Ақша мен банктік жүйе



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоғары тезхникалық мектебі

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Ақша мен банктік жүйе

Орындаған: Кеңесбай Бақытұлы
Тексерген:

Орал, 2014ж.

Жоспары
Кіріспе
1. Ақша ұғымы
2. Банктік жүйенің мәні
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Ақша қаражаттары мен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету және
оларды жіктеу кәсіпорынның өтімділік және төлем қабілеттік деңгейін дәл
бағалау үшін қажет. Өтімділік туралы ақпарат кәсiпорынның өз қаржы
мiндеттемелерiн мерзiмiнде орындау қабiлетiн болжау үшiн пайдалы.
Өтімділіктің таяудағы болашақта ақшаның бар болуына қатысы бар. Сонымен
қатар, төлем қабiлеттiлiгiнiң қаржы мiндеттемелерiн олардың мерзiмдерiнiң
басталуына қарай дер кезiнде орындау үшiн неғұрлым ұзақ уақыт кезеңi iшiнде
ақшалай қаражаттардың бар болуына қатысы бар.
Банк жүйесі мемлекет пен қоғам үшін аса маңызды жүйе. Оның тұрақтылығы
мен үздіксіз жұмысынан елдің экономикалық гүлденуі тікелей тәуелді болады.
Ақшаның металл теориясы 15-17 ғғ. Ерте кезендерінде, яғни капиталдың
алғашқы қорлану дәуірінде қалыптасқан. Оның аса танымал өкілдері Англияда-
У.Стенфорд, Т.Мэн, Д.Норе, Францияда-А.Монкретьен болды. Олар ақшаны қоғам
байлығымен, яғни асыл тастар- алтын және күміспен теңестіріп, олардың
бүлінуіне қарсы шықты.Сонымен қатар, олар нағыз байлық- табиғатынын шын
мәнісінде ақша болып табылатын текалтын мен күміс деп есептеді.
Аталған теорияны ұстанушылар қоғам байлығының қайнар көзі сыртқы сауда
болып табылады- дейді және белсенді сальдо мемлекетке алтын мен күмістің
келуін қамтамасыз етеді- деп пайымдайды.Қазіргі авторлар ерте металлизм
теориясының қателігі- біріншіден, байлықтың көзі ретінде қоғамда еңбек
етудің нәтижесінде өндірілген материалдық құндылықтардың жиынтығы емес,
асыл металлдар болса; екіншіден, металл ақшалардың айналымында олардың
орнын басатын, яғни қағаз ақшаларға ауысудың мақсатқа лайықтылығы мен
қажеттілігі теріске шығарылып келуінде деп есептейді.

1. Ақша ұғымы
Ақша реформасы - француздың "reforme" және латынның "reformo"
-өзгертемін деген сөзінен шыққан. Бұл — мемлекет билігімен ақша жүйелерінің
толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің жаңа белгіге
ауыстырылуы. Капитализм жағдайында ақша реформасы буржуаздар мүддесі үшін
жүргізіледі, оның ақыры қалың бұқараны қанауды күшейтуге, тұрмысын
нашарлатуға әкеліп соғады. КСРО және баска кеңес елдерде еңбекшілер
мүддесі әр уақытта мемлекет қамқорлығында болды. Ол ақша реформасы кезінде
еңбекшілердің әл- ауқатын жақсартуға бағытталған арнаулы экономикалық
шаралар жүргізуден айқын көрінеді. КСРО-да ақша реформасы екі рет — жаңа
экономикалық саясаттың (ЖЭС) алғашқы жылдары (1922-1924) және Ұлы Отан
соғысы аяқталғаннан кейін (1947)жүргізілді. Азамат соғысы, одан кейін Ұлы
Отан соғысы кезінде Кеңес үкіметі Отан корғау шараларына байланысты көп
шығындарды өтеу мақсатымен ақшаны айналыс қажетінен артық шығара беруге
мәжбүр болды. Бұған қоса көпшілік қолды тұтыну тауарларын өндіру мен сату
мөлшерінің кемуі салдарьшан нақты акшаның айналыс қажеттілігі де
азайды.Ақша реформасы айналысқа банк билеттері - червонецтерді шығаруды
көздеген 1922 жылғы заңнан басталады. Червонец таза алтынның 7,74234 г.,
яғни ескі 10 сомдық аліын шақаға (монетаға) теңелді. Кеңес Үкіметінің
Министрлер Кеңесі мен БК(б)І I Орталык Комитетінің 1947 жылғы "Ақша
реформасын жүргізу және азық-түлік пен өнеркәсіп тауарларына карточкаларды
жою туралы " қаулысында: "Акша реформасын жүргізу еңбекшілердің әл-ауқат
дәрежесін арттыруға, халық шаруашылығын қалпына келтіріп, өркендетуге және
кеңес мемлекетінің күш-қуатын одан әрі нығайта беруге көмектеседі " деп
көрсетілді. 1947 жылғы ақша реформасы мемлекеттің қазыналық билеттер
құрылысына ешбір өзгеріс енгізген жоқ, мұнда айналыстағы басы артық ақша
жойылды, жалдаптар жинаған ірі ақшаларынан айырылды және карточка жүйесі
жойылғаннан кейін олардың арзандатылған бағамен тауарларды көптеп сатып
алуына мүмкіндік қалдырылмады.

2. Банктік жүйенің мәні
Қазақстанның банк жүйесі позитивті макроэкономикалық жағдайлардың
айнасында дамып келе жатыр. Банктердің активтері мен капиталы өте жоғарғы
қарқынмен көбеюде және ресурстық база кеңеюде. Қаржылық жүйеге сенім
күшеюде. Банктер өздерінің экономикалық потенциалын пайдалана отырып,
қаржылық делдалдар жүйесінде басты орынды алады, сондай-ақ ТМД елдері мен
барлық шетел нарықтарында бәсекеге қабілеттілікті арттыра отырып
мемлекетаралық интеграциялық процесстерді күшейтуде де маңызды роль
атқаруда.
Қазақстанның қазіргі банк жүйесі банктік қызметтің негізгі халықаралық
стандарттарына жауап беруде, елде дамыған инфрақұрылымды қаржылық нарықтар
қызмет етіп жатыр. Елдің зейнетақы және төлем жүйелері посткеңестік
кеңістікте барынша дамыған балып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік жүйенің дамуы мен қалыптасуы
Ақша аудару шартының элементтері
Қазақстан Республикасының банктiк жүйесiнiң даму тенденциясы
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің қалыптасуы мен дамуы
Коммерциялық банктердің несиелік портфелін басқару
Қазақстан Республикасының банктiк жүйесiнiң қалыптасуы
Банктік жүйе
Сыртық экономикалық банкі
Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайында
Қазақста Республикасының банк жүйесi
Пәндер