Қаратөбе ауданы ұлы отан соғысы жылдарында


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І. Қаратөбе ауданының тарихи - мәдени мұрасы
1. 1. Қаратөба ауданының даму тарихы . . .
1. 2. Археологиялық ескерткіштер және оларға сипаттама . . .
1. 3. Қазіргі кездегі тарихи және мәдениет ескерткіштері . . .
ІІ. Қаратөбе ауданы ұлы отан соғысы жылдарында
3. 1. Қаратөбеліктер майданда және тылда . . .
3. 2. Қаратөбенің тарихи тұлғалары
ІІІ. Тәуелсіздік жылдарындағы Қаратөбе ауданы
2. 1. Тәуелсіздік жылдарындағы ауданның мәдени жетістіктері . . .
2. 2. Қаратөбе өңірі газетінің тарихы
Қорытынды . . . 54
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 56
Қосымшалар . . . 62
Кіріспе
І. Қаратөбе ауданының тарихи - мәдени мұрасы
1. 1. Қаратөба ауданының даму тарихы
Қаратөбе ауданы 1928 жылдың 17 қаңтарында құрылған, орталығы Қаратөбе селосы, Орал қаласынан 260 шақырым қашықтықта облыстық оңтүстік шығыс бетінде орналасқан
Қаратөбе ауданы - облыстың оңтүстік шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы -10, 0 мың км2 Тұрғыны 21, 1 мың адам (1999) . Орталығы - Қаратөбе селосы. Бүгінгі таңда тоғыз ауылдық округ, 29 елді мекеннен құралып, Атырау облысының Қызылқоға, Ақтөбе облысының Ойыл аудандармен шектесіп жатқан Қаратөбе ауданы алғаш рет аудан болып құрылып, іргесін қалағанына сексен жыл толатын 2008 жылдың 17 қаңтар күні ерекше күн болып есептеледі.
Қаратөбе ауданының 80 жылдық тарихы мен аудан құрылғанға дейінгі Қаратөбе өңірінің әкімшілік - территориялық бөлінуі, халқының ахуалы жөніндегі төмендегі мұрағаттық деректерді саралап көрейік. Ауыл саны мен халқы жөніндегі деректерді Орал қаласында басылып шығып тұрған, қазір облыстық кітапхананың сирек кітаптар қорында сақтаулы «Памятная книжка и адрес-календарь Уральской области» деген кітаптан мынадай деректерді келтіруге болады:
1917 жылы жоғарыда аталған кітаптың ҮІ шығарылымында Қаратөбе аймағында 34157 адам тұрып, бір шаршы шақырымға 3, 22 адамнан келіпті. Төрт түліктен: 25656 жылқы, 62025 ірі қара, 3812 түйе, 157738 қой, 21141 ешкі малдары болған.
1928 жылдың қаңтар айының 17 күні Қазақ АССР-ның Орталық Атқару комитетінің алтыншы шақырылған екінші сессиясында жаңадан әкімшілік-аумақтық бөліну бекітіледі. Бұрын болып келген губерниялар орнына округтер пайда болып, оларды аудандастыру енгізілді. КазЦИК-тің Президиумының 1928 жылғы 13 наурыздағы және 15 мамырдағы қаулыларымен аудан мен округтердің шекараларына ішінара өзгерістер енгізілді. 1928 жылдың қыркүйек айының 3-күні РСФСР-дің ВЦИК-тің алтыншы шақырылған үшінші сессиясы бұл өзгерістерді бекітіп, КазЦИК Президиумы республиканың жаңа аудандастырылуын бекітті. Құрамында 15 ауданы бар Орал округі ұйымдасты. Оның ішінде Жақсыбай, Қалдығайты, Сабынкөл және Жымпиты уезінің Байғұтты, Бұлдырты және Өлеңті болыстарының бөліктерінен құралған Қаратөбе де бар. Жер көлемі-10. 255 шаршы километр болды. 1928 жылы ауданда 34072 халық болса, 8116 жылқы, 87868 ірі қара, 1694 түйе, 102351 қой мен 25588 ешкі есепте тұрған. Бұл деректер жоғарыда аталған кітаптың 1929 жылы шыққан басылымынан алынды.
1931 жылы қазіргі аудан орталығы №30 ауыл болулы. Осы орыннан «Қаратөбе», «Қаракөл» өңірінен «Тұщықара» және «Аққозы» совхоздары құрылған. ССРО совхоздар Министрлігі, Батыс Қазақстан ет тресі, № 441 Аққозы, Тұщықара мен Қаратөбені біріктіріп «Қаратөбе ет совхозы» деп атаған. 1932 жылы Қаратөбе ауданы территориясынан 3 совхоз, 8 колхоз, 16 серіктестік ұйымдасқан. Ауданда 17 мектеп, бір аурухана (Қаратөбе селосында 10 керуеттік), екі фельдшерлік пункт, бір мал дәрігерлік участогі, бір агроучасток, 4 тұтыну қоғамы болған. Қаратөбе поселкесі Орал қаласымен ылаумен (Жымпиты арқылы Ойылға, оның үстінен Қаратөбеден Гурьев облысының Қызылқоға поселкесіне) жол қатынасы; аудан орталығында Оралмен байланыс жасайтын почта-телеграф бөлімшесі, телефон және екі шеңберде (Қаратөбе) хат тасушы байланысы болған.
1930 жылдың шілде айының 23-де қабылданған, ВЦИК-тің «Округтік жүйені жою туралы» қаулысы шықты. Осы қаулыға сәйкес Қаратөбе ауданы таратылып, аймағы Жымпиты, Тайпақ аудандарына бөлініп берілген. ВЦИК-тің қаулысымен 1935 жылы 31 қаңтарынан Қаратөбе ауданы қайта құрылады. 1938-1952 жылдары Қаратөбе ауданы көлемінде 14 ауыл советіне қарасты 28 колхоз, 2 совхоз болған. Олар: Қаратөбе ауыл советіне - Ақкөл колхозы; Аққолқа ауыл советіне - Жұмыскер, Қазақстан; Қалдығайты ауыл советіне-Алғабас колхозы; Қосағаш ауыл советіне-Калинин, Жігерлен; Егіндікөл ауыл советіне-Социализм, Жаңақоныс; Каганович ауыл советіне - Қоскөл, Жаңаталап; Шалғын ауыл советіне - Бұлдырты, Сталин. Ханкөл ауыл советіне - Егіндіой, Интернационал, Қарасу, Ұмтыл; Сабынкөл ауыл советіне-Бесоба, Қоғалыкөл, Жусандыой; Соналы ауыл советіне-Ворошилов, Коминтерн, Молотов, Крупская; Батпақкөл ауыл советіне-Жаңабағыт, Киров, Қызыл ту; Саралжын ауыл советіне-Айна, Жаңа тілек; Аққозы ауыл советіне-Аққозы совхозы; Қаракөл ауыл советіне-Қаратөбе совхозы қарады.
1950-1951 жылдары ауданымызда ұсақ колхоздарды ірілендіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 10 колхоз пайда болды, яғни Социализм, Жаңақоныс колхоздары бірігіп Социализм колхозын (Егіндікөл а/советі) ; Қазақстан, Жұмыскер, Калинин, Жігерлен, Амангелді колхоздары бірігіп Калинин колхозын (Қосағаш ауыл советі) ; Сталин, Жаңаталап, Қоскөл, Бұлдырты колхоздары бірігіп Сталин колхозын (Каганович а/советі) ; Егіндіой, Интернационал, Ұмтыл, Қарасу колхоздарын біріктіріп Интернационал колхозын (Ханкөл а/советі) ; Жусандыой, Қоғалыкөл, Бесоба колхоздары бірігіп Жамбыл колхозын (Сабынкөл а/советі) ; Ақкөл, Ворошилов колхоздары бірігіп Ворошилов колхозын (Соналы а/советі) ; Коминтерн, Молотов, Крупская колхоздары Молотов колхозы болып, ол да Соналы ауыл советіне қараған. Сталин жолы, Жаңа бағыт, Сәуле колхоздары бірігіп Сталин жолы колхозы (Сулыкөл а/советі) ; Киров, Қызыл ту колхоздары бірігіп Киров колхозын (Батпақкөл а/советі) ; Айна, Жаңа тілек колхоздары бірігіп Ленин колхозы (Саралжын ауыл советі) атанған.
Осы жылы колхоздарды техникалық жағынан қамту мақсатында екі МТС құрылған. Қаратөбе МТС-і Ворошилов, Молотов, Сталин жолы, Киров, Ленин атындағы колхоздарды, ал Қоскөл МТС-і Социализм, Сталин, Интернационал, Калинин, Жамбыл атындағы колхоздарды қамтыған.
Осы аталған 10 колхоз, 2 совхоз, 2 МТС, 12 ауыл советі 1957 жылдың мамыр айына дейін өмір сүрген. Қазақ ССР Министрлер Советінің 1957 жылғы 26 сәуір күнгі Жарлығына сай ауданымызда колхоздарды совхозға айналдыру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде Ворошилов, Молотов, Киров, Сталин жолы колхоздары мен Қаратөбе МТС-і бірігіп Қалдығайты совхозы; Социализм, Калинин, Сталин, Интернационал, Жамбыл колхоздары мен Қоскөл МТС-і біріктіріліп Қоскөл совхозы құрылған; Ленин колхозы Аққозы совхозы құрамына енгізілген, сөйтіп ауданда Аққозы, Қаратөбе, Қалдығайты, Қоскөл - 4 совхоз болған. 1961 жылы жаңадан Шөптікөл және Саралжын совхоздары құрылған.
1962-1965 жылдары арасында, аудандарды ірілендіріп аймақтық басқаруға сәйкес Жымпиты ауданына тұтастай қосқан, ал 1966 жылдың ақпан айынан үшінші рет қайтадан бөлек аудан болып құрылып, жұмысын жалғастырып келеді. 1966 жылдың ақпан айында ауданымыз құрылғанда жоғарыда аталған 6 совхоз және 6 совет болған болса, 1967 жылдың шілде айында Қоскөл совхозының негізінде жаңадан Егіндікөл совхозы, 14 қыркүйек 1967 жылғы облыстық совет атқару комитетінің қарарымен Шөптікөл және Қоскөл селолық советтері құрылған. 1975 жылы 27 наурыз айындағы облыстық атқару комитетінің шешімімен Шөптікөл совхозының №3 бөлімшесі негізінде Жусандой мал бордақылау бірлестігі ұйымдастырылған. Орал облыстық атқару комитетінің 20 сәуір 1983 жылғы №277 шешімімен Жусандой мал бордақылау бірлестігі негізінде Қазақ ССР 60 жылдығы атындағы совхоз ашылып, Жусандыой селолық советі жаңадан құрылған.
1983 жылдан бастап ауданның аумағы 9 селолық советке бөлінген. Жер көлемі 10 мың шаршы метр (1млн гектар), батыстан шығысына дейін 125 шақырым, оңтүстіктен солтүстікке дейін 130 шақырымды алады. Аудан халықының негізін қазақтар құрайды (95, 5%) . Халықтың орташа тығызд. 1 км2-ге 2, 1 адамнан келеді. Ірі елді мекендері: Қаратөбе (3, 6 мың адам), Егіндікөл (1, 8), Қоскөл (1, 4), Қарақамыс (1, 7), Қалдығайты (1, 8) . Аудан етті - сүтті мал, биязы жүнді және қаракөл қойын өсіруге және егін егуге бағытталған. Ауыл шаруашылығына жарамды жері 964, 0 мың га, оның ішінде жыртылатын жері 44, 7 мың га, шабындығы 92, 7 мың га, жайылымы 826, 0мың га-ға жуық, дәнді дақылы 63, 4 мың га, көкөніс, қаратоп 0, 1 мың га жерді құрайды. Аудандағы бұрынғы 7 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі 1997 жылдан 145 шаруа қожалығына, 14 өндірістік кооператив пен 9 серіктестікке біріктірілген. Оқу орындарынан 27 мектеп, оның ішінде 12 орта, 8 орталау, 7 бастауыш мектеп, 1 спорт мектебі, 2 саз мектебі; 1мұражай, 15 клуб, 8 мәдениет үйі, 24 кітапхана; емдеу мекемелерінен: орталық ауырухана мен емхана, 2 дәрігерлік емхана, кеңес беруші диагностикалық орталық, 17 фельдш. -акушерлік пункт бар. Аудан жерімен Орал-Ақтөбе, Орал - Қаратөбе автомобиль жолы өтеді. 1936 жылдан "Колхозшылар үні"; 1957 жылдан «Еңбек туы»; 2006 жылдан "Қаратөбе өңірі" атты аудандық газеті шығады. Қаратөбе топырағында қазақтың халық композиторы, әнші, ақын, күйші-домбырашы Мұхит Мерәліұлы; қазақтың алғашқы юрисі, демократ Бақытжан Қаратаев, ғалым академиктер Қажым Жұмалиев, Тілеужанов Мәтжан, Рахымжан Елешев, әнші-композиторлар Ғарифолла Құрманғалиев, Ескендір Хасанғалиев, ақын-жазушылар Берқайыр Аманшин, Құрманғазы Қараманұлы туып өскен.
Ханкөл ауылы- Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Жусандыой ауылдық округіне кіретін ауыл. Облыс орталығы Орал қаласынан 220 км, ал аудан орталығы Қаратөбе ауылынан 50 км қашықтықта орналасқан. Ауылда 1 орта мектеп, 1 шағын орталық, 1 медпункт, 1 мәдениет үйі және 1 кітапхана жұмыс істейді. Ауылға 2011 жылы “Ақбұлақ ” бағдарламасы бойынша су жүргізілді. Ауыл тұрғындары алыс елді мекендермен автокөлік жолдары арқылы байланысады.
Ауыл тұрғындарының саны 605 адам(2010 жыл) . Оның 220 ер адам, 224 әйел адам, 161 бала. Ал 1999 жылы 775 адам тұрған. Оның 402 ер адам, 373 әйел адам. Ауылдағы адамдардың жұмыспен қамтылу көрсеткіші-40 %. Халықтың орташа тығыздығы 1 км-ге 3 адамнан. Туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 0, 005%, ал өлім-жітім 1000 адамға шаққанда 0, 002%. Табиғи өсім жылына 0, 003%.
Ауданның негізгі экономикалық даму бағыты мал шаруашылығы болып есептелгендіктен, өткен жылы мүйізді ірі қара мал саны 26661 басқа жетіп 106 пайызды құраса, қой мен ешкі 52123 бас болып 111 пайызға өсті. Жылқы 2815 басқа жетіп 117 пайыз болып отыр. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру барлық шаруашылық нысандары бойынша төмендегідей: өндірілген ет 36333 центнер болып 113 пайызға, сүт 90984 центнер болып 100 пайызға артты. Мал басының өсіп көбейуі халықтың материалдық жағдайының жақсарғаны деп айтуға болады. Біз алдағы уақытта қолда бар мал басын шығынға ұшыратпай соны аман сақтап тұру үшін жағдай жасауға тиіспіз. Қазір мал арасында түрлі аурулардың көп екені де жасырын емес. Осы бағытта аудандық мал дәрігерлік инспекция бөлімі кешенді профилактикалық шаралар жүргізіп, бүгінгі таңда толық аяқтады. Сонымен қатар мал тұқымын асылдандыру мақсатында 9 селолық округте қолдан ұрықтандыру кешендері ашылып біркелкі жұмыс жасап келеді. Шаруа қожалықтарын біріктіріп ірілендіру жұмыстарын жүргіздік. Осы қожалықтардың көп жылдық несие (лизингі) әдісімен асыл тұқымды мал алуға бизнес жоспарлары дайындалып, облыстық ауыл шаруашылық департаментіне сұраныс берілді. Аудандық шығармашылық үйіне 33 бас қазақтың ақбас тұқымды қашарлары алынды.
Биылғы жылы аудан бойынша 1155 гектар жерге егіс және 85 гектар жерге бау-бақша егілді. Осының 385 гектары ақ бидай, 425 гектары арпа, 345 гектар тары - алынған өнім орта есеппен 5, 9 ц/га. Ауыл шарушылық техникаларын жаңарту жұмыстары біркелкі алға қойылды. Аудан бойынша өткен жылдардан бері лизинг әдісімен барлығы 11 ауылшаруашылық техникалары алынды. (трактор, комбайн, кун, касилка) Биылғы жылы 2 бірлік МТЗ-82 тракторына шаруалардың ұсыныс беріліп, «Мұрат» шаруа қожалығы тағы бір жаңа техникаға қол жеткізді.
1. 2. Археологиялық ескерткіштер және оларға сипаттама
1. 3. Қазіргі кездегі тарихи және мәдениет ескерткіштері
ІІ. Қаратөбе ауданы ұлы отан соғысы жылдарында
3. 1. Қаратөбеліктер майданда және тылда
3. 2. Қаратөбе өңірінен шыққан тарихи тұлғалары
ІІІ. Тәуелсіздік жылдарындағы Қаратөбе ауданы
2. 1. Тәуелсіздік жылдарындағы ауданның мәдени жетістіктері
2. 2. Қаратөбе өңірі газетінің тарихы
Батыс Қазақстан облысы тарихында өзіндік орны бар Қаратөбе аудандық «Қаратөбе өңірі» газеті елмен бірге түлеп келе жатқан, абыройы асқақ аудан айнасы.
1936 жылдың 16 наурызы - аудандық “Колхозшылар үні” газетінің ең алғашқы саны шыққан күні болып аудан тарихында жазылған; ал 1957 жылы колхоздар таратылып, совхоздар құрылғанда аудандық партия комитетінің 29. 04. 1957 күнгі №9 бюро шешімімен газеттің атауы “Еңбек туы” болып өзгертілген.
1991 жыл - газеттің ең өрлеу жылы болып саналады, таралым саны - 3363 болып, аптасына 3 реттен шығарылған.
1936-1988 жылдары аралығында баспахана жұмыс жасаған.
2006 жылы аудандық газеттің 70 жылдығы қарсаңында газет жаңа «Қаратөбе өңірі» атауымен шыға бастады. Газет -1 баспа табақ көлемінде, аптасына 1 реттен, жұма күні шықты. Таралым саны - 1720 дана.
Ал, 2010 жылдың 1 қаңтарынан газет өз тарихында тұңғыш рет «Индизайн» бағдарламасы негізінде «Мегалайн» интернет желісі арқылы жеткізілу барысы нәтижесінде түрлі түсті форматта, 2 баспа табақ, 8 бет көлемінде Орал қаласындағы «Жайық Пресс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі баспаханасынан шыға бастады.
Бүгінде газеттің таралымы - 1800 дана.
Баспасөзге жаздырту редакцияда 4 жоба бойынша іске асып келеді:
1. «Аудандық газет - әр шаңыраққа» (Аудан бойынша барлық тұрғындардың «Қаратөбе өңірімен» толыққанды қамтамасыз етілуі) ;
2. «Төл газет - жерлестерге . . . » (Орал қаласында тұратын қаратөбелік жерлестердің төл газетке деген ықыласын арттыра түсу) ;
3. «Газет оқы, көзіңді аш!» (Бұрын-соңды газет-журналдардан хабары жоқ әлжуаз топтағы жандарды рухани байлыққа бейімдеу) ;
4. «Студенттерге - төл газет» (Орал қаласындағы жоғары және арнаулы оқу орындары кітапханалары мен оқу залдарын аудан газетпен қамтамасыз ету, аудандық газетке деген студенттердің қолжетімділігі) .
Облыс бойынша «Қазпошта» мекемесінен бөлініп шығып, газетті жаздырту мен тарату, тасымалдау ісін өз мойындарына алған басылым.
«BAQ kz» ақпараттық порталынан 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап интернет парақшасын ашқан.
Бас редактор болып жасағандар:
1. Бақтияров Жұма (1907-1938) - Орынбор қаласынан 3 класты орысша бітірген. 1936-1937 жылдары «Колхозшылар үні» газетінің редакторы болған. Суырып салма ақын. Көптеген саяси өлеңдердің авторы.
2. Жылкелдин Әділбай (1904-1945) -1937-1938 жылдары «Колхозшылар үні» газетінің редакторы болған. 1938 жылы “Халық жауы” атанып, жазықсыз жапа шеккен.
3. Жақсығалиев Нұржан (1908-1990) - 1938-1942 жылдары аудандық газеттің редакторы болған. Ең алғашқы республикалық комсомол съезінің делегаты. Ұлы Отан соғысының мүгедегі, зейнеткерлікке шыққанға дейін партия, совет қызметтерінде басшы болған.
4. Төлебаев Құрман 1911 жылы Тайпақ ауданында туған. Орал педагогикалық курсын тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 1942 - 1943 жылдары аудандық газеттің редакторы.
5. Жәнібеков Ғаббас (1911-1986) -Жымпиты ауданының Қособа ауылында дүниеге келген. Орал қаласындағы партия-совет мектебін бітірген 1943-1959 жылдары аудандық газеттің редакторы болды. Көптеген шәкірттер дайындаған өнегелі ардагер. Газетте 26 жыл істеген.
6. Маданов Хамит (05. 02. 1927, Жаңақала ауд., Ұялы а -22. 01. 1997, Алматы қ. ) - ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор. Жоғары партия мектебін 1959 ж. бітірген. Қазақ Ғылым Академиясының Ш. Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты. «Көңіл күй», «Заман келбеті», «Біз қазақпыз» өлеңдер жинақтары мен тарихи монографиялардың авторы. 1959-1962 жылдары аудандық газеттің редакторы болған.
7. Наурзин Ғилаж 1930 жылы Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылында туған. Газеттің 1966-1973 жылдардағы редакторы. Орал қаласында тұрады. Газетпен үнемі байланыста жүрген қарымды журналист. “Қаратөбе ауданының құрметті азаматы”
8. Батырғалиев Самат (1931-1976) - 1953 жылы Орал педагогикалық институтын тарих пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Мектеп мұғалімі, директоры, партия қызметкері болып жасаған. Газеттің 1973-1976 жылдардағы редакторы. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
9. Зинуллин Қамалғали (1940-2005) - газеттің 1976-1984 жылдарғы редакторы. Партия, совет, кәсіподақ қызметтерінде көп жылдар басшы болған.
10. Ғұсманов Қуанышқали 1937 жылы Бөрлі ауданы Тұңғыш ауылында туған. Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Мамандығы - журналист. Газеттің 1984-1993 жылдардағы редакторы. Қазіргі кезде Бөрлі ауданының Ақсай қаласында тұрады. “Қаратөбе ауданының құрметті азаматы”
11. Хасанов Қайыржан 1942 жылы Қаратөбе ауданы Сәуле ауылында туған. 1969 жылы Орал педагогикалық институтын бітірген. Мамандығы қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі. Газеттің 1993 - 2005 жылдардағы редакторы. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Өлкетанушы, ақын. 20-дан астам өлеңдер жинағы және тарихи танымдық кітаптардың авторы. 2005 жылдан зейнеткер, Орал қаласында тұрады. “Қаратөбе ауданының құрметті азаматы”
12. Мухамедрахимова Альфия Карейқызы 1950 жылы Камен ауданы, Логашкино ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Орал №11 қазақ орта мектебін, 1971 жылы Орал педагогикалық институтын ағылшын пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітіріп, 1971-1975 жылдары Жаңғала, Тасқала, 1975-1983 жылдары Аққозы орта мектебінде мұғалім, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 1983-1991жылдары аудандық партия комитетінің жауапты қызметкері, 1991-2006 ж. ж. аудандық мұрағат қызметкері, кейін директоры, 2006-2008 жылдары аудандық «Қаратөбе өңірі» газетінің редакциясы ЖШС директоры-Бас редакторы қызметін атқарған. Ел Президенті Н. Назарбаевтың, облыс, аудан әкімдерінің “Алғыс хаттарымен” марапатталған.
13. Бимұханов Ертай Сағындықұлы 1973 жылы 16 тамызда Қаратөбе ауданы Қаратөбе селосында дүниеге келген. 1995 жылы Орал педагогикалық институтын қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.
Республикалық, облыстық ақындар айтысының бірнеше дүркін жүлдегері.
2002, 2007 жылдары Астана қаласында өткен Халықаралық шығармашыл жастардың «Шабыт» фестивалінің «Әдебиет», «Журналистика» номинациялары бойынша дипломанты атанған. Облыстың маңдайалды ақындары А. Бақтыгереева, Қ. Мырзалиев, Ж. Набиуллин атындағы жазба ақындар мүшәйрасында жүлделі орындарға қол жеткізген.
Е. Бимұхановтың туындылары «Қос ішек-Струны души» (Астана), «Жыр Жайық», «Ауылдың азаматтары», «Айтыстың аясында ару Жайық», «Мемлекеттік тілге - құрмет», «Әнімен елді тербеген . . . », «Батыс Қазақстан ақын-жазушыларының библиографиялық көрсеткіші», «Жырлайды Жайық», «Жас жүректер жырлайды», «Қаратөбе ауданының тарихи-танымдық анықтамалығы» т. б кітаптарына енген.
Е. Бимұханов 2005 жылы Орал қаласында өткен облыстық «Қосымша білім берудің үздік оқытушысы» байқауының Гран-При иегері атанып, 2006 жылы Алматы қаласында өткен І-Республикалық қосымша білім беретін педагогтардың конкурсында жүлделі ІІ-орынды иеленеді.
2006 жылы Орал қаласындағы «Ағартушы» баспа-лингвистикалық орталығынан мемлекеттік тапсырыс бойынша «Ақындық-азаматтық тұлға қалыптастыру жолдары» атты педагогикалық-әдістемелік кітабы шыққан. «Сабағы үзілмеген сабақтар» айдары негізінде «Шеберлік мектебі» әдістемелік кітапшасын жасақтаған.
Ол бүгінгі таңда «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау технологиясы жобасын журналистика саласына енгізудің тиімділігі» проблемалық тақырыбы бойынша жұмыстанып жүр.
2011 жылдың мамырында Елордасы Астана қаласында алғаш рет өткен Қазақстанның Бас редакторларының Форумына қатысқан.
2008 жылдың 1 желтоқсанынан «Қаратөбе аудандық «Қаратөбе өңірі» газеті редакциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры-Бас редакторы болып қызмет атқарады.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz