Ақыл ой тәрбиесі туралы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Пәні: «Мамандандыру»

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

«Ақыл ой тәрбиесі»

Орындаған:

Тексерген: Абилова А. Ә.

Орал, 2013ж.

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының негізі

2. Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттерінің шығуы

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Қазақстан қоғамындағы әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстер жалпыға бiлiм беру жұйесiн тұпкiлiктi жаңартуды қажет етедi. Сонымен қатар орта буын, яғни «терең бiлiм, кәсiптiк дағдылар негiзiнде iс-әрекет жасайтын, өзiн-өзi дамытатын, жылдам дамып отыратын бұгiнгi заманда өздiгiнен дұрыс, құлықтық-жауапкершiлiк шешiмдердi қабылдай алатын тұлғаны қалыптастыру» мақсат етiп қойылған. Жалпы бiлiм беру жұйесiн реформалауда негiзгi құрамдас бөлiк тәрбие болып саналады.

Жастарды тәрбиелеу бүгiнгi кұнде жаңаша түрде жанасуды талап етедi. Қоғам қазiргi таңда «бәсекеге қабiлеттi, экономикалық ойлауы дамыған, жан-жақты қалыптасқан, жалпыадамзаттық құндылықтарды игеруде шығармашылық iскерлiгi мен дағдысы болатын, тұрлi мамандықтарды меңгере алатын, өмiрлiк қиын да күрделi мәселелердi жылдам, әрi нақты шеше алатын тұлғаны тәрбиелеудi» мақсат етедi. Жаңа әлеуметтiк-экономикалық жағдаяттар жастар санасында басқа да құнды бағыттардың қалыптасуына, яғни жас ұрпақты тәрбиелеу нормалары мен ережелерiне қайшы келедi.

Тәрбие түсінігі мағыналық жағынан кең ауқымды категория. Мысалы, жоғарыда тәрбиені өсіп келе жатқан әулетті тұрмысқа дайындау деп анықтағанбыз. Ал, бұл дайындықты ұйымдастырылған тәрбие қызметінің барысында іске асыруға болады, сонымен бірге ол балалардың күнделікті үлкендермен араласа жүріп, тұрмыстық іс- әрекетке үйрену мен де орындалуы мүмкін. Бірақ аталған екі жағдайдағы тәрбиелік әрекеттер әртүрлі мағынаға ие болатыны сөзсіз. «Қоршаған орта тәрбиеледі», «Отбасының тәрбие жемісі», «Мектеп тәрбиесі адам қылды» деп нақтылып айтатын болсақ, онда бұл бір мақсатты сияқты әрекеттердің өзара теңгерілмейтінін байқаймыз. «Қоршаған орта тәрбиеледі» немесе «Отбасы тұрмысы тәрбиеледі» деумен жеке адм дамуы мен қалыптасына әлеуметтік- экономикалық және тұрмыстық жағдайлардың күнделікті жоспарсыз, мақсатты бағдар болмаған ықпалын түсінеміз. Ал енді «мектеп тәрбиесі» десек, әңгіме басқаша, бұл ретте арнайы ұйымдастырылған және саналы іске асырылатын тәрбиелік қызметті білеміз.

К. Д. Ушинский: «Педагогикадағы тәрбие - алдын-ала ниеттелген және арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процесс» деп тұжырымдаған. Тәрбие мәнін дәлірек топшылау мақсатымен американ психологы және педагогы Эдвард Ли Торндайк былай деген еді: «Тәрбие сөзіне әркім әртурлі мағына береді, бірақ ол қашанда өзгеріс дегенді аңдатады. Егер біреуді өзгеріске келтіре алмасақ, біз оны тәрбиелемегеніміз». Ал енді осы өзгерістер жеке адам дамуында қалай көрінеді Бұл сұраққа жауап бере, К. Маркс «Адамның қоғамдық тұлға ретінде дамуымен қалыптасуымен азаматтық болмысты игеру жолымен іске асды»- деген еді. Бұл тұрғыдан тәрбиені өсіп келе жатқан әулеттің азаматтық болмысты игеруге пайдаланатын құрал- жабдығы деп білі қажет.

Ал енді осы болмыстың өзі не және оны игеру қалай өтеді Адамзаттық болмыс дегеніміз адамдардың көптеген ұрпағының еңбегі және жасампаздық ұмтылысынан туындаған қоғамдық тәжірибе. Бұл тәжірибе өз ішнде келесі құрылым бірліктерін қамтиды:

1. Адамдардың табиғат және қоғам жөнінде жасаған білімдерінің жиынтығы

2. Еңбектің әр қилы саласында қажет ептіліктер мен дағдылар және шығармашылық іс-әрекет әдістері

3. Әлеуметтік, рухани қатынастар.

Педагогика үшін және бір маңыздысы - жеке адамдық даму тұлғаны тәжірибе игеру қызметіне қосумен ғана шектелмейді, ең бастысы, оның сол сәттегі істе белсенділігіне, оның бағыт-бағдарына, яғни еңбекке деген қатынасына байланысты.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев мұғалімдердің республикалық ІІ съезінде атап көрсеткендей, оқыту мән тәрбиелеудің бір - бірінен ажырап қалуы, тәрбиенің оқуға қосымша шара деңгейіне дейін төмендеп кетуі де жастар арасындағы мұратсыздық пен кері кетушілікке (деградацияға) себеп болды. Сондықтан да Үкімет білім беру жүйесін реформалау мақсатында ҚР Білім Заңын және соған сәйкес жасалған «Білім беру мекемелерінде тәрбие үрдісін ұйымдастырудың кешенді бағдарламасын» жасап, енгізді.

Ақыл-ой тәрбиесі - балалардың ақыл-ой күштері мен қабілеттерін дамыту, ой еңбегін игеру арқылы қоғам, табиғат, адам туралы ғылыми білімдер жүйесін меңгеру процессіне мақсатты және жоспарлы түрде ықпал ету.

Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін "Ақылдан қымбат байлық жоқ", "Ақылды сатып ала алмайсың", "Ақыл - тозбас киім, білім - сарқылмас булақ" деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.


Негізгі бөлім

1. Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты

дамуының негізі

Халық педагогикасында оқыту мен білім берудің принциптері қазіргі ғылыми педагогика тұжырымдарымен ұштасып жатыр. Халық білім мен өмірдің тығыз байланысты болуын талап етті. Халық педагогикасы оқытудың көрнекі болуын ойдан шығарған жоқ. "Көзбен көргеп, құлақпен естіген ақиқат емес тек қана мұқият зерттелген ақиқат".

Халық педагогикасыңда тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың анықтамаларының да ғылыми педагогиканың анықтамаларымен сәйкес кенетіндігі байқалады. Халық педагогикасы бойыиша ақыл-ой тәрбиесі деп шәкірттердің ойлау қабілеттерін, сана-сезімін оқу және еңбек процесінде дамытуды айтады. Ғылыми педагогикалық анықтамасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп оқушылардың ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой еңбек мәдениетін дарытудағы тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекетін түсіндіруді айтамыз.

Бірақ оқушы өмірінің іс-әрекеті тек тәрбиешілердің мақсатты ықпалымен шектелмейді. Оған қосымша оқушыны қоршаған ортаның ықпалдары мен әсерлерін еске алу қажет. Бұл кеңірек, ақыл-ойдың дамуы ұғымымен айқындалады.

Ақыл-ой тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруга, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуыпың қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.

Ақыл-ой тәрбиесінсіз дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіп пен орынды мінез-құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер, дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат және қоғам құбылыстарына талғампаздық, дене күш-қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін игеру мәселелерін шешу мүмкін емес.

Қорыта айтқанда, ақыл-ой тәрбиесі - адам зиялылығының негізі. Ақыл-ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл-ой күштері.

Белгілі психологтар мен педагогтардың еңбектерінде ойлаудың түрлері, олардың мәні, мазмұны жеткілікті зерттелген мәселелердің бірі. Сондықтан біз жеке-жеке ойлаудың түрлеріне тоқталамыз. Бірақ кейбіреулерін кейінірек атап кеткен жөн.

Жалпы айтқанда ойлау дегеніміз не? Ойлау деп заттар мен құбылыстардың арасындағы табиғи байланыстарды және қатынастарды бейнелейтін психикалық процесті атайды. Ойлау таным іс-әрекетіндегі күрделі процесс. Ал таным - бұл әржақты процесс. Ол білмеуден білуге қарай бағытталған ой қозғалысының адам миында бейнеленуі.

Ойлау адам миы қызметінің нәтижесі. Ой-түңсіну, қабылдау, елестету арқылы алынған сезімдік деректердің адам миы арқылы өңделуі, мәнге айналуы. Ойлау - барлық адамдарға тән туынды түсінік. Жеке адам даму процесінде тәрбие қоятын міндеттерге сай жедел дамитын ойлаудың нақты жақтарын немесе түрлерін қалыптастырады. Мұғалімнің міндеті ойлау түрлерінің мәнін терең түсіруі, оларды тұтас педагогикалық процесте шебер қолдана білуі, оқушылардың ақыл-ой қабілетінің дамуына әсер ету тәсілдерін жете зерттеу қажет.

Енді әрбір ойлау түрлерінің тұлғаның даму процесінде алатын орны туралы сөз етейік.

Нақты және абстракт логикалық ойлау.

Нақты логикалық ойлау затты біздің тікелей қабылдауымыз. Мұны кейде көрнекі ойлау деп те атауға болады. Нақты логикалық ойлау балалардың ойлау және оқу процесінде, адамдардың еңбек іс-әрекетінде байқалады.

Абстракт логикалық ойлау жалпы және дерексіз ұғымдарға сүйенеді. Мысалы, абстракт ойлау күрделі мәселелерді шешудегі біздің ой-пікірлеріміз, яғни байымдау, ой жүгірту. Бұл ойлау түрін психологияда ұғымдық ойлау деп те атайды. Ұғымдық ойлау кейбір мәңді ұқсастық белгілерінің негізінде түсініктерді жіктерге және топтарға бөлу білігін қажет етеді.

Жинақтай ойлау белігі бір құбылыстар тобын қамтитын әрекеттердің ортақ принцшітерін немесе тәсілдерін білумен сипатталады. Бұл жерде ойдың жинақталу дәрежесі, оның ауқымы жалпылық тұрғыдан қараудың құбылыстардың үлкен немесе кіші топтардың қамтуына тәуелді.

Алгоритмдік ойлау көздеп отырған нәтижені қамтамасыз ететін нақты әрекеттерді қатаң орындау нұсқау арқылы жұмысты іске асыру.

Индуктивтік ойлау ғылыми зерттеу немесе оқушыларга жаңа білімдерді баяндауда ойдың жекеден жалпыға, деректерден жинақтауға қарай қозғалуын қажетсінеді.

Дедуктивтік ойлау жалпыдан жекеге, дербестікке қарай жүретін ойлау процесімен байланысты.

Сонымен ойлау түрлері шәкірттердің нақты зиялылық білігін сипаттайды. Адамның өмір тәжірибесіне, іс-ерекеттеріне, оның алдында тұрған мақсатының ерекшелігіне байланысты әр түрлі сатыда іске асады.


2. Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттерінің шығуы

Ақылдың белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды. Ақыл-ой күштері адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, нақты зиялылық біліктерді меңгеруге қабілетті етеді.

Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері де осыған шығады. Олар:

- ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорын жинау;

- негізгі ойлау операцияларын меңгерту;

- зиялылық біліктерді қалыптастыру;

- дүниетанымды қалыптастыру;

Аталған міндеттерге жеке-жеке тоқталайық.

Білім қорын жинау. Оқушыға зиялы белсенді іс-әрекетке қажетті ақылдың бірде-бір құнды сапасы жүйеге келтірілген білімдер қорынсыз дамуы мүмкін емес. Көп жағдайда білімдер көлемін беру ұғымын қарастыра отырып қараймыз. Білімдер көлемі қоғамның мәдени дамуының деңгейімен сипатталады. Олай болса білім көлемі ұғымы салыстырмалы ұғым.

Өмірге жолдама алушы жастың білімдерінің ауқымы өз бетімен білім алуға негізделген білім беру бағдарламаларымен, болашақ кәсіптік дайыңдығының сырымен анықталады. Белгілі бір білім қорын жинау ең алдымен нақты оқу материалын меңгеруді қажет етеді. Мұның құрамына деректер, атаулар, белгілер, адамдар мен заттар аттары, атаулы күндер, ережелср, заңдар, заңдылықтар, формулаларда бейнеленетін және араларыңдағы байланыстары мен тәуелділіктері бар жалпы, жеке, нақты, абстрактілі түсініктер кіреді. Сонымен қатар білімдерге сол білімдерді қолдану ауқымы мен тәсілдерді білу, оларды пайдалану әдістерін игеру, әлем жөніндегі ғылыми ұғынуының жалпы жүйесіндегі білімнің әрбір бөлігінің орнын түсіну де жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақыл-ой тәрбиесі туралы жалпы түсінік
Ақыл-ой тәрбиесінің теориялық негіздері
Сенсорлық білім - сенсорлық танымның қалыптасуын және сезімдер мен қабылдауды жетілдіруді қамтамасыз ететін мақсатты педагогикалық әсерлер
Қазіргі қоғамдағы ақыл-ой тәрбиесінің жеке тұлғаны тәрбиелеудегі маңызы жайлы
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі
Тұтас педагогикалық процестегі оқушылардың процестегі ақыл-ой тәрбиесін ұйымдастыру жолдары
Бала тәрбиесі - өте күрделі процесс
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамыту
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz