Ақыл ой тәрбиесінің мақсатынан туындайтын міндеттер


Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
Пәні: «Мамандандыру»
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
«Ақыл ой тәрбиесі»
Орындаған:
Тексерген: Абилова А. Ә.
Орал, 2013ж.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Тәрбие әлеуметтік құбылыс
2. Ақыл ой тәрбиесі
3. Ақыл ой тәрбиесінің мақсатынан туындайтын міндеттер
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Егеменді еліміздің пердесі ашылмай, шіркеуленіп келген ұлттық тәрбиесі жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан бастап, еркін қолға алынды да, көптеген оқыту бағдарламалары мен оқу құралдары, газет-журналдар жарыққа шықты. Мен осы "Ақыл-ой тәрбиесі қалыптастыру" тақырыбы бойынаша ақыл-ой тәрбиесі мәселесі жөнінде оқытушылардың балалармен жұмысы туралы практикалық, әдіс-тәсілдер мәліметтерін педагог мамандарына арналған тамаша мерзімді басылымадардан алдым. Мен осындай басылымдардың бірінен сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы мазмұнымен таныстым. Бұл бағдарлама әлемнің түпкір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі.
Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдыдтарихи өмірде жинаңталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.
Ақыл-ой тәрбиесі
Орынғалиева Шолпан
Ақыл-ой тәрбиесі - адамның таным қабілетін дамытып, білім қорын игеруіне жол ашатын тәлім-тәрбиенің негізгі бір саласы. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы оқушылардың оқып білім алуына іс-әрекетін бағыттау - сана-сезімінің дамуына, ғылыми негіздерін меңгеруіне бағыт-бағдар бере отырьш жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан-жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі.
Ойлау құрылымының механизмін түсіну үшін ақыл-ой қызметінің репродуктивті және продуктивті бөліктері қатынастарының қағидасы ерекше маңызды. "Ойлау - шындықты танудың қорытындыланған және жанама түрдегі үрдісі, бірақ оның диалектикалық, қарама-қайшылықтық бірлігінде продуктивті және репродуктивті бөліктері тұтасып кеткен" деп көрсетеді З. Калмыкова.
Н. Менчинская өз еңбегінде "Жақсы дағдыланған және нық бекітілген тәсілдерді қалыптастыру оқушылардың ақыл-ой дамуына елеулі әсер береді" деп, оның дамытушылық функциясының жоғарылауын, оқыту тәсілдерінің рөлін анықтайды.
Ақыл-ой қызметінің тәсілі - ол белгілі бір топтағы мәселелерді шешу үшін ұйымдастырылған қисынды операция немесе операциялар жиынтығы.
Абстрактылы ойлау елеулі емес екінші дәрежелі белгілерден аулақтануға, жалпы және елеулілерін бөліп алуға, сөйтіп, осы негізде абстрактылы ұғымдарды тұжырымдауға адамның іскерлігін көздеуде өз маңыздылығымен ерекшеленеді. Абстрактылы ойлауға қабілеттілік, сөз жоқ, оқушылардың жасына байланысты. Алайда, абстрактылы ойлаудың дамуы мектеп жасында мейлінше интенсивті етеді. Жүйелі оқыту оның дамуын жеңілдетіп тездетеді. Осы қабілеттіліктердің көріну уақыты оқытудың мазмұны мен сабақ беру әдістеріне байланысты болып келеді. Сондай-ақ негізгі ой әрекеттері мен операцияларды игеру ісінде арнаулы машықтануды керек етеді. Талдай, жинақтай білу және пәндер мен құбылыстарды жіктей алу, шешімдер қабылдауды, қорытындылар шығаруды, баға беруді, ұғымға келтіруді, құбылыстың немесе пәннің белгілі бір қажеттілікпен анықталуын қажетсінеді.
Негізгі бөлім
1. Тәрбие әлеуметтік құбылыс
Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардық өмір сүру тәртібін меңгереді.
Педагогика баланы оқыту, тәрбиелеу тәжірибелерін қорытып, тәрбие және даму үшін қажетті жағдайларды анықтайды.
Тасымалдауға қабілеттілік те ақыл-ойдың дамуыңда өте маңызды болып табылады. Тасымалдау немесе генерализациялау ғылымы ақпарат қауырт есіп отырған қазіргі кезде ерекше маңызға ие, себебі, жаңа білімдерді неғұрлым тез де үнемді игеру үшін негізгі құрал бола алады.
Құбылыстардың түпкі нәтижелерін немесе келіп жетуін алдын ала көре білу қабілеті, ой мен қорытынды шығару негізінде, ең алдымен, табиғат пен ғылымдағы заңдылықтардың рөлі мен маңызы туралы жалпы ұғымдарды игеруге негізделеді, әрі бақылау, талдау, салыстыру, құбылыстар арасындағы ерекшеліктерді табу, ұқсастықтарына қарай ой қорытындыларын жасауды, сондай-ақ индуктивтік және дедуктивтік ойлау әдістерін игере білуді қамтиды.
Индуктивті ойлау жеке пәндер немесе құбылыстар туралы білімдер негізінде оқытылатын барлық пәндер мен құбылыстар туралы жалпы қорытындыға келе білуді көздесе, дедуктивтік ойлау бұрын белгіленген жалпы ережені, жеке деректерді немесе құбылыстарды зерттеп, үйрене білуге қолдануды міндеттейді.
Интеллектуалдық әрекетке адам қабілеттерін дамыту ой еңбегінің мәдениетін игерумен де мейлінше тығыз байланысты. Ой еңбегі мәдениетінің ұғымына, әдетте, ой жұмысының режимін тиімді ұйымдастыра білу туралы ұғым, белгілі бір жүйе жасап алу, ұқыпты жұмыс істеу қабілеті жатады.
Ой жұмысының нәтижелілігі жұмыста адам белгілі бір жүйені ұсынатын болса едәуір артады, бұл әрекет жасаудың белгілі бір дәйектілігін таңдап алудан, жұмыс орнының белгілі бір ұйымдастырылуынан, осы материалдарды және оқу құралдарын, т. б. орналастыру жүйесімен жазба жұмыстарды жазып алуды жүргізу жүйесінен көрінеді. Нақ осы ой еңбегінің мәдениеті интеллектуалдық қызметпен ұзақ шұғылдана білуге жол ашады.
Дербес танымдық қызметке қабілетті дамытуда ақыл-ой дамуы міндетінен саналады. Дербес танымдық қызметке қабілеттілік жалпы мәдени ой-өрісін ұлғайтып, өздігінен білім алу және адамды жан-жақты дамыту үшін де керек. Дербес танымдық қызмет ақыл-ой дамуының жеткілікті дәрежесін дербес жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын игеруді, сондай-ақ белгілі бір мотивтердің болуын көздейді. Дербес жұмыс істеу іскерліктері мен дағдылары ой еңбегінің мәдениетімен де байланысты, өйткені бұл жұмыстың нәтижелі болуы үшін оны тиімді ойластырып ұйымдастыру керек болады.
Дербес жұмыс істеудің іскерлігі мен дағдыларының өзін алатын болсақ, ең алдымен, қандай салада болса да білімді игеру үшін қажетті бірқатар жалпы қасиеттерді қалыптастыру көзделеді. Бұлардың қатарына мұқият жұмыс істей білу, қиыншылықтарды жеңудегі табандылық, дамыған ес және оның түрлі формаларын қисынды қимылға келтіру, көру формаларын пайдалану, кітаппен жұмыс істеу, байқау және жүргізе білу, ой әрекеттерінің бірқатар тиімді тәсілдерін игеру, өзін бақылай білу жатады.
Дербес танымдық қызметке қабілеттілікті қалыптастыру үшін қажетті жалпы қасиеттер, ең алдымен, оқу-тәрбие ықпалдарының барлық кешені арқылы жасалады. Ой еңбегінің мәдениеті мен дербес жұмыс істей білу іскерлігін игеруге байланысты қасиеттер жеке тұлғаның дербес нәтижелі жұмыс істеу үшін қажетті алғышарттар болып табылады.
Алайда, дербес жұмыс оқушыларға берген материалдардың, олардың мақсат пен міндеттері, оның тәжірибелік маңызы айқын болғаңда және тапсырманы орындауда дербес жұмыс істеу әдістерін меңгергеңде ғана оқушылардың ақыл-ой белсеңділігі туады.
2. Ақыл ой тәрбиесі
Ақыл-ой қабілеттерін дамыту тұрғысынан алғанда, дербес жұмыс оқушының алдына мәселе қойылып, мәселелік жағдаят жасалғанда анағұрлым тиімді бола түседі. Мәселелік жағдаяттар тек күрделі де елеулі міндеттер мен мәселелердің айналасында жасалып қана қоймайды, қандай да болсын танымдық міңдеттерді шешуге барудың өзі де өзекті бола алады.
Оқушыларды білім, іскерлік және дағдылар жүйесімен қаруландырудың мақсат көздеген үрдісі ретінде ақыл-ой жетекші рөл атқарады. Оқыту жеке тұлғаның ақыл-ойының дамуында жетекші болып саналады. Себебі, интеллектуалдылық және белсенді танымдық қызмет үшін керекті ақыл-ойдың бірде-бір бағалы қасиеті жүйеге келтірілген білімдердің қорынсыз дами алмайды.
Даму, ең алдымен, білімдерді меңгергеңде оқушы жасайтын ой операциялары мен әрекеттердің сипаты арқылы анықталады.
Ақыл-ой тапқырлығына, қабілеттілік ісіне тәрбиелеуде едәуір мөлшерде оқытуға зерттеушілік тұрғысынан қарау ісі жәрдем ете алады. Оқытудағы зерттеушілік ұстанымы өздері зерттеп отырған ғылымдарда қолданылатын зерттеулердің негізгі әдістері арқылы жаңа білімдерді өз бетімен меңгере ала білуді оку үрдісінде ұйымдастыру жағы көзделеді. Яғни, олардың қисынды ойлауын дамытып жөне сенімдерін қалыптастыру үшін оқушыларды дәлелдерге және өз көзқарасын негіздеуге үйрету жөніңдегі жұмыстары өте пайдалы болып табылады.
Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашңы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті.
Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. Құл иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар, өндіріс құралдары (жер, еңбек құралдары) - құл иеленушілерінің жеке меншігі болды. Тәрбиенің мақсаты құл иеленушінің мүддесіне бағындырылып, балаларды басқыншылық соғыс өнеріне тәрбиеледі.
Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудық нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады. Мұғалім қандай адамды қалыптастыратынын дәл білуі керек. К. Д. Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді.
Сонымен дәстүрлі педагогикада жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі мақсаты "жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру" - деп жазылды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы "Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы" халықаралық адам құқығы туралы нормаларға сәйкес жазылған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz