Алаш Орда үкіметі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

реферат
Тақырыбы:
Алаш Орда үкіметі

Орындаған: Жумагалиева А.
Тексерген: Сабыргалиева Н.

Орал, 2013
Жоспары:

Кіріспе

1. Ақпан төңкерісі
2. Бірінші Жалпықазақ съезі
3. Алаш партиясының өмірге келуі
4. Алаш партиясының жетекшілері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Алаш партиясы (1917—1920) — 1917 ж. Ақпан төңкерісінен соң Ресей
конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған.
Төрағасы — Әлихан Бөкейханов.
Алаш партиясы мүшелері Алаш Орда үкіметінің құрамында барынша көпшілігі
болған. Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын
реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық
доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада
мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор. Қазақ жері екі ғасырдан астам
Ресей самодержавиесінің қол астында болған жылдарда қазақ халқының өз
тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дәуірінен бастау алған
бірегей саяси тарихы бар халық түгелдей империялық заңдардың бұғауына
түскені біздерге тарихтан белгілі. Қазақ қоғамының осы бір қасіретін
халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси
күрес додасына бастап шықты. Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос
төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра
түсті. Қазақ зиялылары саяси қызметтің қатерлі жолына жалтақтамай,
жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты. Олар: Ә.Бөкейханов,
А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов,
Ж.Досмұхамедов және т.б. болатын. Олар патша самодержавиесінің қазақ
халқының саяси-сезімінің қалыптасып, оның саяси күреске ұласуына барынша
кедергі келтіріп отырғанын бірден түсінген еді.
1. Ақпан төңкерісі

1917 жылы Ақпан төңкерісінің жеңісі күллі қазақ деген ұлт зиялыларының
басын бір жерге қосуға мүмкіндік әкелді. 1917 жылдың сәуір-мамыр айларында
көптеген облыс-уезд орталықтарында аймақтық қазақ сиездері өткізіліп, қазақ
комитеттері құрыла бастады. Олардың жекелеген өкілдері Уақытша үкіметтің
жергілікті органдары болған облыстық және уездік атқару комитеттерінің
құрамына енгізілді. 1917 жылы Қазақ сиездері Орынбор (Торғай облыстық),
Орал (Орал облыстық), Семей (Семей облыстық), Омбы (Ақмола облыстық) т.б.
қалаларында болды. Қазақ сиездерін өткізуге ұлт зиялылары белсене кірісті.
Орал облыстық қазақтардың 1-ші сиезі 1917 жылы 19-22 сәуір аралығында Орал
қаласында өтті. Сиезді уақытша қазақ комитетінің төрағасы Ғұбайдолла
Әлібеков ашып, құттықтау сөз сөйледі. Осы сиезде бірінші кезекте Мемлекетті
басқару туралы, Уақытша үкімет туралы және жүріп жатқан импералистік
соғысқа көзқарас туралы мәселелер қаралды. Сиез төрт күнге созылды, сиездің
соңғы төртінші күні облыстағы оқу-ағарту, мәдениет және т.б. мәселелер
қаралды. Сиез делегаттары Орал облысында қазақтар арасында бастауыш, орта,
жоғары білім беру жүйесі қанағаттанғысыз деп тауып, төмендегі шешімдерді
қабылдады: - мұғалімдер сиезін шақыру қажет; - Орал қаласында уақытша орта
оқу орнын ашу қажет, ерлер гимназиясының бағдарламасы негізінде қазақ
балаларына арнайы оқу орнын ұйымдастырып, оны қазақтар қаражатына салынған
бұрынғы кәсіптік мектептің үйіне орналастыру жөн деп табылсын; - қазақ
тілінде газет, брошюралар шығару қажет деп табылсын; Сиезде бұдан басқа да
мәселелер қаралды, басқа қаралған мәселелерді қосқанда саны 23-ке жеткен.
Орал сиезінің қарарында облыс орталығында орта мектеп ашу және кәсіби
мамандардың қатысуымен халық ағарту ісін реформалау мәселелерін талқылау
үшін мұғалімдер құрылтайын шақыру қажеттілігі көрсетілді. Осы сиезде
Жаһанша Досмүхамедов: Біздің мақсатымыз – ел билеуді халықтың өз қольша
беру, қазақ халқы автономияға ие болып, алдағы уақытта тағдырын өз қолына
алады. Қалың қазақты аяусыз қанаған патша орнынан түсті. Ендігі жерде
қазақты елдің тұрмысын, тілін білетін, мінез-құлқын, әдет-ғұрпын білетіндер
ғана басқарады. Осыған байланысты қалай болғанда да біз Ресейден автономия
алуға тиістіміз, деп өз ойын білдіреді. Жаһаншаның жалынды сөзінде
мемлекеттің саяси құрылысы мен оның мемлекеттік тілі, оның қолдану аясы
ашық түрде айқын айтылғанын біздер ұғынуымыз керек. Кешегі өткен 1986 жылғы
желтоқсан оқиғасының құрбандары болған жастар да Жаһаншаның ой-пікірін
қайталағанын біз еске түсірмей кете алмаймыз. XX ғасырдың басындағы алаш
ардақтылары халықты ұлтаралық бірлікке шақырды, олар ұлтшылдықты арқау
еткен жоқ, керісінше ұлтын сүйген ұлтжанды азаматтар екенін танытты.
2. Бірінші Жалпықазақ съезі

1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде Алаш атты партия
құрылып, бұл сиезде 14 мәселе қаралды. Осылардың ішінде ерекше атайтынымыз:
1) Мемлекет билеу түрі;
2) Қазақ облыстарында автономия;
3) Жер мәселесі;
4) Оқу мәселесі және т.б.
Мемлекетті билеу түрі Ресейде демократиялық, федеративтік парламенттік
республика болу керек деп көрсетілген Н.Мартыненконың Алашорда атты
құжаттар жинағында. Ал 1917 жылы 24 маусымдағы Қазақ газетінде
автономиялықтың негізі туралы әртүрлі пікір-ұсыныстар айтылған. Қазақ
мемлекетінің әлде Федеративтік Россияның бір автономиялық бөлігі болғаны
жөн бе? Қазақтар өз бетімен тәуелсіз ел бола ала ма, әлде тәуелсіздікке
басқа халықтармен одақтасқан жағдайда жете ме деген сұрақтар талқыланды.
Бірақ бұл сиезде нақты пікірге келе алмады. Ал жер мәселесі Құрылтай
сиезіне қалдырылды. Күн тәртібінде айрықша мәнге ие болған дін, оқу-ағарту,
әйел мәселелері және сот жүйесі болды. Бұрынғы ескі сот жүйесі (Народный
сот) таратылып, олардың орнына Қазақ тұрмысына лайық айрықша сот
құрылуға тиіс болды. Келесі мәселе оқу-ағарту саласы: міндетті бастауыш
оқу енгізу, бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде жүргізілу
керектігі айтылып, тіл мәселесін айрықша назарға алған және білім берудің
тегін болуы талап етілген. Білім алудың орта, арнайы, жоғарғы сатылары да
айтылған.
3. Алаш партиясының өмірге келуі

1917 жылдың 21 қараша күні Қазақ газетінде Алаш партиясы
бағдарламасының жобасы және сиез материалдары жарияланды. Алаш
партиясының өмірге келуі үлкен саяси мәселе еді. Сол кездегі қазақ
интеллигенциясы ғылыми жұмыстармен де, оқу-ағарту ісімен де, алғашқы қазақ
тілінде басылымдар шығару қарекетімен де, көркем творчествомен де
айналысқанын көруге болады. Алаш партиясы программасының жобасындағы
тоғызыншы тарауда Ғылым-білім үйрету жөнінде
- оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық, ақысыз болуы;
- жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектептер ана тілінде оқылады;
- қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуға;
- оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы;
- үкімет оқу ісіне кіріспеуі;
- мұғалімдер-профессорлар өзара сайлаумен қойылуы;
- ел ішінде кітапханалар ашылу туралы айтылады.
- газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік - деп көрсетілген.
1917 жылғы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында Екінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш қозғалысы және Бүкіл қазақтық съездің шешімі
ЗЕМСТВО ЖӘНЕ АЛАШ-ОРДА
Алаш қозғалысының соңғы түйіні – Мұстафа Шоқай
Қазақстандағы XX ғасырдағы ұлттық идеяның және ұлттық мемлекеттіліктің дамуы
Қазақ газеті - Алаш партиясының жаршысы
Алаш орда туралы ақпарат
Алаш Орда (1917—1920)
ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының қызметі тәуелсіздік тұрғысында
Алаш Орда құрылтайы
Алаш орда және кеңес үкіметі
Пәндер