Әлемдік қаржы нарығының жалпы түсінігі


Жоспар
1. Әлемдiк экономиканың даму процестерін талдау
2. Әлемдік қаржы нарығының жалпы түсінігі
Қолданылған әдебиеттер
1. Әлемдiк экономиканың даму процестерін талдау
Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн капитализмнiң әлемдiк жүйесi өзгерiске ұшырап, монополистiк немесе трансұлттық капитализмнiң жаңа белгiлерiне ие болды. Мұндай өзгерiс әлемдiк сауданың едәуiр өсуiмен, трансұлттық компаниялардың пайда болуымен, шетелдiк инвестициялардың елеулi түрде артуымен және сауда шарттарының ырықтануымен сипатталады. Халықаралық валюта қоры және Дүниежүзiлiк банк сияқты институттар пайда болды. Егер елуiншi жылдары әлемдiк экономика дүние жүзiндегi барлық елдердiң ұлттық экономикасының жиынтығы болса, ал 60-жылдардан бастап корпорацияларды трансұлттық белгiлерi бойынша ұйымдастыру үрдiсi көрiнiс бере бастады. Тоқсаныншы жылдарға қарай тауарлар мен қызметтер өндiру процесi толымсыз сипат алып, әлемнiң барлық елдерi бойынша шашыраңқы орналасты. Қаржы-өнеркәсiп капиталы трансұлттық сипатқа ие болды. Дамушы елдер үшiн бұл өзгерiстердiң маңызы аса зор. Дамыған және дамушы елдер арасындағы шеткерi аймақтар шикiзат жеткiзуге, ал орталық оны өңдеп, шетке қайта жеткiзуге негiзделген дәстүрлі қарым-қатынастар айтарлықтай өзгердi. Ғаламдық капитализм жағдайында дамушы елдер өндiрiстiк процесс тiзбегiне тартылып, қосылған құны барынша төмен тауарлар өндiрiсiнiң салыстырмалы төменгi сатысындағы тауарларды өндiрумен айналысады. Әлемде индустриялық саясат жүргiзудiң мол тәжiрибесi жинақталған. Санаулы елдердiң ғана экономиканың бiр өнiмге тәуелдiлiк проблемасын ойдағыдай шешiп, өз өнеркәсiбiн әртараптандыра алғанын атап өтуге болады. Экспорттың құрылымын әртараптандыру үшiн индустриялық саясатты қолдану түрлi елдердiң тарихи өткен кезеңiнде импортты алмастыруға және экспортқа бағдарланған саясаты мысалдарынан айқын байқауға болады. Негiзiнен осындай саясат қолданылған Латын Америкасы (Мексика және Бразилия) және Шығыс Азия (Оңтүстiк Корея және Сингапур) елдерiне жасалған талдаудан экспортқа бағдарлану арқылы тұрақты экономикалық өркендеуге қол жеткiзуге болатындығы туралы негiзгi қорытынды жасауға болады. Тарихи өткен кезеңде Латын Америкасы елдерi де, Шығыс Азия елдерi де импорттың орнын басу және экспортқа бағдарланған кезеңдерiнен өткен. Шығыс Азия елдерiнiң белгiлi бiр кезеңде импортты алмастыру саясатынан бас тартып, экспортты қолдау саясатына көшуі, ал Латын Америкасының импорт алмастыруға ерекше көңiл аударуы осы елдердiң ерекшелiгi болып табылады. Экономикалық теория тұрғысынан алғанда экспортқа негізделген саясаттың табысты болуы түсiнiктi, себебi өзiнiң iшкi рыногының әлеуетiн сарқып тауысқан елдер өздерiнiң экономикалық даму процесiн тоқтатпау үшiн сыртқы рыноктарды игере бастауға мәжбүр болады. Латын Америкасының елдерi импорт алмастыруды қолдай отырып, нақты бәсекелестікке емес, жасалған әкiмшiлiк және тарифтiк тосқауылдарда негізделген салаларды құрғандығын атап өту керек. Бұл салалар нығайып алғаннан кейiн жаңғыртудың және өнiмдiлiктi арттырудың орнына өз ресурстарын импортты алмастыру саясатын одан әрi сақтап қалу мақсатында мемлекет арқылы өз мүдделерiн барынша қорғап қалуға бағыттады. Осының салдарынан ресурстар тиiмдi бөлiнбей, ұлттық экономикалар халықаралық бәсекеде ұтылып жатты. Жалпы алғанда жаңа ғаламдық экономикалық жағдайды қалыптастыратын әлемдiк экономикадағы басым үрдiстердi төмендегiше жiктеуге болады:
1. дамыған елдерде индустриялық экономикадан сервистiк-технологиялық экономикаға өту;
2. ғаламдану;
3. экономиканы ырықтандыру;
4. ғаламдық бәсекенiң артуы және өңiрлiк ықпалдасу.
Жиырмасыншы ғасырдың соңғы ширегiнде экономикалық дамыған елдер индустриялық даму сатысынан аса жоғары сервистiк-технологиялық экономикаға өттi. Бұл елдерде ЖIӨ үлкен бөлiгi қызмет көрсету секторында қалыптасады. Мұндай қызметтердiң айқын байқалатын ғылыми және инновациялық негiзi бар. Экономикасы дамыған елдерде зияткерлiк ресурстар және қаржы капиталы шоғырланған, ал индустриялық өндiрiс, әсiресе еңбектi көп қажет ететiн өндiрiстер бiртiндеп әлемнiң экономикалық даму тұрғысынан неғұрлым артта қалған елдерiне ауысуда.
Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы, Азия және Тынық мұхиты елдерінің ұйымы секілді жер-жаһанға танымал, халықаралық беделді бірлестіктердің әртүрлі саладағы өкілдері Қазақстанға жиі ат басын бұрып, адамзатты алаңдатып отырған әртүрлі мәселелер турасында біздің елде пікір алмасуға құштар. Америка мен Шығыс Еуропа мемлекеттерінің бас ауруына айналған көші-қон мәселесі, Каспий аймағы елдері арасындағы, энергетика көзі мен шикізатты пайдалану, Каспий теңізі байлығы мен оның түбі мен су шекарасы хақында, Орталық Азия аймағындағы тұрақтылық, Ауғанстандағы есірткі тасымалы, ТМД-дағы еңбек миграциясы, шекара маңы елдерінің ынтымағы, ондағы қандай да бір шиеленісті оқиғаның алдын алу, экология мен биологиялық ресурстарды қорғау, ғаламдық жылыну, адам саудасы мәселесі турасындағы жиын-басқосулар мен дінаралық татулық форумы сынды басқосулар өткізу дәстүрге айналды.
Ұзақ мерзімге арналған жоспарда Еуропалық одақ шешуші роль атқарады, онымен қатынастың үлкен маңызы бар. Еуропалық одақпен біріккен комитет құру республиканың сыртқы саясатындағы негізгі бағыты. Сонымен қатар Еуропа одағы мемлекеттерімен сауда-экономикалық қатынасын жүргізуге күш салынып отыр. Нарықтық экономика негізінде өзінің экономикалық потенциалын нығайта отырып Қазақстан ғылыми-техникалық, сауда- экономикалық қарым-қатынасын әлемнің барлық елдерімен жақсартуға барлық алғы шартты жасап отыр, соның негізінде дүниежүзілік әлемдік қауымдастықтың өз дәрежесіндегі мүшесі болады. Беделді халықаралық құрылымдарымен қарым-қатынасы кеңи түсуде, оның ішінде БҰҰ, Еуропа қауымдастығы, Халықаралық және Еуропалық қайта құру және даму банкісі, Халықаралық валюта қоры, МАГАТЭ, Қызыл Крест, Юнисейф, Юнеско, ЭКАТО, ПРООН, ЮНЕП, ВОЗ, ОЭР, ОИК және т. б.
Шикiзат тауарларының экспорты дамушы елдер экспортының негiзгi түрi болып табылады. Африка елдерi, ОАР-ды қоспағанда экспорттың бұл түрi барлық экспорттың 90 процентiн құрайды, Латын Америкасы және Оңтүстiк-Шығыс Азия үшiн 30-60 процент шамасында. Қытай, Оңтүстiк Корея, Сингапур сияқты бiрнеше елдерде ғана шикiзат экспорт үлесiнiң орны азғана.
2. Әлемдік қаржы нарығының жалпы түсінігі
Нарық теориясы - экономика ғылымының тауар-ақша айырбасын және сатушылар мен тұтынушылар арасындағы әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттейтін саласы.
Нарық теориясы қандай да болсын бір тауар немесе пайдалы қызметтерді сатып алушылар мен сатушылар арасындағы сұраныс пен ұсынысты, құн мен бағаны, монополия мен олигополияны, бәсеке мен бәсекелестік күрес тетіктерін реттейді. Нарықтық экономиканың адамзат баласының экономика тарихында өндірушінің монопол. мәртебесін өзгертіп, сатып алушы нарығына айналғандығы теор. тұрғыдан дәлелденді.
Әлемдік нарық - елдер, оның ішінде әртүрлі әлеуметтік-экономикалық жүйелерге жататын, бір-бірімен халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуы арқылы байланысқан елдер арасындағы тұрақты тауар-ақша қатынастарының аясы.
Қаржы нарығы - ақша операцияларының арнайы саласы болып табылатын нарықтық қатынастар жүйесі; капитал несиегерлер мен қарызгерлер арасында бағалы қағаздарды шығару және сатып алу-сату нысанында қайта бөлінетін несие капиталдары нарығының бір бөлігі. Мұнда халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік құрылымдардың клиенттерге не бағалы қағаз кепілдігімең немесе несие түрінде берілетін бос ақшалай қаражаты мәміле объектісі болып табылады. Сондықтан ол бағалы қағаздар нарығы ретінде де, несие капиталының нарығы ретінде де әрекет етеді. Қаржы нарығы жаңа бағалы қағаздар шығару ісімен айналысатын бастапқықаржы нарығы және бұрын шығарылған бағалы қағаздарды қайта сатумен айналысатын қайталама қаржы нарығы түрлеріне бөлінеді. Қайталама нарық өз кезегінде биржалық және биржадан тыс нарық түрлеріне бөлінеді. Биржалық нарықта мамандандырылған қор биржалары жетекші компаниялардың акцияларын сатып алу-сату операцияларын жүргізеді. Әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында дамыған елдердің ұлттық қаржы нарығы әлемдік қаржы нарығының бір бөлігі болып табылады. Бұған қаржы нарығында сауданы ұйымдастырушылар көрсететін қызметтер ұсынысының ақпараттық технологиялар негізінде ұлтаралық сипаталуы септігін тигізуде. ұлттық несие-қаржы институттарының мүдделерін қорғау үшін мемлекет қаржы нарығына қатысу- шылардың қызметін арнаулы мекемелер арқылы реттеп отырады. Мысалы, Қазақстанда мұндай міндетті Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі орындайды.
Әлемдік қаржылық нарықтың құрылуы ХХ ғасырдың 30 жылдарына тиесілі. Бірақ, екінші дүниежүзлік соғыс кезінде орын алған әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс сауда-экономикалық байланыстарды бұзды. Әлемдік қаржылық жүйені қайта құру 1944 жылы болған Бреттон-Вуд конференциясынан басталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz