Ақыл ой тәрбиесі


Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
Пәні: «Мамандандыру»
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
«Ақыл ой тәрбиесі»
Орындаған:
Тексерген: Абилова А. Ә.
Орал, 2013ж.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ақыл-ой тәрбиесі және оның міндеттері туралы
2. Ұстаз өнегесі, ақыл-ой тәрбиесі
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін "Ақылдан қымбат байлық жоқ", "Ақылды сатып ала алмайсың", "Ақыл - тозбас киім, білім - сарқылмас булақ" деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.
Халық педагогикасында оқыту мен білім берудің принциптері қазіргі ғылыми педагогика тұжырымдарымен ұштасып жатыр. Халық білім мен өмірдің тығыз байланысты болуын талап етті. Халық педагогикасы оқытудың көрнекі болуын ойдан шығарған жоқ. "Көзбен көргеп, құлақпен естіген ақиқат емес тек қана мұқият зерттелген ақиқат".
Халық педагогикасыңда тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың анықтамаларының да ғылыми педагогиканың анықтамаларымен сәйкес кенетіндігі байқалады. Халық педагогикасы бойыиша ақыл-ой тәрбиесі деп шәкірттердің ойлау қабілеттерін, сана-сезімін оқу және еңбек процесінде дамытуды айтады. Ғылыми педагогикалық анықтамасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп оқушылардың ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой еңбек мәдениетін дарытудағы тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекетін түсіндіруді айтамыз.
Бірақ оқушы өмірінің іс-әрекеті тек тәрбиешілердің мақсатты ықпалымен шектелмейді. Оған қосымша оқушыны қоршаған ортаның ықпалдары мен әсерлерін еске алу қажет. Бұл кеңірек, ақыл-ойдың дамуы ұғымымен айқындалады.
Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Ақыл-ой тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруга, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуыпың қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.
Ақыл-ой тәрбиесінсіз дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы тәртіп пен орынды мінез-құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер, дағдылар, тіршілік ету ортасы, табиғат және қоғам құбылыстарына талғампаздық, дене күш-қуатын арттыру жолдарын білу, қоғам өмірінің құқықтық негіздерін игеру мәселелерін шешу мүмкін емес.
Негізгі бөлім
1. Ақыл-ой тәрбиесі және оның міндеттері туралы
Белгілі психологтар мен педагогтардың еңбектерінде ойлаудың түрлері, олардың мәні, мазмұны жеткілікті зерттелген мәселелердің бірі. Сондықтан біз жеке-жеке ойлаудың түрлеріне тоқталамыз. Бірақ кейбіреулерін кейінірек атап кеткен жөн.
Жалпы айтқанда ойлау дегеніміз не? Ойлау деп заттар мен құбылыстардың арасындағы табиғи байланыстарды және қатынастарды бейнелейтін психикалық процесті атайды. Ойлау таным іс-әрекетіндегі күрделі процесс. Ал таным - бұл әржақты процесс. Ол білмеуден білуге қарай бағытталған ой қозғалысының адам миында бейнеленуі.
Ойлау адам миы қызметінің нәтижесі. Ой-түңсіну, қабылдау, елестету арқылы алынған сезімдік деректердің адам миы арқылы өңделуі, мәнге айналуы. Ойлау - барлық адамдарға тән туынды түсінік. Жеке адам даму процесінде тәрбие қоятын міндеттерге сай жедел дамитын ойлаудың нақты жақтарын немесе түрлерін қалыптастырады. Мұғалімнің міндеті ойлау түрлерінің мәнін терең түсіруі, оларды тұтас педагогикалық процесте шебер қолдана білуі, оқушылардың ақыл-ой қабілетінің дамуына әсер ету тәсілдерін жете зерттеу қажет.
Енді әрбір ойлау түрлерінің тұлғаның даму процесінде алатын орны туралы сөз етейік.
Нақты және абстракт логикалық ойлау.
Нақты логикалық ойлау затты біздің тікелей қабылдауымыз. Мұны кейде көрнекі ойлау деп те атауға болады. Нақты логикалық ойлау балалардың ойлау және оқу процесінде, адамдардың еңбек іс-әрекетінде байқалады.
Абстракт логикалық ойлау жалпы және дерексіз ұғымдарға сүйенеді. Мысалы, абстракт ойлау күрделі мәселелерді шешудегі біздің ой-пікірлеріміз, яғни байымдау, ой жүгірту. Бұл ойлау түрін психологияда ұғымдық ойлау деп те атайды. Ұғымдық ойлау кейбір мәңді ұқсастық белгілерінің негізінде түсініктерді жіктерге және топтарға бөлу білігін қажет етеді.
Жинақтай ойлау белігі бір құбылыстар тобын қамтитын әрекеттердің ортақ принцшітерін немесе тәсілдерін білумен сипатталады. Бұл жерде ойдың жинақталу дәрежесі, оның ауқымы жалпылық тұрғыдан қараудың құбылыстардың үлкен немесе кіші топтардың қамтуына тәуелді.
Алгоритмдік ойлау көздеп отырған нәтижені қамтамасыз ететін нақты әрекеттерді қатаң орындау нұсқау арқылы жұмысты іске асыру.
Индуктивтік ойлау ғылыми зерттеу немесе оқушыларга жаңа білімдерді баяндауда ойдың жекеден жалпыға, деректерден жинақтауға қарай қозғалуын қажетсінеді.
Дедуктивтік ойлау жалпыдан жекеге, дербестікке қарай жүретін ойлау процесімен байланысты.
Сонымен ойлау түрлері шәкірттердің нақты зиялылық білігін сипаттайды. Адамның өмір тәжірибесіне, іс-ерекеттеріне, оның алдында тұрған мақсатының ерекшелігіне байланысты әр түрлі сатыда іске асады.
Ақылдың белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды. Ақыл-ой күштері адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, нақты зиялылық біліктерді меңгеруге қабілетті етеді.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері де осыған шығады. Олар:
- ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорын жинау;
- негізгі ойлау операцияларын меңгерту;
- зиялылық біліктерді қалыптастыру;
- дүниетанымды қалыптастыру;
Аталған міндеттерге жеке-жеке тоқталайық.
Білім қорын жинау. Оқушыға зиялы белсенді іс-әрекетке қажетті ақылдың бірде-бір құнды сапасы жүйеге келтірілген білімдер қорынсыз дамуы мүмкін емес. Көп жағдайда білімдер көлемін беру ұғымын қарастыра отырып қараймыз. Білімдер көлемі қоғамның мәдени дамуының деңгейімен сипатталады. Олай болса білім көлемі ұғымы салыстырмалы ұғым.
Өмірге жолдама алушы жастың білімдерінің ауқымы өз бетімен білім алуға негізделген білім беру бағдарламаларымен, болашақ кәсіптік дайыңдығының сырымен анықталады. Белгілі бір білім қорын жинау ең алдымен нақты оқу материалын меңгеруді қажет етеді. Мұның құрамына деректер, атаулар, белгілер, адамдар мен заттар аттары, атаулы күндер, ережелср, заңдар, заңдылықтар, формулаларда бейнеленетін және араларыңдағы байланыстары мен тәуелділіктері бар жалпы, жеке, нақты, абстрактілі түсініктер кіреді. Сонымен қатар білімдерге сол білімдерді қолдану ауқымы мен тәсілдерді білу, оларды пайдалану әдістерін игеру, әлем жөніндегі ғылыми ұғынуының жалпы жүйесіндегі білімнің әрбір бөлігінің орнын түсіну де жатады.
Білім қорын жинаудың жоғары деңгейіне жетуде оқушының жеке мақсаттылығы үлкен роль ойнайды. Оқушының мақсаттылығы алдына қойған мақсатпен оны танымдық іс-әрекетке итермелеуші себептермен оқу біліктерін берік меңгерумен байланысты. Яғни, оқу материалын игеру жолындағы біліктері, зиялы жігерге және ұзақ зиялы іс-әрекетке дағдылану қажет.
Ақыл-ой дамуы және ойлау білігі негізгі ойлау операцияларын меңгеруді қажет етеді. Негізгі ойлау операцияларына ғылымда белгілі анализ, синтез, салыстыру, классификация (топқа жіктеу) жатады.
Анализ дегеніміз бүтінді бөліктерге ойша жіктеу немесе бүтіннің жеке қасиеттерін ойша бөлу болып табылады.
Синтез - заттың бөліктерін ойша үйлестіре біріктіру немесе құбылыстардың жеке жақтарын, олардың белгілері мен қасиеттерін біріктіру. Анализ бен синтез біріне-бірі қарама-қайшы ойлау операциялары болғанымен, олар бір-бірімен үздіксіз байланыста болады.
Белгілі бір сабақтастықта нақты белгілі немесе бірқатар белгілер бойынша олардың ұқсастықтарын немесе айырмашылықтарын анықтауды салыстыру деп аталады. Салыстыру - жинақтаудың қажетті алғы шарты.
Араларындағы ұқсастық немесе айырмашылыққа тәуелді заттар немесе құбылыстарды топтарға ажыратуды жіктеу деп атайды.
Негізгі ойлау операцияларын тұтас педагогикалық процесте меңгеру және нәтижелі қолдана білу мұғалімнің шеберлігін, біліктілігін, білімдарлығын көрсетеді.
Оқушылардың зиялылық іскерлікті меңгеруінің оқу және тәрбие жұмысындағы алатын орны бөлек. Мысалы, оқу еңбегі нәтижелі жүру үшін оқу іс-әрекеті іскерліктерінің тобын оқушылардың меңгеруі өте қажет.
Жалпы оқу іс-әрекеті іскерліктерінің қатарына оқу, тыңдау, өз ойын ауызша баяндау, жазу, кітаппен жұмыс жатады. Іскерлік әр түрлі пәндер және сыныптар бойынша сабақтарда қолданылады. Іскерлік деп алған білім негізінде шәкірттердің практикалық әрекетінің іске асырылуын атайды. Мысалы, сауатты жазу үшін грамматикалық ережелерді білу, жазу және сөйлеу техникасын меңгеру. Ал сауатты оқи білу - сөздердің, дыбыстардың, дауыс ырғағының дұрыс айтылуы, мәнерлеп оқу.
Жалпы оқу іскерліктерін оқушыларға үйрету, олардың білім саласында теориялық сауаттылығының деңгейін көтеру болып табылады. Ал бұл мәселе мұғалімнің әдіскерлігіне, ғылыми педагогикалық сауаттылығына байланысты.
Ақыл-ой тәрбиесіиің тағы да бір маңызды міндеті оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Мұның негізінде әлем танымдылығын түсіну, табиғат пен қоғам дамуының заңдарын ұғыну. Жннақты етіп айтсақ, оқушылар барлық пәндерді оқу процесінде негізгі дүииетанымдық жұмыстарды бекітеді, баянды етуге талаптанады.
2. Ұстаз өнегесі, ақыл-ой тәрбиесі
Ақыл-ой тәрбиесі - балалардың ойлау қабілетін дамыту, интеллектуалдық ақыл-ой санасын, дүниеге ғылыми көзқарасын жетілдіру, ой еңбегі мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет. Ақыл-ой тәрбиесі жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан-жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі. Ол білім жүйесін меңгеруге, оқушылардың рухани күшінің дамуына ықпал жасайды. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат, қоғам, адам жайындағы ғылым негіздерімен қаруландыру; қоршаған ақиқат дүниеге ғылыми көзқарасын, сенімін қалыптастыру; балалардың ойлау қабілетін (абстрактылы ойлау, ойлау операциялары - талдау, синтездеу, салыстыру, жинақтау, топтау, негізгісін ажырату, жіктеу т. б. ), таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазу т. б. ) дамыту. Ол ой еңбегі мәдениетін меңгеруге, интелектуалдық іс-әрекетпен ұзақ шұғылдана білуге, оқушыларды дербес жұмыс істеуге дағдыландырады. Ақыл-ой тәрбиесі шәкірттердің ерекшеліктеріне қарай дидактикалық талаптар (саналылық, белсенділік, өздігінен жұмыс істеуге үйрену, ұғыну т. б. ) қояды. Бұл талаптар оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар арқылы іске асады.
Адамның бойына жақсы адамгершілік касиеттердің сіңісуі, өнер-білімді игеруі тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз «Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы», «Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қонар» деп ұлағатты ұстаздың еңбегінің текке кетпейтінін өсиет еткен. Өнер иесі күйшілер мен әшекей заттарды жасауды оқушылардың бәрі ұстазына еліктеп, өнер жолын қуған жандардан шыққан. Өз ұрпағының өнегелі, абзал азамат болып өсуін армандаған ата-аналар балалары мен немерелерін қолынан жетектеп ағаш-темір шеберлерінің, тігінші, ою-өрнекші, әнші, күйші адамдардың, жанына апарып, солардың өнерін үйретуге зер салған. Ұстаздарының ақысына түйе, құлынды бие беріп қошеметтеген. Арқадағы атақты Сандыбай үйшінің, Семей облысының Шыңғыс болысында өмір сүрген Балтеке, Үйсімбай, Ерденбай сияқты зергер-ұсталардың, Семей облысының Керей, Шұбартау болысындағы Шоқбатар, Жаңа-Семей қаласындағы Қадірсіз сияқты атақты сынықшылардың, Бұғылы-Шаған болысындағы Ысми тәрізді оташы емшілердің ата жолын қуып, өнерді кәсіп еткен жандар екенін ел аңыз етеді. Ауылдас, ағайындас өнерпаздарға еліктеп, әнші, күйші, композитор болған дарын иелері де баршылық. Айталык, Ықыластың ауылында айлап жатып, күйшілік өнерін үйреніп, біздің дәуірімізге жеткізген Дәулет Мықтыбаев, Жаппас Қаламбаев сиякты күйші саңлақтардың шыруы, Құрымбай нағашысының қуышкештігін өнеге тұтқан Қалибектің атақты актер болуы, әке жолын қуып Бабақтың он төрт бала-сының түгелдей әнші-күйші болуы, ағасы Жакыпбектің жанында жүріп, әншілік өнерін үйренген Жүсіпбектің, оған шәкірт болған Жәнібектің жезтаңдай әнші болуы, ауылдасы Күсембайдын әні мен күйін үйреніп өскен Манарбектің асқан әнші-күйші, композитор болуы - ұстаз-дардың ұлағатты тәрбиесінің жемісі. Тәрбиенің түп қазығы үлгі берер ұстазда, «Ұстазға қарап шәкірт есер» деп халқымыз ұстазға үлкен жүк артқан. Ұстаз үшін өз еңбегінің жемісін көруден артық бақыт жоқ. Ұстазының өзіне ұқсаған талантты шәкірті болса, ұстазға ол үлкен абырой, зор мақтаныш. Халық педагогикасында жастарға арнайы: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла, ол саған бойындағы бар асылын берді, өнер үйретті, әкең жасамаған жақсылықты жасады, шын шәкірт болсаң ұстазыңның үмітін ақта, жолын қу, өнерін жалғастыр» деген акыл-кеңестер айтылған.
Мұның бәрі сергек, сезімтал, акыл-ой парасаты мол, жан-жақты білімді, өнегелі, өнерлі азамат болуын көксеуден туған.
Адамның қабілетін жан-жақты жетілдіре тәрбиелеу үшін дене еңбегімен қатар, ақыл-ой тәрбиесін өрістету аса қажет. Өйткені қоғамның дамуы еңбек пен ғылымның, ұштаса өрістеуімен тығыз байланысты. Қорамдағы барлык байлык, - ой еңбегі мен дене еңбегінің, ғылым мен техника жетістіктерінің ортақ жемісі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz