Алтын Орда кезеңінің ескерткіштері


Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
реферат
Тақырыбы:
«Алтын Орда кезеңінің
ескерткіштері»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2013
Мазмұны
Кіріспе
- Алтын Орда кезеңінің ескерткіштері
- Алтын Орда атауы мен әуелгі тарихы
- Саяси дамуы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Алтын Орда (1236 - 1242 жж. ) . Жеті жылдық жорықтан орналған кейін Батый орталығы төменгі Еділде орналасқан 1242 жылы (1243 ж. ) тарихи әдебиетте Алтын Орда деген атқа ие болған зор мемлекет құрды. Алтын Орданың астанасы Сарай - Бату (қазіргі Астрахань маңында) болды, кейінірек астанасы Сарай - Беркеге көшірілді.
«Алтын Орда» ұғымы біртекті емес бір жағдайда Алтын Орда деп Батый мен оның Мирасқоры Беркенің жеке иелігіндегі жерлерді, яғни Еділ бойы мен Солтүстік Кавказды айтқан, ал енді бір орайда түгелдей Жошы ұлысы айтылады.
Батый (1227 - 1255-56 жж. ) зор беделге ие болды және моңғол империясын өзінің қолдауымен таққа отырған ұлы хан Мөңкемен (1251-1259 жж. ) бірге биледі. Алайда Батый да, оның мирасқорлары да Алтын Орданың тағында біртұтас мемлекетті басқарушылар болмады. Жошы ұлысы үлестерге оның көптеген ұлдарына ыдырады.
Батый хан Шығыс Европаға жасаған жеті жылдық (1236-1242 жж. ) жорығынан кейін Арал теңізінің Шығыс Солтүстігі жағындағы жерлерді ағасы Орда - Еженге берді. Бұл Ақ Орда деп аталды. Арал теңізінің солтүстігіндегі жерлерді інісі Шайбанға берді, ол Көк Орда деп аталды. Шайбанға қарасты төрт ру ел: қосшы, найман, бұйрат, қарлық тайпалары еді («Әл-Омари «Алтын Орда тарихына қатысты материалдар жинағы», 1т., 235 бет. )
Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, т. б. тайпалар мекендеді. Дешті - Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойында қоңыс аударған моңғолдар аз болған жоқ. Олар жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті.
- Алтын Орда кезеңінің ескерткіштері
Алтын Орда мемлекеті пайда болғаннан кейін мемлекеттер арасындағы сауда-саттық байланыстары жаңа сатыда дамыды. Өзбек хан тұсында Үстірт жазығында саудагер-көпестерге қызмет көрсететін керуен сарайлар тұрғызылған. Қазіргі таңда біздің өңірімізде орналасқан керуен сарайлардың тек төртеуі ғана белгілі. Есетмола жерінде Қосқұдық керуен сарайы құрылысының қираған үйіндісі сақталған. Керуен сарай 1946 жылы академик С. П. Толстов басқарған Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы кезінде зерттелген Қосқұдық керуен сарайы және Есетмола қорымы Үстірт жазығының шетінде, Мыңсуалмас сайының солтүстік-батыс шетінде орналасқан. Керуен сарайдың қабырғаларының қалыңдығы 15 - 25 см, жақсы өңделген ірі әктастарды екі қатарға тік тұрғызып, ортадағы ішкі аралық шой тас-топырақпен толтырылып қаланған. Өлшемдері 41, 6-40, 8 м, пішіні төртбұрышты. Ескерткіштің сыртқы қабырғаларының қалыңдығы 1, 5 м, ал артқы қабырғаның қалыңдығы 1, 2 м. Керуен сарайдың ішкі бөлмелерінің жоспары қазба жұмыстарын қажет етпей түгелдей дерлік көрініп тұр. Керуен сарай кең көлемдегі төртбұрышты алаңы бар, аумағы 30, 5-25, 5 м. Алаңға барлық тұрмыстық-шаруашылық бөлмелерден ені 0, 9 м болатын есік орындары шығады. Ескерткіштің солтүстік және оңтүстік қабырғаларын жағалай 7 кішкене бөлмелер орналасқан. Бөлмелердің қабырғаларын өңделген ірі әктастарды екі қатарға тік тұрғызып, арасын шой тас-топырақпен толтырып қалаған. Алаң жағындағы қабырғалардың қалыңдығы 1, 2 м, ал бөлме аралық қабырғалардың қалыңдығы 1 м. Бөлмелердің орташа көлемі 2, 7-2, 8-3 м. Бөлмелердің төбесі кірпіш пішінде өңделген әктастармен «балх» үлгісіндегі күмбездермен жабылған. Тұрыш елді мекенінен солтстік-батыс бағытында 18 км аралықтағы, Бесқұдықта Көптам (Белдеулі) керуен сарайының қираған қалдықтары кездеседі. Керуен сарай үлкен табиғи шұқырда орналасқан, айналасында құдықтардың екеуі көміліп қалып, үшеуінде ғана суы сақталған. Топографиялық картада бұл орын Бесқұдық деп аталады. Бүгінгі күнде керуен сарайдың іргетасының қалдықтары, тасты-топырақты үйіндіден жақсы байқалады. Ескерткіштің үстіңгі қабатында сақталған қабырғаның қирандылары мен үйінділерінің негізінде, ішкі аралық шой тас-топырақтың шашындыларын тазалау арқылы керуен сарайдың негізгі жоспары жасалды. Ғимарат құрылысының техникасы мен тәсілі жағынан Қосқұдық керуен сарайына ұқсас. Көптам керуен сарайының аумағы 2724 м болып, Солтүстік-Батыс - Оңтүстік-Шығыс линиясына бағытталған, пішіні төртбұрышты. Алтын Орда дәуірінде Маңғыстау өңірі көрсетілген алғашқы еуропалық карталар пайда бола бастады. 1375 жылмен белгіленетін Каталон атласында анық көрсетілген. Ал 1386 жылға тиісті Генуялық ағайынды көпестер Пициганилердің картасында Маңғыстауда үлкен қаланың белгісі қойылып Мелмессалак атымен берілген. Алтын Орда дәуіріне сәйкес Маңғыстауда қазірге дейін Кетікқала ескерткіші бізге белгілі. Кетікқала 6 га жерге созылған, 14-тей құрылыстардың іргетастары байқалады. Алаңның барлық жерлерінде 14 ғасырға тиісті шыны ыдыстардың сынықтары кездеседі.
Бізге жеткен авторлық поэзияның ең ертедегі үлгісі XІІІ-XV ғасырларға жатады. Бұл - "Ұлық жыршы" атанған Кетбұға (XІІІ ғ. ) жырларының үзінділері. Олардың өмірбаяндары мен шығармашылықтары туралы деректер өте жұтаң және негізінен аңыз күйінде жеткен. Мазмұны мен жанры жағынан әр түрлі мәтіндер сол дәуірдегі Алтын Орда қоғамының рухани өмірінде ақындар мен жыраулар басым болғанын дәлелдейді.
XІІІ-XІV ғасырларда Дешті Қыпшақтың әйгілі жыршыларының бірі - Сыпыра жырау Сұрғантайұлы өмір сүрді. Ауыз әдебиеті дәстүрі біздің заманымызға Сыпыра жыраудың қиын кезеңде өзінен ақыл-кеңес сұраған Алтын Орданың сол кездегі билеушілеріне арнаған бірнеше толғау-монологын жеткізді. Бұл толғау-монологтарда жырау билеушінің өзін, оның ата-бабалары мен төңірегіндегілерді сипаттап, қалыптасқан жағдайға баға берген, болашақты болжап, содан кейін ақыл-кеңесін айтқан. Оның қиын жағдайда өзінен көмек сұрап, хандармен жауласқан батырларды бітістіру мақсатында жырлаған толғаулары белгілі. Бұл толғаулар Сыпыра жыраудың негізінен мәңгілік жыршы және бітістіруші болғандығын дәлелдейді. Сыпыраның Едіге туралы эпоста бейнеленген Тоқтамыс ханға арнаған өлеңі оның толғауының классикалық үлгісі болып табылады.
Алтын Орда дәуірі тек қана қиратып-күйретумен ғана емес, сонымен қатар қалалардың өсуімен, сыртқы саяси және сауда қызметінің жандануымен, жазу-сызу мен әдебиеттің дамуымен сипатталады. Бұрынғы мәдени дәстүрлер қайта түлеп, Солтүстік Кавказды қоса алғанда, Дешті Қыпшақтың, Орта Азия мен Еділ бойындағы барлық этникалық топтарға ортақ жаңа мәдениет қалыптасты. Бұл кезеңде ресми монғол-қыпшақ қос тілділігі орын алғанымен қыпшақ тілі анағұрлым кең тарады. Араб және парсы тілдері де кең қолданылды. Алтын Орда мен мәмлүктік Мысырда көркем әдебиеттің басым бөлігі қыпшақ тілінде жасалды.
Алтын Орда дәуірінде (ХІІІ-ХҮ ғғ. ) Қыпшақ даласындағы түркі халықтарының әдебиеті мүлдем жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Сол кезеңде жасалған туындылар арасында "Кодекс Куманикус" сияқты авторы беймәлім ескерткіштерді, сондай-ақ Хорезмидің "Мұхаббат-наме", Құтбтың "Хұсрау-Шырын", Сәйф Сарайдың "Гүлистан би-т-түрки", Дүрбектің "Жүсіп-Зылиха", Рабғузидің "Қиссас-ул әнбия" атты шығармаларын және т. б. ерекше атап көрсетуге болады.
Алтын Орда дәуіріне жататын елеулі шығармалардың бірі - "Хұсрау-Шырын" дастаны, оның авторы - шыққан тегі қыпшақ Құтб ақын. Ақын өмірі туралы толық мәліметтер жоқ. Оның 1330-1340 жылдарда Ақ Орданың астанасы - Сығанақ қаласында туып, өз дастанын сонда жазғаны, бұл туындысын билеуші Тыныбек пен оның әйелі Мәлике ханымға арнағаны мәлім.
- Алтын Орда атауы мен әуелгі тарихы
Моңғолия тарихы Алтын деген атау төрт шартараптың түсінен келген деген жорамал бар: солтүстіктің түсі - қара, шығыстың түсі - көк, оңтүстіктің түсі - қызыл, батыстың түсі - ақ, ал сары (немесе алтын) түс - орталықтың түсі.
Басқа бір болжам бойынша, Алтын Орда атауы орыс тіліндегі Золотая Орда, яғни Бату ханның Еділ өзенінің жағасында өзінің болашақ астанасының орнын белгілеу үшін алтын түсті үйлерден тіккізген салтанатты қаласының атынан шыққан, Моңғол тілінде «Алтын Орда» деген сөз тіркесі Алтын түсті орданы, немесе патша сарайын білдіреді.
Моңғолдың билеуші руы да өздерін «алтын әулет» деп атаған, «Алтын Орда» атауы да осыдан келіп шыққан болуы мүмкін.
Бұл мемлекетті Алтын Орда деп атайтын бізге келіп жеткен ең алғашқы құжаттар 17-ші ғасырға жатады (Алтын Орда күйрегеннен көп кейін) . Одан ертерек құжаттарда ол мемлекет Жошы ұлысы деп аталады.
Кейбір ғалымдар оның басқа атауын, Қыпшақ хандығы деген атауды қолданғанды дұрыс көреді, себебі ортағасырлық құжаттарда қыпшақ сөзі осы мемлекетке қатысты жиі аталған.
Қайтыс боларының алдында Шыңғыс хан өз иелігіндегі жерлерді төрт ұлына бөліп берді. Жошының үлкен ұлдары Бату мен Орданың еншісіне моңғол иеліктерінің қиыр батысында жатқан оңтүстік Ресей мен Қазақстанның жерлері тиді. Бату Көк Орданы, Орда Ақ Орданы билей бастады.
1235 жылы Бату (тұңғыштық жолымен) қолбасшы Сүбедей баһадурдың көмегімен батысқа қарай жаңа жорық бастап, алдымен башқұрттарды, сосын 1236 жылы Еділ Бұлғариясын жаулап алады. 1237 жылы ол Украинаның оңтүстік даласын жаулап, ондағы құмандарды батысқа қарай ығыстырды. Содан ол солтүстікке қарай бұрылып, Русьқа басып кірді де үш жыл бойы орыс княздықтарын жаулаумен болды, сол кезде Күйік пен Қадан оңтүстікке қарай жылжыды.
Құмандардың батысқа қашып, Мажарстан королінің жерін паналап отырғанын желеу етіп, Бату Шайбан, Орда Ежен, Байдар және Мөңке сияқты Шыңғыс әулеті мен өз бауырларымен бірге батысқа жорық жасады. Легница және Мухи маңында неміс-поляк рыцарьларынан жиналған әскермен шайқасып, оларды талқандады. Бірақ сол 1241 жылы Үгедей хан қайтыс болып, Бату енді ғана қоршап-қамай бастаған Венаны тастап, елге қайтып кетті. Моңғол әскерінің ең батыстағы жаулап алуы осы болды.
1242 жылы Мажарстан арқылы қайтып (жолшыбай Пешт қаласын жаулап), Бұлғарстанды бағындырды. Бату астанасын ежелгі Хазар қағанатының астанасының орнында орналасқан, Еділдің төменгі ағысындағы Сарай-Жүк қаласында орнатты. Содан сәл бұрын Бату мен Орданың бауыры Шайбан Орал тауларының шығысында Обь пен Ертістің бойында өз еншісіне ұлыс алып, сонда кетіп қалған болатын.
- Саяси дамуы
Ордаға жойқын соққыны Тоқтамыстың әскерін талқандап, астанасын қиратып, Қырым сауда қалаларын тонап, ең шебер қолөнершілерін өзінің астанасы Самарқандқа айдап әкеткен Әмір Темір берді.
15-ші ғасырдың алғашқы бөлігінде Литуанияның патшасы Витаутастың әскерлерін Ворскла өзеніндегі шайқаста талқандаған Едіге билікті қолға түсіріп, Ноғай Ордасын құрды.
1440-шы жылдары Ордада тағы бір азамат соғысы бұрқ ете түсті. Енді ол бірнеше хандықтарға бөлшектеніп кетті: Қасым хандығы, Қазан хандығы, Астархан хандығы, Қазақ хандығы, Өзбек хандығы және Қырым хандығы әрқайсысы өз алдына билік құра бастады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz