Археологиялық қазба деректерді қазу әдістері


Инженерлік гуманитарлық колледж
Реферат
Тақырыбы:
«Археологиялық қазба деректерді қазу әдістері»
Тексерген: Ернезарова Ж. Т.
Орындаған: Хамитов Ж. Т.
Орал, 2013 ж.
Мазмұны:
Кіріспе
- Археологиялық ескерткіштер
- Археологиялық қазба деректерді қазу әдістері
- Археологиялық мерзімдеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Археологиялық ескерткіштер еліміздің тарихындағы бірнеше өзекті мәселелердің басын ашуға, сондай-ақ ежелгі және ортағасырлық кезеңдердегі халқымыздың байлығы мен өркениеті, мәдени мұраларымен толықтырып отырады. Елімізде көне қала мен қоныс орындары, суару жүйелері мен зират кешендері сынды ескерткіштер көптеп кездеседі. Олар топографиялық, хронологиялық және этникалық сипаттары бойынша біркелкі емес, бірақ нақ осы жай олардың зерттелуінің маңыздылығын арттырып отыр. Алуан түрлі әрі бай мәдени мұра өркениеті қоғамның түпқазық белгісі ұлттық және мемлекеттік сана сезімінің ықпалдастырушы құрама бөлігі болып табылады. Археологиялық мәдени мұра осы жәдігерлердің маңызды бөлігін құрайды. Мәдени мұраның заттай бөлігі халықтың материалдық түйсігі. Археологиялық мәдени мұра осының негізі бөлігін құрайды. Ол қорған-қамалдардың қиындылары, жайылып кеткен обалар, көне тұрақтар, қалалар орыны, зәулім ғимараттар мен ғибадатханалар сынды археологиялық ескерткіштерді қамтиды. Елімізде қаншама кәсіпқойлар қазып, зерттеп және мұражайландырылған көне ескерткіштер жиынтығынан өткен ғасырлар мен халықтардың тұрмысы мен тіршілігі жайлы толық мағлұмат алуға мүмкіндік беріп отыр.
Бәрімізге мәлім болып отырған өткеннің ескерткіштерін сақтаумен қатар тарихшының аса маңызды міндеті мен борыштарының бірі - жаңа археологиялық объектілерді табу, қажет болған жағдайда сақтап қалу жұмыстарын жүргізіп, арнаулы экспедиция келгенше ескерткіштерді қорғау болып табылады.
Археологиялық ескерткіштердің ғылыми құндылығы олардың сақталу дәрежесіне, сондай-ақ бұлардың табылу жағдайлары қаншама толық еске алынып, қалайша тіркеліп жазылғандығына байланысты. Қазу жұмысы аяқталғаннан кейін олардың документациясы тарихи түп дерекке айналады да, оның ақиқаттығы көп жағынан археологтың ұқыптылығымен ыждағаттығына байланысты болады.
- Археологиялық ескерткіштер
Археологиялық ескерткіштер - халықтардың ежелгі тарихына қатысты материалдық мәдениетінің ескерткіштері. Оған: қалашықтар мен қалалар; ежелгі қоныстардың қалдықтары; обалар, қабір үстіне орнатылған ескерткіштер мен салт-дәстүрлік құрылыстар; адамның еңбек қызметін сипаттайтын ескерткіштер; тасқа және үңгірде қашалған жазулар; табылған жекелеген қазбалардың орындары жатады.
Археологиялық ескерткіштер Солтүстік Қазақстан облысы ежелгі тұрғындарының жоғ. палеолит дәуірінен ортағасырлық кезеңге дейінгі өмірі мен тұрмысын көрсетеді. 100-ден аса нышанға қазба жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде ежелгі адамдардың материалдық және рухани мәдениетін көрсететін көптеген коллекциялар жиналды. Қола дәуірінің заттық кешендері негізінде Г. Б. Зданович қола ғасырдың алатын кезеңі мен хронологиясын жасады, Петровтік мәдениет дербес өз алдына бөліп қаралды (1975) . С. Я. Зданович Солтүстік Қазақстан облысы және көрші облыс материалдары негізінде қола ғасырдың аяқ шеніндегі Саргарин мәдениетін анықтады. В. Ф. Зайберт неолит кезеңінің Археологиялық ескерткіштер материалдары бойынша Атбасар мәдениетіне жататын ескерткіштердің хронологиясын әзірледі, ал энеолит кезеңінің ескеткіштері Ботай мәдениетімен біріктіріле қарастырылды. А. А. Плешаков мезолит және неолит дәуірі материалдары бойынша тәжірибе-трассологиялық әдіспен ежелгі халықтардың шаруашылыққа қолданған кремнийден жасалған еңбек құралдарын қалпына келтіру ісін жүзеге асырды. М. К. Хабдулина зерттеген ескерткіштер негізінде номадтардың Ұлы даласы жүйесіндегі ерте темір ғасыры далалық Есіл өңірінің мәдени-тарихи оқиғаларын айқындап берді. Облыста сақталған - 171 Археологиялық ескерткіштер ішінен Петропавл қ-нда бір нышан, Бескөл ауданында - 26, Булаевта - 3, Возвышенскийде - 1, Жамбылда - 17, Есілде - 50, Мамлютте - 1, Пресновта - 6, Сергеевте - 50, Аққайыңда - 3, Қызылжарда - 13 нышан бар. А. е. облысы су көзі - Есіл өзені бойында орналасқан. Мамлют ауданында 7 А. е-тен тек ерте темір ғасырына жататын жалғыз Мәңгісор ескі моласы ғана сақталған, Мамлюттегі қорғандар қазылды, ал қалған ескерткіштер жүргізген жұмыстар кезінде бұзылып тасталған. Мәскеу ауданындағы (қазіргі Шал ақын атынд. ) ерте темір ғасырына жататын Бұлақ ескі қорғаны карьер қазғанда бұзылған. Преснов ауданында ерте темір ғ. және қола дәуіріне жататын 9 қабір ескерткіштері мен бір қоныс бар екендігі туралы мәліметтер болды. Қазіргі кезде ерте темір ғасырына жататын алты қабір орны мен кейбір қорғандар сақталған. Сергеев ауданы ежелгі тарихтың әр кезеңіне қатысты 74 Археологиялық ескерткіштер бар екендігі белгілі. Оның 50-і сақталып қалған. Алты нышан ғыл. жұмыстар мақсатында қазылды, ал қалғандары а. ш. қызметі салдарынан жойылды немесе Сергеев су қоймасының астында қалды. Сергеев ауданыдағы көптеген ескеркіштерден Солт. Қазақстанның ежелгі тұрғындарының шаруашылығы мен әлеуметтік мәдени өмірін білдіретін коллекциялар табылды. Алыпқаш моласының материалдары бойынша қола дәуірінің алтын әшекейлі киімі қайта қалпына келтірілді. Бұрлық, Кеңес, Ұлубай және т. б обалар қола дәуірі және ерте темір ғасырындағы тарихи үдерістерді болжауға мүмкіндік берді. Аққайың ауданыдағы үш археол. нышан ерте темір ғасыры қорғандары түрінде қабір ескерткіштеріне жатады. Соколов а-нда табылған Археологиялық ескерткіштер де қызықты материалдар. Вишневка-І қонысы ерте қола дәуірі бойынша мәліметтер ұсынады, қазіргі кезде ғылымда Вишнев үлгісіндегі керамика белгілі. Петропавл қ. жерінде әр дәуірдің 16 Археологиялық ескерткіштер болған, қазіргі кезде соның біреуі ғана - ерте темір ғасырындағы Ақтау қалашығы ғана сақталған.
- Археологиялық қазба деректерді қазу әдістері
Әр жақты зерттеулерге, әсіресе табылған археологиялық қалдықтарға адамзат Шар, Қалба бойын ертеден-ақ мекен еткені анықталды. Қазба деректері негізінен үш дәуірлерін қамтиды. Ғалымдардын айтуынша, Қалба өңірінде адам баласы бұдан 40мың жыл бұрын өмір сүріпті. Ертедегі палеолит адамдары тау үңгірлерін, өзендердің жар-кемелерін паналаған. Жан-жануарлар табиғат жағдайына, суық ауа райына бейімделіп отырды. Әлділері өмір сүріп, әлсіздері құрып кетіп табиғат күшінің екшеуіне түсті. Мамонттар табиғат қыспағына шыдамай, мүлде қырылған. Қола дәуірі біздің заманымызға дейінгі 17-13ғасырлар арасында болғаны белгілі. Оны ғылымда Андроновск дәуірі деп атайды. Өйткені, бұл дәуірдің қалдықтары Красноярск өлкесіндегі Андроновский селосының маңынан табылғанды. Қола заманның археологиялық қалдықтары Алтайдан табылып, зерттелді және бұлар бұл өңірде көп ұшырасады. Қола дәуірде Шығыс Қазақстан ежелгі металлургия қазақша рефераттар орталықтарының бірі болды. Бұл жерде кен қазу құралдары, кетпен кен уатқыш, қайла, қышадан жасалған бұымдар, кварцтан жасалған тас құралдары, опыруға арналған қопарғыш және балғалар табылды. Сонымен қатар кен қазғанда марал мен арқар мүйізі, ірі жануарлардың жауырын сүйегі қолданылған. Өте ерте кездерде Қалба мен Нарым жоталарындағы кен Қазақша рефераттар орындарынан ғалымдардың есептеуі бойынша адамдар 1100 тонна қалайы қазып алған. Жалпы бұл өңірдің кен байлығы ерте заманнан адам баласына белгілі боп, Азиға екінші жағы Батыс Европаға жеткізіліп тұрған. Нақтылай айтқанда, қола дәуірінде осы аймақта қорытылған қола, мырыш, қорғасын, алтын, күміс алыстағы елдерге дейін адамдар әдейілеп келіп, Алтай Қалба кенінсатып алып, өз еліне апарады. Демек, сол кездің өзінде өлкеде айырбас саудасы жүргізіліп, жер-жерлермен тығыз байланыстың орнай бастаған кезі. Бұл дәуірдің екінші бір кезеңі - Қарасуық . Ғалым, археолог, тарихшы М. П. Грязнов бұл өңірде тұңғыш рет қазба жұмыстарын жүргізген ғылыми жағына құнды мәдениет мұраларын тапқан еді. Шығыс аймақтың археологиялық қалдықтарын ұзақ уақыт зерттеген бұрынғы Одақтық Ғылым академиясының археология институтының ғылыми қызметкері С. С. Черников Қарасуық кезеңінің қалдықтарын тау жоталарынан, Қызылсу өзенінің бойларынан да кездестірді. Бұл жерден табылған заттар Андроновск дәуірінде өмір сүрген «Чуд» тайпалары қол өнермен айналысқанын дәлелдеп отыр. Қарасуық кезеңінде Чудтер кен қазып, оларды іске жаратып, түрлі бұйымдар жасаған. Табылған археологиялық заттар сол кездегі адамдардың қола дәуірінде үшкірленген найза, садақтар айбалталарды қару еткендігіне көз жеткізеді. Олар тасқа, өздері тұрған үңгірлердің қабырғаларына өрнек суреттер салып, құнды ескерткіштер қалдырды. Қызылсу өзенінің саласы Күйелінің оң жақ жағасында мұжылып қираған биік қара жартастың үстіңгі жақ бетінде үлкендігі кісінің алақанындай, қос мүйізі жаясына дейін жетіп қайырылған беті күннің шығысына қарап, түрегеліп тұрған бұғының суреті бар. Бұғының ұзын мүйізі, басы, аяғы, өн бойы, құйрығын шашағына дейін әдемі келтірген. Оның астыңғы жағында беті шығысқа қарай бірінін артынан бірі өріп бара жатқан бір топ арқардың және екі ноқталы аттың тізгінін ұстап тұрған бір кісінің суреті және бар. Осымен қатар жақсы қашалып салынған, беті батысқа қараған үлкен кесірткенің суреті бар. Жартастың астыңғы жағы қуыс, шығыс жағы жайдақ келген. Осы жартасты жергіліктіел Мөртас деп атайды. Содан бертін келе колхоздың, одан «Шалабай» мал заводының бөлімшесінің орталығы, қазір елді мекенің атына айналған. Көне тарихты зерттеушілердің ғылыми тұжырымдарына сүйенсек, тас бетінде сақталған бұғы бейнелерінің көпшілігі б. э. д. 4-5 ғ. ғ. жатады. Сібір мен Қазақстанды мекендеген ежелгі тайпалар бұғы, арқар сияқты аңдарды арғы ата-бабамыз деп есептеген, шамандық дәстүрде бұғы мен арқар қазақша рефераттар киелі аңдар болып саналады. Арқар таудың рухы болса, бұғы жер немесе күн бейнесі деп танылған. Қызылағаш әкімшілігі жеріндегі Сабындыкөл жағалауынан қола дәуірінде жататын адамдардың қабыры табылып отыр. Жалпы көне дәуір қазбаларын зерттеу олардың сыртқы екі белгісіне бірінші қонысына, екінші моласына қарай жүргізіледі. Қазірге дейін түйінделген ғылыми тұжырымға сәйкес ерте кездегі тайпалардың қабырлары мынандай төрт түрге бөлінетін болған. Олар: жер қабыр, қима қабыр сыста қабыр және тасқорап қабырлар. Соңғысының ерекшелігі сол қазылған жерге адам қол аяғын бауырына алып жататындай, кәдімгі қақпақ тастардан қорап жасап мәйітті соған салған. Сабындыкөлден табылған қабырлар тасқораптар болғандықтан олар қола дәуіріне жатады. Бірнеше қабырдан қолдан жасалған әйелдер әшекейлері сырғалар моншақтар қыш құмыралар табылды. Олардың барлығы қазақша рефераттар дерлік алтынмен қапталған. Қазылған қабырлардан адамдардың бас және басқа да сүйектері табылды. Көне қабыр ішінен табылатын адам қаңқаларының қай жынысқа жататындығы туралы ғылыми дәлелденген белгілеріне қарай оның екеуі әйел, біреуі ер адам екендігі анықталды. Қыземшек биігіндегі Сабындыкөл көне қабырлар құпиясын ашуда алматылық ғалым-археологтар А. М. Оразбаев, Ә. Төлеубаевтар көп еңбек сіңірді. Ауданың солтүстігіне орналасқан Қарасу ауылында су құбырларын жөндеу кезінде табылған адам сүйектерінің жерленуі ерекше көңіл аударарлық. Ондағы үш адамның біреуі асты-үсті түгел плита тастармен қоршалып, табыт бейнесіне ие болған. Ол сүйектің қасында қыш құмыраның және басқа да заттардың сынықтары табылды. Алматы, Кемерова қалаларынан келген мамандардың бастауы бойынша бұл қазбалар андронов кезеңіне сәйкес келеді. Байжан тауының бауырындағы (Аршалы әкімшілігі) Қаракөлдің желке тұсындағы қорғандар мен зираттар өте көп мағұлматтар береді. Анықтай келе бұл қорғандар мен зираттар осыдан бірнеше мың жыл бұрын тас дәуірінде орнатылған дүниелер екені анықталды. Демек, Қаракөл сонау тас дәуірінен бұрын пайда болуы керек. Ал көне қорғандар мен зираттар сол су маңына жақын орналасқан әлде бір көшпелі тайпалардың уақытша мекені болғанға ұқсайды. Солардың ішінде көлге сұғына жатқан тас қорғанның алатын орны ерекше. Оның еі қанаты орақ тәрізденіп иіліп келіп, алдағы қақпаға тірелген. Қақпа есігі оңтүстіке қараған. Шашылып жатқан тастарға қарағанда, қорғанның қабырғалары биік болған тәрізді. Ол-жел боран, жаңбырдан және сыртқы жаулардан қорғану қызметін атқарған деген қазақша рефераттар тұжырым жасауға болды. Ал, қорған есігінің оңтүстікке қарауы оның ішінде жарық пен жылудың мол түсуі үшін жасалғаны белгілі. Көшпелі халықтың негізгі тіршілік көзі мал болғандықтан қорған қабырғаларының ішкі жағына жапсарлас мал қоралары болғаны дауысыз. Демек, бұлар қола дәуіріне тән дүниелер. Болжам бойынша үлкен қорғанда белгілі бір көшпелі тайпаның не топтың көсемі, қолбасшысы тұруы мүмкін. Ал сыртқы шағын қорғандар оның қызметшілерінің тұрағы болуы тиіс. Олай ету тайпаның өсемін тұтқиыл жаудан сақтау үшін жасалған тәсіл. Қазба жұмыстары кезінде көшпелі елдің салт-үлгісімен салынған екі үй тектес құрылыс байқалды. Оның біреуіндегі үлкен тастың астынан қалың күл қабаттары табылды. Аудан өңірінде ерте кездегі адам тіршілігінің іздері жатқан тарихи қазбалар өте көп. Көшпелі қауымға тән тас қорғандар, қоралар мен зираттар осынау кең даланың ерте кезде иен жатпағаның оның барлық түкпірінде адамдар өмір сүргенін өрсетіп отыр. Қазаңшұңқырдағы қалайы шығарылған жердегі тасқорған Қызылсу бойындағы алтын өндірген орын Шымылдық, Қапанбұлақ ауылдарында топырақ пен тастан қаланған қорғандар, темір ғасырының ескерткіштері табылды. Ерте замандағы 18 қорған Қаратөбе ауылынан оңтүстік шығысына қарай 5 шақырым жерде, 7 қорған мен қола ғасырдың қорғандары Шардың жоғарғы сағасында көне кездегі үңгірлер Даубай жұртынан солтүсік батысқа қарай 8 шақырым жерде белгілі болып отыр. Аршалы әкімшілігі қазақша рефераттар жерінде темір ғасырың 5 қазба, қола дәуірінің 3 қазба, Бөке жеріндегі топырақ пен тастан қаланған 15 қорған, 2тас қорған, 7тас қорғаннан тұратын зираттар, екі жерде жартасқа қашап салынғанмүсіндер бар.
- Археологиялық мерзімдеу
Археологиялық мерзімдеу - деректер бойынша зерттеліп отырған кезеңдер, оқиғалар мен ескерткіштердің уақытын, өзара хронология арақатынасын белгілеу. Тарихи-жазба деректер, негізгі археология және жаратылыстану және техникалық ғылымдарының жетістіктерін қолдануына қарай археологиялық мерзімдеуді үш топқа бөлуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz