Алғашқы қауымдық құрылыс тұсындағы Қазақстанның мәдениеті


Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
«Алғашқы қауымдық құрылыс тұсындағы Қазақстанның мәдениеті»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2013ж.
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Алғашқы қауымдық құрылыс тұсындағы Андрон мәдениеті
2. Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
3. Сақ тайпалық одақтар мәдениеті
4. Үйсін, қаңлы мемлекеті мәдениеті
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезең адамның дерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққасозылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды. Тас дәуірі үш кезеңнен тұрады. Олар көне тас дәуірі (палеолит), орта тас дәуірі (мезолит), соңғы тас дәуірі (неолит) .
Батыс Еуропаның материалдары негізінде құрылған классикалық схема бойынша ежелгі палеолит үш дәуірге: дошелль, шелль, ашель болып бөлінеді. Орта палеолит соңғы ашель, мустье, ал соңғы палеолит ориньяк, солютре және мадлен болып айырылады.
Соңғы жылдары бұл схемаға кейбір өзгерістер енгізіледі. Бірқатар авторлардың пікірі бойынша: олар палеолитті екі дәуірге - ежелгі дәуір мен соңғы дәуірге бөліп, мустье мен соңғы палеолит арасына меже қояды. Көбінесе Африкада жаңа материалдар негізінде адамзат өміріндегі әуелгі дошелльді қамтитын ежелгі дәуір бұл күнде олдувэй дәуірі деп аталады. Ол б. ж. б. 2, 5 млн. жылдан басталады.
Ежелгі палеолиттің одан кейінгі екі дәуірі - шелль мен ашель 800 мың жылдан 140 мың жылға дейінгі дәуірді қамтиды. Көптеген зерттеушілер орта палеолитті (соңғы ашель мен мустьені) біздің заманымыздан бұрынғы 140-40 мың жылдықтарға жатқызады. Соңғы палеолит 40 мың жылдықтан 12 мың жылдыққа дейінгі уақытқа сәйкес келеді.
Адамзат тарихы өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуына ұзақ-ұзақ кезендерге бөлінеді. Ол тас дәуірі, мыс (қола) дәуірі болып үш кезеңге бөлінеді. Ежелгі тас дәуірі адамзат тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезең адамның дерден бауырын көтеріп, екі қолдың еңбек әрекетіне бейімделуі іске асты. Мұның өзі алғашқы адам іспеттес тіршілік иелерінің күнкөріс үшін тас құралдарын жасауына мүмкіндік берді. Осы құралдардың қалдықтары адамзат баласының ең ұзаққасозылған тас дәуірінің уақытын шартты түрде белгілеуге негіз болды. Тас дәуірі үш кезеңнен тұрады. Олар көне тас дәуірі (палеолит), орта тас дәуірі (мезолит), соңғы тас дәуірі (неолит) .
Батыс Еуропаның материалдары негізінде құрылған классикалық схема бойынша ежелгі палеолит үш дәуірге: дошелль, шелль, ашель болып бөлінеді. Орта палеолит соңғы ашель, мустье, ал соңғы палеолит ориньяк, солютре және мадлен болып айырылады.
Соңғы жылдары бұл схемаға кейбір өзгерістер енгізіледі. Бірқатар авторлардың пікірі бойынша: олар палеолитті екі дәуірге - ежелгі дәуір мен соңғы дәуірге бөліп, мустье мен соңғы палеолит арасына меже қояды. Көбінесе Африкада жаңа материалдар негізінде адамзат өміріндегі әуелгі дошелльді қамтитын ежелгі дәуір бұл күнде олдувэй дәуірі деп аталады. Ол б. ж. б. 2, 5 млн. жылдан басталады.
Ежелгі палеолиттің одан кейінгі екі дәуірі - шелль мен ашель 800 мың жылдан 140 мың жылға дейінгі дәуірді қамтиды. Көптеген зерттеушілер орта палеолитті (соңғы ашель мен мустьені) біздің заманымыздан бұрынғы 140-40 мың жылдықтарға жатқызады. Соңғы палеолит 40 мың жылдықтан 12 мың жылдыққа дейінгі уақытқа сәйкес келеді.
Негізгі бөлім
1. Алғашқы қауымдық құрылыс тұсындағы
Андрон мәдениеті
Адамзат тарихының тас дәуірі, мыс (қола) және темір дәуірі болып үш кезеңге бөлінетіні белгілі. Соның алғашқы кезеңінде өмір сүрген адамдардың тастан құрал жасап, ол құралдардың археологиялық қазба жұмыстарының барысында бізге жетуі «тас дәуірі» деп аталатын шартты атаудың шығуына себеп болды. Осы дәуірдің өзі үш кезеңге бөлінді. Палеолит -бастапқы, ежелгі ; мезолит - орталық, ; неолит - соңғы кезең. Бұл кездерде адам баласы дамудың аса ұзаққа созылған азапты жолын өтті. Осы жолда олар үнемі ізденіп, тіршілік тәжірибелерін жетілдіріп, табиғатпен тіл табыса білді. Олардың мезолит кезеңінде садақпен жебені ойлап табуы, шағын тастардан әртүрлі қалақшалар жасауы қажымай-талмай алға басудың жемісі болды. Біздің заманымызға дейінгі бесінші мың жылдықта басталған неолит дәуірінде тас құралдары кеңінен пайдаланылды. Тастарды тегістеу, тесіп, бұрғылау, ағашты арамен кесу сияқты технологиялық әдістердің игерілуі, тұрмыста тас балта, кетпен, дәнүккіш, келі, келісаптардың пайдаланылуы үлкен жетістік болды.
Тас дәуірін ауыстырған қола дәуірінің тұсында діннің бүгінгі бітім-бейнесін қалыптастырып үлгірген Еуразияның ұлы даласын мекендеген адамдар қолға мал ұстап, жерге дән сіңіріп, бірлесіп аң, балық аулау, сөйтіп, топтанып өмір сүру салтын игерді. Еңбек құралдарына ортақ меншік қалыпатасты.
Әртүрлі өлшемдегі мыс пен қалайының, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорытпасы болып табылатын қола еңбек кұралдарымен қару жасау үшін негізгі шикізат болды. Қоламен бірге түсті металдардың әсіресе қалайы мен мыс рудаларының табылып, кен көздерінің ашылуы, металл өңдеуді игеру далалықтардың алдынан дамудың жаңа көкжиегін ашты. Олардың мал шаруашылыгымен бірге металл өңдеу кәсібін жолға қоюын тездетті.
Қола дәуіріндегі, Еуроазияның ұлы даласын мекендеген тегі мен тағдыры ортақ туыс тайпалар бір үлгідегі, бір стильдегі, бірыңғай мәдениет қалыптастырды. Оның мұралары Ачинск маңындағы Андроново селосының қасынан табылғандықтан, ол мұралар «Андрон мәдениеті» деген атпен жұртқа белгілі болды.
Қола дәуірінің алғашкы кезеңін (біздің з. д. XVIII -ғ. ғ. ) және орта кезеңін (біздің з. д. ХУ-Х ғ. ғ. ) түгел қамтыған Андрон мәдениетінің иелері алғашқы қауым адамдарына қарағанда өздерінің өмір тәжірибесінің, сана-сезімінің анағұрлым өскендігімен ерекшеленеді. Отырықшылық дағдысын игеріп, қасынан әртүрлі шаруашылық жайлар мен мал ұстайтын орындар салынған жертөлелерде тұрған олар малшылық, егінші-диқаншылық кәсіппен айналысты. Олар сонымен бірге металдан еңбек құралдарын, қару-жарақты, сәндік бұйымдарын жасай білді. Тесігі бар, түп жағы шығыңқы балта, сағанасында ойығы бар пышақ, балға, шот, егін орағы, пішен шабатын шалғы сияқты кұралдарды өздері жасап күнделікті тұрмыста кеңінен қолданды. Қару-жарақ жасау жетілдірілді. Найза, жебелердің өзгеше ұштары пайда болды. Сәндік бұйымдардан білезік, айна, мойынға тағатын моншақтар, ілмешектер жасалды.
Андрон мәдениеті кісі жерлеу рәсімін жетілдірді. Өлген кісілерге тастан қоршалып зираттар тұрғызылатын болды. Кең жерлерде, әсіресе Жайық бойында зираттардың орнынан биік обалар үйіліп, өлік тастан, ағаш бөренеден жасалған табытқа бүгулі күйінде қырынан жатқызылып, осы обалардағы шұңкырларға жерленді. Олардың жанына саздан жасалып, өрнектеліп үшбұрыш айқыш-ұйқыш және Тура тартылған сызықтармен безендірілтен құмыраға азық салып қою әдеті де болған. Ыдыстардың түбі шығыңқы, домаланып келетін болса енді түбі орнықты, жайпақ болатын болды. Олардың сыртына өрнектер салынды. Сөйтіп, өндіріс техникасының жетілуі және қоладан, балшықтан істелген ыдыстардың әдемілігі Андрон мәдениеті деңгейінің жоғары болғанын көрсетті.
Андрон мәдениеті көшпелі мал шаруашылығының еуропалық классикалық үлгісін қалыптастыруға елеулі үлес қосты. Біздің жыл санауымызға дейінгі ХVІІ-ХV ғасырларды қамтып жатқан Федоров нұра кезеңінде ірі қараны, сиырды көбірек ұстаған далалықтар мекен-қоныстарының маңынан ұзап кете алмады. Кейінірек қола дәуірінің алакөл-атасу кезеңінде олардың баққан малының ішінде жылқы, түйе, қой түлігі көбейіп, оларға алысқа ұзап, шырқай көшіп малды тұнық су, шұрайлы шалғынды жерлерде жайып көшпелі тұрмыстың салт-дәстүрін игеруге қол жеткізді. Мұның өзі малдың өрісінің ғана емес, көшпелілердің ой-өрісінің кеңуіне, олардың түсінігі мен мәдениетінің, уақыт пен кеңістік жөніндегі дүниетанымының қалыптасып, этномәдени болмысының даралануына жол ашты. Оны осы тұста дамыған егіншілік мәдениетінің жәй-күйінен де көруге болады. Оның деректері Шығыс Қазақстан облысындағы Усть-Нарым қонысынан табылған егінші-диқаншы құралдарының қалдықтары арқылы анықталған. Мұндай құралдар, дән түйіршіктері Қазақстанның басқа да жерлерінен көптеп кездесті.
2. Беғазы-Дәндібай мәдениеті.
Андрон мәдениетінің табиғи жалғасы Дәндібай-Беғазы мәдениеті болды. Ол Андрон дәсүрлерін сақтай отырып оны жаңа мән-мағына, мазмұн, соны түрлермен байытты. Қарағанды маңындағы Дәндібай ауылы және Балқаштың солтүстік маңындағы Беғазы қойнауынан қазба жұмыстарының барысында табылған бұл мәдениетке жататын мұралар орталық Қазақстанның көп жерлерінен ұшырасады. Олар Андрон мәдениетінің біраз жетілдірілгенін сипаттайды. Бұл тұста тұрпаты ерекше бейіттік тамдар, жатаған, домалақ ыдыстар пайда болдьқ. Өлген адамдарды жереу ғұрпының да өзгергені байқалады. Өліктер бұрынғыдай бүктелген қалыпта емес аяқ-қолын созып шалқасынан жатқызылып жерленетін болған. Бұл тұстағы молалардан адамдардың мүлік теңсіздігін сипаттайтын дәлелдер де табуға болады.
Дәндібай - Беғазы мәдениеті тұрмыс-тіршілікте қолданылатын заттарды, құралдарды жасау үшін тас металл, мал сүйектерін кеңінен пайдаланудан да көрінді. Бұл тұста қоғамның өндіргіш күштерін дамытуға мыс, қалайы, алтын кендерінің ашылуы металл өңдеудің дамуы зор әсерін тигізді. Мыс өндіру Жезқазған, Успенск өңірінде жүйелі жолға қойылды. Қорытылған мыс, қалайы, темірдең еңбек құралдары, ыдыс-аяқ сәндік бұйымдар істелді. Жауынгерлік қарулар жасалып, олар үнемді жетілдіріліп отырды. Ол кездегі негізгі қарулар жебе, найза, қанжар, орақ, айбалта, семсер, сүмбі, тұтқыш шанышқы, айыр, қақпан т. б. осы сияқтылар болды. Садақ жебесінің, одан атылатын оқтың бірнеше түрлері өмірге келді. Аламан оқ, тіз оқ, кез оқ, тұқыл оқ, кәбе бұзар оқ, қозы жауырын оқ, аймандай оқ, томар оқ, доғал оқ сияқты оқтардың көбі сол тұста пайда болды. . Зергерлік, ісмерлік өнер өріс алды. Жан-жануарлардың, дүние дидарын толтырған рухтың, даналардың, желеп-жебеушілердің, әулие-әнбиелердің, тәңірінің бейнесін елестететін өнер туындылары, қыстырма, бой тұмар сияқты заттар шықты. Табиғатты пір тұтумен қоса адам пішіндес құдайға мойынсынушылық белең ала бастады. Ру, тайпа бабалары, жеке адамдар тұлғаланып, айрықша бейнеге, жинақталған ұғымға айналды. Олар кейінгі келе келе адам бейнесіндегі сын тас, балбал тас сияқты мәдени мұраларды туғызды. Сөйтіп алғашқы қауымдық кұрылыс аясында пайда болып, қола дәуірінің өзінде-ақ ежелгі қазақ жерін мекендеген барша халықтардың мәдени-тарихи дамуындагы жаңа кезеңнің ірге тасы қалана бастады. Бұл біздің заманымызға дейінгі XI-VIII ғасырларға тұстас кезең еді.
3. Сақ тайпалық одақтар мәдениеті
Сақтар туралы айтқанда оның қазақ атауының шығуына да әсерін тигізгені көптеген еңбектерде көңілге қонымды келтіріледі. Мәселен тарихшы Мұсатай Ақынжанов «Қазақтың тегі туралы» деген еңбегінде «Қазақтар - түрік, моңғол тектес халықтардың екі бұтағынан (ғүн мен сақ тарауынан) құралған ежелгі халық» дей отыра, қазақ деген сөз «қас» (нағыз), «сақ» (сақ тайпасы) деген сөздердің қосылуынан шыққан деген болжам айтады. қазақтар әулеті біздің заманымызға дейінгі VII ғасырда тарих аясына шығып, біздің заманымыздың II - ғасырына дейін өмір сүрген. Оның іргесін қалап, шаңырағын көтерген Алып Ер Тұнға (Афрасияб), жайлаған жері, мекен-тұрағы Орта Азияның бүгінгі байтақ Қазақстанның далалары, Шығыс Түркістан өңірі болды. Оның шаруашылық-мәдени типінің негізі көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшылық болды. Негізінен қой, түйе, жылқы және ірі қара өсірген көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан сақтар Батыс және Орталық Қазақстан жерлерінде, шөл және шөлейт далаларда жыл бойы көшіп жүріп мал, жан бағып күнелтіп өтті, Тянь-Шань, Алтай тауларының баурайы, Жетісу, Шығыс Қазақстанның таулы-орманды, ашық-жазық алқаптарын мекендеген жартылай көшпелі шаруашылықпен айналысатын сақтар малдарын қыста тұрақты қора жайларда, жазда жайлауда ұстады. Малдың қора жайларына жақын жерге ағаштан қиып, тастан қалап жылы тұрғын үйлер салып, өздері сонда тұрды. Отырықшы болып мал ұстап, егіншілік-диқаншылықпен айналысқан сақтар табиғи су қорлары мол, шабындық жайылымдык алқаптары көп Оңтүстік Қазақстан жерін, Сырдария, Шу, Талас, Арыс өзендерінің бойын мекен етті.
Біздің заманымызға дейінгі 529-558 жылдарда парсы елінде патшалық құрған Кирдің ажалы да сақтардан болыпты. Сақ әулетін басып алмақшы болып жорыққа шыққан Кирдің әскерлеріне Кармандыкпен қарсы тұрып, оларды қанды майданда қырғынға ұшыратқан сақтар Кирдің өзін қолға түсірген. Оны тұтқындаған сақ әулетіне кіретін массагет тайпасының жасақтары екен. Грек тарихшысы Геродаттың айтуында «массагеттердің» әйел патшасы Томирис шайқаста парсыларды жеңгеннен кейін жарғақ тұлыпқа қан толтырып, оның ішіне парсы патшасы Кирдің басын салып, «аңсағаның қан еді, іш енді соны!»- деп тұлыпты дарияға лақтырған.
Бұдан сабақ жасамай, сақтарды бағындыру ниетінен бас тартпаған Парсы патшасы Дария біздің заманымызға дейінгі 918 жылы ауыр қолмен сақтардың жеріне баса-көктеп кіргенде, бұл да сақтардың тегеурінді қарсылығынан қатты жеңіліске ұшыраған. Осы соғыста ержүрек сақтардың талайы тапқырлығы, ерлігімен көзге түсіп, есімдерін мәңгі өшпейтін даңққа бөлеген. Солардың бірі Ширақ деген сақ жігітінің ерлігін грек тарихшысы Полишен былай суреттейді: Ол . . . «Өзінің денесін пышақпен жаралап, парсыларға қашып барып өзін сақ бастықтарынан қорлық көрген етіп көрсетеді. Ширақ өзінің руластарынан кек алатын кісі кейпіне кіріп, парсы әскерлерін оларға бастап барамын деп алдап, адастырып сусыз шөлге апарады. Парсы басқыншылары судан, шөлден қырылады. Ақырында Ширақ оларға «мен сендерді адастырып, қырғынға ұшыраттым, елімді аман алып қалдым, мен дегеніме жеттім. Енді қолдарыңнан келгеніңді істей беріңдер», - деп басын құрбандыққа тігіп келгенін паш етеді.
Әлемнің көп елдерін бағындырып жеңімпаз қолбасшы атанған Александр Македонскийдің әскерлері де сақтардан ауыр жеңіліске ұшырап, қолбасшысының өзі жазылмайтын жарақат алған. Ширақтың ерлігін естіп, сақтардың батырлығы мен батылдылығынан сескенген ол әскерін кері әкетуге асыққан.
Сақтардың ұзақ жылдар дамып қалыптасқан биік мәдениеті болған. Жазуы қазіргі ғылым тілінде айтылып жүрген руй жазуы немесе түркі жазуы деп есептеледі. Осы жазумен жазылып қалған көптеген деректер қазба жұмыстарының барысында мол табылған. Сақтардың жалпы адамзаттық мәдениеттің асыл нұсқасы деп бағаланып жүрген даналық өрнектерінен (скифский зверинный стиль) бүгінгіге жеткен мұра көп. Олар Алтайдағы Пазырық қорғанынан, Алматы түбіндегі Есік қорғанынан табылған.
1969-1970 жылдарда Алматы қаласына таяу жердегі Есік өзенінің сол жақ бетіндегі Есік обасын қазған археологтар ертедегі Жетісу өңірін жайлаған сақтардың экономикалық өмірі, өнері мен мәдениетінен деректі мағлүмат беретін мол мүраға кездесті. Жалпы жұртқа «алтын адам» деген атпен белгілі болған бұл мұра басын батысқа беріп шалқасынан жатқызылып жерленген 17-18 жастағы сақ жауынгерінің бойынан табылды. Оның басына кигізілген шошақ төбелі биіктігі 60-70 см. тымақ барыстың, таутекенің, арқардың, аттың, кұстың бейнесімен өрнектелген екі жүзден аса таза алтын әшекеймен безендірілген. Бас киімнің маңдай жағынан алтыннан жасалған қос аттың мүсінін және ұзынша екі жапырақты көруге болады. Мойнына таққан бұрама алтын алқаның ұшынан жолбарыстың басы көрініп тұр. Жас жігіттің жүқа тоқылған ішкөйлегі, оның сыртынан киген қызыл былғары бешпеті бар екен. Бешпет үш мыңға жуық алтын әшекеймен безендірілген. Беліне кесек алтынмен безендірілген қайыс белбеу буынған жас жігіттің оң жағына ұзын темір семсер, сол жағына алтынмен апталған әдемі қанжар асылыпты. Осы қабірден шыққан отыздаған ыдыстардың арасындағы күміс тереннің сыртына 26 әріптен тұратын екі жол жазу жазылған. Мазмұны анықталып әзірге оқыла қоймаған. «Есік жазуы» деп аталып кеткен бұл жазулар Қазақстан тұрғындарының бұдан екі, екі жарым мың жылдар бұрын жазу таңбаларын жасап, оларды пайдалана білгенін айғақтайды.
Жалпы сақтар өздері тұтынған қару-жарақ, ыдыс-аяқ тағы басқа нәрселеріне әртүрлі малдар мен аңдардың, қошқарлардың, текенің, аттың, түйенің, қодастың, арыстанның, аюдың суреттерін салып әшекейлеуді ұнатқан. Тіпті қанжардың сабын, ошақтың бұтын, айылбасты тағы басқа нәрселерді белгілі бір хайуанаттарға ұқсатып жасаған. Көшпелі сақтардың тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін суреттері бар күмістен, темірден жасалған ыдыс-аяқ, тарақ қаруларды археологтар сақтардың жерленген жерінен де тапқан. Өлген адамның жанына бұлармен бірге марқұмның көзі тірісінде мініп жүрген аты да көмілген. Қабірдің үстіне топырақтан оба жасалып ол таспен қоршалатын болған. Сақтардың діні тәңірлік дін. Олар Көк тәңіріне табынып, табиғатпен тіл табысуды тіршілік мұраты деп білген. Сақтардың қалыптасқан наным сенімі биік мәдениеті болған. Олардын мәдени-рухани ықпалының ізін Казақстанмен қатарлас жатқан Иран, Ауған, Пәкістан, Үнді елдерінен күні бүгінге дейін көруге болады.
Қазақ халқының негізін құраған халық болып қалыптасуына, мәдени-рухани жаңғыруына жол салған тайпа, ұлыстардың арасында сақтар мен ғұндардың орны бөлек. Сақтар туралы айтқанда оның қазақ атауының шығуына да әсерін тигізгені көптеген еңбектерде көңілге қонымды келтіріледі. Мәселен тарихшы Мұсатай Ақынжанов «Қазақтың тегі туралы» деген еңбегінде «Қазақтар - түрік, моңғол тектес халықтардың екі бұтағынан (ғүн мен сақ тарауынан) құралған ежелгі халық» дей отыра, қазақ деген сөз «қас» (нағыз), «сақ» (сақ тайпасы) деген сөздердің қосылуынан шыққан деген болжам айтады. қазақтар әулеті біздің заманымызға дейінгі VII ғасырда тарих аясына шығып, біздің заманымыздың II - ғасырына дейін өмір сүрген. Оның іргесін қалап, шаңырағын көтерген Алып Ер Тұнға (Афрасияб), жайлаған жері, мекен-тұрағы Орта Азияның бүгінгі байтақ Қазақстанның далалары, Шығыс Түркістан өңірі болды. Оның шаруашылық-мәдени типінің негізі көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшылық болды. Негізінен қой, түйе, жылқы және ірі қара өсірген көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан сақтар Батыс және Орталық Қазақстан жерлерінде, шөл және шөлейт далаларда жыл бойы көшіп жүріп мал, жан бағып күнелтіп өтті, Тянь-Шань, Алтай тауларының баурайы, Жетісу, Шығыс Қазақстанның таулы-орманды, ашық-жазық алқаптарын мекендеген жартылай көшпелі шаруашылықпен айналысатын сақтар малдарын қыста тұрақты қора жайларда, жазда жайлауда ұстады. Малдың қора жайларына жақын жерге ағаштан қиып, тастан қалап жылы тұрғын үйлер салып, өздері сонда тұрды. Отырықшы болып мал ұстап, егіншілік-диқаншылықпен айналысқан сақтар табиғи су қорлары мол, шабындық жайылымдык алқаптары көп Оңтүстік Қазақстан жерін, Сырдария, Шу, Талас, Арыс өзендерінің бойын мекен етті.
Грек, Рим, Ахамендік Иран жазбаларында «скифтер» деген атпен белгілі болған сақтардың өте жауынгер халық ретінде аты шықты. Қарсыласына қатал, досқа адал сақтар қастасқан жауының қанын ішпей тынбаған. Шайқастарда жеңілген жауының жан терісінен шылбыр, бас сүйегінен ішімдік ішетін ыдыс жасап, жыл сайын өткізілетін мереке-мейрамдарда осындай ортақ ыдыстан ұрыстарда ерлігімен көзге түскен батырлар жұрт алдында ішімдік ішу бақытына ие болған.
4. Үйсін, қаңлы мемлекеті мәдениеті
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz