасу энерг., МДж 8,37 104,6 125,5 7,53 82,81 99,4
Сіңімді энергия, МДж 94 1,17 1,41 66 0,726 0,81
Ішкі клетчатка, г 160 2 2,4 180 1,98 2,38
Ас тұзы, г 2,4 30 36 2,1 26 32
Кальций, г 5 62 75 4 44 53
Фосфор, г 4 44 52 3 33 40
Магний, г 1 12 15 1 12 14,4
Темір, мг 80 1000 1200 80 90 1056
Мыс, мг 8,5 106 127 8,5 93 112
Мырыш, мг 32 400 480 32 352 422
Кобальт, мг 0,5 0,65 7,5 0,2 2,2 2,64
Марганец, мг 40 500 600 30 330 396
Йод, мг 0,5 0,65 7,5 0,2 2,2 2,64
Каротин, мг 10 125 150 8,2 90 108
Витамин А, мың х.ө 4 50 60 303 36 43,2
Д, мың х.ө. 0,48 6 7,2 0,36 4 4,7
Е, мг 35 437 525 30 330 396
В1, мг 3,5 437 52,5 2,5 27,5 33
В2, мг 3,5 43,7 52,5 2,5 27,5 33
В3, мг 5 62,5 75 5 55 66
В4, мг 160 2000 2400 150 1650 1980
РР,мг 8 100 120 6,5 71 86
В6,мг 2,4 30 36 1,45 16 20
В12, мг 2,5 68,7 82,5 5 55 66

Айғырдың бір күндік рационы
2 – кесте

Көрсеткіштері Шағылыс алдында Шағылыс болмаған кезеңде
және шағылыс
кезінде
Қыста Жазда
Дәнді әр түрлі шөптерден 12 12 -
дайындалған пішен, кг
Сұлы (жанышталған), кг 4 3 4
Арпа, кг 3 2 2
Бидайдың кебегі, кг 1 1 1
Күнбағыстың күнжарасы 1 - -
Сәбіз, кг 4 4 -
Бірыңғай қоспалар, кг 0,1 0,1 0,1
Тауық жұмыртқасы, саны 5-6 - -
Кептірілген дәнді әр түрлі - - 30
шөптер (ылғалдылығы - 65%)

2.3. Асыл тұқымды айғырларды бағу және азықтандыру

Айғырларды кең және жарық қорада бос ұстаған жөн. Қораның еденіне саз
балшық төселіп, әбден тапталады. Оның іші құрғақ, ауасы таза болуға тиіс.
Жем мен пішен үлестіру үшін қораны науамен жабдықтау керек.
Айғырлар белгілі бір мөлшермен күніне кем дегенде үш рет жеке-жеке
азықтандырылады. Шағылыстыру кезінде азық мөлшері төмендегідей болуы керек.
Айғырдың тірідей салмағының әрбір 100 килограмына 2 кг азық өлшемі
келетіндей, ал әрбір азық өлшемінде 110— 130г сіңімді протеин, 6 г кальций,
4—5 г фосфор, 35 г каротин болуға тиіс.
Бұл азықтың шамамен алынған орта мөлшерін айғырдың күйіне,
қоңдылығына, тірідей салмағына, биеге қосылу санына қара көбейтіп немесе
азайтып отыруға болады.
Салмағы 500 кг тартатын айғырдың күндік рацион шамамен 5 кг сұлыдан, 1
кг кебектен, 6—8 кг пішенш құрастырылады.
Азық рационын құнарлы ету үшін айғырларға көк пішен (даладан шалғыннан
орылған, екпе шөптерден тұратын, астық тұқымдас, бұршақ тұқымдас шөптер
сондай-ақ қосымша азық ретінде аздап күнжара, тары бұршақ, сәбіз, сапалы
сүрлем және маусымға байланысты жем немесе көк шөп беріледі.
Қара топырақты емес аймақтағы шаруашылықтар январь-июль айларында
әрбір айғырдың рационы премикс Успех немесе микроэлементтер қосу кере
Мәселен, салмағы 500—700 кг айғырға күніне 50—70 г күкірт қышқылды мыс,
15—20 мг хлорлы кобальт, 10-12 мг йодты калий беріледі.
Әрбір шағылыстыру пунктінде күнделікті атқарыла тын жұмыстардың нақты
тізімі ілулі тұруға тиіс: мұнда айғырдың суарылатын, азықтандырылатын,
тазартатын мерзімі, сондай-ақ қора тазаланатын, айғыр серуеі детілетін
уақыт, күйті келу және шағылыстыру мерзімдері көрсетіледі.
Жылы күнде ұдайы, ал қыста күніне кемінде 2—3 сағат айғырды сыртта
бағу қажет. Тек жаңбырлы салқы Күндері не қайнаған ыстықта айғырды сейілге
шығаруға болмайды. Бой сергіту үшін асыл тұқымды айғырлард күн сайын 2—3
сағат арбаға жегіп жеңіл жұмысқа пайдалануға болады.
Жаздың жылы күнінде айғырды шомылдырған жөн. Бірақ тынығып суымаған
айғырларды шомылдыруға болмайды.
Кемінде айына бір рет айғырдың тұяғын тазартып тұру керек. Шағылыстыру
науқаны кезінде асыл тұқым ды айғырлар мен күйттеуші айғырлардың тағасын
алып тастау керек.
Үйірге айғыр қосу. Шағылыстырудың қолдан, бөлме ішінде (қорада) және
үйірде шағылыстыру деп аталатын үш түрі бар. Шаруашылық жағдайына
байланысты бұл ардың кез-келгенін қолдануға болады.
Қолдан шағылыстырғанда жасы 4—12 аралығындағы айғырға 35—40 бие
тағайындалады. Шәуетінің сапасы мсн жалпы күйіне қарай оған қосылатын бие
санын көбейтіп немесе азайтып отыруға болады.
Шағылыстыруға алғаш қосылып отырған үш жасар айғырға 15—20 бие
жүктеледі. Сақа айғырға денсаулығына байланысты, бие бұдан гөрі аз
тағайындалады.
Қолдан және қамап шағылыстыратын жағдайда 4 жасар және одан ересек
әрбір айғырды күн сайын 1—12 рет биеге қосуға болады. Бірақ ол үшін оның
азығы жеткілікті және құнарлы болуға тиіс. Бір қосылу мен екінші қосылу
аралығы 8 сағаттан кем болмауға тиіс. Жалпы күйіне, ұрық сапасына, жыныстық
шабытына қарай, жас және сақа айғырларды биеге күніне не күн ара бір-ақ рет
қосу керек. Барлық айғырға аптасына бір рет демалыс беріледі.
Үйірде шағылыстыру кезінде әрбір ересек айғырға 20—25, ал жас және
сақа айғырға 12—15 бие үйір болып топтастырылады.

2.3. Жылқыларды өсіру ерекщеліктері
Жылқы шаруашылығы – мал шаруашылығының негізгі бір саласы. Бұған жылқы
санын көбейту, сапасы мен өнімін арттыру, әр түрлі мақсаттарда (ет және
қымыз өндіруге, күш көлігі ретінде, спорттық жарыстарға қосуға, шет елдерге
сатуға, т. б.) тиімді пайдалану жатады. Жылқы өсіру және бие сауу қазақ
халқының ата кәсібі болып табылады. Қазақ халқы жылқыны үйірге (25–30 бие)
бөліп, жақсы тұқымнан айғыр салатын болған. Мұндай айғырлар үйірін шашау
шығармай, ит-құсқа жегізбей, қысы- жазы қорғайды. Бірнеше үйір қосылып қос
құраған. Бір қоста 500-ден 1000-ға дейін жылқы болады. Айғырдан шыққан
биелер 10 айдан кейін (сәуір-мамыр айларында) құлындайды. Құлындар отығып,
жетілген кезінде байланып, бие сауылады. Алғашқы кезде бие тәулігіне 3
немесе 4 рет сауылады, ал онан кейін саууды көбейте береді (5 – 6 ретке
дейін). Ағытылған бие құлынымен бірге жайылымда бағылады. Қазақ халқы биені
6 ай бойы сауады. Бие қымызының хим. құрамы үнемі тұрақты бола бермейді, ол
малдың физиол. күшіне, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биелерді физиологиялық мезгіліне қарай азықтандыру
Жылқы гигиенасына қойылатын ветеринарлық-санитариялық талаптар
Жылқыны нормалап азықтандыру
Айғырды азықтандыру
Жеңіл салмақты айғырларды азықтандыру
Жылқы гигиенасы
Асылтұқымды малдарды азықтандыру және олардың гигиенасы
Жылқы малдарының гигиенасы
Кабардин тұқымы жылқыларын азықтандыру
Белорусь ауыр жүк тартатын жылқы тұқымының қазіргі жағдайы
Пәндер